|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Елордасы – Астана
Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік-саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала. Бас қаламыздың тарихы ертеден басталады. Қазіргі зерттеулерде қала маңында ортағасырлық Бозоқ қаласының орны табылды. Ал жаңа дәуірге келсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағалауына Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград деп аталды. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қалпына келтірілді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды. Астана қаласы бүгінгі таңда республикалық автокөлік және темір жол салалары мен әуе жолдарын байланыстырып тұрған ірі тасымал торабына айналды. Елордамызда экономиканың бірнеше салалары: машина жасау; құрылыс материалдары өнеркәсібі; энергетика; полиграфия өнеркәсібі; жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, байланыс және телекоммуникация дамыған. Бүгінгі өркендеген жаңа Астанамызда көптеген зәулім ғимараттар мен ескерткіштер, даңғылдар мен көшелер бой түзеуде. Астана қаласы үш ауданға бөлінеді. Олар: Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары. Астанада көптеген мәдени орындар мен театрлар: К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры,Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» концерт залы, қалалық филармония бар. Елордамызда көптеген жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер мен балабақшалар, балалар қалашықтары бар. Солардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетін, Астана медицина академиясын, Қазақ ұлттық өнер университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Еуразия гуманитарлық институтын айрықша атауға болады. Еліміздің бас қаласында спорттың дамуына да үлкен мән берілуде. «Қазақстан», «Алатау», «Астана» сияқты спорт кешендері, велотрек, мұз айдыны мен «Астана-Арена», Қ.Мұңайтпасов атындағы стадиондар соның куәсі. Қаламыздың көрікті жерлерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, С.Сейфуллин мұражайы мен Қазіргі заман өнер мұражайлары орналасқан. Сонымен қатар қаламызда «Мега», «Керуен», «Хан шатыр», «Думан» ойын-сауық орындары, «Еуразия», «Рамстор», «Астаналық», «Әлем», «Түркістан» секілді үлкен сауда орталықтары ашылған. Ел мақтанышы Астана – ХХІ ғасыр қаласы ретінде әлемдік өркениеттен лайықты орынға ие болып келеді. 1-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, олардың мағына берудегі ерекшеліктерін талдаңыз. 2-тапсырма. Берілген теңеулерді пайдаланып, Астана тақырыбында бірнеше сөйлем құрыңыз. Жұлдыздай жарқыраған, даладай кең, армандай биік, айнадай ашық, күндей нұрлы. 3-тапсырма. Кестедегі бос орындарға Астанаға байланысты эпитет сөздерді қойыңыз. 4-тапсырма. Өзіңіз туып өскен жеріңіз бен Астана қаласын салыстырыңыз. 1. Орналасқан жері ––––––––––––––––––––––––––––––––––––--- 2. Ғимараттары ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 3. Танымал адамдары ––––––––––––––––––––––––––––––– 4. Ерекшелігі ––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 5. Табиғаты ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 6. Білім ордалары –––––––––––––––––––––––––––––––––––– 7. Көрікті жерлері –––––––––––––––––––––––––––––––––––– 5-тапсырма. Жоғарыда берілгенмәтіннен етістерді тауып, сөйлем құрастырыңыз. 6-тапсырма. Төмендегі жұмбақтарды шешіп, сан есімдерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз. Жұмбақтар
Жұмбақтардың шешуі: түйенің өркеші, төрт аяғы, күйсегені, кірпік, адамның сәбилік, ер жеткен, кәрілік шағы, бүйрек, жүрек, тоқымашы, Екінші сабақ (3-сағат) Астананың үш ерекшелігі Бүгінгі таңда Астана әлемдегі үздік астаналардың отызының қатарынан орын алады. Қазақстан астанасы әлемге аты танымал архитекторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Мұнда сәулетшілердің ең батыл идеялары іс жүзіне асуда. Қала картасында күн сайын жаңа нысандар пайда болуда, олардың арасында қайталанбас, бірегей нысандар да бар. Жас астананың ерекшелігі - Астана қонақтарын шаттандырар үш нысананы атауға болады. Олар: Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Думан ойын-сауық орталығы. «Бәйтерек» жұмыртқасын әлем ағашының ұшына салған Самұрық құсы туралы туралы көне аңызды білдіреді. Ол 97 метр биіктегі «ағаштың ұшар басымен» аяқталатын салмағы үш жүз тонналық күн сәулесімен жарқыраған шар түрінде. «Бәйтеректің» тамаша дәстүрі бар: келушілер еліміздің тұңғыш Президентінің алақанының бедерлі ізіне қолдарын қойып, қалауын айта алады. «Бәйтеректің» етегі мен оны қоршаған алаңға гүл шоқтарынан «кілем» төселген. А.Төлекбаева 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. «Бәйтерек» нысанасы қай жерде орналасқан? 2. «Бәйтерек» нысанасын немен байланыстырады? 3. Бәйтеректің биіктігі неше метр? 4. Сіздің қалаңызда осындай белгілі нысандар бар ма?
