АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Краткая информация

Читайте также:
  1. Ведущие отрасли права РФ (краткая характеристика).
  2. Глава 1 Краткая характеристика предприятия
  3. Градостроительная ситуация и краткая характеристика участка.
  4. Дискретное время. Дискретная информация.
  5. Классификация и краткая характеристика НПВС и ненаркотических анальгетиков, применяемых при мигрени.
  6. Контроль и испытания: понятие, назначение, классификация, краткая характеристика важнейших видов.
  7. Краткая биография М. В. Ломоносова
  8. КРАТКАЯ БИОГРАФИЯ ПРОФЕССОРА, ДОКТОРА ПРАВА В.И. СИНАЙСКОГО
  9. краткая инструкция
  10. Краткая информация о КСЕ «Совесть»
  11. Краткая информация о стране.
  12. КРАТКАЯ ИНФОРМАЦИЯ О ФИЛЬМЕ

Қақақ тілі_Екінші курс, Бірінші семестр.

СОӨЖ-2_жұмысы.

ІІ тақырып. ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Тапсырма:

1 «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Елбасы Жолдауын конспектілеп, негізгі мәселері туралы әңгімелеп беріңіз.

1-Сұрақ_Жауап:

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының толық мәтінін ұсынады.

НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалын тап келеді.

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі.

Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

2. Осы Жолдаудағы жеті жаңалықты атап шығыңыз.

2-Сұрақ_Жауап:

Құрметті қазақстандықтар!

Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.

Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.

Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді.

Төртінші. ТКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.

Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр.

Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады.

Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу.

Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді жалғастырған жөн.

3. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы ой-пікіріңіз.

3-Сұрақ_Жауап: Тәуелсіздік таңы атысымен ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Түрлі пікірлер ортаға салынды.

Жұлдызды сәт Прези­ден­тіміздің «Қазақстан жолы – 2050:

бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын жариялаумен туды. Енді не істеу керек?

Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл істен барша зиялы қауым, сая­си партия­лар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ тыс қал­мауына Парламент пен Үкімет, Президент Әкімшілігі жағдай жасағаны абзал.

Екіншіден, заманауи ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, студенттерге, жастарға жеткізу үшін бар күшті салған артықтық етпейді.

Үшіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын қазақстандық кәсіпкерлер, бизнесмендер, бай-бағландар қолдауының маңызы зор.

Төртіншіден, болашағы жарқын ұлттық идеямызды Қазақстандағы барлық этнос­тар мен аймақтарға жеткізу атқарылар іс-шараның бір парасы ғана. Ол әлемдік ақпараттық, ғылыми кеңістіктерден ойып тұрып өз орнын алуы керек.

4. Мәтіндегі бірнеше сөйлемді төлеу сөзге айналдырыңыз.

4-Сұрақ_Жауап:

5. Экспо-2017 туралы хабарлама дайындаңыз. Қарағандыда өткен студент-жастардың көрмесі туралы не білесіз?

5-Сұрақ_Жауап:

Экспо- всемирная выставка перевод:-бүкіләлемдік көрмесі.

Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.

Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді.

Қарағандыда халықаралық білім көрмесі өтті.

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда бүгін «International Education-2009» халықаралық білім көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жастарға шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы хабардар етуді мақсат тұтқан шараның ұйымдастырушылары? ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы және «Capital Education» білім агенттігі. Көрмеге Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Канада, Польша, Чехия, Латвия және басқа елдердің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Ал ТұранӘлемБанкі өкілдері студенттерді, соның ішінде шетелде оқығысы келетін жастарды несиелеу бағдарламалары туралы ақпараттар ұсынды.

6. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

6-Сұрақ_Жауап:

7. Отан туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазып, жаттап алыңыз, сөйлесімде қолданыңыз.

7-Сұрақ_Жауап:

ОТАН ТУРАЛЫ


Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.

Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Отан үшін отқа түс — күймейсің,
Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

Отаның тыныш — сен тыныш.

СОӨЖ өткізу түрі

1. Тақырып бойынша өткен лексиканы пайдалану.

2. Тақырып бойынша мәселелерді талқылау.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Әртүрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыруға машықтаныңыз. Өзіңіз туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге үйреніңіз.

Негізгі әдебиет: [5. 1.1], [5. 1.2], [5. 1.3], [5. 1.4], [5. 1.5]

Қосымша әдебиет: [5. 2.1], [5. 2.2], [5. 2.3], [5. 2.7], [5. 2.10]

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)