|
||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тест тапсырмалары
1.Іс жүргізе алу артықшылық .................... А) көрсетеді В) жасайды С) береді Д) етеді Е) қылады 2. Іскерлік қарым-қатынаста жиі қолданылатын құжат түрі: А) түйіндеме В)визит карточкасы С) арыз Д) сенімхат Е) өмірбаян 3. Жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтары белгіленетін құжат түрі: А) шарт В) еңбек туралы заң С) бұйрық Д) кесім Е)қызметтік хат 4. Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін етістіктер: А) қамтамасыз ету, мәлімдеу, баяндау, хабарлау В) жүктеу, келгенде, көріпті, өтіну, С) асықты, ақпарат берді, баға бегілеу, ұсынды Д) жоспарлады, айықты, көмек көрсетсін, анықтау Е) қуансын, жіберу, мәлімдеді, тексерген 5. Іс қағаздарын жазу барысында хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар: А) -... туралы мәлімдеймін,... ұйым хабарлайды,... туралы сізге мәлімет жеткіземін, баяндаймын В) -... ақпарат беріңіз,... шешім қабылдады,... жол берілмесін,...айтып берді С) -... мүмкін емес,... көңілді отырды,... жиналыс өткізді,...баяндама жазды Д) -... туралы айтамын,... хабар береміз,... жайында жаздық,... туралы келістім Е) рұқсат етемін, іссапарға барыңыз, 6.Мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілекті білдіретін құжат ________ деп аталады. А) Қолхат Б) Өмірбаян С) Өтініш Д) Сенімхат Е) Кепілхат 7. «Атқарып жүрген қызметіне лайық» деген қорытынды қай құжатқа тән? А.Өмірбаян В.Мінездеме С.Түйіндеме Д.Өтініш Е. Қолхат 8. Сөйлемді толықтырыңыз: Жұмыстан босату... сұраймын. А) –да Б) –ды С) –ға Д) –ыңызды Е) –ың 9. Кадрлар бөлімінде толтырылатын бланктік қағаздың бір түрі ________ деп аталады. А) өмірбаян Б) мінездеме С) түйіндеме Д) хаттама Е) жеке іс парағы 10. Сөйлемді толықтырыңыз: Өтінішке ________ қол қояды. А) студент Б) мекеме басшысы С) оқытушы Д) топ басшысы Е) өтінішті тіркеуші 11. Анықтама қандай мақсатта жазылады? А. Кепілдік беру мақсатында В. Деректі растау мақсатында С. Ақпараттың растығын анықтау мақсатында Д. Мәліметтерді жинақтау мақсатында Е. Бір нәрсе жайында өтіну мақсатында 12. «Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз. А) кезексіз демалыс Б) кезектен тыс демалыс С) мерзімсіз демалыс Д) уақытша демалыс Е) уақыттан тыс демалыс 13.Ең қысқа көлемде жазылатын ісқағазының түрін атаңыз. А. Сенімхат В. Анықтама С. Өтініш Д. Хаттама Е. Кепілдеме 14. Сөйлемді толықтырыңыз: Демалысқа..................байланысты өтініш бердім. А) кетуіме Б) алуыма С) жетуіме Д) шығуыма Е) шақыруыма 16. Жеке қасиет -.......................... А) ағылшын тілін білу В) басшылық қызмет С) компьютерді білу Д) парасаттылық Е) еңбек өтілі аз 17. «Әскери міндетті» тіркесінің аудармасы А) военный Б) военное подразделение С) воинское звание Д) военное формирование Е) военнообязанный 18.Іс қағазының қай түрінде мерзімдік деректің нақтылығы ерекше талап етіледі? А) сенімхатта В) келісімшартта С) хатта Д) жарнамада Е) түсініктемеде 19. Құндылығы жоғары заттарды алу барысында рәсімделетін құжат түрі. А.Қолхат В.Сенімхат С.Кепілхат Д. Қызметтік хат Е. Бұйрық 20. Іс қағазының қай түрінде орындаушыға нақты міндет жүктелгені көрсетіледі? А. Кепілдемеде В. Жеделхатта С. Бұйрықта Д. Арызда Е. Анықтамада Глоссарий
Өмірбаян – автордың өзі туралы жазатын құжаты. Мінездеме – белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, адамшылық тұрғыда сипаттайтын құжат. Өтініш - мекеме басшысының атына азылып, белгілі бір тілек өтінішті білдіретін құжат. Түйіндеме – талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат. Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір адамға берігенін растайтын құжат. Анкета – белгілі бірқызмет орнына жұмысқа тұрар алдында толтыратын өзің жайлы толық мәлімет беретін ең қажетті жазбаша құжат түрі. Бақылау сұрақтары 1.Ресми ісқағаздар тілінің ерекшелігіқандай? 2.Ресми ісқағаздар стилі қандай жұмыстар жүргізуге байланысты? 3. Ресми ісқағаздар қандай орындарда қолданылады? 4. Ресми ісқағаздарда қандай дайын тіркестер мен термин сөздер жиі қолданылады? 5. Ресми ісқағаздарының стильдік сипаттары қандай? 6. Бірізділік дегеніміз не?
