АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Емтихан билеті №43

Читайте также:
  1. Емтихан билеті №11
  2. Емтихан билеті №44
  3. Емтихан билеті №47
  4. Емтихан билеті №48
  5. Емтихан билеті №49

1. Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін демалыс.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың бір түрі – оларды асырап алу, бала мүддесіне неғұрлым жоғары деңгейде жауап береді, оның болашақта отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етеді, ал ең бастысы – туған балаларымен бірдей құқықтық жағдайда болады. Баланы асырап алған тұлғалар ата-аналардың туған балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерімен бірдей құқықтық жағдайда болады.

Асырап алушылардың құқықтары мен міндеттері соттың асырап алуды бекіту туралы шешімі заңды күшіне енген күннен басталады. Күшіне енген сот органдары шешімі негізінде азаматтық хал актілерін тіркеу органдары асырап алынған баланы мемлекеттік тіркеуден өткізеді.

ҚР ЕК сәйкес бала асырап алған қызметкерге мынадай демалыстар беріледі:

1) Жүктілік пе туу бойынша демалыстың бала туғаннан кейінгі бөлігінің орнын алмастыратын асырап алумен байланысты;

2) Бала үш жасқа толғанға дейін бала күту бойынша.

Асырап алумен байланысты демалыс асырап алған күннен бастап беріледі, демек соттың баланы асырап алуды бекіту туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 56 күн өткенге дейін.

Бұл демалыс баланы асырап алған тұлғаға, әйел-асырап алушыға, еркек-асырап алушыға (егер асырап алынған баланың анасы жоқ болса) беріледі. Баланы ерлі-зайыптылар асырап алған жағдайда демалыс олардың таңдауы бойынша біреуіне беріледі.

Демалыс асырап алушының өтініші негізінде беріледі, онда демалыстың ұзақтық мерзімі көрсетіледі. Өтінішпен бір мезгілде:

1) соттың асырап алу туралы шешімі;

2) баланы туу туралы куәлігінің көшірмесі беріледі.

Баланы ерлі-зайыптылар асырап алған жағдайда еріне демалыс берілмегендігі туралы, әйелінің жүктілік пен бала туу бойынша демалыс алмағаны туралы жұмыс орнынан анықтама көрсетіледі.

Жүктілік пен бала туу бойынша демалыс кезінде асырап алушыға жүктілік пен туу бойынша жәрдемақы жалпы негіздерде беріледі.

 

2. Сынақ мерзімі.

Еңбек шартында қызметкердің талаптарын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Шекті мерзім ҚР ЕК 36 бабының 4 тармағымен орнатылған және ол үш айды құрайды. Сынақ туралы шарт жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта (өкімде) көрсетілуі тиіс. Бұл талап бұйрықта (өкімде) болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі.

Егер бұйрықта (өкімде) сынақ еңбек шартының жағдайы ретінде айтылса, бірақ бұйрық қызметкердің назарына қол қою арқылы жеткізілмесе, онда еңбек шарты жалпы негіздерде, яғни сынақсыз жасалында деп есептелінеді.

Еңбек шартында сынақ мерзімі, заңмен қорғалатын құпияны (мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық) жарияламау туралы, оқыту жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізілген жағдайда, оқудан кейін шартпен орнатылған мерзімнен кем емес мезгілде жұмыспен өтеуі туралы және басқа жағдайлар көзделуі мүмкін.

Сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің жағдайынан ешқандай айрымашылығы жоқ. Оларға қабылданған лауазымы немесе мамандығына сәйкес жұмыс тапсырылады; еібегіне күшіндегі нормаларға сәйкес айлықақылар төленеді; олар ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағынады және т.б.

Жоғарыда айтып кеткендей ЕК сынақтың шекті мерзімін орнатады, сондықтан тараптардың (қызметкер және жұмыс беруші) келісімі бойынша сынақ мерзімі ұзақтығы үш айдан кем болуы мүмкін.

Сынақ мерзіміне уақытша қабілетсіздік кезеңдері ғана емес, дәлелді және дәлелсіз себептермен қызметкер жұмыста болмаған басқа да кезеңдер есептелінбейді. Көрсетілген жағдайда сынақ мерзімі үзілістен кейін де жүре береді, бірақ сынақтың үзіліске дейін және кейінгі жалпы ұзақтығы заңмен орнатылған мерзімдерден аспауы керек. 3 айлық шекті мерзім жұмыс берушінің өзімен немесе қызметкердің келісімімен ұзартылуы мүмкін емес.

Егер жұмыс беруші сынақ мерзімін үш айдан артық орнатып, сынақтың заңды мерзімі аяқталғаннан кейін қызметкерді сынақтан өтпеді деп жұмытан шығарса, ол заңсыз болады.

Жұмысқа қабылдау кезінде:

ü Тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданған адамдарға

ü Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген, оларды бітірген күннен бастап бір жылдан кешіктірмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға;

ü Мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

Сынақ туралы шарт еңбек шартын жасау кезінде орнатылады, яғни тараптармен тұжырымдалатын еңбек шарты мазмұнының элементі болып табылады, сондықтан осы шарттың басталуы жұмыстың басталу сәтімен байланысты (ҚР ЕК 36б. 2т.).

Сынақтың қанағаттанарлықсыз нәтижесінде қызметкерді жұмыстан босату кәсіподақтық комитетпен келісусіз және демалыстық жәрдемақыны төлеусіз жұмыс берушімен жүргізіледі. Егер сынақ мерзімі аяқталып, қызметкер жұмысын жалғастыра берсе, ол сынақты өтті деп есептеледі және одан кейін еңбек шартын бұзуға тек жалпы негіздерде ғана рұқсат беріледі.

Жұмыстан босату тек сынақтың мерзімі аяқталғанға дейін орын алуы мүмкін. Сынақтан өткен адамды нағыз жұмысқа қабылдау туралы арнайы бұйрық (өкім) шығару талап етілмейді.

Қызметкермен еңбек шарты сынақ мерзімі аяқталғанға дейін тоқтату оның жұмыс нәтижелері емес, қандай да бір басқа себептерден болса, онда жұмыстан шығаруды кәсіподақпен келісу және шығу жәрдемақысын төлеу туралы мәселелер жалпы негіздерде шешіледі.

ҚР ЕК 185 б.сәйкес жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған; 3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді. Осы ереже оларды сынақтың қанағаттанарлықсыз нәтижелерімен байланысты жұмыстан шығару жағдайына да әрекет етеді.

Кодекстің 37-б. 2 тармағы қызметкерге сынақ мерзімінде еңюек шартын бұзуға құқық береді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)