АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Емтихан билеті №47

Читайте также:
  1. Емтихан билеті №11
  2. Емтихан билеті №43
  3. Емтихан билеті №44
  4. Емтихан билеті №48
  5. Емтихан билеті №49

1. Күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы

Жұмыс күннің санаты тәулік ішіндегі жұмыстың ұзақтығын сипаттайтын болса, онда ауысым ұғымы осы жұмыс қандай ұзақтық өлшемде жүзеге асырылуы тиіс екендігін білдіреді. Ауысымдық жұмыс өндірістік үрдістің ұзақтығы күнделікті жұмыстың ұзақтығынан асып кетсе, оған қоса жабдықты тиімді пайдалану, шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызметтердің көлемін арттыру мақсатында енгізіледі.

Ауысымдық жұмыс кезінде қызметкерлердің әрбір тобы белгіленген жұмыс уақыт ішінде ауысым кестесіне сәйкес бір бірін ауыстыра отырып, жұмыс істеуі керек. Ауысым кестесі, ереже ретінде, ұжымжық шартқа қосымша болып табылады.

Бап қызметкер (қызметкерлер тобы) жұмыс істеуі керек күнделікті жұмыстың нақты ұзақтығын белгілейді: бес күндік жұмыс аптасында – жұмыс аптасының белгіленген нормасын сақтай отырып, күнделікті жұмыстың ұзақтығын, ауысымды – ауысым кестесіне сәйкес; алтыкүндік жұмыс аптасында – заңмен белгіленген күнделікті жұмыс аптасының ұзақтығын.

Бескүндік немесе алтыкүндік жұмыс аптасы бойынша, қызметкерлердің жұмыс уақытының режимін ұйымдастыру мүмкін болмайтын үздіксіз өндірістерде өндірістік үрдіске үздіксіз қызмет көрсету, тұрақты ұзақтықтағы ауысым қызметкерлерінің жұмысын, әрбір бригадаға тұрақты демалыс күндерін, бригадалардың тұрақты құрамы және кесте бойынша демалыстан кейін бір ауысымнан басқасына ауысуды қамтамасыз ететін ауысым кестелері қолданылады.

 

2. Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі.

Еңбек кодексінде белгіленген нормалар қызметкерлер мен жұмыс берушілердің барлық санаттарына таралады. Бұл кодекс қызметкерлерлің ұжымдық құқықтары мен мүдделерін қорғауды және ұжымдық еңбек дауларын шешудің белгіленген тәртібін кепілдейді.

Ұжымдық еңбек дауларының пәні болып қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктердің негізгі ретіндегі еңбек ұжымының құқықтары мен мүдделері табылады. Жалпы алғанда мынандай келіспеушілік орын алуы мүмкін:

ü Ұйымда еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын өзгерту немесе жаңа жағдайларды белгілеу

ü Ұжымдық шартты бекіту және орындау

Ұжымдық еңбек дауының пәніне қызметкерлердің барлық құқықтары мен мүдделері емес, жоғарыда аталғандар жатады.

Ұжымдық еңбек дауының тараптары болып, бір жағынан, жұмыс беруші (немесе жұмыс берушілер бірлестігі), екінші жағынан, ұйымның ұжымы (ұйымдар бірлестігі) табылады. Ұжымдық еңбек дауының тараптары өз өкілеттіктерін өкілдері арқылы жүзеге асырады.

Қызметкерлердің өкілдері ретінде кәсіптік одақтардың органдары және олардың бірлестіктері, ұйым қызметкерлерінің жиналысында құрылған қоғамдық органдар, филиалдар өкілдіктер танылады.

Жұмыс берушінің өкілдері ретінде ұйым басшылары немесе ұйымның жарғысына сәйкес өзге де уәкілетті тұлғалар, жұмыс берушінің бірлестіктері немесе жұмыс берушінің өзге де уәкілетті органдары болуы мүмкін.

Ұжымдық еңбек дауының туындау сәті болып қызметкерелер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктердің туындау уақыты емес, қызметкерлердің талабын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің талаптан толығымен немесе жартылай бас тартуы туралы шешімін жариялаған немесе дауап бермеген сәті табылады. Сонымен қатар, ұжымдық еңбек дауының туындау сәті болып ұжымдық келіссөздер жүргізу кезінде келіспеушіліктер хаттамасын толтырған күнде де саналады.

Ұжымдық еңбек дауларын шешудің келесі кезеңдерден тұрады:

ü Бірінші кезең – талаптар қою;

ü Екінші кезең – дауды тараптардың қарауы;

ü Үшінші кезең – дауды келісім комиссиялары қарауы;

ü Төртінші кезең – ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен шешу;

ü Бесінші кезең – ұжымдық еңбек дауларын еңбек арбитражында қарау.