СОӨЖ тапсырмасы 1. Өзіңіздің не болмаса отбасыңдағы жақын адамдарыңыздың біреуінің өмірбаянын жазыңыз. 2. Екі жаққа да бірдей жауапкершілік жүктейтін ісқағазының үлгілерін атаңыз. 3.Қолхат пен сенімхат берудің үлгісін жазыңыз. Бұлардың айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіңіз. 4. Анкета қай кезде жазылады, ал түйіндеме ше? Бұлардың айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіңіз. 5. Бірнеше үлгідегі түйіндемелер жазыңыз.
СӨЖ тапсырмасы 1. Іскерлік қатынастағы жеделхаттың тиімділігі неде? 2. Телефонограмма қандай жағдайда, кімдерге беріледі? 3.Университетте өтілетін мәдени шаралар жайлы басқа институтқа жіберілетін телефонограмманың мәтінін құрастырыңдар. Пайдаланған әдебиеттер 1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Алматы, «Ана тілі» 2000 ж. 2. Алтынай Т. «Кәсіби экономика тілі». Алматы, «Қазақ Университеті». 2009 ж. 3. Сәбден О. Бәсекелестік экономика Алматы 2007 ж. 4. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. «Кәсіби экономика тілі». Астана, «ТАНЫМ». 2003 ж. Аға оқытушы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы 4-сабақ. Іскерлік кездесулер. Сөйлеу мәдениеті. Орфоэпия. Сөз байлығы. Тірек сөздер: Іскерлік, іскерлік кездесу, іскер адам, іскерлік қарым-қатынас, іскерлік байланыс, күнделікті байланыс, іс жүргізу, істі ұйымдастыру, сөз байлығы, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, сөз әдебі, әдеп ережелері, кішіпейілділік, сыпайылық, серіктестік, ынтымақтастық, қол алысу, қол қою.
Мәдениет сөзінің өзі тәртіпке бағыну, заңдылықты сақтау деген ұғымға саяды. Демек, сөз мәдениеті – халқымыздың ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дұрыс қолдана білу, тілдік норманы сақтау дегенді білдіреді. Қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Қарап отырсақ, ана тіліміздің халықтың көшпелі тұрмысынан туған төрт түлік малға, аңға, құсқа, т.б.табиғат құбылыстарына байланысты теңеу, эпитет, метафораға, мақал мен мәтелдерге байланысты атауларына басқа тілден балама табу қиын. Қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны ұлан-ғайыр көп. Сондай-ақ қазақ тілінің сөз байлығы әртүрлі арналар мен салалардан құралған. Оның басты бір негізі - тіліміздің ежелден бергі байырғы, төл сөздері, олардан өрбіген туынды сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, көп мағыналы сөздер, омонимдер, синонимдер, антонимдер, өзге тілден енген сөздер, мақалдар мен мәтелдер, фразеологиялық (тұрақты) тіркестер, неологизмдер, терминдер, Сөз байлығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Сөзі жұтаң адамның ойы да таяз тартып тұрады. Соның салдарынан мақсатсыз қайталау да көп болады. Сондықтан сөз мәдениетіне ден қойған адам сөз байлығына ерекше көңіл бөлу керек. Адамның мәдениеттілігі білімімен, дүниетанымымен, еңбектегі қол жеткен табыстарымен ғана шектеліп қоймай, сөйлеу және жазу тілінің тазалығымен, байлығымен, өткірлігімен де анықталады. Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – дұрыс айтылып, дұрыс жазылуы. Орфоэпия (грек.orhoepcia, orhos – дұрыс, ерos – сөз – ауызша сөздің дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы ауызба-ауыз тілдесуді жеңілдетуге ықпалын тигізеді. Орфоэпия деген ұғым тілдің фонетикалық жүйесіндегі фонемалардың, сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ сөз үндестігі, сөз үйлестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар, т.б. дыбысталуын қамтиды. Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресі дыбыс үндестігі ерекше орын алады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының мәні ерекше. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады. Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір-бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү] түнгі, т.б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпиялық норма да адамның сөз мәдениетінің қандай екенін көрсетеді. Құлаққа жағымды, көңілге қонымды, буын жігі, екпіні бұзылмай, сөздің әуіні мен ырғағына мән берген адамның сөзі әсерлі болады. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы:
