АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Абдрахманова Н.М

Читайте также:
  1. Государственное регулирование
  2. Жастар деп кімдерді атаймыз?
  3. Научно-исследовательская работа ППС
  4. Отдел культуры Исполкома Сармановского МР
  5. Тест тапсырмалары
  6. ЦЕЛИ И СМЫСЛ МАНЕВРОВ

Емдеу факультеті

Амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасы

1.4. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Для практических занятий по специальности 051301 – Общая медицина,

Дисциплине «Общая врачебная практика»

Блок 1 «Кардиология»

Тақырыбы: ЖДТ тәжірибесіндегі ырғақ бұзылысының синдромы

Курс: 5

Семестр – IX. X

Құрастырған: ассистент

Абдрахманова Н.М.

Аударған:

Асс. м.ғ.к. Ноғаева М.Ғ.

 

Алматы, 2011

1. Блок «Кардиология», тақырыбы 2: Жалпы дәрігер тәжірибесіндегі (ЖДТ) ырғақ бұзылысының синдромы (ЫБС)

2. Мақсаты: ЖДТ ырғақ бұзылысы синдромы кезінде профилактика, диагностика, емдеу және динамикалық бақылаудың жалпы принциптерін игеру және білімді құрастыру

3. Оқудың мақсаты:

· біріншілік медико-санитарлық көмекті ұйымдастыру жағдайында халыққа медициналық көмекті көрсету үшін студенттерді ырғақ бұзылысы синдромы кезінде негізгі принциптерге, әдістерге және негізгі емдік-диагностикалық әрекеттерге үйрету;

· қарап тексеру тәсілдерін үйрету, диагностикалық критерийлерді бөліп шығару, салыстырмалы диагностика жүргізу, жастық ерекшеліктеріне байланысты дәлелдеу медицинаға негізделген қарап тексеру және емдеу бағдарламасын құрастыру;

· амбулаторлы жағдайда ЫБЗ кезінде студенттерді динамикалық бақылаудың негізгі принциптеріне үйрету, дәрілік-еңбектік экспертиза принциптеріне және адамның, жанұяның дені сау әдістерін құрастыруды үйрену;

· өзара қарым қатынас тәсілдерін жетілдіру, дәрігер және науқас, жан ұя мүшелері арасындағы қарым қатынас және өзара түсіністіктін маңызды екенін сезіну, конфиденциальды принциптерді сақтау;

· денсаулық сақтау аймағындағы құқық және міндеттер білімін құрастыру және олардын кепілдігін қамтамассыздау; Қазақстан Республикасы Кодексінің негізгі ережесі «Халықтың денсаулығы және ден саулық сақтау жүйесі»; денсаулық сақтау сферасындағы нормативті-құқықтық және заңды құжаттар;

· студенттер басқаларды үйрету қабілетін құрастыру керек және өздерінің білімін, тәсілдерін әрі қарай жетілдіріп, үздіксіз кітаптармен, ғылыми және нормативті құжаттармен жұмыс істеуі керек.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

эпидемиология, ЖДТ ЫБС профилактикасының негізгі принциптері;

қауіп қатер факторлардың стратификациясы, ЫБС жіктелуі;

ересек, жүкті, егде және қарт жастағы адамдардың ЫБС ағым ерекшеліктері, клиникалық көріністері;

амбулаторлы жағдайда диагностикалық іздеу алгоритмы; күндізгі стационарға госпитализациялау көрсеткіштері;

ЫБС кезінде қазіргі кездегі лабораторлы-инструментальды әдістер;

дәлелдеу медицинаға негізделген, ЖДТ тәжірибесіндегі ЫБС қазіргі кездегі емдеу принциптері;

амбулаторлы-емханалық жағдайда ЫБС бар науқастарды динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін жүргізу тактикасы және халықтың денсаулығын мықтылау шараларын жүргізу;

дәрілік еңбектік экспертиза, реабилитациялық бағдарламалар, санаторлы-курортты ем.

Науқастарды үйретудін негізгі принциптері.

ЫБС бар науқастармен эффективті түрде коммуникация әдістері, олардың туысқандарымен, коллегаларымен және басқа да медициналық қызметкерлерымен.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері (кіші топтар, дискуссия, ситуациялық есебтер, парамен жұмыс істеу, презентация, кейс-стади және т.б.)

6. Әдебиеттер

негізгі:

1. Кошкин И.В. «Ритмокардиография». Диагностика, лечение и реабилитация пострадавших в чрезвычайных ситуациях. – Казань: ИСПО РАО, КГМА, РРЦ МЧС РТ, 2002 год. – 320стр.: 149-152 (3 стр).

2. Мешков А.П. Азбука клинической электрокардиографии. Нижний Новгород: НГМА, 1998. – С. 150.

3. Мурашко В. В., Струтынский А. В. Электрокардиография. М.: МЕДпресс, 1999. – С. 312. 4. Орлов В.Н. Руководство по электрокардиографии. М.: МИА, 2001. – С. 728.

 

қосымша:

1. Поляков В.П., Мовшович Б.Л., Савельева Г.Г. Кардиологическая практика (в 2-х томах). Самара, 1993. С. 300.

2. Сизенцева Г.П. Методическое пособие по электрокардиографии. М.: Изд. НЦССХ им. А.Н. Бакулева РАМН, 1998. – С. 68.

3. Туев А.В., Наумов А.С., Василец Л.М. Нарушения ритма сердца. Екатеринбург - Пермь: ИПП Уральский рабочий, 1995. – С. 96.

4. Г.Е. Ройтберг, А.В.Струтынский – «Внутренние болезни»; М. Медицина, 2003г. – глава 3.

5. Е. И Чазов, В. М. Боголюбов - «Нарушение ритма сердца»; М. Медицина 1972.

6. «Неотложная медицинская помощь», под ред. Дж. Э. Тинтиналли, Рл. Кроума, Э. Руиза, Перевод с английского д-ра мед. наук В.И. Кандрора, д. м. н. М.В. Неверовой, д-ра мед. наук А.В. Сучкова, к. м. н. А.В. Низового, Ю.Л. Амченкова; под ред. Д.м.н. В.Т. Ивашкина, Д.М.Н. П. Г.Брюсова; Москва «Медицина» 2001.

7. П.Х. Джанашия, В.А. Назаренко, С.А. Мерцательная аритмия: современные концепции и тактика лечения Москва 2001.