2-тапсырма. Берілген сөйлемдердің «дұрыс», «бұрыс» екенін анықтаңыз. 1. Астана қаласында күн сайын жаңа ғимараттар салынуда. 2. «Бәйтерек» тұңғыш рет Алматы қаласында салынған. 3. «Бәйтерек» құрлысының авторы қазақстандық архитектор. 4. Бәйтеректің жоғарғы ұшында Самұрық құсы бар. 5. Бәйтеректің биіктігі сексен метр.
3-тапсырма. Төменде берілген сұрақтар негізінде Астананың ерекшеліктері ретінде аталатын екі нысан жөнінде шағын суреттеме дайындаңыз. 1. Бейбітшілік және келісім сарайының жобасын кім жасады? 2. Бұл сарай қашан ашылды? 3. Ғимараттың биіктігі неше метр? 4. Оның жалпы аумағы қанша? 5. Ғимаратта қандай бөлмелер бар? 6. «Думан» қандай орталық? 7. «Думан» ғимаратында нелер орналасқан? 8. Океанариум сыйымдылығына қанша литр су кетеді? 9. Океанариумге қанша тонна теңіз тұзы жұмсалды? 4-тапсырма. «Астананың үш ерекшелігі» атты мәтінде берілген етістіктерді етіс формасына айландырыңыз. 5-тапсырма. Төменде берілгін нысандарды төменде берілген сызбаға ретімен толтырыңыз. Конгресс холл, океанариум, Тұңғыш Президент, «Думан», «Мега», Ханшатыр, Бәйтерек, «Жаннұр», Салтанат сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан», Азиапарк, Керуен, Астана -Арена, Қазіргі өнер мұражайы, «Еуразия»,
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде берілген қажеттиі сөздерді қойып жазыңыз. Өлеңді жаттап алыңыз. Жаса, жаңа Астанам, Өркен... бастаған! Болашақтың..., Өз қолыңмен... маған! ... бақыт нұрымен, Қуантасың шынымен. Әр... сөйлеп тұр, Бостандықтың тілімен! Жасыл... оранған Әрбір көшең – көк орман. Сенде..., сенде өскен Жас ұрпақта жоқ. Заман жаңа, ел жаңа, Күлімдейді....... Өз Астанам – өз Ордам, Сүйенерім... ғана! Н.Айтұлы Керекті сөздер: сен, желек, кең дала, аш, кірпішің, арман, жая, жайнап, есігін, түлеп. 1. Ақмола қаласының негізі қашан қаланды? 2. Қала атауы Астана деген атауды қашан иеленді? 3. Қалада қандай мәдени орындар бар? 4. Сіз қай жоғары оқу орнында, қандай мамандықта оқисыз? 5. Астана қаласы сізді қандай ерекшелігімен қызықтырады? 6. Сіз болашақта қаламыздың өсіп-дамуына қандай үлес қосар едіңіз? 7. Елордамызда қандай ескерткіштер бар? 8. Астана қаласында оқығанды неліктен таңдадыңыз? 9. Қаланың қандай өнеркәсіп орындарын білесіз? 10. Қаладағы спорт нысандарын атаңыз. 11. Астанада қандай халықаралық шаралар болды? ОН ҮШІНШІ САБАҚ (1сағат) Лексикалық тақырып: Мемлекетіміздің тілі Грамматикалық тақырып: Жалғаулықтар Сөздік мінез - характер дәстүр – обычай, традиция бекітілді - утвержден халықтың жаны – душа народа ана сүтімен беріледі – передается молоком матери игереміз – усваеваем қымбат қазына – драгоценное сокровище өнер – искусство ғылым – наука рухани байлық – духовное богатство жарқын келешек – светлое будущее қарсаңында - накануне біріктіру - сплотить мемлекеттік мәртебе – государственный статус халықтың сақталуы- сохранение народа қуатты күші- мощное сила бейнелі тіл – образный язык парыз – долг, обязанность бірлік – единство ынтымақ – согласие, солидарность
