АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе. Республиканың біртұтас халық шаруашылық жүйесі кешенінде көлік негізгі инфрақұрылымдық саланың

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе

Республиканың біртұтас халық шаруашылық жүйесі кешенінде көлік негізгі инфрақұрылымдық саланың бірі. Ол Қазақстанда автомобиль, су, әуе және құбыр жолымен қоғамның жүк пен жолаушыларды тасымалдауға деген қажетін және өзара салалық қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта, әсіресе жаппай тиелетін жүктерді тасымалдауда теміржол көлігі, өзінің жетекшілік рөлін сақтай береді. Өйткені оның тасымалдау қабілеті мол және тиімді.

Теміржол көлігі қандай да болмасын мемлекетте тасымалдау көлемі жағынан алдыңғы қатарда тұр. Теміржол – Қазақстан Республикасының бірегей көлік жүйесіндегі аса пайдалы және тиімді көлік түрі екенін, осы күнге дейінгі атқарылған тасымалдар дәлелденген. Теміржол мемлекетімізде жалпы пайдаланатын көліктің барлық түрлерінің жүк тасымалдары бойынша 80...90%-ға дейін қамтамасыз етеді. Пайдаланатын теміржолдың ұзындығы бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында.

Қазіргі кезде Қазақстанның тасымалдау мұқтажының ұзындығы 14530 км. Одақ көлемінде Қазақстан теміржолы Тың, Алматы және Батыс Қазақстан теміржолдары болып бөлінген. Қазір сол теміржолдардың негізінде құрылған Акционерлік қоғам (АҚ), Ұлттық компания (ҰК) «Қазақстан темір жолы» Қазақстанның көліктік тасымалының басты инфрақұрылымы болып табылады.

Теміржол көлігі дамуының негізгі бағыты – оны электрлендіру (қазір 17,4%). Алдағы уақытта 1,5 мың км электрленген жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Теміржол көлігінің нәтижелілігін арттырудың негізгі түйініне тиеп-түсіру жұмыстарының механикаланған және автоматтанған кешенін пайдалану, контейнерлік және пакеттік тасымалдауды өрістеу жатады. Қазақстан Республикасының барлық көлік жүйесіндегі теміржолдың басымдылығы ерекше бола береді, онымен 2010 жылы жүк айналымының ¾ бөлігі орындалады.

Теміржол әртүрлі инженерлік құрылыстармен, техникалық құрылғылармен, құралдармен жабдықталған. Оларға теміржол, жылжымалы құрам, локомотив пен вагон шаруашылығының, белгі беру (сигнализация), байланыс және есептеу техникасының қондырғысы мен электр, су жабдықтары және стансалар мен тораптар жатады.

1. Аралықтағы нақты және қажетті өткізу қабілетін есептеу

1.1. Пойыздың салмағы мен ұзындығын есептеу

Құрамның массасы мына формуламен анықталады:

(1)

Fк- локомотивтің есептелген тартым күші, Fк=51200 кгс

Р- локомотивтің тіркеу салмағы, Р=190 т

iр- есептелген еңіс, iр=2.9 о/оо

ω/о- тартым кезіндегі локомотив жүрісіне әсер ететін кедергі

(2)

ω//о- вагондардың жүрісіне әсер ететін кедергі (4-осьтік жүк тиілген вагон)

 

(3)

 

qо- жүк вагонының рельске түсіретін орташа күші. qо=21,2

Құрам ұзындығы мына формуламен анықталады:

(4)

lв- вагон ұзындығы, lв=14,41 м.

lл- локомотив ұзындығы, lл=33 м.

nв-вагондар саны

(5)

qв- вагон көтергіштігі, 70 т.

qт- вагон тарасы, 25 т.

Қабылдап жөнелтү жолдарында пойыздарды өткізгенде қиылысуы және басып озуын қамтамасыз ету үшін берілген құрамның салмағын тексере отырып қабылдап жөнелту жолдарының ұзындығымен салыстырамыз.

lc+10<lп-о

2338+10<2500

Пойыз орнынан қозғалғандағы салмағын анықтау.