9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есебтер):

1. ЫБС пайда болудың этиологиялық теориялары;

2. ЫБС патогенезінің негізгі тарамдары;

3. ЫБС кезіндегі клиникалық синдромдар;

4. ЫБС кезіндегі диагностикалық критерийлер;

5. ЫБС кезінде негізгі клинико-лабораторлық өзгерістер;

6. ЫБС емдеу тактикасы, егде, жүкті әйелдерде, жас өспірімдерде;

7. ЫБС кезіндегі дәрілік-еңбектік экспертиза.

5 курс студенттеріне арналған тест-бақылау тақырыбы: «ЖДТ тәжірибесіндегі жүрек ырғағының бұзылыстары».

1 вариант

1. Синусті тахикардия – бұл ЖСЖ жоғарлауы:

A) Минутына 60 жоғары

B) Минутына 70 жоғары

C) Минутына 80 жоғары

D) Минутына 90 жоғары

E) Минутына 100 жоғары

 

2. Синусті тахикардия диагнозы мына мәлеметтерге қарай қойылады:

A) ЭКГ

B) ХО

C) ЭФИ

D) Холтер бойынша ЭКГ

E) ӨАЭС

 

3.Синусті брадикардия – бұл ЖСЖ баяулау:

A) Минутына 60 жоғары

B) Минутына 70 жоғары

C) Минутына 80 жоғары

D) Минутына 90 жоғары

E) Минутына 100 жоғары

 

4. Синусті брадикардия кезінде жедел МИ кезінде емді бастау керек:

A) Атропин

B) Лактат натрия

C) Изопреналин

D) глюкагон

E) нифедипин

 

5. Ер адам 67 ж дәрігерге келесі шағымдармен келді жүрек аймағындағы шаншыған ауру сезімі, басының айналуы. Объективті жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабыңдылары таза, қалыпты, шеткі ісінулер жоқ. Жүрек тондары бәсен, ырғағы дұрыс ЖСЖ-56 1 минутына, АҚҚ 130/60 мм.с. б. ЭКГ-да ритм синусті ЖСЖ 56 1 минутына. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Миокардта реполяризация бұзылыстары.

Сіздің диагнозыныз?

А) ЖИА, атеросклеротикалы кардиосклероз, синусті брадикардия

B) ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, синусті аритмия

C) ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, тынысты синусты брадикардия

D) ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, тынысты емес синусті брадикардия

E) ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, синусті тахикардия

 

6. Ер адам 67 ж дәрігерге келесі шағымдармен келді жүрек аймағындағы шаншыған ауру сезімі, басының айналуы. Объективті жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабыңдылары таза, қалыпты, шеткі ісінулер жоқ. Жүрек тондары бәсен, ырғағы дұрыс ЖСЖ-56 1 минутына, АҚҚ 130/60 мм.с. б. ЭКГ-да ритм синусті ЖСЖ 56 1 минутына. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Миокардта реполяризация бұзылыстары.

Синусті брадикардия диагнозын тек мына мәлеметтерге қарай қоямыз:

A) ЭКГ

B) ЭХО

C) ЭФИ

D) Холтер бойынша ЭКГ

E) ӨАЭС

 

7. Аритмияларды хирургиялық емдеу келесі диагностикалық әдістермен анықтауға болады:

A) ЭКГ

B) ЭХО

C) ЭФИ

D) Холтер бойынша ЭКГ

E) ӨАЭС

 

8. Синусті тахикардияның ЭКГ белгілеріне не жатады:

A) Жүрекшелік ырғақ

B) Дұрыс синусті ритмнің сақталуы

C) АВ-қосыңдысынан ритм

D) Қарыншалық (идиовентрикулярлы) ритм

E) Дұрыс емес синусті ритм

 

9. Синусті тахикардияның ЭКГ белгілеріне не жатпайды:

Что относится к ЭКГ признакам синусовой брадикардии:

A) Жүрекшелік ырғақ

B) Дұрыс синусті ритмнің сақталуы

C) АВ-қосыңдысынан ритм

D) Қарыншалық (идиовентрикулярлы) ритм

E) Дұрыс емес синусті ритм

 

10. Синусті ритм кезінде Р тісшесінің сипаттамасы:

А) РII тісшелері әр қарыншалық QRS комплекстің алдында болады; барлық Р тісшесінің формасы бір әкетулерде бірдей

В) PII және PIII тісшелері теріс; әр Р тісшесінің артында өзгермеген комплекс QRS

С) ЭКГ-да Р тісшесінің болмауы, өзгерген QRS комплексімен бірігеді; немесе теріс Р тісшелері, олар өзгерген QRS комплексінің артында орналасады

D) Барлық QRS комплекстері кеңейген және деформацияланған; QRS комплексімен және Р тісшесі арасында байланыс жоқ; ЖСЖ 40–45 мин аспайды

Е) ЭКГ-да РII және РIII теріс тіркеледі, олар өзгермеген QRS комплекстерінен кейін орналасады

 

11. Жүрекшелік ритм кезінде Р тісшесінің сипаттамасы:

А) РII тісшесі оң және әр қарыншалық QRS комплекстің алдында болады; барлық Р тісшесінің формасы бір әкетулерде бірдей

В) PII және PIII тісшелері теріс; әр Р тісшесінің артында өзгермеген комплекс QRS

С) ЭКГ-да Р тісшесінің болмауы, өзгерген QRS комплексімен бірігеді; немесе теріс Р тісшелері, олар өзгерген QRS комплексінің артында орналасады

D) Барлық QRS комплекстері кеңейген және деформацияланған; QRS комплексімен және Р тісшесі арасында байланыс жоқ; ЖСЖ 40–45 мин аспайды

Е) ЭКГ-да РII және РIII теріс тіркеледі, олар өзгермеген QRS комплекстерінен кейін орналасады

 

12. АВ-қосыңдыларынан Р тісшесінің сипаттамасы:

А) РII тісшесі оң және әр қарыншалық QRS комплекстің алдында болады; барлық Р тісшесінің формасы бір әкетулерде бірдей

В) PII және PIII тісшелері теріс; әр Р тісшесінің артында өзгермеген комплекс QRS

С) ЭКГ-да Р тісшесінің болмауы, өзгерген QRS комплексімен бірігеді; немесе теріс Р тісшелері, олар өзгерген QRS комплексінің артында орналасады

D) Барлық QRS комплекстері кеңейген және деформацияланған; QRS комплексімен және Р тісшесі арасында байланыс жоқ; ЖСЖ 40–45 мин аспайды

Е) ЭКГ-да РII және РIII теріс тіркеледі, олар өзгермеген QRS комплекстерінен кейін орналасады

 

13. Қарыншалық немесе идиовентрикулярлы ритм кезінде Р тісшесінің сипаттамасы:

А) А. РII тісшесі оң және әр қарыншалық QRS комплекстің алдында болады; барлық Р тісшесінің формасы бір әкетулерде бірдей

В) PII және PIII тісшелері теріс; әр Р тісшесінің артында өзгермеген комплекс QRS

С) ЭКГ-да Р тісшесінің болмауы, өзгерген QRS комплексімен бірігеді; немесе теріс Р тісшелері, олар өзгерген QRS комплексінің артында орналасады

D) Барлық QRS комплекстері кеңейген және деформацияланған; QRS комплексімен және Р тісшесі арасында байланыс жоқ; ЖСЖ 40–45 мин аспайды

Е) ЭКГ-да РII және РIII теріс тіркеледі, олар өзгермеген QRS комплекстерінен кейін орналасады

 

14. Синусті аритмияға не тән:

А) Синусті ритмнің сақталуы

В) Жүрекшелік ритмнің сақталуы

С) АВ-қосыңдысынан ритмнің сақталуы

D) Қарыншалық ритмнің сақталуы

Е) Идиовентрикулярлы ритмнің сақталуы

 

15. Тынысты синусты аритмияның ЭКГ белгілері:

А) Синусті ритмнің сақталуы

В) Жүрекшелік ритмнің сақталуы

С) Тынысты ұстап қалған кезде аритмияның жоғалуы

D) Тынысты ұстап қалған кезде аритмияның сақталуы

Е) Идиовентрикулярлы ритмнің сақталуы

 

16. Тынысты емес синусты аритмияның ЭКГ белгілері:

А) Синусті ритмнің сақталуы

В) Тынысты ұстап қалған кезде аритмияның сақталуы

С) Жүрекшелік ритмнің сақталуы

D) Тынысты ұстап қалған кезде аритмияның жоғалуы

Е) Идиовентрикулярлы ритмнің сақталуы

 

17. Синусті тахикардияны шақыратын экстракардиальді факторларға не жатпайды:

А) Гипертиреоз

В) Қызба

С) Жедел қан-тамыр жүрек жеткіліксіздігі

D) Миокард инфарктісі

Е) Анемиялар

 

18. Синусті тахикардияны шақыратын интракардиальді факторларға не жатпайды:

А) Гипертиреоз

В) Жедел миокардит

С) Жедел қан-тамыр жүрек жеткіліксіздігі

D) Инфаркт миокарда

Е) Жедел миокардит

 

19. Тікелей емес антикоагулянттарға көрсеткіш

A) Асқазанның және 12-ішектің ойық жарасы

B) Лабораторлы бақылау мүмкіншілігінің болмауы

C) Геморрагиялық диатездер

D) Жыпылықтаушы аритмия

E) Созылмалы алкоголизм

 

20. Жыпылықтаушы аримияның медикаментозды емес әдістеріне не жатпайды?

A) Электрокардиостимуляция

B) Электроимпульсті терапия

C) Өңеш арқылы жүрекшелердің электростимуляциясы

D) Радиожиілікті катетерлі аблация

E) Фармакологиялық кардиоверсия

Вариант 2

1. СА-түйін автоматизм бұзылыстарына не жатпайды?

A) Синусті тахикардия

B) Синусті брадикардия

C) Синусті аритмия

D) Пароксизмальді тахикардия

E) Синусті түйін әлсіздік синдромы

 

2. Өткізгіштік бұзылыстарына не жатпайды?

A) Синоатриальді блокада

B) Пароксизмальді тахикардия

C) Жүрекшеішілік блокада

D) Атриовентрикулярлы блокада

E) Қарынша ішілік блокадалар

 

3. СТӘС бар науқаста СА-түйін бұзылған кезде толық диагностика үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?

A) Электрокардиография

B) Эхокардиография

C) Өңеш контрастирлеумен жүрек рентгенографиясы

D) Жүрекшелердің өңеш арқылы электрлік стимуляция

E) Коронарография

 

 

4. СТӘС бар науқаста СА-түйін бұзылған кезде толық диагностика үшін қандай қосымша зерттеулер жатпайды?

A) Ұзақ Холтер бойынша ЭКГ

B) Жүрек ішілік ЭФИ

C) Эхокардиография

D) Өңеш контрастирлеумен жүрек рентгенографиясы

E) Велоэргометрия

 

5. Пароксизмальді қарынша үстілік (суправентрикулярлы) тахикардияның белгісі болып табылмайды:

A) Жедел МИ

B) Жүрек ақаулары

C) Созылмалы жүректің ишемиялық ауруы

D) WPW синдромы

E) Алғаш рет пайда болған стенокардия

 

6. Пароксизмальді тахикардия кезінде ЖСЖ?

A) 160-270

B) 140-250

C) 120-230

D) 100-210

E) 80-190

 

7. Функциональді (нейрогенді) ЭС бар науқастарға не тән емес:

A) Психоэмоцианальді лабильділік

B) ЭС нервті күштемемен байланысты болса

C) Вегетативті нерв жүйесі дисфункциясының клиникалық белгілері

D) Жүректің анық органикалық патологиясының болуы

E) ЭС физикалық күштеме кезінде жоғалуы

 

8. Органикалық экстрасистолиялар пайда болмайды:

A) Кардиосклероз

В) Нейроциркуляторлы дистонияда

C) Миокардит

D) ЖИА

E) Кардиомиопатияларда

9. Миокард инфарктісінің жедел ағымында қарыншалық экстрасистолия ның емі:

A) Хинидин

B) Лидокаин

C) Аймалин

D) Бета-блокаторлар

E) Верапамил

 

10. Токсикалық экстрасистолиялар пайда болмайды:

A) Дигиталисті улану

B) Қызбалық жағдайда

C) Антиаритмиялық препараттардық әсері (проаритмиялық эффект)

D) ЖИА

 

11. Жүрекшелік экстрасистолия импульстан тыс әсерінен қашан пайда болады:

A) Жүрекшелік

B) Синусті түйін

C) Қарыншалық

D) АВ-қосындысы

E) Гис шоғыры

 

12. Жалпы жүрекшелік ЭС ЭКГ-белгілеріне жатпайды:

A) Уақыттан тыс пайда болған қарыншалық QRST комплексі немесе Р тісшесі

B) Р' тісшесінің деформациясы немесе өзгеруі экстрасистолалар

C) Өзгермеген QRST комплексі

D) Толық емес компенсаторлы паузаның болуы

E) Толық компенсаторлы паузаның болуы

 

13. ЖА кезінде госпитальді этапқа дейін синусті ритмді қалпына келтіру көрсеткіштері:

A) ЖА ұзақтығы < 48 сағ

B) Д ЖА ұзақтығы < 58 сағ

C) ЖА ұзақтығы < 68 сағ

D) ЖА ұзақтығы < 78 сағ

Е) ЖА ұзақтығы < 88 сағ

 

14. Жыпылықтаушы аритмия кезінде госпитализацияға көрсеткіш болып табылмайды:

A) Алғаш реет пайда болған жыпылықтаушы аритмия

B) Пароксизмальді формасы егер антиаритмиялық препараттар тиімді болмаса

C)Пароксизмальді формасы, гемодинамиканың бқзылыстарымен немесе миокард ишемиясымен жүреді, антиаритмиялық препараттармен басылмайды

D) Пароксизмальді формасы антиаритмиялық препараттар тиімді болса

E) ЖА жиі рецидивті пароксизмалары (антиаритмиялық терапияны таңдау)

 

15. Жыпылықтаушы аритмия кезінде синусті ритмді қалпына келтіру үшін госпитализацияға көрсеткіш болып табылмайды:

A) СЖЖ симптомдары немесе әлсіздіктің күшеюі

B) ЖА ұзақтығы 1 ж кем емес

C) Аритмияның пароксизмальді формасы

D) Науқас егде жаста

E) Ұзақ антикоагулянтті терапияға қарама қарсы көрсеткіш

 

16 ЖА негізгі еміне жатпайды:

A) Новокаинамид

B) Лидокаин

C) Этацизин

D) Нифедипин

E) Верапамил

 

17. Науқас 69 ж диагнозі ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз, СЖЖ IIсатА ФК II жыпылықтаушы аритмияның тұрақты формасымен 3 жыл бойы аурады. Қандай диагностикалық зерттеу информативты болады?

A) Электрокардиография

B) Эхокардиография

C) Жүрек рентгенографиясы өңеш контрастирлеумен

D) Өңеш арқылы эхокардиография

E) Коронарография

 

18. дәрілік тактиканы таңда науқас 69 ж диагнозі ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз, СЖЖ IIсатА ФК II жыпылықтаушы аритмияның тұрақты:

A) Хинидин

B) Лидокаин

C) Аймалин

D) Жүрек гликозидтері

E) Пропранолол

 

19. ЖА емдеуде препарат таңдуы ол:

A) Хинидин

B) Лидокаин

C) Аймалин

D) Амиодорон

E) Пропранолол

 

 

20. Емнің эффективті критерийі болып саналады, еге ЖСЖ тыныштық кезінде:

A) 50-70/мин

B) 60-80/ мин

C) 70-90/мин

D) 80-100/мин

E) 90-110/мин

Ситуациялық есебтер

Есеб №1.

Қабылдау бөліміне 35 жастағы ер адам келді бір тәулік бойы жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде ЖИА, жүрекке операция жасылған (аортокоронарлы шунт). ЖСЖ – 150 мин. Барлық әкетулерінде ЭКГ болмауы. Р тісшесі, жүрек ырғағының барлық ұзындығында ретсіз f толқындарының тіркелуі, олардың формасы және амплитудасы әр түрлі QRS қарынша комплекстері тұрақсыз - дұрыс емес қарыншалық ритм (ұзақтығы әр түрлі R-R интервалы), QRS комплексі деформацияланбаған және кеңймеген. После Фармакологиялық кардиоверсиядан кейін синусті ритм қалпына келді.

 

1.Диагноз қойыныз.
2.Науқастың жүргізу тактикасын анықтаныз.
3. Диагноз қою үшін қай әдіс информативті?

 

Есеб №2.

Кардиологиялық клиникаға 62 ж қарыншаның алдынғы қабырғасы және пердешенің жедел миокард инфарктісімен науқас түсті, 5-ші күні науқас кенеттен есін жоғалтады, беті бозарады, пульсі пальпацияланбайды, клоникалық талмалар пайда болады, ақырындап беті көкшіл түстес болды, тынысы шулы және үзіліп барып, 1 минуттан кейін талмасы өз өзімен басылды. Науқас есін жинады, баяу, адекватті, шағымдары қатты басының ауруына, айқын әлсіздікке, аяқ қолдарындағы ауру сезіміне. Жүрегі – тондары бәсен, ритмі дұрыс, ЖСЖ 28 минутына. Пульсі 28 минутына, толуы жақсы, кернеуі аз. АҚҚ 160/60 мм.с.б.

Сіздің диагнозыныз қандай? Емдеу тактиканыз қандай?

 

Есеб № 3.

Науқас 37 ж бірнеше жыл бойы өз өзімен басылатын жүрек қағу ұстамасы байқалған. Соңғы жылдары жүрек қағуы жиілеп кетті күн сайын және жүрек ауруымен болады.

Қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта, тері жабыңдылары бозғылт, еріннің айқын емес цианозы, шеткі ісінулері жоқ. ЖСЖ 200 минутына, пульсі 200 минутына толуы және кернеуіі әлсіз. АҚҚ 110/70 мм.с.б. ЭКГ да ритм дұрыс, Р тісшесі анықталынбайды, QRS комплексі өзгермеген.

Науқаста қандай ырғақ бұзылысы бар?

Емдеу тактиканыз қандай?

Эффектің болған уақтысы?

Эффект болмаған жағдайда не істеу керек?

 

Есеб №4.

Науқас 61 ж шағымдары жүрек қағуына, жүрек аймағындағы ауру сезіміне, тұншығу.

Иинфаркт алғанннан 1 жылдан кейін жүрек қағу ұстамалары пайда болды, олар алдымен қысқа уақыт болды (1-2 сағ) және өз өзімен қайтатын. Кейін жүрек қағу ұстамалары ұзақ уақытқа созылды (12-24 сағ), жүрек ауруымен болды. Объективті: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабыңдылары таза, бозғылт, балтырлары аздап ісінген. Жүрек шекарасы солға қарай 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары бәсен, ритмі дұрыс емес. ЖСЖ-120 минутына, пульсі 110 минутына. АҚҚ 140/80 мм.с.б. Бауыры 3 см қабырға доғасынан шығып түр.

Қорытынды ЭКГ ритм синусті ЭОС қалыпты. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Миокардта реполяризация бұзылыстары.

1.Сіздің диагнозыныз қандай? Диагноз қойыныз.

2.Науқастың жүргізу тактикасын анықтаныз.

3. Диагноз қою үшін қай әдіс информативті?

 

Есеб №5.

31-жастағы ер адам жүрек қағу ұстамасымен госпитализацияланды. Холтерлік мониторлеуде пароксизмальді тахикардия тіркелді, кейін ол жүрекше фибрилляциясына ауысты. Эхокардиограммада жүректің СЖҚ және ОЖҚ функциясы қалыпты, клапандық ақау жоқ. Анамнезінен науқас ішімдікке құмар.