ЖАЛҒАУЛЫҚТАР Союзы связывают слово со словом, предложение с предложением, не имеют лексического значения. По значению союзы делятся на 6 видов: 1. Ыңғайлас жалғаулықтар (соединительные союзы): әрі, да, де, та, те, және, мен, бен, пен. Эти союзы служат для связи слов и членов предложения. Например: Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз. 2. Қарсылықты жалғаулықтар (противительный союзы): ал, алайда, әйтпегенде, әйтсе де, бірақ, дегенмен, онда да, әйткенмен, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйткенде. Мысалы: Білімің мол, бірақ тәжірибең жетіспейді. 3. Талғаулықты жалғаулықтар (разделительные союзы): я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде. Мысалы: Не сыйлау, не ұят, не қаймығу, не қорқу жоқ жерде, тәртіп те болмайды. 4. Себептік жалғаулықтар (причинные союзы): өйткені себебі, неге десең. Мысалы: Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен сау қайтқан емес. 5. Салдарлық жалғаулықтар (следственные союзы): сондықтан, сол себепті әдебиеттен көп біледі. 6. Шарттылық жалғаулықтар (условные союзы): егер, егер де, онда. Мысалы: Егер жұмысың өнсін десең, ретін тап. Лексика-грамматикалық тапсырмалар 1-тапсырма. Тірек сөздерді есте сақтаңыздар. Тіл, тарих, әдебиет, мәдениет, дәстүр, тәуелсіздік, болашақ, рухани байлық, рәміз, көркем тіл, әділ баға, мәртебе, міндет, бірлік, ынтымақ. 2-тапсырма. Берілген жалғаулықтармен сөйлем құрастырыңыз. Себебі, әрі, немесе, сондықтан, мен, алайда, сол себепті 3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар. 1. В Республике Казахстан государственым языком является казахский язык. 2. Государственный язык – язык государственного управления, законодательства, судопроизводства и делопроизводства, действующий во всех сферах общественных отношений на всей территории государства. 3. Официальные приемы и другие мероприятия с представителями других государств в Республике Казахстан проводятся на государственном языке с переводом на другие языки. 4-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша қысқаша мәтін құраңыз. 5-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып,сөйлемдегі ойды әрі қарай жалғастырыңыз. 1. Тіл әрбір адамның бойына ана сүтімен беріледі, сондықтан да,.... 2. Халықтың сақталуы тіліне байланысты, себебі.... 3. Мәдени, рухани байлық деген халықтың ақыл-ойының көрінісі, өйткені... 4. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі, себебі.... 5. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу - әрбіріміздің басты парызымыз. 6-тапсырма. Екі қатардағы сөздерді бір-бірімен тіркестіріп, сөйлем құрастырыңыз. 1. халықтың тиіс 2. құрметтеуге сүтімен 3. әр елдің байлық 4. Қазақстанның көрінісі 5. азаматтық мақтанышы 6. рухани болашағы 7. ақыл-ойының міндеті 8. жақсылыққа танытатын 9. ана жаны 10.әлемге жеткізетін 7-тапсырма. Оқытушының көмегімен мына мақал-мәтелдерді аударыңыздар. 1.Стремись изучить семи народов язык и семь разных наук. 2. На силу не рассчитывай, на свои знания рассчитывай 3. Наука – море, знания – лодка на его просторе. 4. Жизнь – самая большая школа. 5. Сила – в знании, знания – в книгах. 8 -тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіз.
1. Біздің мемлекетіміздің аты. 2. Ең қымбатты, жақын адам. 3. Жылқы етінен жасалған тағам. 4. Өзіңнен үлкен адам. 5. Үй жануарының төлі. 6. Қарым-қатынас құралы. 7. Қыста киетін сыртқы киім. 8. Құйрығы айыр құс.
Мемлекетіміздің тілі (2- сағат) Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Н.Назарбаев Тіл – қандай халықтың болсын тарихымен бірге өмір сүреді. Себебі тіл халықпен бірге жаралған. Халықтың тілінде – оның әдебиеті мен мәдениеті, мінезі мен дәстүрі сақталған. Өйткені, тіл – халықтың жаны, ертеңі, болашағы. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен беріледі. Сондықтан да, тілді кім де болса құрметтеуге тиіс. Адамды жақсылыққа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз. Сондықтан әр елдің мақтанышы – сол елдің ана тілі. Бірақ бүгінде кейбір отандастарымыз өздерінің ана тілін білмейді. Қазіргі кезде «ана тілі», «жұмыс тілі», «мемлекеттік немесе ресми тіл» деген ұғымдар қалыптасқан. Ана тілі – әрбір халықтың тілі. Жұмыс тілі- белгілі бір ұйымдардың, бірлестіктердің немесе халықаралық конференциялардың, жиындардың тілі. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының алты жұмыс тілі бар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдері. Мемлекеттік немесе ресми тіл – белгілі бір мемлекеттің арнайы бекітілген тілі. Әлемде екі жүзге жуық мемлекет бар. Ал мемлекеттік тілдердің саны жүз жиырмаға жуық екен. Қазақ тілі осындай мәртебелі тілдердің қатарындағы тіл. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы бекітілді. Мемлекеттік тіл дегеніміз – қоғамның барлық саласында қолданылуға тиіс міндетті тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені тілдің жарқын келешегін көрсетеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік елтаңба секілді мемлекеттік маңызы ерекше рәміз. Сондықтан ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Яғни, тіл – әрбір елдің қуатты күші, сонымен бірге мәдениеті, байлығы. Ал мәдени, рухани байлық деген халықтың ақыл-ойының көрінісі. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Ол өзінің лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу нормаларымен танылған тіл. Көрнекті ғалым В. Радлов: «Қазақ тілі – түрік тілдерінің ішіндегі бай, бейнелі тіл» - деп жазған болатын. Бұл тілімізге берілген әділ баға. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеретін жан-жақты ұйымдық- насихаттық жұмыс аса қажет. Қоғамда мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметтеу отаншылдық қасиеттің бөлінбес компоненті деген ұғымды қалыптастыру, мемлекеттік тілді білгісі келгендердің ықыласын бағалап, көтермелеп отыру да маңызды. Сондықтан тілімізді шұбарламай, оның көркемдігін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу – баршамыздың басты парызымыз. Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болмақ. 1- тапсырма. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. -...............................................................................? - Тіл - халықтың жаны, ертеңі, болашағы. -...............................................................................? - Иә, Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз. -...............................................................................? - Жоқ,Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. -.................................................................................? - Дұрыс айтасыз, Мемлекеттік тілдің мәртебесі – ту, әнұран, елтаңба сияқты нышандармен тең дәрежеде деуге болады. -................................................................................? - Әрине,тіл - әрбір елдің қуатты күші, сонымен бірге мәдениеті, байлығы. -.................................................................................? - Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбіріміздің басты парызымыз. -..................................................................................? - Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болмақ.
2- тапсырма. Сөздердің аудармаларын сәйкестендіріңіз. 1. Бүкілхалықтық күрес многовековая практика 2. қуатты толқын - исток 3. сан ғасырлық тәжірибе мощная волна 4. қайнар көзі сфера употребления 5. қолданыс аясы национальное сознание 6. негізін қалау всенародная борьба 7. ұлттық сана заложить основу 3-тапсырма. Диаграмманы толтырыңыз. 4-тапсырма. Берілген жалғаулықтарды түрлеріне қарай ажыратыңыз Дегенмен, әрі, да, немесе, де, әйткенде, та, мен, алайда, әйткенмен, сонда да, я, не, болмаса, біресе, сөйтсе де, әлде, және, өйткені, бен,себебі, неге десең, әйтпегенде, бірақ, ал, әйтсе де, егер, егер де, онда сөйткенмен, те, онда да. 5-тапсырма. « Мемлекетіміздің тілі» мәтініндегі сөйлемдерді «себебі, өйткені, бірақ, сондықтан, яғни» жалғаулықтарын қою арқылы сөйлем құраңыз. 6-тапсырма. Төмендегі берілген қанатты сөздерді естеріңізде сақтаңыз. 7-тапсырма. Мәндес сөздерді сәйкестендіріңіз. 1. Болмыс халық 2. Абырой өркендеу 3. Өйткені бітім 4. Ұлт себебі 5. Мұрат сапар 6. Қазына мәртебе 7. Даму байлық 8. Жол ақиқат Он үшінші сабақ (3-сағат) 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Ұлттық тіл Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады. Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен ғылымды дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілін өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы жасалған. Біздің елімізде қазақ тілін оқып-үйрену, білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.
1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша баламасын табыңыз. Из поколения в поколение – средство общения - основа - древний - наше культурное наследие - отдельный- с тех времен - стадии развития - в полном смысле –
2-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз. 1. Піл көтермегенді зәр де тамады. 2. Өнер алды ой түпсіз 3. Тілден бал да тамады көңіл қатты 4. Тіл буынсыз тіл көтереді 5. Тіл тәтті тіл мыңды жайратар 6. Өткір тіл -дарын тіл ғұмырлық 7. Қылыш бірді жайратар қызыл тіл 8. Сөз бір күндік ұзын тіл –жауың 3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге «ал, ендеше, немесе, және, әрі, себебі» жалғаулықтарын қойып, сөйлем құрастырыңыз. Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады. Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті.
4-тапсырма. Мақал мәтелдерді аяқтап жазыңыз. Шешеннің тілі... Басқа пәле тілден... Өнер алды...... Тіл қылыштан... Тілде тиек жоқ,......... 5 -тапсырма. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз. 1. Қазақ тілінде қандай құндылықтар сақталған? 2. Мемлекеттік тілдің қызметін қалай түсінесіз? 3. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы айтқан сөзін қалай ұғынасыз? 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы не білесіз? 5. Мемлекеттік тіл мемлекеттік рәмізге жата ма? 6. Дүние жүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі, мемлекетіміздің басты тілі қай тіл? 7. Көрнекті ғалым В.Радловтың қазақ тілі туралы айтқан қандай сөзін білесіз? 8. Біздің елдегі өзінің лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу нормаларымен танылған қай тіл? 9. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не қажет? 10. Қандай тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болады? ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ (1-сағат) Лексикалық тақырып: Ұлттық дәстүр Грамматикалық тақырып: Зат есім тудырушы жұрнақтар Сөздік шілдехана – вечеринка по поводу рождения ребенка нәресте – новорожденный, младенец думанды – праздничный сәби – ребенок қырқынан шығару – отмечать 40 дней со дня рождения үйрену – научение еліктеу – подражание ғұрып – обряд талғам – вкус қоғамдық қатынастар – общественные отношения тәртіп – поведение жалғастық – преемственность қарыншаш – утробный волос жейде – сорочка, рубашка бесікке салу –укладывать в колыбель аластау – изгонять елеулі – существенный, весомый кәде – подарок тұсау кесу – разрезать путы шашу – подарки приносимые на торжества қаз тұру – стоять на ногах тұсау – пут ризалық – благословение ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚТАР Зат есімдер делятся на производные (туынды), образуются при помощи суффиксов: -шы, -ші образуют существительные, профессию человека: жазу (писать) - жазушы (писатель), сурет (рисунок) - суретші (художник), балық (рыба) - балықшы (рыбак). -ша, -ше, мысалы: кітап (книга) - кітапша (книжка). -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік образуются существительными, обозначающие отвлеченные понятия: бала (ребенок) - балалық (детство), дос (друг) - достық (дружба), батыр (герой) - батырлық (мужество, геройство), бай (богатый) - байлық (богатство). -хана, образует существительные, указывающие на названия учреждений: ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника. Лексика-грамматикалық тапсырмалар 1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз. Ұлттық дәстүр, салт-дәстүр, ұрпақ, әлеуметтік орта,құндылықтар жиынтығы, тұтас ұлт, ықпал ету, сұрыпталған, халықтық болмыс, ұлттық мінез, салт-сана, перзенттік борыш. 2-тапсырма. Төменде берілген сөз, сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, әрқайсына сөйлем құрыңыз. Үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық.
3-тапсырма. Төменде берілген жай сөйлемдерді күрделендіріңіз. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері бар. Осы дәстүрлер халқымызға оң ықпал етіп келеді. Ұлттық дәстүрімізді білу -борышымыз.
4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз. - Қандай салт-дәстүрлерді білесің? - Мен мынадай салт-дәстүрлерді білемін, мысалы: діни дәстүрлер, тұрмыстық дәстүрлер, табиғатқа байланысты дәстүрлер бар. - Осылардың әрқайсысы туралы айтсақ қайтеді. - ---------------------------------------------------------------- - ---------------------------------------------------------------- - --------------------------------------------------------------- 5-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз. Свои традиции бережет каждый народ. Они имеют социально-историческую, культурно-бытовую, идеологическую, воспитательную значимость, являются неотъемлемой частью народного сознания, выражают его сущность. Казахский народ богат традициями и обычаями. 6-тапсырма. –шы, -ші жұрнақтары арқылы жаңа сөз жасап, орыс тіліне аударыңыз. Тігін, етік, тәрбие, аң, би, жұмыс, күзет, оқу, жүргізу, әдебиет. 7-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі.
8-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Традиция Традиция это совокупность элементов социального и культурного наследия. В качестве традиции выступают определенные общественные нормы поведения, идеи, обычаи, обряды, вкусы, взгляды и т. д. Те или иные традиции действуют в любом обществе и во всех областях общественной жизни. В древности традиции передавались неосознанно – через научение и подражание. Традиция выполняет ряд культурных функций: устанавливает преемственность культуры, служит духовной опорой нации. Через традицию передаются культурные информации и ценностей от поколения к поколению. Каждый народ имеет свою национальную самобытную традицию. Он төртінші сабақ (2-сағат)
Лексикалық тақырып: Ұлттық дәстүр Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық дәстүр Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді. Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады. 1- тапсырма. Төменде берілген дәстүр атауларын сала бойыншатт толтырыңыздар. Сабантой, беташар, айт, тұсаукесер, наурыз, қыз қуу, жарапазан, қадыр түні, сүндет той, тілашар, соғымбасы, бәйге, көкпар, құрбан шалу.
2-тапсырма. Мәтіннен зат есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған сөздерді табыңыз. 3-тапсырма. Сіз қандай ұлттың дәстүрін білесіз? Айтып беріңіз. 4-тапсырма. Төменде берілген жұрнақтар арқылы зат есімдер жасаңыз. Үлгі: –шылық – шаруа-шылық, егін-шілік, айырма-шылық;
-шілік, -ша, -ше, -шық, -шік, -ыл, -іл, -л, -хана, -стан, -кеш, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ым, -ім, -м. Он төртінші сабақ (3-сағат) 5- тапсырма. «Ұлттық дәстүр» тақырыбында эссе жазыңыз. 1. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесің? 2. Дәстүр дегеніміз не? 3. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне не жатады? 4. Ұлттық дәстүрдің қандай салалары бар? 5. Қандай отбасылық дәстүрлерді білесің? 6. Діни салттарға қандай салттар жатады? 7. Қандай мерекелік дәстүрлерді білесің? 8. Тұрмыстық салттарға қандай дәстүрлер жатады? 9. Тұсаукесер, шілдехана қай дәстүрге жатады? 10. Наурыз мейрамы қай дәстүрге жатады?
