АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Емтихан билеті №44

Читайте также:
  1. Емтихан билеті №11
  2. Емтихан билеті №43
  3. Емтихан билеті №47
  4. Емтихан билеті №48
  5. Емтихан билеті №49

1. Еңбек қатынастарының пайда болуының негіздері 20бап

Еңбек қатынастары – еңбек заңнамасы, еңбек, ұжымдық шарттар мен келісімдермен көзделген еңбек жағдайларын жұмыс берушімен қамтамасыз ету, ішкі тәртіп ережелеріне қызметкердің бағынуы, еңбек функциясын ақы үшін қызметкердің тікелей өзі орындауы туралы жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімге негізделген қатынастар.

Осы қатынас жеке тұлғалық болып табылады, өйткенң еңбек құқыққабілеттілігі қызметкердің тұлғасынан ажыратылмайды. Еңбек қатынасының маңызды белгілері болып табылады:

Ø Жеке тұлғалық сипатта болуы (өзінің еңбек қабілетін қызметкер тек жекелей ғана жүзеге асыра алады);

Ø Ақылы сипатта болуы (қызметкер тарапынан еңбекті ұсыну, жұмыс беруші тарапынан мүлікті (жалақы) қарсы ұсынуды көздейді);

Ø Ұйымдық сипатта болуы (қызметкер ұсынатын еңбек ұйым және жұмыс беруші тарапынан басқару лбъектісі болып табылады);

Ø Созылмалы сипатта болуы (еңбек өндірістің міндетті факторы болғандықтан, осы факторды қолдануды заңды түрді ресімдеген құқықтық байланыс тараптардың өзінің құқықтары мен міндеттерін орындаумен тоқтамайды);

Ø Күрделі (өзара) сипатта болуы (әр тарапта тиісті құқықтар мен міндеттердің бар болуын көздейді).

Еңбек құқықтық қатынасы негізінде жатқан заңи факторлардың арасында еңбек шарты маңызды болып табылады. Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, ҚР ЕК, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Еңбек шарты мен еңбек құқықтық қатынасы – өзара байланысты құқықтық санаттар болғанымен, оларды ажырата білу керек: еңбек шарты – бұл келісім, ал еңбек құқықтық қатынасы – осы келісім бойынша пайда болатын қызметкер мен жұмыс берушінің заңи байланысы.

Еңбек шарты бойынша қызметкер осы еңбек ұжымының мүшесі болады және ұжымдық шарт пен әлеуметтік-әріптестік келісімдермен орнатылған қосымша жеңілдіктерді алуға, оған қоса ұйымды басқару құқығына ие болады.

Еңбек шартын жасасқаннан кейін оның тараптарына еңбек құқығының басқа институттарымен көзделген еңбек құқықтары мен міндеттері таралады. Еңбек құқығы нормалары тарапынан құқықтық реттеудің объектісі ретінде қорғалуы тиіс адамның еңбекке қабілеттерін дербестіксіз қолдану болып табылады. Еңбек қатынастарының ерекшелігі шарттық келісімдердің оьъектісі ретінде ерекше қасиеті бар тауар – адамның дене және рухани қабілеттерінің жиынтығы ретіндегі жұмыс күші болып табылатындығымен негізделеді.

Еңбектің мәміле пәні ретіндегі ерекшелігі оның қызметкер тұлғасынан ажырамастығы. Еңбек күші нарағын тауарлар мен қызметтердің нарығымен салыстыруға және еңбек қатынастарын мүліктік қатынастардың бір түріне, еңбек қатынастарының бір тұлғалық сипатын есепке алмай, қосуға болмайды.

Кейбір жағдайларда еңбек құқықтық қатынастары ішінде қызметкердің өзінің белгілі бір лауазымды немесе жұмысқа жіберілуі туралы келісім беру актісі бар екі немесе бірнеше актілерден құралатын күрделі заңи құрамдардан пайда болады. Сайланбалы қызметтерге орналасқан кезде еңбек құқықтық қатынасы сайлау кезінде өзін ұсынуға келісімін алдын ала берген тұлғаны тиісті лауазымға сайыс бойынша келсе, онда еңбек шартын жасасудың алдында сайысқа қатысуға ниет білдірген тұлғаны сайлау актісі және сайыс нәтижелерін жұмыс берушімен бекіту актісі болады.

