АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Бюджеттiк инвестициялар туралы жалпы ережелер

Читайте также:
  1. B. жалпы экология
  2. Бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
  3. Бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
  4. Бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер
  5. Бойынша жалпы ережелер
  6. Инсулин енгізу ережелері
  7. Прокуратура туралы
  8. Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  9. тарау. Жалпы ережелер
  10. Тарау. Негізгі ережелер

1. Бюджеттiк инвестициялар:
1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;
2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
3) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы;
4) дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылады.
2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық жобалар және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды айқындау критерийлері:
1) меншiк түрi бойынша критерий - бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жоба немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жоба ретiнде айқындайтын критерий;
2) пайда алушылар бойынша критерий - егер бюджеттiк инвестициялық жобаның және (немесе) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны - республикалық, ал егер бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болған жағдайда, жергiлiктi ретінде айқындайтын критерий болып табылады.
4. Бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны республикалық ретiнде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында көрсетілген критерийлердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлер негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
7. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
8-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
8. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар республикалық бюджеттің жобасына енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестицияларды нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тастайды. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 151-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

152-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:
1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;
2) бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
Абзац 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу

1. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.
2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.
3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға ұсынады.
4. Инвестициялық ұсыныстар:
1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;
2) жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттардабелгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі туралы ақпаратты;
3) бюджеттік инвестициялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;
4) бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылған немесе мұндай іске асыру болмаған жағдайда, экономика саласының (аясының) ықтимал даму нұсқаларын;
5) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлу туралы ақпаратты;
6) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аясына) болжамды әсерін бағалауды қамтуға тиіс.
5. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.
6-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған оң экономикалық қорытындының негізінде инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
6-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
7. Бюджет комиссиялары мақұлдаған инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган олар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерді әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
8. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 153-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

154-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу
немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті
сараптамалар жүргізу және бюджетті әзірлеу
сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды
іріктеу

1. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын, сәулет,қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады.
1-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
2. Осы Кодекстің 152-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мыналардың:
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;
бюджеттік инвестициялық жоба бойынша оң экономикалық қорытындысының;
тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
4. Үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамадан өтуге тиіс.
5-1. 2004.04.24 бастап қолданысқа енгізіліп, 2011.12.31 дейін қолданыста болды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
8-1. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.
9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.
9-1. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландырылуы жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган дайындайды.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.
12. Экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
13. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту көзделетін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 154-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау

Концессиялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және іріктеу;
2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджеттен қоса қаржыландыруға жататын концессиялық жобаларды іріктеу.

155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу

1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ 2010.05.03 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.04.02 № 263-IV Заңының 2-б. қараңыз)
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.
3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
3-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
4. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
Ескерту. 155-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

155-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ
оларға қажетті сараптамалар жүргізу

1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес жыл сайын жылжымалы негізде үш жыл мерзімге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жібереді.
3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
3-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген осы жобаны бюджеттен бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
4. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 155-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық
сүйемелдеу

1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
Ескерту. 155-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

155-4-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен
концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу
негіздері

1. Мыналардың:
бюджеттен қоса қаржыландыру шарты айқындалатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;
концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының;
жоспарлы кезеңге концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесіндегі концессиялық жобаның;
Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган ұсыныстарының;
бюджет комиссиясының бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу туралы ұсыныстарының болуы бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.
2. Концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме экономикалық сараптамадан өтуге тиіс.
3. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.
4. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

156-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк
инвестицияларды жоспарлау

1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.
2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негiздемелерiн енгiзедi.
Бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негiздемесiн, орындылығын және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты бiлдiредi.
Заңды тұлғаның қызметiн дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебiнен ұлғайтуға жол беріледі.
2-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын қаржылық сараптаманы жүзеге асырады және кейіннен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оң экономикалық қорытындының негізінде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастырады.
3. Мемлекеттiң ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруы кезiнде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесін және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердiң есептiлiгiн, мониторингiн және бағалануын қамтамасыз етедi.
4. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар, осы баптың 4-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды негiзiнде жүзеге асырады.
4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-2-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
4-2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын, аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
4-3. 2004.04.24 бастап қолданысқа енгізіліп, 2011.12.31 дейін қолданыста болды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
5. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
5-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.
6. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.
7. Қаржылық-экономикалық негiздеменiң мазмұнына, әзiрлену тәртiбi мен мерзiмiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

156-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн
құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы
жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды
жоспарлау

1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау осы Кодекстiң 152-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерi арқылы жүргiзiледi.
3. Осы баптың 4-тармағын қоспағанда, дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды iске асыру осы Кодекстiң 157-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу тек қана дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға жарна арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын аталған қорға жарна арқылы салу жолымен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 30-тарау 156-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

31-тарау. БЮДЖЕТТIК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

157-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру

1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.
2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.
5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.
6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
Жергiлiктi бюджет, оның iшiнде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

158-бап. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса
қаржыландыру арқылы бюджеттiк инвестицияларды
жүзеге асыру

1. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар концессия шартының негiзiнде iске асырылады.
2. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиiстi бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде жүргiзедi.
3. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторингті және олардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструциялау және кейіннен оларды пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

159-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге
асыру

1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен жүзеге асырылатын инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бөлім. КОНЦЕССИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

32-тарау. КОНЦЕССИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

160-бап. Концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Концессиялық міндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелеріне;
2) жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелеріне бөлінеді.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдары бір-бірінің концессиялық міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелерді толық төлеген кезде орындалды деп саналады.
7. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындар өтемақысын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

161-бап. Концессиялық міндеттемелердің есепке алынуы және
мониторингі

1. Концессиялық міндеттемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда тіркелуге және есепке алынуға тиіс.
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.
3. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.
4. Концессиялық міндеттемелердің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық
міндеттемелерді қабылдауы және орындауы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауы:
1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру;
2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектерін және басымдықтарын белгілеу;
3) жасалған концессия шарты негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимитпен шектеледі.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауын республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебінен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

33-тарау. ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ КОНЦЕССИЯЛЫҚ
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық
міндеттемелерді қабылдауы

1. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы:
1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру;
2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектерін және басымдықтарын белгілеу;
3) жасалған концессия шарты негізінде жүзеге асырылады.
2. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты шешімінің негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық
міндеттемелер қабылдауын шектеу

1. Жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерді қабылдауы тиісті жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимитімен шектеледі.
2. Жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық
міндеттемелерді орындауы

Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

10-бөлім. ГРАНТТАР

34-тарау. БАЙЛАНЫССЫЗ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ГРАНТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.034 сек.)