|
|||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Passive тобы - пассивті компоненттер
Үндемес бойынша қондырғылар менюінде элементтердің ішкі параметрлері берілген. Берілген элементтің мәнін өзгерту үшін оған курсорды алып келіп, тышқанның сол жақ түймесін баса отырып, ішкі параметр қондырғыларының менюін ашу керек, содан кейін элемент терезесіндегі Valie ашып қажетті мәнін қою керек. Label қосалқы менюінде элементің белгіленуі жазылады. Мысалы: Резисторды таңдай отырып, тышқан тетігінің сол жақ бөлігін басып оны Electronics Workbench программасының Жұмыс аймағына алып шығу керек. Резистор кедергісінің үндемесі бойынша бір килоомға (1 кΩ) тең. Берілген кедергінің мәнін өзгерту үшін курсорды кедергіге апарып, тышқан тетігінің сол жақ бөлігін екі рет баса отырып, ішкі параметр қондырғыларының менюін ашу керек, одан соң Resistor терезесіндегі Valie қосалқы менюін таңдап, кедергінің қажетті мәнін қою керек. Label қосалқы менюінеR элементінің белгіленуін жазу керек. Енді Жұмыс аймағына тұрақты тоқ көзін (батареяны) шығарамыз, оның үндемесі бойынша кернеу 12 В тең болады. Берілген кернеуді мәнін өзгерту үшін курсорды батареяға апарып, тышқан тетігінің сол жақ бөлігін екі рет баса отырып, ішкі параметрлер қондырғысының менюін ашу керек, содан соң Voltage терезесіндегі Valie қосалқы менюін таңдап, кернеудің қажетті мәнін қою керек. Label қосалқы менюінде Е элементінің белгіленуі жазылады.
Indic тобы - Индикаторлық аспаптар Вольтметр (ішкі кедергі, DC-тұрақты токты өлшеу режимі, АС -айнымалы токты өлшеу режимі). Амперметр (ішкі кедергі, DC-тұрақты тоқты өлшеу режимі, АС - айнымалы тоқты өлшеу режимі). Осы аспаптарды қосу үшін теріс клемма кең қара жолақпен белгіленген, сондай-ақ компоненттің кескінін айналдыру кезінде иконканың кез келген қырына орналасуы мүмкін. Бақылау-өлшеуіштік аспаптары
Бақылау-өлшеуіштік аспаптарының панелі EWB программасының жұмыс терезесінің меню аймағыныңастында болады және сандық мультиметрден, функционалды генератордан, екі каналды осциллографтан, амплитудалы-жиілікті өлшеуіштен және фаза жиілікті сипаттамалардан тұрады. Аспаптармен жұмыс істеудің жалпы реттілігі мынадай: аспаптың иконкасы курсормен жұмыс аймағына әкелініп, өткізгіштер арқылы зерттелетін сұлбаға жалғанады. Аспапты жұмыстық күйге келтіру үшін оның иконкасына екі рет курсормен басу керек Әрбір аспапты жеке қарастырамыз.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |