АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары

Читайте также:
  1. F) Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жэне жекешелендіру
  2. H) Мемлекет.
  3. H) Мемлекет.
  4. Бап. Мемлекеттік борыш
  5. Бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары
  6. Бап. Мемлекеттік тапсырма

1. Мемлекет кепілгерліктері Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде беріледі.
2. Мемлекет кепілгерлігін беру:
1) осы Кодекстің 233-бабына сәйкес қарыз алушының концессия объектісін мемлекетке беруінің міндеттілігі;
2) қарыз алушының арнайы шотта мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауды қамтамасыз етуге арналған қаражатты шоғырландыру міндеттемесі шартымен жүзеге асырылады.
Қаражатты арнайы шотта шоғырландыру тәртібі кепілгерлік шартында айқындалады.
3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігі берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі проценті мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) өндіріп алынады.
4. Мемлекет кепілгерлігін беру мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болған кезде жүзеге асырылады.

229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға
қойылатын талаптар

Заңды тұлғалар өздері қарыз алушы ретінде әрекет ететін қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер болғанда осы заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болу;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
3) тиісті саланың уәкілетті органының оң қорытындысының болуы;
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жобаның қаржылық сараптамасы бойынша оң қорытындысының болуы;
5) экономикалық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
6) мемлекет кепілгерлігімен не мемлекеттік кепілдіктерімен бұрын алынған, төлем мерзімдері басталған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы;
7) концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма процентті құрайтын меншікті капиталының болуы;
8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс.
Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

230-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит
көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды
іріктеу

Ескерту. 230-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
Ескерту. 230-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

231-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны

1. Мемлекет кепілгерлігі бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі.
Осы баптың талаптарына сәйкес келетін құжат мемлекет кепілгерлігі деп танылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының актілерінің немесе өзге де құжаттарының мемлекет кепілгерлігі болатын заңдық күші болмайды.
2. Мемлекет кепілгерлігі шартына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органныңбірінші басшысы қол қояды.
3. Мемлекет кепілгерлігі шартында:
1) оған сәйкес мемлекеттің кепілгерлігі берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;
2) қарыз алушы мен қарыз берушінің атауы және тұрған жері;
3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;
4) мемлекет кепілгерлігі берілетін қарыз сомасы, мемлекет кепілгерлігінің күші қолданылатын қарыз бойынша басқа да міндеттемелер. Басқа да міндеттемелер қарыз сомасын ұлғайта алмайды (капиталдандырмайды);
5) мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі;
6) мемлекет кепілгерлігі шартына қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.
4. Осы баптың 2-тармағында және 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттің кепілгерлігі жарамсыз болып саналады.

232-бап. Мемлекет беретін кепілгерліктерді және мемлекет
кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу

Мемлекет беретін кепілгерліктер және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге және есепке алынуға жатады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)