Үлкен бір істі жүзеге асыру барысында іскер адамның алдында сол іспен айналысып жүрген басқа мекеме адамдарымен қарым-қатынас, іскерлік кездесулер жүргізу міндеті тұрады. Біздің қоғамымыз нарықтық қатынастар жүйесінде даму кезеңін басынан өткізуде. Демек, адамдар арасында істі дұрыс ұйымдастыруда басқа мекемелермен, шетелдермен іскерлік қарым-қатынас орнату мәселесі күн тәртібіне қойылады. Істі ұйымдастыруда оң нәтижелерге жету үшін қоғамның басқа мүшелерімен байланыс орнату, қарым-қатынас жасау ауқымы да кеңейеді.Қандай керемет дарынды, ақылды, білімді адам болса да, күнделікті өмірде, тіпті айналысып жүрген іскерлік саласында да ешбір табысқа жете алмайды. Мұның басты себебі неде? Істі ұйымдастыруда, іс барысында адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау ережелерін, әдеп нормаларын бұзуда. Іскерлік байланыста, іскерлік қарым-қатынаста адамдармен сөйлесе, әңгімелесе білу өнері ең басты рөл атқарады. Іскерлік қарым-қатынаста сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтамай, үлкен табыстарға жету, өзін мәдениетті адам ретінде көрсету мүмкін емес. Яғни іскерлік ортаға тән сөйлеу түрі, сөйлеу мәнерін, сөздік қорды, бір сөзбен айтқанда, іскерлік ортада қалыптасқан сөйлеу ерекшеліктерін толық меңгеру қажет. Іскерлік әңгіме барысында мына сөз орамдарыныңдұрысын қолдануға дағдыланыңыздар. Мына сөз орамдарын қолдану тиімсіз: Мен (мәселе) деп есептеймін. Сіз түк білмейсіз. Ол туралы кейін түсінесіз. Сіз(дер) кейін түсінесіз(дер). Мына сөз орамын қолдану тиімді: Менің ойымша, болуы керек. Ол сізге белгілі ғой. Сіз келісесіз бе? Сіз ойлайсыз ба? Іскерлік әңгіме соңында айтылатын сөз орамдары есте ұзақ қалады және ол істің оң шешімін табуына үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан іскерлік әңгіме, іскерлік кеэдесуге дайындық барысында қорытынды сөзді әңгіменің қандай бағытта өрбитінін ескере отырып, бірнеше нұсқада қағазға түсіріп, тіпті жаттап алған орынды. Іскерлік әңгіме барысында қолданылатын сөз орамдары: Іскерлік әңгіменің басталуы Сіздің (мәселе жөнінде) бізген әңгімелесуге келгеніңізге қуаныштымын. (мәселелерді) талқылауға уақыт бөлгеніңізге алғысымды білдіремін. Сізбен (мәселе) жөнінде кеңескім келеді. Сіздің (мәселеге) деген көзқарасыңыз қандай? Іскерлік әңгіменің барысы: (барысы) жөніндегі біздің ұстанған бағытымыз мынадай. Сіздер (мәселені) бірлесе орындауға қалай қарайсыздар? Сіздің ойыңызша, (мәселені) қалай шешуге болады? Меніңше, (мәселенің) шешімін былай табуымыз жөн. Сіз (мәселе) жөнінде келісесіз бе? Бізге (мәселе) жөнінде істің басқа нұсқаларын (варианттарын) қарастырғанымыз жөн болар. Іскерлік әңгіменің қорытындысы: Сізбен бірлесе жүзеге асыратындығымызға сенімдімін. Өз тарапымыздан орындайтынымызға сізді сендіремін. 1-тапсырма. Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыздар. Іскерлік әңгіменің мазмұнына назар аударыңыз. Сөз орамдары қалай қолданылған? - Сәлеметсіз бе? - Сәлеметсізбе! Сізге қандай көмек көрсете аламын? - Уақытыңызды алғаныма ғапу етіңіз. Маған «Нарда» компаниясының директоры Қалғұлова Шырын керек еді. - Мына кабинетке кіріңіз. - Рақмет. - Сәлеметсізбе? - Сәлеметсіз бе! Мен – «Жи-Мур» компаниясының директоры Әбділда Жанерке боламын. - Төрлетіңіз. Танысқаныма қуаныштымын. Сізге қандай көмек қажет? - Біздің компания Қазақстанның барлық облыстарына өнімдерін шығарып, елімізді сүт тағамдарымен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан сіздердің компанияларыңызбен бірлесе отырып, сүт өнімдерін ТМД елдеріне экспорттасақ деген ұсыныспен келіп отырмын. Бұл мәселе туралы не ойлайсыз? - Жақсы. Ол үшін өнімнің сапасын жоғарылатып, жылдық есеппен санын көбейту керек. Сонда ғана сіздердің өнімдеріңіз жақсы экспортталды. Біздің компания ТМД елдеріне өнімін он жылдан астам уақыт экспорттап келеді. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, өнімді өндіру сапасын жақсартайық. Бұл істі орындау сіздердің қолдарыңыздан келе ме? - Тіптен тамаша болды ғой. Керекті құжаттарды қашан толтыра аламыз? - Онда бір жеті ішінде барлығы дайын болады. - Сізге көп рақмет. Осы аптаның аяғында бұл іс жайында тағы келіп кетермін. Уақытыңызды бөлгеніме кешіріңіз. - Сау болыңыз! - Көріскенше. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз жәнемәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындаңыздар. Іскерлік кездесудегі тамақтануға қатысты әр елдің өз салты мен әдебі
Жапонияда іскерлік тамақтануда көбінесе екі жақ бір-біріне кішкене сыйлық ұсынады. Сыйлық арнайы орама қағазбен, көбіне жылы түсті қағазбенн оралуы тиіс және лентасыз болуы керек. Сыйлықты қос қолмен бірдей ұстап тапсырыңыз. Сыйлық қандай зат болса да, оның саны төрт немесе тоғыз болуы тиіс. Бұл бақытсыздықтан сақтайды деген ырым. Үндістанда іскерлік шақыруға тікесінен «жоқ» деп жауап беруге болмайды.Себебі бұл олардың түсінігінде намысқа тиетін қолық болып есептеледі. Кездесуге бармайтын болсаңыз, жауапты тікесінен қайырмай, жұқалатып жеткізіңіз. Мысалы: «Егер қолым тимей қалмаса, баруға тырысамын» деген сияқты. Араб елдерінде егер сізді қабылдауға не тамақтануға шақырса, онда белгіленген уақыттан 10-15 минутке кешігіп барған жөн. Себебі онда кез-келген өзін-өзі сыйлататын адам өзін күттіруі тиіс деп саналады. Егер сіз дәл белгіленген уақытта барсаңыз, кездесуге шақырған жақ сізді осы кездесуге өте мұқтаж деп түсініп, келісім барысында бүкіл артықшылықтарды өздеріне бұруға тырысады. Сонымен қатар, ас ішкенде ешбір тамақты сол қолыңызбен алып жемеңіз және сол өолыңызбен ұсынбаңыз. Себебі араб елдері мұсылман дінін ұстанады. Ал мұсылман елінде сол қолмен желінген ас харам болып есептеледі. Қытайлықтарда қонақжайлығы мен сыпайылығында мін жоқ.Ас иесінің ыстық ықласы мен дастаханының берекелігіне қарап, іскерлік келісім орнады екен деп сеніп қалмаңыз. Қайта керісінше ойлау керек. Қытайлықтар келісімге қарсылығын жұмсарту үшін де сізге жақсы қонақасы беруге тырысуы мүмкін.
4-тапсырма. Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыздар. 1. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. 2. Біздің елімізде іскерлік тамақтануға қатысты салт пен әдеп бар ма? Сипаттама беріңіз. 3.Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіз? 4.Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз. 5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Культура общения, речевой этикет: тема и содержание разговора
Мәтін бойынша тапсырмалар А) 1. Мәтіндегі сөйлеу әдептілігіне байланысты айтылған ойға назар аударыңыз. Әдеп ұғымдарын жан-жақты мағынасын ашыңыз. 2.Мәдениетті адам деп кімді айтамыз? 3.Қоғамдық орындарда адам өзін қалай ұстау керек? 4.Өз ісіңіздегі сәтсіздіктер, бойыңыздағы кемшіліктер туралы басқаларға айтып шағымдануыңыз дұрыс па? 5. «Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деген мәтелді қалай түсінесіз? 6.«Жамандар жақсымын деп айқайлайды, жақсылар жақсымын деп айта алмайды» деген мәнерлі сөзді өз сөзіңізбен түсіндіріп айтып беріңіз. Ә) Төмендегі сөздерді айтылу нормасы бойынша жазыңыз. Жұмысшы [жұмұшшұ] шекара Түнгі [түнгү] іс жүргізу Басшы келе қалды Қол қою алып ал Түйе алып бар Көлге күш-жігер Онға Қыз Жібек Тонға Боз жорға Тоны жүрек оты Боз құнан қара ала 6-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.
мәдениетті адам – әріптестермен кездесу – іс жүргізу – іскерлік кездесу белгілеу – жоспар құру – кеңес беру –
7-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз. Іскерлік кездесу, іскерлік тамақтану, сыйлық тапсыру, дөрекі сөйлеу, ойын толық аяқтау, сөйлеу ерекшеліктері, толық меңгеру, уақыт белгілеу, еңбек ету, ақыл-кеңестерін тыңдау, пікірімен санасу, кездесуге бармау, кешігіп бару. 8-тапсырма. Іс сөзімен туынды сөздер қатарын жасаңыз. Үлгі: Іскер ,...
9-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрастырыңыз. Үлгі: 1. Қызмет бабындағы мәселелерді талқылау. 1. мәселелерді, бабындағы, қызмет, талқылау 2. байланыс, іскерлік, орнату. 3. қызметкерлер, елшілік, болған, қызметтерде. 4. серіктеспен, қол, іскерлік,алысу. 5. жоғары,көріну, мәдениеттіліктің, деңгейінен 6. сауатты, білу, ойыңызды,жеткізе 7. еркін, өзін, ұстау
10-тапсырма. Сөздерді аударып, олардың жасалу жолына назар аударыңыз. Іскерлік - Жауапкершілік – Ынтымақтастық – Алыпсатарлық – Ұйымдастырушылық – Мемлекеттік – Кішіпейілділік – Серіктестік – Қаржылық – Делдалдық – 11-тапсырма. Сөз тіркестерінің орысша-қазақша баламаларын жұптастырыңыз:
12-тапсырма. Сөйлеу әдептілігіне байланысты айтылған ойға назар аударыңыз, тәрбиелік мәнін талдаңыз. Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз. Тіл тигізіп сөз жүргізбеңіз. Біреудің сөзін бөлмеңіз. Біреу жаңылысса, сөкпей, жәймен түсіндіріңіз. Қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз. Ата-бабаңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз. Ант ішіп сөйлеген, өтірікшінің әдеті. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпайыды. 13-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, ғалымның қандай күрделі мәселе көтеріп отырғанына назар аударыңыз.
Тіл тазалығы Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан: А) Ескірген сөздерге жоламаған. Ә) Жаңадан шыққан сөздерден қашқан. Б) Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан. В) Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа азуы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады. Ахмет Байтұрсынов. Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыздар: 1. Шеттілдік сөздерді орынсыз қолданудың сөз сапасына тигізер жағымсыз әсеріне мысал келтіріңіз. 2. Сөз тазалығына нұқсан келтіретін дөрекі сөздер, жергілікті сөздер(диалектизмдер) тәрізді жағымсыз қолданыстарға мысал келтіріңіз. 3. Қазіргі кезде ана тілімізді тазалығына нұқсан келтіретіндей қауіп бар ма?
14-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптерге көшіріп жазыңыз. 1. Қызмет бабында жеке кісімен конфиденциальді пікірлесу қажет болады. Бұл сізден.......... жоғары деңгейінен көрінуіңізді қажет етеді. Әрбір жағдайға қажетті тон,............ тауып, ойыңызды......... жеткізе білуіңіз керек. (Керекті сөздер: мәдениеттіліктің, сауатты, сөздерді) 2. Әр маман өз ісінің үгітшісі,......... болуы керек.Көпшілік алдында.......... сөйлей білгеніңіз, тілін білгеніңіз – білікті......... ретінде бағаңызды көтереді. (Керекті сөздер: маман, еркін.шешені.) 3.Тіл маманның бар........, ісін жүзеге асыратын,......... немесе жеткізетін құрал. (Керекті сөздер: бейнелейтін, ойын)
15-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Мейрамханадағы іскерлік кездесуге байланысты әріптесіңізбен сұхбат құрыңыз. Біле жүріңіз.... 1. Іскерлік кездесуге мейрамханаға ешқашан аш келмеңіз. Дұрысы, алдын ала бір жерден тамақтанып алу керек. Сіз мейрамханаға тамақ ішу үшін емес, іскерлік байланыс орнатуға және қызмет бабындағы мәселелерді талқылауға бара жатырсыз. 2. Дастарқан басында өзіңіздің диеталық талғамыңыз бен денсаулығыңыздың ақаулары туралы айтуға болмайды. Егер ұсынылған тағамды жегіңіз келмесе, аллергияңыздың бар екенін немесе асқазаныңызға жақпайтынын түсіндіріп жатпай-ақ, тағамды ысырып қоя салыңыз. 3. Қол алысқанда іскерлік серіктесіңіздің қолын қатты қысуға болмайды, бірақ қол алысу жігерлі нығыз болуы тиіс. Қол алғанда қолды екіден артық сілкілемеу керек. Кездесушіге мұздай суық қолды ұсына салу да ағаттық. Егер күн суық болса, қолыңызға қолғап киіп жүріңіз. 16-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыз. жауапкершілік – ответственность дөрекілік – грубость кепілақы – задаток мөр, мөртабан – печать сөз мәдениеті – культура речи
17-тапсырма. Топтық жұмыс. 1-топ. Көп нүктенің орнына керекті сөз және сөз тіркесін тауып қойыңыздар. 2-топ. Берілген мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің «Сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар? Өз түсініктеріңді ауызша баяндаңдар. 3-топ. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, бір қанатты сөзді тақырып етіп шағын шығарма жазыңдар. 1.Тіл – адам ойының... 2. Аңдамай сөйлеген...... 3. Ойнап сөйлесең де,...... 4. Тисе терекке, тимесе... 5. Айтылған сөз -... оқпен тең. 6. Бал тамған тілден... тамар. 7. Көп сөз -... 8. Көп сөз – күміс, аз сөз... 9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде...... 10. Таза сөйлеу – биік... 11. Көңілсіз... – ойға олақ. Керекті сөздер: 1.Құлақ. 2. Мылжың боласың. 3. Мәдениеттілік. 4. У. 5. Атылған. 6. Бос сөз. 7. Айнасы. 8. Ауырмай өледі. 9. Ойлап сөйле. 10. Алтын. 11. Бұтаққа.
18-тапсырма. Мағынасы берілген сұрақтарға сәйкес келетін тұрақты тіркесті табыңыз.
1. Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі тік сөйлейді. Әдеппен сөйлеуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай? 2. Сабақ сұрағанда кейбір балалар айтайын деген ойын толық айтып аяқтамай, аяғын қайтеді? 3. Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжаң балалар да болады. Оны қалай дейді? 4. Оқуға да, жұмысқа да пысық болмай, бос, болбыр болса, оны қалай дейді? 5. Жолдастарының да, басқаның да айтқан ақыл, кеңестерін мақұлдамай, өзінше жүретін болса, оны қалай дейді? 6. Ешкімді аямайтын, аяушылық дегенді білмейтін болса ше? 7. Еңбек етпей, ұрлық, бұзықтық жолымен мал тауып, күн көруді ойлайтын оңбағандарды қалай дейді? К е р е к т і т ұ р а қ т ы т і р к е с т е р: шыбық тимес шыңқ етер,сөзінің аяғын жұтып қояды, оңай олжа табу, арам тамақ, сөзі түйеден түскендей, қоян жүрек, босбелбеу, адамға жаны ашымайды, ешкіммен санаспайды, бетімен кеткен. («Қызықты грамматика» кітабынан)
19-тапсырма. Тіл сөзімен жасалатын тұрақты тіркестердің баламасын табыңыз.
Бақылау сұрақтары
1.Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің? 2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай? 3. Іскерлік қарым-қатынас деген не? 4.Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің? 5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай? 6. Сөз байлығы дегеніміз не? Тілдің лексикасын қандай сөздер байытады? 7. Тіл тазалығы дегеніміз не? Оның шарттары қандай? 8. Орфоэпиядеп нені айтамыз? Оның орфографиядан айырмашылығы неде? 9.Орфэпия нормасы деген не? Орфоэпия нормаларын білу қандай мәселелерді білумен тығыз байланысты? Мысал келтір.
Тест сұрақтары 1. Әдеп деген не? А) нормадан ауытқудың өлшемі В) қарым-қатынастың құралы С) сөйлеудегі мәдениет тірегі Д) адамдардың өзара тілдесуі Е) адамдардың өзара келісуі 2. Қарым-қатынас деген сөз қандай ұғымды білдіреді? А) екі адамның бетпе-бет тілдесуі В) адамның өз ортасымен жанды байланысы С) көпшіліктің ортақ пікірі Д) халықтың дәстүрдің көрінісі Е) көпшілікпен кездесу 3. Іскерлік қарым-қатынасқа тән белгіні көрсетіңіз. А. Дос-жаранмен сыйластық В. Отбасындағы қатынас С. Қызмет бойынша қатынас Д. Қоғамдық көліктегі сөйлесу Е. Аудиториядағы сөйлесу 4. Бөлім бастығы сейсенбі... мәжіліс өткізеді. А) –да В) –де С) –та Д) –те Е) - ке 5. Іскер адамдар... ұтымды пайдалануға тырысады. А) –уақытты В) –мәселені С) –еңбекті Д) –ақшаны Е) –айлықты 6. Сізбен кездесіп жоспардың кейбір мәселелерін анықта... деп едім. А) –ейін В) –айын С) –йын Д) –айық Е) - аңыз 7. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз. А. Көңіл аудару В. Көңүл гүйү С. Көлік Д. Күйдіргі Е. Көркем 8. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз А. Өзін-өзі В. Өзінше С. Өйткені Д. Құбұжұқ Е. Қызғылт 9.Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз А. Күлдүргі В. Күлдіргі С. Күлдүргү Д. Күлдіргы Е. Құлдырғы 10.Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз А. Тияды В. Тыяды С. Тыйады Д. Тыйяды Е.Тийады 11. Іскерлік қарым-қатынастың сапасына оң әсер ететін факторды атаңдар. А. Шешен сөйлей білу В. Ресми сөйлесу әдебін білу С. Дауыс ырғағын сақтап сөйлеу Д. Асықпай сөйлеу Е. Ойланып сөйлеу 12. Адам бойындағы қандай қасиет іскерлік қарым-қатынастың тиімділігін төмендетеді? А. Ұялшақтық В. Алғырлық С. Шешендік Д. Әріптестерін сынау Е. Қарсы пікірге келу 13. Адамдармен қарым-қатынас орнатуға...........................бар. А) бейімділік В) бейімі С) бейім Д) бейімді Е) бейімсіз 14. Мақалдың түсірілген бөлігін орнына қойыңыз :Адам....... көрікті. А) ақылымен В) шашымен С) сөзімен Д) әдебімен Е) күлкісімен 15. Мәдениетті адам сөйлесу кезінде қандай ережелерді орындайды? А) бұрылады, шыдамсызданады В) сағатқа қарайды, асығады С) дөрекі сөздерді қолданады Д) өз ойын дұрыс грамматикалық нормада жеткізеді Е) ұялы телефонға жауап береді 16. Орфографиялық нормаға сай сөз қайсы? А) қыйын В) тиым С) сиық Д) сыйлық Е) жиын 17. Орофоэпиялық нормаға сай сөз қайсы? А) өлең В) құндұз С) жұлдыз Д) көпір Е) лақ 18. Қарағым, айналайын, балақай деген сөздердің кімге айтылатынын көрсетіңдер. А) үлкен кісілерге, апайларға В) әжелер мен аталарға С) кішкентай балаларға Д) тек қана қыз балаларға Е) тек қана ұл балаларға 19. Ресми ортада қолданылатын сөз орамдары: А) ағай, апай, тәте, әжей. В) ханым, мырза, бикеш. С) қарындас, інім, қалқам. Д) айналайын, шырағым Е) балапаным, қарағым 20. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз: А) өз сөзіңді мойындата білу. В) тыңдаушының ойынан шығу. С) тіл тазалығын сақтау. Д) оқшау сөздерді қолданбау. Е) оқшау сөздерді қолдану.
