АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Акционерлерді тіркеу (Реестр)

Читайте также:
  1. C)10 нан 20 дейін
  2. E) Несбит операциясы.
  3. Амортизация дегеніміз?
  4. Аннуитеттер
  5. Бап. Атмосфераны ластау 4 страница
  6. Бап. Атмосфераны ластау 7 страница
  7. Бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
  8. Бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
  9. Бап. Бюджеттік мониторинг
  10. Бап. Контрацепцияны пайдалану 1 страница
  11. Бап. Контрацепцияны пайдалану 10 страница

Консорциум. Пул.

Консорциум (лат. consortіum – ортақ серіктестік) – бірнеше банк немесе өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы уақытша келісім, бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын қажет ететін нақты экономикалық міндеттерді‚ күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде біріккен заңды тұлғалардың (шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалар мен басқа да кәсіпорындардың‚ банктердің) уақытша тең құқықты одағы (бірлестігі). Консорциум заңды тұлға ретінде тіркелмейді. Алқалық тәсілмен басқарылады.

Консорциумдық келісімде: бірлескен қызмет түрі (бірлесіп бақыланатын өндіріс немесе бірлесіп бақыланатын активтер немесе бірлесіп бақыланатын заңды тұлға нысаны)‚ келісімнің күшіне ену мерзімі‚ қатысушылардың үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері‚ басқару‚ шешімдер қабылдау тәртібі‚ қатысушылар салымының (жарнасының) сипаты‚ табысты бөлу тәртібі‚ бухгалтерлік есепті жүргізудің кімге тапсырылатыны қамтылады.

28.Шаруашылық серіктестікті құру тәсілдері.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.Шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар) жүзеге асырады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, зияткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда, мүлiктiк құқықтар және өзге де мүлiк шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады. Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.

Шаруашылық серiктестiктерінiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты және жарғы болып табылады.Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.

29. Серіктестікті құру туралы шешім

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесiне бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi д.а.Серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін: 1) бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; 2) серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.

Серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда:жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы.Серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда, егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады.

30. АҚ құру тәртібі.

Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп аталады.А.Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.

Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде): 1.қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде: жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері; заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер; 2.қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі; 3.құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;" 4.акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны; 5.оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары; 6.қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу; 7.қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны; 8.қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба көрсетіледі.

31. С еріктестіктің құрылтай шарты

41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары

Заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариалды куәландыру керек. Заңды тұлғаларға арналған, АК-тың 41-бабында көзделгендей, қ ұрылтай шартында тараптар заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.

Құрылтай шартында құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртiбiн белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру; оның қызметiне қатысу; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу; оның қызметiн басқару; оның құрамынан шығу; құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы; олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгiзудiң мерзiмi мен тәртiбi туралы; құрылтайшылардың салымды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады.
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.
Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды.

Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттiк немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс.

32. Шаруашылық серіктестік жарғысы.

Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.
Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

Жалғыз құрылтайшының шешiмi мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.
Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм қабылдауға құқығы бар органдары қабылдайды.

Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру және жою ережелерi белгiленедi.

Одан басқа, әр қатысушының үлесінің мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; сер-ктің жарғ.капиталына салатын салымдардың мөлшері, құрамы; қатысушылардың жарғ.капиталға салым салу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі; т.б. мәліметтер болуы мүмкін.

Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
6. Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс.
7. Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.

Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды.

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
1) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
2) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
3) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
4) серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
5) серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;
6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;
7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
7-1) серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы;
8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс.
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тәртібі де белгіленеді.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін.
Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
3. Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітуге тиіс және оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
6. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.

33. Шаруашылық серіктестікті құрған кезде жарғылық капиталды қалыптастыру.

ШС туралы ҚР 1995 жылғы 2 мамырдағы Заңы, 6-бапта ШС жарғ.капиталы жөнінде айтылған.

Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды.
Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгiзуге жол берiлмейдi.
3. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.
Серiктестiктiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ құрып кетуiне немесе бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi.
4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.
5. Барлық кредиторлар жеке-жеке жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн ғана шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда кредиторлар тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы.
7. Жарғылық капиталға салымдар енгiзу тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

34. Шаруашылық серіктестікті мемлекеттік тіркеу.

Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеу ҚР заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
З.т. мемл.тіркеу Заңы, 6-бап - Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.
Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн Ұлттық Банктің рұқсаты қосымша талап етiледi.

Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.
Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

35.Шаруашылық серіктестікті тарату.
Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргiзiледi.
Шаруашылық серiктестiгiнiң бiр түрiн, осы Заңның ережелерiн сақтай отырып, қатысушылардың жалпы жиналысында шаруашылық серiктестiгiнiң басқа түрiне не өндiрiстiк кооперативтерге айналдыруға болады.
Толық серiктестiктi немесе сенiм серiктестiгiн акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке айналдырғанда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi, немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке кешкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиарлық жауап бередi. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларын (үлестерiн) ажыратып алуы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды.
Шаруашылық серiктестiгiн таратуды - оған қатысушылар тағайындаған тарату комиссиясы, ал банкрот болған жағдайда - банкроттықты басқарушы жүргiзедi.
Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде шаруашылық серiктестiгiнiң алдағы уақытта таратылатыны туралы жариялайды.
Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап шаруашылық серiктестiгiнiң iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған көшедi.
Тарату комиссиясы шаруашылық серiктестiгiнiң қолда бар мүлкiн бағалайды, кредиторларды анықтайды және олармен есеп айырысады, тарату балансын жасап, оны серiктестiкке қатысушыларға табыс етедi.
Кредиторлардың талабын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актiсіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.
Шаруашылық серiктестiгiнде қалған мүлiк серiктестiк қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, соның iшiнде заң актiлерiнде көзделген өтемдiк төлемдер жасау бойынша есеп айырысқаннан және бюджет пен кредиторлар алдындағы мiндеттемелер орындалғаннан кейiн қатысушылардың арасында серiктестiктiң жарғылық капиталындағы олардың салымына қарай немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа тәртiп бойынша тең бөлiнедi.
Шаруашылық серiктестiгi таратылған кезде тiркеушi органдарға тарату балансы табыс етiледi, соның негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне шаруашылық серiктестiгi таратылғаны туралы жазу жазылады.
Тарату аяқталды, ал шаруашылық серіктестігі өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген кезден бастап есептеледі.

36. Таратудың негізгі белгілері.

Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.
Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, мақта өңдеу ұйымын тарату Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, мақта саласын дамыту туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2. Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
4) қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған:
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;
қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған;
5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін.
3. Осы баптың екiншi тармағындағы аталған негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талапты заң актiлерiнде осындай талап қоюға құқық берiлген мемлекеттiк орган, ал банкрот болған жағдайда - несие берушiлер де сотқа беруi мүмкiн.
Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiн меншiктенушiге, меншiк иесi уәкiлдiк берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуi мүмкiн.
4. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен оны тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгiленген тәртiппен таратылуға тиіс.
5. Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi мемлекет уәкiлдiк берген тиiстi органның шешiмiмен заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша таратылуы мүмкiн.

37. Ерікті қайта құру.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.

Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.
Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.
Заңды тұлға оған екiншi бір заңды тұлғаның қосылуы жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

38. Еріксіз қайта құру

Еріксіз немесе ықтиярсыз қайта құру- заңды тұлға заң талаптарына сай, өз қызметін жүзеге асыра алмаған уақытта соттың шешімі арқылы, кәсіпорынның еркінсіз қайта құрылуды айтамыз.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi.
Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.
Заңды тұлға оған екiншi бір заңды тұлғаның қосылуы жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

39. Қайта құрудың жалпы ережелері.

Заңды тұлғаны қайта құру

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.
Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.
Заңды тұлға оған екiншi бір заңды тұлғаның қосылуы жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

40. Қайта құрылатын серіктестіктің несие берушілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Заңды тұлғаны қайта құру кезiндегi оның несие
берушiлерi құқықтарының кепiлдiгi

1. Заңды тұлға мүлкiнің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған орган қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторларын бұл жөнінде жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Талаптарды мәлімдеу мерзімі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторлары хабарламаларды алған кезден бастап екі айдан кем болмауға тиіс.
2. Бөлiнген және бөлiп шығарылған кезде құрылатын заңды тұлғаның несие берушiсi осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын және келтiрiлген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.
3. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкiндiк бермесе, не егер құқықтық мирасқорында қайта құрылғанға дейін туындаған міндеттемелерді орындау үшін мүлік жеткіліксіз болса, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлiнiп шыққан заңды тұлға, қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша оның несие берушiлерiнiң алдында ортақ жауапты болады.
Өткiзу актiсi және бөлу балансы

1. Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген кезде - өткiзу актiсiне сәйкес, бөлiнген және бөлiп шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады.
Өткiзу актiсi мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушiлерi мен борышқорларына қатысты, барлық мiндеттемелерi бойынша, соның iшiнде тараптар дауласқан мiндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиiс.
2. Өткiзу актiсi мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi және құрылтай құжаттарымен бiрге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тiркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзу үшiн олар құрылтай құжаттарымен бiрге тапсырылады.
Құрылтай құжаттарымен бiрге тиiстi өткiзу актiсiнiң немесе бөлу балансының тапсырылмауы, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады.
3. Егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешiмде өзгеше көзделмесе, мүлiк (құқықтар мен мiндеттер) құқықты мирасқорына ол тiркелген кезден бастап ауысады.

41. Қайта құру кезіндегі құқыққабылдаушылық.

Заңды тұлғаларды қайта құрған кездегi құқықты
мирасқорлығы

1. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
2. Заңды тұлғаны екiншi бiр заңды тұлғаға бiрiктiрген кезде бiрiктiрiлген заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.
3. Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.
4. Заңды тұлғаның құрамынан бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi ауысады.
5. Заңды тұлғаның бiр түрiн екiншi түрдегi заңды тұлғаға өзгерткен кезде (ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

42. Қайта құру түрлері.

Қайта құрудың екі түрі бр:

· Ерікті қайта құру

· Еріксіз (Ықтиярсыз) қайта құру

Еріксіз (ықтиярсыз) қайта құру- заңды тұлға заң талаптарына сай, өз қызметін жүзеге асыра алмаған уақытта соттың шешімі арқылы, кәсіпорынның еркінсіз қайта құрылуды айтамыз.

Ерікті қайта құру- заңды тұлға өз еркімен қайта құрылуы туралы шешім қабылдаған уақытта жүзеге асырылатын қайта құру түрі.

Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.
Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.

43. Бірігу және қосылу.

Заңды тұлғаны қайта құрылуы (АК-ның 45-бабы) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не ҚР-ның заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. АК-тің 45-бабының 1-тармағы б-ша қайта құрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын – қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту – атап көрсетеді.

Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген кезде - өткiзу актiсiне сәйкес, бөлiнген және бөлiп шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады.

Қосу кезінде екі және одан да көп з.т-ң қызметі тоқтатылып, олардың негізінде бір з.т. құрылады да, тіркеуден өтеді. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді. (46-бап, 1-тармақ)
Бірігу кезінде бір және одан да көп з.т-ң қызметі тоқтатылады, олардың негізінде жаңадан пайда болған з.т. ірілендіріледі, бұлар олардың құқық мирасқоры б.т. Заңды тұлғаны екiншi бiр заңды тұлғаға бiрiктiрген кезде бiрiктiрiлген заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.

44. Бөлу және бөліп шығару.

Заңды тұлғаны қайта құрылуы (АК-ның 45-бабы) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не ҚР-ның заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. АК-тің 45-бабының 1-тармағы б-ша қайта құрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын – қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту – атап көрсетеді.

Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген кезде - өткiзу актiсiне сәйкес, бөлiнген және бөлiп шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады.

Бөлу кезінде бір з.т-ң қызметі тоқтатылады да, оның негізінде екі және одан да көп з.т. ұйымд/ы. Бөлінетін з.т-ң құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.
Бөліп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан екі және одан көп з.т. бөлінеді, мұнда бастапқы з.т-ң қызметі тоқтатылмайды. Сондықтан, бастапқы з.т. қайта тіркеуден өтуге тиіс (мүлкі өзгерген), ал бөлінген, жаңадан пайда болған з.т. мемл/к тіркеуге жатады. Мүліктік құқықтар мен мінд/ң өтуі де бөлу балансымен рәсімделеді.

45. Қайта құру.

Заңды тұлғаны қайта құрылуы (АК-ның 45-бабы) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не ҚР-ның заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. АК-тің 45-бабының 1-тармағы б-ша қайта құрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын – қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту – атап көрсетеді.

Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген кезде - өткiзу актiсiне сәйкес, бөлiнген және бөлiп шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады.

Поиск по сайту:

Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.024 сек.)