Бап. Бюджеттік кредитті пайдалану
Қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама мен кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады. Бюджеттік кредит нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жағдайда қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына және кредиттік шарт талаптарына сәйкес жауаптылықта болады.
191-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету
1. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит қаражатының пайдаланылуын есепке алу және қарыз алушының кредиттік шарт талаптарына сәйкес негізгі борышты, сыйақыны және басқа да төлемдерді өтеуге төлемдер жасауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі бюджеттік кредитке қызмет көрсету деп танылады. Ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық төлемдер, тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) сомасы ескерілмей алынған және өтелмеген бюджеттік кредит сомасы негізгі борыш болып табылады. 2. Негізгі борышқа қызмет көрсету кредиттік шарт талаптарына сәйкес, белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, өзге де төлемдердің жиынтық төлемдерін білдіреді. Бюджеттік кредитті (кредиттік шартты) өтеу және оған қызмет көрсету графигіне сәйкес мерзімі басталған, қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы берешек болып табылады. 3. Сыйақыны есептеу кредитордың шотынан бюджеттік кредит аударылған күннен бастап ол толық өтелген күнге дейін бюджеттік кредит бойынша негізгі борыш сомасына қойылған сыйақы ставкасы бойынша жүргізіледі. 4. Сыйақыны есептеу тәртібі кредиттік шартта белгіленеді. Сыйақыны есептеу үшін жылдың 360 күні және айдың 30 күні не толық емес ай кезінде өткен күндердің іс жүзіндегі саны есепке алынады. Төлем мерзімі басталған кезде қарыз алушы тиісті бюджетке негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем тапсырмасымен ақша аудару арқылы кезекті төлемдерді жүзеге асыруға міндетті. 5. Берешек пайда болған кезде бюджеттік кредитке қызмет көрсету төлемдердің мынадай кезектілігімен жүзеге асырылады: 1) есебіне жазылған тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар); 2) есебіне жазылған сыйақы; 3) негізгі борышты өтеу.
192-бап. Бюджеттік кредитті өтеу
1. Қарыз алушының кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуі бюджеттік кредитті өтеу болып табылады. 2. Бюджеттік кредиттен қарыз алушылардың кредитормен немесе сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісім бойынша кредитті мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар. Қарыз алушы кредиттік шарттың талаптарын бұзған кезде кредитордың немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырма шартына сәйкес кредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқығы бар. Қамтамасыз етілмеген бюджеттік кредит алған қаржы агенттігінің акцияларын сатуға олар бюджеттік кредитті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда жол беріледі. 3. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек пайда болған кезде кредитор немесе сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиттің өтелуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды. 4. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебінен өндіріліп алынған мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен өткізілуге және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады. 5. Бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау жүргізуге арналған шығыстар тиісті бюджет қаражаты есебінен төленеді. 6. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебінен мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредитор талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына кемітіледі. 7. Жергілікті атқарушы органда жоғары тұрған бюджет бөлген бюджеттік кредит бойынша берешек болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы Кодекстің 100-бабының 1 және 2-тармақтарының 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау туралы жазбаша нұсқау береді.
39-тарау. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ЖӘНЕ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫ АУЫСТЫРУ
193-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау
1. Тараптардың келісімі бойынша олардың кредиттік шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің, қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруі бюджеттік кредитті қайта құрылымдау болып табылады. 2. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешім қарыз алушыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнінде жоспар болған кезде қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде қабылданады. 3. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау: 1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту; 2) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады. 4. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша кредитордың шешімі негізінде жүзеге асырылады..P101431 5. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау әрі кеткенде бір рет жүзеге асырыла алады. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кредиттік шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді. 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | Поиск по сайту:
|