Өкім ету өкілеттіктерін жүзеге асырумен байланысты лауазымдарға орналасу кезінде еңбек құқықтық қатынасы күрделі заңи құрамнан пайда болады:

1) Тұлғаның осы лауазымға орналасу келісімі;

2) Лауазымға тағайындау актісі.

Барлық келтірілген жағдайларда тұлғаның алдын ала келісім беруі кейін күрделі заңи құрам элементтерінің бірі ретіндегі еңбек шартын жасасуға мүмкіндік береді.

Жұмысқа қабылдаудың сайыстық тәртібі азаматтық және мемлекеттік қызметшілер, жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің ғылыми-педогогикалық қызметкерлері үшін орнатылған.

ҚР Конституциясында, мысалы, ҚР Президентімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары көрсетіледі: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп Комитетінің Төрағасы мен екі мүшесі; Республиканың дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары; ҚР Мемлекеттік хатшысы; Конституциялық Кеңес Төрағасы мен екі мүшесі және т.б.

Заңдарда басқасы көзделмесе, лауазымға тағайындау тәртібі әртүрлі лауазымдарға орналастыру үшін барлық ұйымдарда қолданылуы мүмкін. Лауазымдардың тізімі және оларды алмастыру тәртібі жарғы, ереже немесе ұйымның жергілікті нормативтік актісінде бекітілуі керек.

Сот тәжірибесі еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің қайнар көзі болып табылады және еңбек дауларын шешуге немесе өзге де тәсілмен осы қатынастарды құқықтық реттеуге әсер етуге бағытталған сот органдары актілерінің жиынтығын білдіреді.

Еңбек шартын жасасу туралы сот органдары шешімі еңбек құқықтық қатынастарының пайда болуының негізі болып табылады.

Еңбекке қабілетті азаматтардың барлығына еңбек құқықтарын жүзеге асыру үшін тек мүгедектерді орната келе, ҚР ЕК біруақыттаеңбек құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе оларды жүзеге асыру кезінде жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, шығу тегі, мүліктік, отбасылық және әлеуметтік жағдайы, жасы, тұрғылықты жері, дінге көзқарасы, саяси ұстанымдары, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы, оған қоса іскеолік қабілеттермен байланысы жоқ мән-жайларға байланысты қандай да бір артықшылықтарды беруді кемсітушілік белгілер ретінде қарастырады.

Көрсетілген кемсітушілік ниеттермен жұмысқа қабылдаудан бас тартудың кез келген түрі еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару үшін негіз болады. ҚР ЕК 25 бабы еңбек шартын жасасқан кезде құқықтар мен мүмкіндіктердің кепілдіктерін орнатады. Өзге де еңбек даулары бойынша шешімдердің негңзңнде еңбек құқықтық қатынастары қалпына келтірілуі, тоқтатылуы және өзгертілуі мүмкін. Еңбек шартын күшіне ену күні деп жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасудан бас тарту күнін есептеу керек.

 

2. Жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқыған ретте еңбекке ақы төлеу 10тарау
Емтихан билеті №45

1. Қызметтік іс сапарда жүрген кезде төленетін өтемақылық төлемдер.

Іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.

