|
|||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жандану –оживатьЗейнетақы жинақтау жүйесі – пенсионно –накопительная система Бәсекеге қабілетті –конкурентноспособный Қолайлы ахуал –удобная (благоприятная) обстановка Қарқынды экономикалық ынтымақтасу –интенсивное экономическое сближение Игі ықпал етті – лучше повлиял, воздействовал 1-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар. 2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Мәтіндегі сөйлемдерді түріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас) Тәуелсіз Қазақстанның дамуы Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемелекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде микроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды. Сонымен қатар жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленді. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. (интернеттен) 2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жазыңыздар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті....... Конституциялық құрылыс процесі....... Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары конституциялық нормаларға....... Кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе....... Бірегей халық шаруашылық кешені....... Қазақстан экономикасы алапат дағдарысқа....... Аса ауқымды шаралар....... Елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдары....... Елде микроэкономикалық тұрақтылық....... Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы....... Экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі....... Қолайлы инвестициялық ахуал....... Қажетті етістіктер: белгіленді, айқындалды, қалыптасты, құрылды, тап болды, бұзылды, ықпал етті, жүзеге асты, күйреді, айналды, іске асырылды, орын алды, 3 – тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар. Қазақстан Республикасының дамуында мына мәселелер Н.Ә. Назарбаев есімімен тығыз байланысты: ------------------------------------------------------------- Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асырылып, ------------------------------------------------------------------------------------Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары мыналар:-------------------------- Кеңестік өкімшіл - жоспарлы әкімшілік жүйе мен бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін Қазақстан экономикасы ----------------------------- Қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған --------------------------------. 1992 жылдың басында Н.Ә.Назарбаев елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындауға арналған ---------------------------------------------. Елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға ---------------------------------------------------------. 4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар. 3-сабақ
1 - тапсырма. Өлеңді оқып, мазмұнын өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер. Есте сақтаңыздар: Кенен - кең, дархан; өте бай, мол, түрлену – құлпыру, қарыштау – ілгері басу, көсем - белгілі бір әлеуметтік таптың идеялық, саяси жетекшісі, дем берушісі, өркенін өсіру – мәртебесін өсіру. Жаса, Қазақстан Басты алға азат ел – анамыз, Бастауда Нұрсұлтан данамыз. Гүлденді кең байтақ даламыз, Түрленді сәнді сан қаламыз. Елдікке, бірлікке сенеміз, Ерлікке, тірлікке кененбіз. Қажырмен қарыштап келеміз, Болашақ бағына енеміз. Басқарған Елбасы ұлы іс- Басталған жаңаша құрылыс. Оңғарған ер көсем құрып іс. Жаңаша дарыған білімім, Жараса дамыған ғылымым. Қазақтың өркенін өсірген, Азат күн – бақытым – ұлы күн. Құтты бақ төрінде той бүгін, Құттықтап құшағын жайды күн, Ақтарып туған жер байлығын, Мақтан қып, тойлаймыз айбынын! (Әдібай Табылды) 2-тапсырма. Өлең мазмұнына байланысты бірнеше мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар. Мысалы: Халықты Нұрсұлтан данамыз бастағаннан бері,азат еліміз алға басты. 3-тапсырма. Өлең мазмұны бойыншща сұхбат құрастырыңыздар. 4-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыздар. 5-тапсырма. «Бабалар аңсаған азаттық» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.