ОН БЕСІНШІ САБАҚ (1-сағат) Лексикалық тақырып: Ұлттық мәдениет Грамматикалық тақырып: Қос сөз және біріккен сөздер Сөздік дамыған – развитый өңір – край бұған куә – свидетельство тому қорған – курган әсем безендірілді – красочно оформлен ортағасырлық қалалар – средневековые города ықпал – влияние мекендеген – обитавшие өнер туындысы – произведение искусства кесене – мавзолей көне замандардан басталады – начинается с древних эпох қолданбалы өнер – прикладное искусство әр түкпірінде – в разных уголках айрықша – особенно қазіргі заманға сай – современный деңгей – уровень ҚОС СӨЗ ЖӘНЕ БІРІККЕН СӨЗДЕР Біріккен сөздер (слитные слова) – это один из видов сложных слов, состоящих из сочетания двух корней, являющихся названием нового предмета или явления: алғысөз – предисловие, баспасөз – пресса, төлқұжат – паспорт, жанармай – топливо, күнтізбе – календарь, сенімхат – доверенность, қолхат – расписка, тілашар – разговорник. Қос сөздер (парные слова) – образуются путем двукратного повторения одинаковых, близких по значению слов или начального слога корневых слов и делятся на два вида: 1. Қайталама қос сөздер (парно-повторные): қайта-қайта (снова и снова), әрең-әрең (еле-еле); өзімен-өзі (сам по себе), бетпе-бет (лицом к лицу); бару-бармау (пойти, не пойти). 2. Қосарлама қос сөздер (собственно-парные слова): әке-шеше (родители, букв: отец и мать,), көрші-қолаң (соседи), бала-шаға (домочадцы), келін-кепшік (снохи, невесты). Лексика-грамматикалық тапсырмалар 1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз. Мәдениет, көне қалалар, археологиялық қазбалар, кесене, саз өнері, қолданбалы өнер, жаңа деңгей. 2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрыңыз. Мәдениет, ұлттық сана, өркениет, ғылым, білім, әдебиет, сәулет, дәстүр, мүсін, тарихи кешендер, сәулет мәдениеті. 3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.
Мәдениет Мәдени
4-тапсырма. Біріккен сөздер мен қос сөздерді екі бағанға бөліп жазыңыз. Әке-шеше, күнбағыс, күнтізбе, бала-шаға, түйеқұс, темірқазық, әп-әдемі, қозықұйрық, қайта-қайта, сарыала, итмұрын, бүгін, биыл, оқта-текте 5-тапсырма. «Мәдениет», «Мәдени», «Мәдениетті» сөздерінің бір- бірінен айырмашылығын түсіндіріп,олармен сөйлем құрыңыз.
6-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз. 1. Мәдениетті адам қандай болу керек деп ойлайсыз?
2. Мәдениетті адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
7-тапсырма. Мәтіннен есім сөздерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін айтыңыз. 8-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіз.
1. Ата-бабадан қалған зат 2. Сөз өнері 3. Сауда орны 4. Тәуелсіздік сөзінің синонимі 5. Францияда өткен жарыс 6. Әнші, әртіс 7. Дербес сөзінің синонимі 8. Мәдениет орны.