1.Сіздің диагнозыныз қандай?

2.Емдеу тактиканыз қандай?

3.Дәрілік-еңбектік экспертизаны жүргізініз

 

Ақпараттық-дидактикалық блогы

Жүрек ырғағының бұзылысы немесе аритмия дегеніміз ЖСЖ > 100 немесе < 60 соққы минутына; кез келген түзілген дұрыс емес ырғақ;

Кез келген синустық емес ритм;

Жүректің өткізгіш жүйесінің әртүрлі бөліктеріне импульстің өткізілуінің бұзылуы.

Көптеген аурулардың бірден-бір симптомы болып табылатын жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы көбінесе жедел көмек көрсетуді қажет етеді. Жүрек аритмиясының көптеген түрлерінің ішінде пароксизмальды тахикардия ұстамалары, жүрекшелердің жыпылықтауы мен тыпырлауы, Адам-Стокс-Морганьи ұстамалары, қарыншалық экстрасистолияның кейбір түрлері, синустық түйіннің әлсіздік синдромы жиі жедел көмекті қажет етеді.

ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ

Жедел аритмиялар мен блокадалар жүректің негізгі қызметінің(автоматизм, өткізгіштік) бұзылыстарынан пайда болады. Олар жүрек-қантамыр жүйесінің мынадай ауруларының ағымын ауырлатуы мүмкін:ЖИА(миокард инфаркты, инфаркттан кейінгі кардиосклероз), жүректің ревматикалық ақаулары, біріншілік және екіншілік кардиомиопатялар; кейде өткізгіш жүйесінің туа біткен ақауларында дамуы мүмкін (Вольфа-Паркинсона-Уайта – WPW, Лауна-Генонга-Левайна - LGL синдромдары). Аритмиялар жиі артериальды гипертензия кезінде, іркілген жүрек жеткіліксіздігінде, электролиттік бұзылыстарда (мысалы, гипокалиемия, гипокальциемия, гипомагниемия). Жүрек гликозидтері, теофиллин, QT интервалын ұзартатын дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін, ішімдік ішкенде немесе құрамында кофеині бар сусындарды көп мөлшерде ішкенде де көрініс беруі мүмкін.

Ырғақ бұзылысының даму себептері:

-қозудың циркуляциясы (re-entry) – анатомиялық немесе функциональды детерминирленген-

-Микро-re-entry

-Макро re-entry

•Эктопиялық белсенділік

-Ерте постдеполяризациялар

-Кеш постдеполяризациялар

•автоматизмнің бұзылысы

-Тездетілген қалыпты автоматизм

-Патологиялық автоматизм

-Импульстің түзілуі мен өткізілуінің бұзылысы

Тахикардия – 3 немесе одан да көп жүрек циклының минутына 100 немесе одан да көп жиілікпен қайталануы.

Пароксизм – басталуы мен аяқталуы анық анықталатын тахикардия.

Тұрақты тахикардия – 30 сек артық уақытқа созылатын тахикардия.

 

 

Кесте 1

Жүрек ырғағының бұзылысының жиі себептері

Токсикалық әсерлер  
ЖИА (созылмалы түрлері) Миокард инфаркты Тұрақсыз стенокардия Темекі шегу Ішімдік Тиреотоксикоз
Жүрек жеткіліксіздігі Дәрі-дәрмектік әсерлер
Кардиомиопатиялар (ГКМП, ДКМП, РКМП) Жүре пайда болған жүрек аұаулары Туа біткен жүрек ақаулары Миокардиттер Митральды қақпақшаның пролапсы және т.б. Жүрек гликозидтері Антиаритмиялық дәрмектер Диуретиктер Симпатомиметиктер және т.б.
Электролиттік бұзылыстар Идиопатиялық аритмиялар
Гипокалиемия Гиперкалиемия Гипомагниемия Гиперкальциемия және т.б.  

Кестеде өткізгіштік пен ырғақ бұзылыстарының дамуының жиі себептері көрсетілген.

 

Жүрек ырғағының бұзылыстарын диагностикалау әдістері.

Аритмиясы бар науқастарды клиникалық зерттеу диагностикалық мағынасы өте зор болып табылады.

Шағымдары. Шағымдарын жинаған кезде субъективті белгілеріне көңіл бөлу керек. Науқастар көбінесе жүрегінің қағуына, жүрегінің кейде тоқтап қайта соғуына шағымданады. Науқастың қосымша шағымдарында жиі кенеттен әлсіздік, басының айналуы, ентігу, жүрек тұсындағы ауру сезімі, полиурия болады. Тахиаритмияның ауыр ұстамалары, АВ-блокадалар, синус түйінінің әлсіздігі синдромы жиі қысқа уақытқа талумен бірге жүреді. Физикаллық зерттеу. Көптеген ақпаратты артериальды пульстің пальпациясы, жүректі тыңдау, мойындырық веналарын қарау арқылы алуға болады. Жүрекшелердің фибрилляциясы кезінде пульс дефицитін, яғни жүретітыңдаған кездегі жүректің жиырылу саны менен шеткі артериальдық пульстің толқын санының айырмашылығын анықтау. Пароксизмальды тахикардия кезінде эктопиялық ошақтың орналасу орнын анықтау маңызды. Суправентрикулярлы тахикардия кезінде мойындырық венасының пульсациясы артериальды пульс толқынының санына сәйкес келеді. Егерде толық емес түйіндік АВ-блокада болса, мысалы 2:1,онда артериальды пульс мойындырық көктамырының пульсациясынан 2 есе кем, ал қарыншалық пароксизмальды тахикардия кезінде мойындырық пульсациясы артериальды пульстан кем болып келеді.

1 - сурет. Экстрасистолия кезінде артериальды пульстің өзгерісі; II дәрежелі АВ-блокадада(б) және жүрекшелердің фибрилляциясы кезінде (в). ЭС — экстрасистола
Физикалық зерттеу кезінде кейде дәрігерлер вагус орталығын Синокаротидті аймақтың массажымен, Вальсальв сынамасымен арнайы тітіркендіруді қолданады. 12 тіркемеде тіркелген ЭКГ көбінесе аритмияның сипатын анықтауға мүмкіндік береді. ЭКГ-ны талдау жоспары. 1. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігін талдау: Жүрек жиырылу реттілігін бағалау; Жүректің жиырылуының санын есептеу; Қозу ошағын анықтау; Өткізу қызметін бағалау. 2. Жүректің өз осінен алға-артқа, көлденеңінен және ұзына бойы айналуын анықтау: фронтальды жазықтықта жүректің электрлік осінің орналасуын анықтау; ұзына бойғы осі бойынша жүректің айналуын анықтау; көлденең осі бойынша жүректің айналуын анықтау. 3. жүрекшелік Р тісшесін талдау. 4. Қарыншалық QRST комплексін талдау: QRS комплексін талдау; RS–T сегментін талдау; Т тісшесін талдау; Q–T интервалын талдау. 5. Электрокардиографиялық қорытынды Қозудың ошағын анықтау үшін, Р тісшесінің қарыншалық QRS комплексіне қатынасын бағалау қажет. 1. Синустық ырғақ РII тісшелері оң және әрбір QRS комплексінің алдында; Барлық Р тісшелерінің пішіні барлық тіркемелерде бірдей. 2. Жүрекшелік ырғақтар.