Глоссарий Әдеп – адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы. Мінез-құлық – адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет. Мәдениет – адамзаттың өндірістік, қоғамдық және ақыл-ой жетістігінің жиынтығы. Іскерлік қатынас – адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында, мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынас түрі. Серіктестік – екі немесе оданда көп адам бірлесіп айналысатын бизнес. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормаларының жиынтығы.
Бақылау сұрақтары 1. Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің? 2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай? 3. Іскерлік қарым-қатынас деген не? 4. Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің? 5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?
СОӨЖ тапсырмасы
1. «Іскерлік - бүгінгі заман адамына қажетті басты қасиет» атты пікірталас ұйымдастырыңыздар. 2. Іскерлік қарым-қатынас пен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айқындаңдар. Екеуін салыстыра отырып, оны кесте түрінде көрсетіңдер. 3. «Адам әдебімен көрікті» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.
СӨЖ тапсырма 1. Мақалдарды жаттаңыз. Тәкаппар адам ұшпаққа шықпас. (Ж.Баласағұн) Тәкәппардың құты қашады. (А.Иүгінеки) Көкірекшіл – тақсірет тартады. (М.Қашқари) Менмендікті тәңір де сүймес. (Қорқыт) Құрмет ақымақты тәкаппар етеді. (Ж.Баласағұн) Әдепті келіп сұраған кісінің ісі алға озады. (С.Барайн) Өтінішті білгеннің өрісі бар. (Б.Алақұс) Сөз білгенге патша тағы тиеді, Көп сөз басты жерге әкеліп иеді. (Ж.Баласағұн) Әдептің басы - байқап сөйлеу. (А.Иүгінеки) 2. Мақал-мәтелдерді пайдаланып « Кішіпейілдің абыройы асады» тақырыбына эссе жазыңыз.
Пайдаланған әдебиеттер 1. Сәбден О. Бәсекелестік экономика Алматы 2007 ж. 2. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. «Кәсіби экономика тілі». Астана, «ТАНЫМ». 2003 ж. 3. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. «Қазақ тілі». Алматы, «ЭКОНОМИКА». 2001 ж. 4. Оразақынова Н., Әміреев Н. «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті». Алматы, «Мектеп». 2010 ж
Абдрахманова Қ.Ж., Дәркенбаева Г. Қ. 8-тақырып. Құжатты рәсімдеу. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу. Жұмысқа қабылдау. Тірек сөздер: құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу, бақылау, жүйелеу, орындау, мұрағат, мұрағатқа тапсыру, түпнұсқа, көшірме, көшірме нұсқа. Құжаттарды рәсімдеу Құжаттармен жұмыс істеуді үйрететін ғылым: іс қағаздарын дұрыс жасау, толтыру және рәсімдеу, сондай- ақ олардың қозғалысын, есепке алуды орындауды, сақтауды ұйымдастыруды бақылайтын ғылым. Қазір бір де бір мекеме, ұйым іс жүргізусіз жұмыс істемейді. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді және табысқа жету жолында тиімді құрал болып саналады. Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі -құжаттау болып саналады. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да, құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.). Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат - ресми (басқару) құжат деп аталады. Құжат - ақпараты бар материалық объект, оны құзырлы тұлға құрастырады және өкілетті орган бекітеді. Әрбір құжаттың құрамына бірқатар элементтер (реквизиттер) кіреді: мәтін, құжат түрінің атауы, авторы, адресаты, күні, қолы және т.б. Құжаттың негізгі реквизиті болып оның мәтіні саналады. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай жай және күрделі, шығарылымына қарай түпнұсқа және көшірме болып бөлінеді. Құжатты рәсімдеуді зерделеудің негізі - құжат, сондай-ақ олармен жұмыс істеу үдерісі болып саналады. Рәсімделетін құжаттың негізгі бір түрі - Жарғы. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы. Мемлекеттік стандартқа сай үлгіде жазылатын ресми құжаттың бірі - Жарғы. Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Жарғы мекеме, ұйым, кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында, жалпы мәжілісінде немесе Ғылыми Кеңесінде бекітіліп, қабылданады. Жарғының деректемелері: 1.Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі. 2.Мемлекеттік тіркеу белгісі. 3. Мәтіннің атауы. 4. Жарғының мәтіні. 5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы. Жарғының негізгі деректемесі – мәтін, ол санымен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтінде келесі мәліметтер беріледі:
Жарғы мәліметтерін негізге ала отырып, құжат заңды түрде рәсімделеді. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Құжаттарды рәсімдеу дегеніміз не? 2. Құжаттарды рәсімдеу кешеніне нелер жатады? 3. Құжат реквизиттерін атаңыз. 4. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? 5. Жарғы дегеніміз не? 6. Жарғының деректемелерін ата. 3-тапсырма. Тапсырмаларды орындаңыз. 1. Құжаттарды рәсімдеудің кезеңдерін оқыңыз. 2. Құжаттарды рәсімдеудің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.