Өтемақы деп қызметкердің еңбек қызметтерін атқаруымен немесе, өзге елді мекенге жұмыс орнының ауысуына байланысты шығындарының орнын толтыру мақсатын көздейтін төлемдерді айтады. Мұндай төлемдер содай-ақ іссапарлар кезінде, қызметкердің өз меншігіндегі құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өзге де мүліктерін еңбек міндеттерін орындау барысында қолданса беріледі. Кейбір жағдайларда өтемақылық төлемдер кепілдік төлемдермен біріктіріліп жүргізіледі. Қызметтік іссапар – бұл қызметкердің мемлекеттік орган басшысының өкімі бойынша белгілі бір мерзімге міндеттерін орындау үшін, сондай-ақ біліктілігін арттыру мен кәсіптік деңгейін арттыру мен қайта даярлаудан өтуүшін тұрақты жұмыс орнынан тысқары жерге баруы.

Қызметкерлердің шығындарының орнын толтыруға және іссапармен байланысты өзге де өтемақылар алуға құқы бар. Оларға төленеді: іссапарда болған күндері ішінде тәуліктік төлемдер, іссапарға бару және кері қайту жол шығындары тұрғын үй жалдауға кететін шығындары. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің бүкіл іссапар мерзімі барысында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа еңбекақысы сақталады.

Тәуліктік төлемдер іссапардың демалыстар мен мереке күндерін, кеткен және келу күндерін қоса есептегендігі әрбір күндері үшін төленеді. Егер де қызметкерде кеткен күні өзінің тұрғылықты жеріне қайтып оралу мүмкіндігі болса, оған іссапар бойынша тәуліктік төлем жұмыс берушімен келісуі бойынша төленеді.

Іссапар орнында болу мерзімі іссапар орынына келу және кету күндері және іссапар орынынан кету күнінбойынша анықталады. Егер де қызметкер түрлі елді мекендерге іссапар жіберілген болса, келегн және кеткен күндері туралы белгілер әрбір елді мекенде жасалынып, ұйым мөрімен расталып отырады.

Қызметкерге іссапар орнына бару және кері қайту жол ақысы әуе, су және автомобиль жол ақысының көлемінде, көліктегі жолаушы тасымалдауды мемлекеттік міндетті сақтандыру бойынша төлемдері қоса, сондай-ақ билетті алдын ала сату қызметін көрсеткені үшін төлемдері, төсек орын пайдаланғаны үшін кеткен шығындары, егер де оның барған жері елді мекеннен тысқары жерде орналасқан болса, ол орналасқан станция, аэропортқа дейінгі жол шығындары толық қайтарылады.

Көліктің кез келген түріндегі жол шығындарын көтерме тарифтер бойынша өтеу жұмыс берушінің рұқсатымен жүзеге асырылады.

Іссарап орнында тұрғын үй жалдау бойынша өтемақы қызметкерге орынына келген күннен одан кеткен күнге дейін жұмыс беруші актісі арқылы анықталған көлемде өтеледі.

Іссапарда болған орнында тұруымен байланысты шығындарды өтеу бүкіл іссапар барысындағы күнтізбелік күндер үшін тәуліктік төлемдер арқылы анықталады, оның ішінде келген және кеткен күндері, жолда болған күндері үшін жолдағы еріксіз тоқтаған күндерін қоса есептегенде.

Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен өз қызметкерлерін іссапарға жіберген кезде өтемақының неғұрлым жоғары нормаларын белгілеуі мүмкін.

Іссапарға кеткен күні қызметкерге жолақысын төлеуге, тұрғын үй жалдауға кететін шығындарға және тәуліктік төлемдерге сәйкес келетін шеңберде аванс беріледі. Іссапардан келгеннен кейін қызметкер жұмсалынған шығындар туралы аванстық есеп беруі тиіс, оған қосымша іссапарлық куәлік, тұрғын үй жалдағаны туралы және жол шығындары туралы құжаттар өткізіледі.

Іссапардағы қызметкерлерге олар іссапарға жіберілген ұйымдардың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимі таратылады. Іссапар барысында пайдаланылмаған демалыс күндері берілмейді.

Егер де қызметкер демалыс күндері жұмыс істеу үшін арнайы жіберілген жағдайда, мұндай жұмыс туралы өтемақы жалпы негіздерде жүргізіледі. Егер де іссапарға шығу күні демалыс күніне сәйкес келген болса, онда қызметкерге іссапардан келгеннен кейін өзге демалыс күні беріледі.

