АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Бюджеттік мониторинг

Читайте также:
  1. Бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
  2. Бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
  3. Бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер
  4. Бап. Бюджеттік кредитті пайдалану
  5. Бап. Таза бюджеттік кредиттеу
  6. Виды мониторинга закона
  7. Вопрос 5. Экологический мониторинг окружающей среды, его цели и задачи, уровни мониторинга.
  8. Вопрос:Экологический мониторинг.Основные объекты.
  9. Выполнение какого принципа мониторинга предполагает исследование здоровья на индивидуальном, коллективном и популяционном уровнях?
  10. Глобальная система мониторинга окружающей среды
  11. глобального мониторинга

1. Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.
2. Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.
3. Бюджеттік мониторинг бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.
5. Бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді.
6. Тиісті бюджеттiң атқарылуы туралы талдамалық есептiң нәтижелерi тиісті бюджеттi әзірлеу немесе нақтылау кезінде ескеріледі.
7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторинг жүргізу жөніндегі жалпы әдіснамалық және әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді.
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

113-бап. Нәтижелерді бағалау

1. Мемлекеттік орган қызметінің ел немесе өңір экономикасының дамуына, экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына) тигізетін әсерін кешенді және объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау негізінде талдау нәтижелерді бағалау болып табылады.
2. Нәтижелерді бағалау:
1) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығын, олардың түсінікті және анық жазылуын, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығын талдауды;
2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін талдауды;
3) алынған нәтижелердің стратегиялық жоспарда айқындалған мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін бағалауды;
4) қол жеткізген нәтижелердің мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бағалауды;
5) нәтижелердің стратегиялық мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізе алмау себептерін талдауды;
6) мемлекеттік органның қызметін жақсарту, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту, қысқарту не оларды бюджеттен алып тастау жөніндегі ұсынымдарды қамтуға тиіс.
3. Нәтижелерді бағалауды жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) оларды алушыларға сауал қою негізінде алынған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.
4. Нәтижелерді бағалауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
5. Нәтижелерді бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІН
ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫН ҚОСПАҒАНДА, МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕЛЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ЖҮЙЕСІ

22-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖҮЙЕСІ

114-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық
есептіліктің мақсаты

Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі адамдарды мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

115-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық
есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық
сипаттамалары

1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жасау принциптері есептен шығару және қызмет үздіксіздігі болып табылады.
Есептен шығару принципі ақы төлеу уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операциялардың нәтижелерін танумен қамтамасыз етіледі.
Қызмет үздіксіздігі принципі мемлекеттік мекеменің алдағы болашақта жұмыс істейтін ниеті бар екенін, қызметін таратудың немесе қызмет ауқымдарын едәуір қысқартудың қажеті болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік бар болса, онда қаржылық есептілік арнаулы ережелер бойынша жасалады.
2. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық болып табылады.
Түсініктілік - қаржылық есептілікте берілетін ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Орындылық - шешімдер қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпараттың орынды болуы және олардың оқиғаны бағалауына көмектесуі, бұрынғы бағаларын растауы немесе түзетуі тиіс.
Сенімділік - елеулі қателер мен бұрмалаушылықтардың болмауы және пайдаланушылардың ақпаратқа шынайы ақпарат ретінде сенуі.
Салыстырмалылық - әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

116-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.
2. Есепке алу саясаты мемлекеттік мекемелер барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну кезінде қолданатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидаларды және практиканы қамтиды. Есепке алу саясатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
3. Бухгалтерлік есепке алудағы операциялар мен оқиғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін, мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша қажет болған жағдайларда олардың қызмет ерекшелігін ескеріп және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік мекемелерде өз жүйесінің бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығара алады.
Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК

117-бап. Қаржылық есептілік

1. Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.
2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі:
1) бухгалтерлік балансты;
2) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1) қаржы қызметінің нәтижелері туралы есепті;
2-2) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепті;
3) қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепті;
4) түсіндірме жазбаны қамтиды.
3. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі бастапқы құжаттармен расталады.
4. Мемлекеттік мекеме барлық операциялардың бірыңғай бухгалтерлік есепке алынуын жүргізеді.
5. Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға міндетті.

119-бап. Есепті кезең

1. Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.
2. Жаңадан құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңді қамтиды.

120-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну

1. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етеді.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық есептілікті:
1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
3. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен беріледі.
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін анықтауға және жылына кемінде бір рет өзге де кезеңділікті белгілеуге құқылы.

6-бөлім. БЮДЖЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ЕСЕПТІЛІК


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)