Бап. Мемлекеттік борыш
1. Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы мемлекеттік борыш болып табылады. 2. Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты қамтиды. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік ішкі борыш болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік сыртқы борыш болып табылады.
202-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады. 2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің қаражатымен қамтамасыз етілетін өзінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері қарыз берушіге негізгі борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалды деп есептеледі. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы тиісінше үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асырады.
203-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару
1. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару: 1) алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын онда соған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу мен қызмет көрсетудің көлемдері, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұсынудың лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып, жыл сайынғы бағалауды қамтиды. Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың көлемдері мен құрылымының негізінде жүзеге асырады; 2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен және республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін тәртіппен үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындауын; 3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын; 4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуін және есепке алуын және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын; 5) борыш құрылымын оңтайландыру және оған қызмет көрсету жөніндегі, оның ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш және мемлекеттің алдындағы борыш тәуекелдерін басқару жөнінде іс-шаралар дайындап, іске асыруын; 6) мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды қаржы құралдарын (тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін нарықта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардтық, фьючерлік және басқа да мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен және кепілгерліктермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажетті шаралар қабылдауды қамтиды. 2. Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
204-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді жариялау
Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомасы, берілген мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктері және кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша төленген ақша сомасы туралы мәліметтер ашық болып табылады және олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның статистикалық ақпарат нысанында тоқсан сайын ресми жариялауына жатады. Ескерту. 204-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
43-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАРЫЗ АЛУЫ
205-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу мақсаттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы: 1) республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында; 2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет профициті кезінде үкіметтік борышты қайта қаржыландыру үшін қарыз алуды жүзеге асыра алады.
206-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы: 1) қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шегін белгілеу; 2) қарыз алудың басымдықтарын айқындау; 3) болжамды үкіметтік қарыздардың тізбесін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тартуды әрбір жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар түрі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті болып табылады, ол осындай мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын айқындайды. 3-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер немесе мемлекеттік ислам бағалы қағаздары түрiнде мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыз алушы болатын, оны ұстаушының қарызға қатысты құқықтарын куәландыратын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттiк қазынашылық мiндеттеме болып табылады. Қосалқы жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан түскен табыстарды алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттiк ислам бағалы қағазы болып табылады. Мемлекеттiк ислам бағалы қағазы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленген исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен шығарылады. 3-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер шығару, орналастыру, айналымы, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 4. Борыштық құралдардың ішкі нарығының дамуына жәрдемдесу үшін үкіметтік ішкі қарыз алу үкіметтік қарыз алудың оңтайлы деңгейін қалыптастыруды, борышты, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды және тәуекелді ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте, нарық конъюнктурасы өзгерген кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолайлы жағдайларда қарыз алуды жүзеге асыра алмайтын жағдайларды қоспағанда, табыс ауытқымасын құруда қор нарығына арналған тиісті бағдарды белгілеу үшін айналымда қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бастапқы жоспарланған көлемі және бюджеттің қалыптасқан іс жүзіндегі орындалуына тәуелсіз график бойынша қалыпты деңгейде жүзеге асырылатын болады. Ескерту. 206-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
207-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуын шектеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемімен шектеледі.
208-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету
Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
44-тарау. ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚАРЫЗ АЛУЫ
209-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады. 2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу
1. Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі. 2. Тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган борышының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 3. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он процентіне тең мөлшерден аспауға тиіс.
211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету
Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді олар жергілікті бюджеттерде көзделген қаражаттар есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
212-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы
1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс. 3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
45-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ БОРЫШ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | Поиск по сайту:
|