4-тапсырма. Үлгі - сұхбатты оқыңыз. Өз фирмаңыздың құжаттарын рәсімдеуге байланысты сұхбат құрыңыз. – Сәлеметсіз бе, кіруге бола ма? – Кіріңіз, отырыңыз. – Қандай шаруамен келдіңіз? – Біз «Дәулет Бекет» атты өзіміздің Жеке Шаруашылық Серіктестігін (ЖШС) құрмақ едік. Соның жеке Жарғысын рәсімдеуіміз керек. Біздің өтінішімізді орындауға көмектессеңіздер екен. – Сіздер өз шаруашылықтарыңыздың құжатын заңды түрде рәсімдеу үшін қандай талаптарды орындау керегін білесіздер ме? Құжатты рәсімдеу заңдылықтарымен таныс шығарсыздар? – Иә, Жарғының деректемелері бізге таныс. Сол талаптар негізінде жасалған Жарғы үлгісін ұсынып отырмыз. Олар: 1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі. 2. Мемлекеттік тіркеу белгісі. 3. Мәтіннің атауы. 4. Жарғының мәтіні. 5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы. – Онда Құжаттарыңызды кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында қарау үшін қабылдауымымызға болады. – Өтінішімізді қабыл алғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз. – Сіздерге де рақмет. – Сау болыңыздар!
5-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз. Құжат Рәсімдеу Іс жүргізу Ресми құжат Мұрағат Көшірме Түпнұсқа Жарғы Деректеме Өтініш Жалақы Әлеуметтік кепілдік Мүлік Қор 6-тапсырма. Мәтінді орысшаға аударыңыз. Жеті Жарғы 1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы Тәуке хан келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті қолбасшы, мәмілегер және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған. Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би «Жеті жарғыны» қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты әдет – ғұрып ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі заңдар жиынтығы. Онда қазақ өмірінің басты – басты мәселелері қамтылған. Олар: 1. Жер дауы. 2. Отбасындағы қарым–қатынасқа байланысты құқық ережелері. 3. Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар. 4. Ел бірлігін сақтауға, Отанды қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға бағытайтын баптар. 5. Ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы жанжалдарды әділдікпен шешу туралы ережелер. 6. Құн дауы. 7. Құн мен жесір дауы.
7-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударыңыз. Устав Устав – это свод правил, с помощью которого регулируются отношения между организациями, учреждениями, предприятиями и физическими лицами, а также устанавливаются права, обязанности физических и юридических лиц. Устав – это один из официальных документов, который пшетсяпо государственному стандарту. Любое предприятие выполнят свою работу согласно уставу. Устав принимается и утверждается на учредительном, общем собрании организации, учреждения, предприятия или же на Совете Ученых. Юридическое лицо подлежит государственной регистрации в органах Юстиции РК. 8-тапсырма. Керекті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. 1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы... келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті... және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған. Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би... қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты... ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі... жиынтығы. Онда... басты – басты мәселелері қамтылған. Керекті сөздер: қолбасшы, мәмілегер,Тәуке хан, «Жеті жарғыны», қазақ өмірінің, әдет – ғұрып, заңдар. 9-тапсырма. Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрыңыз. Құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу, бақылау, жүйелеу, орындау, түпнұсқа, көшірме, көшірме нұсқа, жарғы, дау. 10-тапсырма. Тілдік бірліктерді сәйкестендіріңіз. Рәсімдеу устав Құжат делопроизводство іс жүргізу документ есепке алу контролировать бақылау систематизировать жүйелеу выполнять орындау копия түпнұсқа оформить көшірме подлинник, оригинал жарғы спор дау взять на учет еңбек шарты удостоверение личности жеке куәлік трудовой договор 11-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша өзара сұхбаттасыңыз. Сұхбат жұмысқа орналасу туралы болу керек. .
Жағдаяттық тапсырма
12-тапсырма. Жұмысқа тұру үшін қажетті негізгі құжаттың бірі өзіңіздің түйіндемеңізді жазып көрсетіңіз. 13-тапсырма. Төмендегі үлгіге қарап, өзіңіз бір ресми құжатты толтырыңыз. Ол құжат жұмысқа қабылдау туралы болсын. Үлгі. Жұмысқа қабылдау туралы (аты - жөні) экономист мамандығы міндетін уақытша атқаруға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15 – бабының 1- тармағына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14- бабының 8- тармағына сәйкес 2012 жылдың 10 қаңтарынан бастап арнайы тексеруден өткенге дейін үш айлық сынақ мерзімімен қабылдансын. Төлем қолданылып жүрген еңбек заңына сәйкес жүргізілсін.
Негіздеме: конкурстық комиссияның 2012 жылғы 5 қаңтарындағы шешімі, жеке еңбек келісім-шарты.
Директор қолы аты-жөні Өлең жаттайық! Жетісу Отанымның орнығып кең төріне, Айналасын ақ таулар көмкеруде. Жаралғандай Жетісу ертегіден, Еркелейді Жетісу ерке күнге. Еркелейді, Еркелейді, Еркелейді Жетісу ерке күнге.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.148 сек.) |