Өзінің қызметтік міндеттері үнемі жолда жүріп-тұрумен байланысты қызметкерлер үшін, мысалы ұшқыштар, алыс жолдар автобустары жүргізушілері, жолсеріктер, кондукторлар үшін бұл сапарлар іссапар болып табылмайды. Мұндай қызметкерлердің еңбекақысына жол шығындарының өтемақысы енгізіледі.

Іссапарға жіберуге тиым салынатын қызметкерлер:

ü Он сегіз жасқа толмаған тұлғалар;

ü Жүкті әйелдер.

Мүгедек-қызметкерлерді іссапарға жіберуге, егер де мұндай жұмыс атқаруға медициналық көрсеткіштер бойынша тиым салынбаған болса, олардың келісуі арқылы рұқсат етіледі.

 

2. Үстеме жұмыстардың шекті саны 89бап

Жұмыс беруші әрбір қызметкермен орындалған үстеме жұмыстардың дәлме дәл есебін қамтамасыз етуге міндетті. Үстеме жұмыстар әрбір қызметкерге тәулік ішінде, яғни 24 сағатта – екі сағаттан, ал ауыр, зиянды (аса зиянды) және (немесе) еібектің қауіпті жағдайлардағы жұмыстар – 24 сағат ішінде бір сағаттан аспауы керек.

Қызметкерлерді еңбектің аса зиянды жағдайларында үстеме жұмысқа тартуға рұқсат берілгенімен, еңбектің аса қауіпті жағдайларында тартуға тыйым салынады.

Бір ай, бір күнтізбелік жыл ішіндегі үстеме жұмыстар сағаттардың нақты санымен шектеледі (айына 12 сағат, жылына 120 сағат).

Шектеу ҚР ЕК 90б. 1 тармақшасында көзделген жұмыстарға, яғни ел қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарға тартылмайды. Бұл түсінікті, өйткені шұғыл сипаттағы жұмыстар оларды уақыттағы ешқандай шектеусіз жүзеге асыруды талап етеді.

Үстеме жұмыстарды орнатылған тәртіпті бұзумен қолданған жағдайларда, кінәлі жұмыс берушілер заң актілерімен белгіленген тәртіпте тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Емтиханбилеті №46

1. Кепілді және өтемақылық төлемдердің түсінігі және түрлері. (ВЗЯЛА У АХМЕТОВЫХ, НАСКОЛЬКО ВСЕ ТОЧНО Я НЕ ЗНАЮ)

Жалақы жұмыс берушінің қызметкер алдындағы жалғыз ақшалай міндеттемесі емес. ҚР ЕК бірқатар жағдайларда қызметкердің еңбек шығынымен байланысты емес, алайда кепілдік сипатқа ие төлемдерді төлеуді көздейді. Кепілдік төлемдер қызметкерлердің материалдық мүдделерін қорғау мақсаттарында көзделген және олардың жалақысын төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты мақсаты – қызметкердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау.

Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жағдайларда қызметкердің өз еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған уақытында төленетін төлемдер танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы – жалақы еңбектің нәтижесінде төленсе, кепілдік төлемдер еңбек және оның нәтижелері үшін төленбейді, заңдарда көзделген жағдайларда еңбекке ақы төлеуді кепілдейді.

Кепілдік төлемдер мынадай жағдайларда белгіленеді:

ü Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері;

ü Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер;

ü Бәләктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге раналған кепілдіктер;

ü Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер;

ü Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі кепілдіктер

Өтемақылық деп қызметкерге еңбек міндеттерін орындаумен немесе басқа жерге жұмысқа ауысуы себепті көшуімен байланысты шығындарды өтеу мақсаттарына ие төлемдер аталады:

ü Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

ü Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;

ü Жүктілікті және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар мен бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау.

 

2. Еңбек шартын бұзудан туындайтын еңбек даулары

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.02 сек.)