Он бесінші сабақ (2-сағат) Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті Н.Назарбаев Ұлттық мәдениет Қазақ жерінде мәдениет ерте кезден бастап дамыған. Оған еліміздің әр өңірінен табылып жатқан ортағасырлық көне қалалардың орны, мәдени бұйымдар басқа да алуан-алуан заттар куә. Мысалы Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен табылған алтын адамдар, әртүрлі бұйымдар мен әсем безендіріліп жасалған қару-жарақтарды атауға болады. Археологиялық қазбалардан алынған деректерге қарағанда біздің эрамызға дейінгі адамдар мекендеген көне қалаларда алаңдар, сәулет өнерінің туындысы болатын ғимараттар болған. Одан бергі кезеңдерде қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша дамыды. Бұл қала – қорғандарда байырғы мәдениет қалыптасты. Ұлттық мәдениетпен бірге, тайпааралық, ұлтаралық дәстүрлер де көптен-көп дамыды. Сондықтан сол кездің өзінде мәдениетаралық байланыстардың бірте-бірте өрістегенін аңғарамыз. Қазақ мәдениетінің дамуына сәулет өнерімен бірге музыка өнері, қолданбалы өнер әсер етті. Қазақ даласының әр түкпірінде осындай өнерлердің өзіндік дәстүрлері қалыптасты. Мәселен, Сыр өңірінің, Арқаның, Жетісудың, Еділ мен Жайық атырабының ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлерінің өзіндік сипаты болды. Бұл қазақ мәдениетінің жан-жақты дамуына ықпал жасады. Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы. Қазақстан мәдениеті жалпы адамзат дамуы сияқты ХХ ғасырда айрықша өркендеді. Қазақстанның театр, бейнелеу өнері, кино өнері, саз өнерінің қазіргі заманға сай түрлерінің дамуы – мәдениетімізді жаңа деңгей-дәрежеге, сандық-сапалық белеске көтерді. 1-тапсырма. Мәтінде берілген қос сөздер мен біріккен сөздерді бөлек-бөлек жазыңыз.
Он бесінші сабақ (3-сағат) Мәдени мұра Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген шаралар жоспарлануда. Солардың бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы. Бұл бағдарлама қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған. Бағдарлама ауқымында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы, мәдени ескерткіштерді қорғау, фольклор шығармаларын тарату, кинофильмдер дайындау. Қазақ халқының мәдениеті өте бай болғандықтан бұл бағдарлама ұзақ жылдарға арналған. 1-тапсырма. Төменде берілген шағын мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. 2-тапсырма. Бұл бағдарлама жөнінде ақпарат дайындаңыз. 3-тапсырма. Төменде берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз. Мемлекеттік бағдарлама, ұлттық қазына, тарихи шығарма, дәстүр, қымбат, өзекті, құндылық, деректі фильм, энциклопедия, музыкалық туынды. 4-тапсырма. Ұлттық мәдениетке байланысты қандай қос сөздер мен біріккен сөздер білесіз? 1. Қазақстандағы көне қалалардың орындары қай жерлерден табылды? 2. Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен қандай бұйымдар табылды? 3. Мәдениеті дамыған мәдениет пен өнердің орталығы болған ортағасырлық қалалар. 4. Мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсететін мазарлар. 5. Қазақ мәдениетінің дамуына қандай өнерлер әсер етті? 6. Еліміздің қай өңірлерінде ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлері жақсы дамыды? 7. Қазақстан мәдениеті қай ғасырда жақсы дамыды? 8. Қазақстанның қандай өнер түрлері мәдениетімізді жаңа деңгейге көтерді? 9. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған қандай бағдарламаны білесің? 10. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты не? ІІ СЕМЕСТР БІРІНШІ САБАҚ (1- сағат) Лексикалық тақырып: Қазақ өнері Грамматикалық тақырып: Шылау Сөздік құбылыс – явление кезең – период ежелгі – древний алғашқы қауымдық құрылыс – первобытная община ірі бөлігі – большая часть кеңінен пай даланылды – широко использованна музыка арқылы өрістеді – развивались посредством музыки айрықша – особенно негіз – основа күй – кюй халық әні- национальная песня келбет – облик көрерменін баурайды – увлекает своего зрителя ізденістер үстінде – в исканиях жаңғыруы – возрождения жаңа қырынан – с новой стороны кеңінен пайдаланылды – широко использованы көрініс – вид
ШЫЛАУ Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.134 сек.) |