|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тапсырма. Сенімхат
Сенімхат – белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің (пәтер сату, сатып алу, зейнетақы немесе жалақыны алу) орындалуын басқа бір адамға тапсыру үшін жазылатын құжат түрі. Сенімхат қолмен жазылады және сату-сатып алу әрекеттеріне қатысты сенімхаттар нотариалдық кеңсе арқылы құжаттанады. Сенімхаттың кең тараған түрі – ақша алуға байланысты берілетін сенімхат. Бұл түрі нотариалдық куәландыруды қажет етпейді. Оған сенім білдірушінің оқитын, жұмыс істейтін мекемесі немесе ол емделіп жатқан жағдайда емдеу мекемесінің әкімшілігі куәландырады. Деректемелері: - құжат атауы, сенімхат берушінің аты-жөні; - сенімхат берілген адамның аты-жөні; Іс-шара жүргізілетін ұйымның атауы. - сенімхат берушінің қолы, берген күні (күні көрсетілмесе, жарамсыз болып табылады): - сенімхат беруші адамның қолын куәландырушы адамның қолы, күні.
Берілген үлгі бойынша бірнеше сенімхат түрлерін жазыңыз. 12-тапсырма. Құжат мәтінінде қолданылатын стандартты тілдік бірліктерді жаттап алып, оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз.
Куәландыру, сенім білдіру, сенімхат, тапсыру, сату, сатып алу, құжат, нотариалдық кеңсе, ақша алу, байланысты, мекеменің әкімшілігі, құжат атауы, берушінің қолы, берген күні, куәландырушы адам, жалақы, касса.
13-тапсырма. Сөздіктерді жаттап алыңыз. Акционерлік қаржыландыру акционерное финансирование Ақпарат-анықтама жұмысы информационно- справочная работа Ақша массасы денежная масса Ақша-кредит саясаты денежно-кредитная политика Баға индексі индекс цен Банк векселі банковский вексель Банк салымы банковские вклады Бухгалтерлік есеп бухгалтерский учет Валюталық девиз саясаты валютная девизная политика Венчурлік операциялар венчурные операции Дағдарыс кризис Демпингтік баға демпинговая цена Дүниежүзілік жүйе мировая система Жалпы шығындар валовые издержки Мемлекеттік қаржы жүйесі финансовая система государства Қаржыландыру құрылымы структура финансирования Нарықтық қатынастар рыночные отношения Пайдалы өндіріс прибыльное производства Тауар дағдарысы товарный кризис Экономикалық келісім экономическое соглашение 14-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құрыңыз. Тіркестердің орыс тіліндегі баламасын жазыңыз.
Таяқ тастам жер, қой аузынан шөп алмас, ит жанды, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып-жұмғанша, қабырғаңмен кеңес, бесіктен белі шықпай, қас пен көздің арасында, тайға таңба басқандай, біреудің ала жібін аттамау, жүрек жұтқан, қоян жүрек, тіс жармау.
Тест сұрақтары 1. С. Тоқсанбайдың «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздігі» қай жылы шықты? А. 1993 жыл В. 1997 жыл С. 1991 жыл Д. 1999 жыл
2. Сөздік қанша мың терминнен тұрады? А. 20 000 В. 70 000 С. 50 000 Д. 100 000
3. Терминжасамның неше түрі бар? А. 5 В. 2 С. 7 Д. 4
4. Қазақ тілі терминологиясының дамуы қай жылдан басталды? А. 1930 В. 1924 С. 1935 Д. 1955
5. Терминжасамның екінші тәсілі қандай тәсілдер арқылы жасалады? А. Қосымшалау, біріктіру, қысқарту В. Сараптау, талдау, жариялау С. Қабылдау, іріктеу, ашу Д. Қолдану, аудару, жабдықтау
6. Аударма үрдісінің жандануына байланысты пайда болған тәсіл. А. Ұлттық тіліміздегі кейбір сөздердің терминдік мәнге көшудегі семантикалық тәсіл В. Қосымшалау, біріктіру, қысқарту тәсілі С. Сөзжасамның синтаксистік тәсілі Д. Калькалау тәсілі
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.) |