PII және PIII тісшелері теріс;

Әрбір Р тісшесінен кейін өзгермеген QRS комплекстері орналасады.

3. АВ-қосылысының ырғағы:

Егерде эктопиялық импульс бірмезетте жүрекше мен қарыншаға таралса, онда ЭКГ-да жай өзгермеген QRS комплексімен бірігіп кеткен Р тісшелері көрінбейді;

Егерде эктопиялық импульс басында қарыншаға кейін жүрекшеге таралса, ЭКГ-да жай өзермеген QRS комплестерінен кейін орналасқан теріс РII и РIII тіркеледі.

4. Қарыншалық ырғақ (идиовентрикулярлық):

Барлық QRS комплекстері кеңейген және деформацияланған;

QRS комплексі мен Р тісшесінің заңды байланысы жойылған;

Жүректің жиырылу саны минутына 40-45 соққыдан аспайды.

  Синустық және синустық емес ырғақтар кезіндегі. а - синустық ырғақ; б - төменгі жүрекшелік ырғақ; в, г - АВ-байланысының ырғақтары; д - қарыншалық (идиовентрикулярлық) ырғақ.

 

 

 

Өткізгіштік қызметін ЭКГ-мен бағалау.

Жүректің электрлік осі Bayley-дің алтыосьтік жүйесімен анықталады. Жүректің электрлік осінің орналасуының келесі түрлерін ажыратады (3.15 - сурет):

Қалыпты орналасуы бұрышы 30°тан 69°дейін;

Тігінен орналасуы бұрышы 70°тан 90°дейін;

көлденеңінен - бұрышы 0°тан 29°дейін;

осьтің оңға ығысуы - бұрышы 91°тан 180°дейін;

осьтің солға ығысуы - бұрышы 0° тан–90°дейін.

Жүректің электрлік осінің орналасуын анықтау үшін 3 кестені қолдануға болады.

Кесте 3

a - бұрышы R және S (S Q) тісшелерінің максимальды мәні QRS комплексі тип RS (QR)
  оң теріс  
30° I и II aVR III
60° II аVR аVL
90° аVF aVL и aVR I
120° III aVL аVR
150° III aVL II
180° аVR I аVF
  I aVR аVF
–30° аVL III II
–60° аVL III I и II
–90° аVL и aVR aVF I

 

 
2 сурет Жүректің электрлік өсінің орналасуының әртүрлі нұсқалары    
 
 
           

Жүрек аритмиясының жіктелуі [М.С. Кушаковский мен Н.Б. Журавлева бойынша](1981).

I. Импульстің түзілуінің бұзылысы.

А. СА-түйінінің автоматизмінің бұзылысы (номотопты аритмиялар):

1. Синустық тахикардия.

2. Синустық брадикардия.

3. Синустық аритмия.

4. Синус түйінінің әлсіздік синдромы.

Б. Эктопиялық (гетеротопты) ырғақтар:

1. Баяу жылжымалы комплекстер мен ырғақтар:

а) жүрекшелік;

б) АВ-байланыстан;

в) қарыншалық.

2. Тездетілген эктопиялық ырғақтар (пароксизмальдық емес тахикардиялар):

а) жүрекшелік;

б) АВ-байланыстан;

в) қарыншалық.

3. Суправентрикулярлық ырғақ жүргізушісінің миграциясы.

В. Эктопиялық (гетеротопты) ырғақтар:

1. Экстрасистолия:

а) жүрекшелік;

б) АВ-байланыстан;

в) қарыншалық.

2. Пароксизмальды тахикардия:

а) жүрекшелік;

б) АВ-байланыстан;

в) қарыншалық.

3. Жүрекшелердің тыпыры.

4. Жүрекшелердің жыбыры.

5. Қарыншалардың жыбыры мен тыпыры.

II. Өткізгіштіктің бұзылысы.

1. Синоатриальдық блокада.

2. Жүрекшеішілік блокада.

3. Атриовентрикулярлық блокада:

а) I дәрежелі;

б) II дәрежелі;

в) III дәрежелі (толық).

4. Қарыншаішілік блокадарла (Гис шоғырының тармақтарының блокадалары):

а) бір тармағының (монофасцикулярлық);

б)екі тармағының(бифасцикулярлық);

в) үш тармағының (трифасцикулярлық).

5. Қарыншалардың асистолиясы.

6. Қарыншалардың уақытынан бұрын қозу синдромы:

а) Вольфа–Паркинсона–Уайта (WPW) синдромы;

б) Қысқарған P–Q(R) интервалы (CLC) синдромы.

III. Қосарланған ырғақ бұзылыстары.

1. Парасистолия.

2. Шығу блокакдасы бар эктопиялық ырғақтар.

3. Атриовентрикулярлық диссоциациялар

 
 

Синустық тахикардия (СТ) — дұрыс синустық ритм сақталып, ЖСЖ-ның минутына 100 соққыға дейін көбею. СТ СА-түйінінің автоматизмінің жоғарылауының негізінде. Диагностическое и прогностическое значение синусовой тахикардии определяется конкретной клинической ситуацией, при которой она возникает. Синустық тахикардия қалыпты жағдайда жүрек-қвнтамыр жүйесінің физикалық жүктемеге, психоэмоциянальдық стресске және т.б. жауабы болып табылады. Бірақ бұл кезде синустық тахикардия уақытша болып жағымсыз әсерлер туғызбайды. ЖСЖ-нің қайта қалпына келуі әсер етуші факторды тоқтатқаннан кейін болады. Тыныштық кезінде синустық тахикардияның сақталуының клиникалық маңызы зор. Ол көбінесе жүрек қағуымен, ауаның жетіспеушілік сезімімі сияқты жағымсыз әсерлермен жүреді, кейбір науқастар ЖСЖ-нің артқанын байқамауы да мүмкін. Мұндай тахикардияның себептері жүректің өз аурулары немесе экстракардиальды факторлар болуы мүмкін. Синустық тахикардияны тудыратын экстракардиальды факторларға жататыны: гипертиреоз; қызба; жедел қантамыр жетіспеушілігі; тыныс жетіспеушілігі; анемиялар; нейроциркуляторной дистонияның кейбір түрлері; кейбір дәрі-дәрмектерді қолдану (симпатомиметиктерді, эуфиллин, кофеин, глюкокортикоидтар, перифериялық вазодилататорлар, a-адреноблокаторлар, диуретиктер, курантил және т.б.). Синутық тахикардияның интракардиальды формасының себептеріне жататындары: созылмалы ЖЖ; миокард инфаркты; ЖИА-сы бар науқастарда стенокардияның ауыр ұстамалары; жедел миокардит; кардиомиопатиялар және т.б.