Пойыз орнынан қозғалғанда белгілі бір кедергінің салдарынан ыңғайсыз жолдарда есептелінеді. Сондықтан пойыз орнынан қозғалғандағы шартын тексеру үшін белгілі бір, салмағын анықтаймыз. Мұндай тексеруді жүргізгенде құрамның салмағын анықтап дөңесте тоқтағанда вагондарды ағытпай қозғалуы. Пойыз орнынан қозғалғандағы салмағы мына формуламен анықталады:

 

(6)

 

F – локомотив орнынан қозғалғандағы күші.

ωтр- подсшибниктағы вагонның орнынан қозғалғандағы әсер ететін кедергілері.

(7)

локомотивтің орнынан қозғалғандағы күші жүргендегі күшінен үлкен болады.

Q<Qтр

7319,07<12368

Локомотивтің артық күші жүргендегі кедергілермен әсер етіп оның жүрісін жылдамдатады.

 


2. Телімдегі тасымалдау қабілетімен өткізу қабілетін өсіру

2.1. Нақты өткізу қабілетін анықтау

 

 

Нақты өткізү қабілетін қозғалысты ұйымдастырудың тәртібіне байланысты және желілердің техникалық жабдықталуымен жүкті тасымалдау көлемінде жоспарды орындауын қамтамасыз етеді.

Өткізү қабілетін білү үшін желідегі тасымалдау қабілетін анықтау қажет. Ол үшін парлы пакетті емес графиктің формасымен анықталады.

(8)

мұнда tмах – техникалық операцияларды орындау үшін берілетін уақыт (үзіліс).

tтех =60 мин.

αн – сенімділік коэфициенті αн =0,93

Тпер – парлы пакетті емес графиктің периоды.

(9) (10)

Алдын ала өткізү қабілетінің формуласын жазамыз:

(11)

Q- құрам салмағы, Q= кгс

kн – тасымалдаудың теңсіздік коэффициенті, kн = 1,2-1,1

φ – құрамдағы жүктің салмағының барлық құрамның салмағына қатынасы, φ =0,68

№ 1 график. Парлы пакетті емес графиктің периуды.

№ 2 график. Темір жол желісіндегі тасымалдау қабілетін есептеу графигі.

Алдын ала тасымалдау қабілетін тексеру үшін X параметірінің көмегімен анықтаймыз.

(12)

mс- құрамдағы вагон саны.

X графигі бойынша ординат осін шегеле отырып графикте көрсетілген мәндермен абцисса осімен мәнін табамыз.

Жүк пойыздардың саны былай анықталады:

(13)


№ 3 график. Жедетілген және тез жүретін пойыздардың санын анықтайтын график.

Өткізу қабілетін есептегендегі қортындысы:

(14)

Пакетті емес парлы графикте 1 млн. т. жүкті тасымалдағанда 3 жыл пайдалануға болады. Телімдегі тасымалдау қабілетін өсіру үшін өткізу қабілетін жоғарлату керек.

Тасымалдау қабілеті мен өткізу қабілетін өсіру үшін үлкен қаражат пен уақыт қажет. Олар әр түрлі техникалық ұйымдарға бөлінеді. Мыс: бірінші топқа пакетті графикті қолданып жолаушылар пойызын пачкалы графикте салу, екі тартымды локомотивпен итеру, біріктірілген пойыздарды құрастыру. Пойыздардың өткізу қабілеті мен салмағын өсіруге арналған.

Екінші топқа жолдардың бойлық орналасуы, аралықтың ұзындығын азайту, станса жолдарын ұзарту, сигналдар мен байланыс құралдарын қайтадан жабдықтау.

Теміржол бағытындағы тасымалдаумен өткізу қабілетін өсіру үшін және техникалық жан-жақтылығын қарастыра отырып экономикалық көрсеткіштерімен пайдалану көрсеткіштерінің айналымын ескеру қажет. өткізу қабілетін өсіру шараларын жасағанда қаржылық шығынын техникалық құралғыларды пайдалануда жақсартуын кеңінен қарастырады.


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)