Бірінші кезең – талаптар қою. Бұл кезеңде еңбек ұжымы ұйымдағы еңбек ақысының төлеу тәртібіе бекіту және өзгерту, қжымдық еңбек шарттарын және қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасындағы өзге де келісімдерді орындау мен өзгерту мәселелеріне қатысты талаптар қояды. Еңбек ұжымының талаптары ұжым мүшелерінің немесе конференция делегаттарының көпшілік даусымен жалпы жиналыста анықталып, бекітіледі. Жиналыста хаттама толтырылады, ал шешімде қызметкерлердің талаптары анық көрсетілуі тиіс. Қойылған талаптарды жазбаша түрде мәлімделіп, жұмыс берушіге ұсынылады. Қызметкерлер талаптарды қол қоюмен бір мезгілде ұжымдық еңбек дауына қатысу және оны шешу үшін өздерінің уәкілетті өкілдерін сайлайды.

Дауды тараптардың қарауы. Бұл кезеңде жұмыс беруші еңбек ұжымының талаптарын оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінде қарауға және даудың мәні бойынша келісімге келуге тырысуға, ал келісімге келе алмаған жағдайда аталған мерзім ішінде дауды одан әрі қарастыру үшін өз өкілдерінің құрамын көрсете отырып шешім мен ұсыныстарын еңбек ұжымына жазбаша түрде ұсынуға міндетті.

Екі не одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен немесе бірлескен талаптары жұмыс берушілердің тиісті органына жіберіледі. Бұл органдар талаптарды алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде оларды қарауға және еңбек ұжымдарының біріккен өкілдік органына өз шешімін жариялауға міндетті.

Дауды келісім комиссиясының қарауы. Егер жұмыс берушінің шешімі еңбек ұжымын қанағаттандырмаса, ұжымдық еңбек дауы үшінші кезеңге келісім комиссиясының қарауына өтеді. Бұл кезде тараптардың ешқайсының бітімгершілік процедураларына қатысудан бас тартуға құқығы жоқ. Ұжымдық еңбек дауын келісім комиссиясының қарауы кезең болып табылады. Тараптардың кез келгені келісім комиссиясын құру бастамасын иеленуге құқығы бар. Келісім комиссиясын құру туралы жазбаша түрде ресімделеді жіне екінші тарапқа ұсынылады.

Келісім комиссиясы жұмыс беруші өз шешімін жариялаған немесе жарияламаған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде тараптардың өкілдері арасынан тең негізде құрылады.

Келісім комиссиясы құрылған күннен бастап күнтізбелік 7 к.н ішінде еңбек ұжымының талабын қарайды. Келісім комиссиясының шешімі хаттаманың негізінде тараптардың келісімімен қабылданады, оған екі тарап қол қояды. Бұл шешім міндетті күшке ие және осы шешімнің өзінде көрсетілген мерзімде және тәртіпте орындалады.

Ұжымдық еңбек дауының тараптары келісім комиссиясында өзара келісімге келе алмаған жағдайда немесе жұмыс беруші келісім комиссиясын құрудан не оның жұмысына қатысудан бас тартқан жағдайда,и тараптар дауды делдал арқылы немесе еңбек арбитражында қарау мүмкіндігіне ие болады.

Төртінші кезең – ұжымдық еңбек дауын қарастырудың тағы бір мүмкіндігі – еңбек арбитражы. Еңбек арбитражы нақты бір ұжымдық дауын шешу үшін уақытша құрылады. Оны ұжымдық еңбек дауының тараптары күнтізбелік 5 күн ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық немесе жергілікті үшжақты комиссияның қатысуымен құрайды.

Еңбек арбитражы құрамы мен оның мүшелерінің санын ұжымдық еңбек дауының тараптарының келісімімен анықталады. Соған қарамастан, қолданыстағы заңдардаың талаптарына сәйкес, еңбек арбитражы төрағаны қосып санағанда кем дегенде 3 адамнан құралуы тиіс.

Еңбек арбитражының құрамына кәсіптік одақтардың, еңбек жөніндегі органдардың өкілдері, маман-сарапшылар және өзге де тұлғалар кіреді. Еңбек арбитражының төрағасы тараптардың келісімімен тағайындалады.

Еңбек арбитражы шешімдері мен ұсыныстары арбитраж құрылған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде оның мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Арбитраж мүшелерінің дауыстары теңдей болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші мәнге ие болады. Шешім негізделген болуы тиіс, жазбаша нысанда толтырылып, оған еңбек арбитражының барлық мүшелері қол қоюы тиіс.

Ұжымдық еңбек дауын делдалдың көмегімен шешу. Ұжымдық еңбек дауын қарастыруға делдалдың қатысу процедурасы дауды келісім комиссиясында, еңбек еңбек арбитраында қараумен салыстырғанда дебес сипатқа ие дәне олармен қатар жүргізілуі мүмкін.

Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қараудың тәртібін дау тараптарының келісіміне негізделе отырып делдалдың өзі анықтайды.

Тараптар делдал ретінде өздері үшін беделді ұйымдарды немесе тараптарға қатысы жоқ тұлғаларды шақыртуы мүмкін. Алайда, барлық жағдайларда делдалдың делдалдыққа қатысты келісімі алынуы қажет.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)