ЭКГ-белгілері СТ (3-сурет):

1. ЖСЖ минутына 90-нан жоғары.

2. Дұрыс синустық ырғақтың сақталуы.

3-сурет Ырғақтың номотопты бұзылыстары. а) ЖСЖмин 75 рет; б) синустық тахикардия (ЖСЖ мин 150 рет); в)-синустық брадикардия (ЖСЖ мин 50 рет); г) синустық (тыныстық) аритмия
 
Пароксизмді суправентрикулярлы тахикардия кезіндегі дәрігердің мақсаты науқастың гемодинамикасын тұрақтандыру болып табылады. Тахикардия кезіндегі синкопальді жағдайға байланысты АҚ төмендеуі, жүрек астмасының ұстамасы, ауыр ангинозды жағдайдың туындауы шұғыл электроимпульсті терапияға көрсеткіш болып табылады. Вагусты сынама. Пароксизмді тұрақтандыруды науқаста тұрақты гемодинамика және есі анық болса, кезбе нервке әсер етіп және қозудың атриовентрикулярлы түйіннен өтуін бәсеңдететуден бастайды. «Вагусты» сынама •демді ұстау •жөтел • Вальсальв сынамасы •құсу шақыру •нан түйірін жұту •бетті салқын сумен жуу • Ашофф сынамасы (надавливание на глазные яблоки не рекомендуется). •бас миының қанмен қамтылуы дұрыс екеніне көз жетсе каротидті синусқа массаж. Аталған әрекеттер әрқашан көмектесе бермейді. Жүрекшелік жыпылықтау мен тыпыры кезінде ЖЖуақытша сиреуіне әкеледі, ал қарыншалық тыпырлау мен жыпылықтау кезінде нәтижесіз. Қарыншалық тахикардияны QRS комплексінің кеңуімен жүретін қарыншаүстілік тахикардиядан айыратын белгі жүрек ырғағының вагусты сынамаға реакциясы. Суправентрикулярлы тахикрдияда ЖЖЖ сирейді, ал қарыншалық тахикардияда еш өзгеріссіз қалады. •Пароксизмді жыпылықтаудың ұзақтығы 2 күннен көп болса. •Дәлелденген сол жүрекшенің дилитациясы. (алдыңғы-артқы өлшемі 4,5см ЭхоКГ-да). •Жүрекшелерде тромбтың болуы немесе анамнезінде тромбоэмболиялық асқынулар. •Жедел коронарлы синдромнан дамыған пароксизм (тұрақты гемодинамикада). •Айқын электролиттік бұзылыстан дамыған пароксизм. •Тиреотоксикоздың декомпенсациясында. Фармакотерапия. Синустық ритмді қалпына келтіруден бас тартқанда ТЖЖ 60-90 соққы минутына ұстау керек. Жүрек ырғағын қалыпты ұстау үшін таңдау препараты жүрек гликозидтері болып табылады: 0,25 мг дигоксин (1 мл 0,025 % ерітінді) 20 мл изотониялық ерітінді натрий хлоридімен вена ішіне жаймен енгізеді. Стационарға келген соң ары қкрайғы тактика белгіленеді. Жыпылықтаушы аритмияның тұрақты нормостатикалық түрі антиаритмиялық терапияны қажет етпейді. Дигоксиннің жанама әсері (дигиталисті интоксикация): брадикардия, AV-блокада, жүрекшелік тахикардия, қарыншалық экстрасистолия; анорексия, жүрек айнуы, құсу, диарея; бас ауруы, бас айналуы,көрудің бұзылысы, синкопальді жағдай, қозу, эйфория, ұйқышылдық, депрессия, ұйқының бұзылысы, есеңгіреу. Дигоксинді қолдануға қарсы көрсеткіштер: 1. Абсолютті: гликозидтік интоксикация; препаратқа сезімталдықтың артуы. 2. Салыстырмалы: айқын брадикардия (кері хронот­ропты әсер); AV-блокада II және III дәрежесі (кері дромотропты әсер); оқшауланған митральді стеноз және қалыпты немесе брадикардия; идиопатиялық гипертрофиялық субаортальді стеноз; тұрақсыз стено­кардия және жедел миокард инфарктісі; WPW синдромдар; AV-өткізгіштіктің төмендеуі - қарыншалқ жиырылу жиілігінің арту қауіпі және қарыншалық жыпылықтау; қарыншалық экстрасистолия, қарыншалық тахикардия. Асқынбаған пароксизмді жыпылықтаушы аритмияда таңдау препараты болып табылатын прокаинамид (новокаинамид), в/і жайлап 1000 мг-ді 8-10 мин. енгізеді (10 мл 10% ерітінді, 20 мл изотониялық ерітінді натрий хлориді) АҚ, ТЖЖ және ЭКГ тұрақты бақылаумен. Синустық ритм қалпына келген кезде препаратты енгізу тоқтатылады. АҚ төмен түсу мүмкіндігіне байланысты препаратты науқастың горизонтальді қалпында енгізеді, алдын ала дайындалған 0,1 мг фенилэфринмен (мезатона). Жанама әсерлері: аритмогенді әсер, QT интервалының ұзаруына байланысты қарыншалық ырғақтың бұзылысы; атривентрикулярлы өткізгіштіктің, қарыншаішілік өткізгіштіктің (көбіне зақымданған миокардта пайда балады, ЭКГ-да қарыншалық комплекстің ұзаруымен және Гис шоғыры аяқшаларының блокадасымен көрінеді); артериальді гипотензия (жүрек жиырылысының әлсіреуінен және вазодилататорлық әсерінен); бас айналу, әлсіздік, естің бұзылысы, депрессия, сандырақтау, галлюцинация; аллергиялық реакциялар. Прокаинамидті колдануға қарсы көрсеткіштер болып табылады: артериальді гипотензия, кардиогенді шок, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі; синоатриальді және AV-блокадалардың II және III дәрежесі, қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылысы; QТ интервалының ұзаруы және анамнезінде эпизодты пируэтті тахикардия болса; айқын бүйрек жеткіліксіздігі; жүйелі қызыл жегі; препаратқа сезімталдықтың артуы. АҚ басында төмен болса бір шприцке прокаинамидпен бірге 20-30 мкг мезатон (фенилэфрина) алынады. Новокаинамидтің