АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция
|
Бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
Бюджеттік есепке алу бірыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттік мекемелердің шоттарынан жасалатын операциялар туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген, тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.
122-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу
1. Бюджеттік есепке алу деректері бюджеттік есептілік жасау үшін негіз болып табылады. 2. Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
123-бап. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары
1. Бюджеттік есептілік мынадай: 1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің жоқтығын білдіретін анықтық; 2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық талап етілетін ақпараттың көрсетілуін білдіретін толықтық; 3) осы Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің есептілікті жасау жөніндегі ережелерінің сақталуын білдіретін сәйкестік сапалық сипаттамаларға сай келуге тиіс. 2. Алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтің) бюджетке түсетін түсімдері бюджеттік есептілікте ақшалай түрде көрсетіледі.
124-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері
1. Бюджеттік есептілік есептердің мынадай түрлерін: 1) мемлекеттік мекемелердің есептерін: міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті; дебиторлық берешек туралы есепті; кредиторлық берешек туралы есепті; 2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін: бюджеттік мониторингтің нәтижелері туралы есепті; бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті; дебиторлық берешек туралы есепті; кредиторлық берешек туралы есепті; стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті; стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есебін; 3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігін: республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, облыс бюджеттерінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті; мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы есепті; мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті; мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есепті; мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есепті; бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша республикалық (жергілікті) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органның есептерін: республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті қамтиды. 2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілейді. 3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті. 4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді. Ескерту. 124-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
125-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну
1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді. 2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп береді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді береді. 4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді береді. Ескерту. 125-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
126-бап. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп
1. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп оны іске асыру барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, міндеттерімен нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізудегі прогресс туралы ақпаратты қамтиды. 2. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде: Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға; Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін мемлекеттік органдар, - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, - әкімге, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға ұсынады. 3. Стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады. 2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп: 1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен; 2) республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылы ішінде стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен; 3) түсіндірме жазбадан тұрады. 3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал және республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды. 4. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді. 5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту
1. Қазақстан Республикасының Парламенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебін өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында - алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды. 2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылаған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті: Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын; Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған қосымша баяндамаларын тыңдайды. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі. Ескерту. 128-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органына ұсынады. 2. Есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп: 1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен; 2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен; 3) түсіндірме жазбадан тұрады. 3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады. 4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге: 1) ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына; 2) ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады. Ескерту. 129-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды. 2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат: әкімдік уәкілеттік берген адамдардың облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын; мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды. 3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Ескерту. 130-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады. 2. Есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп: 1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есептен; 2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен; 3) түсіндірме жазбадан тұрады. 3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады. 4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге: 1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына; 2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады. Ескерту. 131-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін облыстың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды. 2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат: әкімдік уәкілеттік берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын; облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын; мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды. 3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Ескерту. 132-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.
134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
7-бөлім. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ
27-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
135-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау
1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бақылау объектілерінің бұзуын анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қаржылық бақылау: 1) ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау; 2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді. 3. Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау – Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларына есеп бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдар мен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау – Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және тиісті мәслихаттарға есеп бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға тәуелсіз Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау. Ескерту. 135-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі
1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін: 1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган; 4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері; 5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды. 2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар болып табылады. 4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 5. Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді. Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі. Ескерту. 136-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары
1. Мемлекеттік қаржылық бақылау принциптері: 1) тәуелсіздік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу; 2) объективтілік принципі - бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау; 3) анықтық принципі - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау; 4) ашықтық принципі - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі; 5) құзыреттілік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы; 6) жариялылық принципі - құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау болып табылады. 2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады. 3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.
138-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді: 1) сәйкестікке бақылау жасау - бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау; 2) қаржылық есептілікті бақылау - бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау; 3) тиімділікті бақылау - сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономика саласының, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау. Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады: 1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау; 2) тақырыптық бақылау - бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау; 3) үстеме бақылау - тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы; 4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімде басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау; 5) қосарлас бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кейіннен олардың нәтижелерімен алмаса отырып, келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша өз бетінше жүргізетін бақылау. Ескерту. 139-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
140-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады: 1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган: бақылау актiсi – мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат; бақылаудың қорытындылары туралы есеп – белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат; қаулы – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi шешімдерді қамтитын құжат; қорытынды – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасалатын құжаты; ұсыну – анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшін бақылау объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты; 2) ішкі бақылау қызметі: ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды – жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша жасалатын, ішкі бақылау қызметі және ішкі бақылау объектісі қол қоятын құжат; ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп – ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде жасалған, жұмыс тиімділігін арттыру, ішкі бақылау объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын, мемлекеттік органның басшысына табыс етілетін құжат. Ішкі бақылау қызметі ішкі бақылау нәтижелері туралы есептің негізінде мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау қорытындылары бойынша қабылдайтын құжаттың жобасы болып табылатын, ішкі бақылау объектісінің жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемішіліктерді жоюы, сондай-ақ ондағы ұсынымдарды орындауы үшін міндетті болатын ұсыну жобасын жасайды. Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ
141-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті: 1) республикалық бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес бағалауды жүзеге асырады; 2) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады; 3) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; 4) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады; 5) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады; 6) Қазақстан Республикасының Парламентіне қарау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады; 7) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де жеке тапсырмаларын орындайды; 8) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізеді; 9) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылауды жүзеге асырады; 10) мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады; 11) республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 11-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; 12) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен ғана немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады; 13) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау мен жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы және ақпаратты сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады; 14) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілері лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды; 15) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын (олармен келісім бойынша), сондай-ақ қажет болғанда республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады; 16) бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды; 17) бақылау объектісінен Қазақстан Республикасының құжаттандыру және сақтандыру мәселелерін реттейтін заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады; 18) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді; 18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган республикалық бюджеттің атқарылуы бөлігінде жүргізген бақылау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратуға құқылы; 19) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жүргізеді; 20) талдау мен зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы оқыту бағдарламаларын іске асырады; 21) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және қабылдайды; 22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг, сондай-ақ бақылау жүргізеді; 23) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді; 23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді; 23-2) мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 24) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануын бақылауды жүзеге асырады; 25) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ескерту. 141-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
142-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының құзыреті 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | Поиск по сайту:
|