токсикалық эффекті в/і ағызып 100 мл 5% натрий гидрокарбонатын егізумен тоқтатылады.. Көп жағдайда прокаинамидке альтернативті препарат болып табылатын верапамил. Бұл препарат синустық ритмді қалпына келтірмесе де атриовентрикулярлы түйінге әсер ету арқылы ЖЖЖ эффективті төмендетеді. Жыпылықтаушы аритмия кезінде WPW синдромы бар науқастарға верапамилді қолдануға болмайтынын ескеру керек (препарат өткізгіштіктің қосымша жолдар арқылы өтуін арттырады). Магнийтәуелді жүрекшелік жыпылықтау кезінде (дәлелденген гипомагниемия немесе QT интервалының ұзаруы) таңдау препараты болып кормагнезин табылады, басқа жағдайларда ритмді сиретугеқолданылатын қосымша препарат. Бір антиаритмиялық препарат көмектеспесе госпитальға дейінгі медикоментозды көмек тоқтатылады, асқынулары пайда болғанда (жоғарыда көрсетілгендей) электроимпульсті терапия жүргізіледі. Электроимпульсті терапия. Жүрекшелердің жыпылықтауында электроимпульсті терапия R тісшесіне синхронды разряд қою арқылы жүргізіледі. Бастапқы энергия 200 кДж. Әсері болмаса разрядты 200 кДж, энергия разрядын 360 кДж дейін көбейтуге болады. Госпитализацияға көрсеткіштер. Алғаш тіркелген жүрекшенің жыпылықтауы, ұзаққа созылған пароксизм, медикаментозды терапиядан нәтиже болмағанда, жоғары жиіліктегі қарыншалық жиырылу пароксизмі және аритмияның асқынулары пайда болғанда, жыпылықтаушы аритмияның жиі қайталануы. Жыпылықтаушы аритмияның тұрақты формасында госпитализация жоғары тахикардияда көрсетілген, жүрек жеткіліксіздігінің артуы. Асқынбаған жүрекше тыпырлауы госпитальға дейінгі этапта тек ЖЖ сиретуді ғана қажет етеді, осы мақсатта дигоксинді немесе верапамилді қолданады. Бұл үшін бета-адреноблокаторларды қолданудың маңызы шамалы, бірақ қолданылуы мүмкін. Электроимпульсті терапия - жүрекше фибриляциясы кезінде R тісшесі разрядымен синхронды түрде өткізіледі. Бастапқы энергия разряды 50 кДж. Эффект болмаса разрядты 200 кДж. дейін көтереді. Госпитализацияға көрсеткіш – жыпылықтаушы аритмиядағыдай. Брадиаритмия (синустық брадикардия, синоаурикулярлық блокада, жай қозғалушы атриовентрикуляр­лы ритм, атриовентрикулярлы өткізгіштік бұзылысының II және III дәрежесі) терапияны қажет етеді, егер олар, тұрақсыз гемодинамикамен, жүректің органикалық зақымдалуы іспеттес пайда болса (миокард инфаркті) немесе реанимация жүргізгенде пайда болса, сонымен қатар жиі Морганьи-Эдемс-Стокс ұстамалары болса. Гемодинамиканы қалпына келтіру үшін ЖЖЖ қалпына келтіру ғана жеткілікті болуы мүмкін, ол үшін в/і 0,1% ерітінді атропин сульфатын 0,3-1,0 мл мөлшерінде енгізу, эффект болған жағдайда бастапқы дозаны 4-5 сағаттан кейін қайталайды. Атропиннің жанама әсерлері болыптабылады: ауыз қуысының құрғауы, шөлдеу, жүрек айну, құсу, ішектің атониясы және іш қату; бронх демікпесібар науқастарда жөтелдің күшейуі; зәр шығару бұзылысы, жедел зәрдің тоқтауы; мидриаз, фотофобия, аккомодация параличі; тахикардия; қобалжу, бас ауыру, психомоторлы қозу. Атропинді қолдануға қарсы көрсеткіштерболып табылады: глаукома; созылмалы зәрдің тоқтауы (қуық асты безінің аденомасы); ішектің атониясы; тахикардия; ауыр жүрек жеткіліксіздігі; айқын атеросклероз; препаратқа сезімталдықтың артуы. Брадиаритмияда және AV-блокадаларда витальді көрсеткіш болғанда атропинді миокардтың ишемиясы, жедел ішек түйілуі, ішек атониясы, бауыр және бүйрек аурулары, жабық бұрышты глаукома болса да қалдануға болады. Атропиндік терапиядан нәтиже болмаса уақытша электрокардиостимуляция жүргізеді, егер оған мүмкіндік болмаса, өмірлік көрсеткіштерге байланысты орципреналинді қолдануға болады (10-30 мкг/мин. дозасында в/і тамшылатып, терапиялық эффекта пайда болғанша енгізеді, ЖЖЖ бақылауда болуы керек). Пароксизмдік тахикардиясы және жыпылықтаушы аритмиясы бар науқастарды шұғыл терапия көмектеспегенде госпитализациялау керек, сонымен қатар сол қарыншалық жеткіліксідігі кезінде, бас ми қан айналымының нашарлағанда, артериальді гипотония, ангинозды синдромда. Миокард инфарктына күмәнданғанда кез-келген аритмияны госпитализациялау керек. Адамс-Стокс-Морганьи ұстамасында (қан айналым тоқтағанда) науқасты ұстаманы жойғаннан кейін ғана тасымалдаған дұрыс (жүрек қызметін қалпына келтіру). Реанимациялық шаралардан нәтиже болмаса стационарға тасымалдайды, жол бойы жүрекке тікелей емес массаж және ӨЖЖ тоқтатпау керек. Созылмалы аритмиясы бар науқастарда жағдайының күрт нашарлауы болмаса, сонымен қатар жедел коранарлық жетіспеушілік белгілерінсіз қарыншаүстілік, қарыншалық экстрасистолиялар жедел госпитплизацияға көрсеткіш емес. Политопты, топтық және ерте қарыншалық экстрасистолиясы бар науқастарды амбулаторлы бақылау жіберу керек.  
 
 

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.07 сек.)