ОН ҮШІНШІ САБАҚ Қазақстандағы білім беру жүйесі Себеп бағыныңқы сабақтас Себепті бағыныңқы сабақтас –бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары: а) Есімшенің -қан/кен, -ған/ген жұрнағына -дықтан/діктен жұрнағы мен соң шылауы жалғану арқылы. Неліктен? Қайткен соң? Не еткен соң? Мемлекет жағдай жасағандықтан, олар шет елде білім алып жүр. ә) Болымсыз етістікке көсемшенің – й жұрнағы жалғану арқылы. Қайтпей? Не етпей? Әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашпай, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыра алмаймыз. 1-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар. Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни болашақ мектебі. Ол халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан – жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім ордасы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, ғасырлар бойы жиналып сақталып келе жатқан асыл мұраларымызды келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. 2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген бағыныңқы сөйлемге ортақ бірнеше басыңқы сөйлем тауып, себепті бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Мемлекет барлық жағдайды жасап отырғандықтан, ол халықтық мәдениетке интеграцияланған мектеп болуы керек. 3-тапсырма. Берілген нақыл сөздер бойынша себепті бағыныңқы құрмалас сөйлем арқылы өз ойларыңызды жазыңыздар. Мұғалім – мектептің жүрегі. (Ы.Алтынсарин) Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік. (Абылай хан) Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры - оқушыға деген құрмет сезімде жатыр.(Р.Эмерсон) 4-тапсырма. Мәтін бойынша пікірлесіңіздер. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан –жақты дамыту –қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт – дәстүріне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. 2-сабақ Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.(М.Жұмабаев) Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазақстан Республикасының білім беру саласы да - өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар жүйе. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист – философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытқан. Сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім саласы құралып, ары қарай даму үстінде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деп көрсеткен. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп атап көрсеткен. Сондықтан Қазақстан бүгін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси – экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл - білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында жасалып жатқан қадам. 1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестері арқылы құрмалас сөйлем құрастырыңыздар. Білім жүйесі, үздіксіз жетілу, күрделене түсу, тамыры тереңге тартылған, негізін салу, өркениетті елдер, заиан талабына сай, терезесін тең ету, ғаламдық коммуникациялық желі, білім кеңістігі, ізденістер мен араласу, талпыныс жасау, жаңа талаптар, бәсекелестік мүмкіндігін көтеру. 2-тапсырма. Мәтін бойынша жазбаша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар. 3-тапсырма. Мәтін бойынша пікірлесіңіздер. 4-тапсырма. Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.
3-сабақ 1-тапсырма. Мәтіндегі таныс емес сөздер бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері: -жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; --азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; -республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау; -жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту; -қазақ халқының мәдениеті мен салт – дәстүрін оқып үйрену үшін жағдайлар жасау. 2-тапсырма. Берілген сөз тіркестері бойынша сөйлем құрастырыңыздар. Мүмкіндіктерін ашу, салауатты өмір салты, жағдайлар жасау, жеке адамның құқылары, міндеттерін ұғыну, саяси өмірге қатысу, жалпы және кәсіптік білім алу, шығармашылық қабілет, негіздерін қалыптастыру. 3-тапсырма. Берілген бағыныңқы сөйлемдердің тиісті басыңқы сыңарын тауып, себепті бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар. Жалпы және кәсіптік білім алуға жағдай жасалғандықтан, ----------------------. Жеке адамның шығармашылық қасиеттерін ашпай, --------------------------------. Салауатты өмір салтын қалыптастырмай, ---------------------------------------------. Қоғамдық, экономикалық және саяси өмірге белсене қатысқандықтан, -------. Үйелмен алдындағы міндетін ұғынған соң, ------------------------------------------. Өз міндетін жақсы орындағандықтан, -------------------------------------------------. Қазақ халқының салт – дәстүрі мен мәдениетін оқып – үйренген соң, ---------. 4-тапсырма. Мына даналық сөздерге өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. (Әл -Фараби) Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі.(В.Белинский) Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?(А.Байтұрсынов) 5-тапсырма. « Білім мен тәрбие - егіз » деген тақырыпта өз ойыңызды ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ Білім де бәсекеге түседі 1–Сабақ. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі тірегі 1. Сұрақтарға жауап беріңіздер. 1) Білімді маман дегенді қалай түсінесіздер? 2) Білім алудың формуласы бар ма? 3) Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет? 4) Кәсіпкерлік пен бәсекелестік деген не?
2. Сөздердің мағынасына мән беріңіз-дер: 1) білім мен білік, біліктілік, 2) мамандық пен кәсіп 3) бәсекелестікке қабілеттілік 4) кәсіпкерлік белсенділік 5) әріптестік ахуал 6) әлемдік өркениет
3. «Елдің мақсаты – елулікке жету» туралы пікіріңіз қандай?
4. Мәтінді оқыңыз.
Қазақстанның мұнайы мен газын ғана емес, білімі мен ғылымын да дүние жүзіне танытатын уақыт жетті. Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етті. Ендігі мақсат – білім мен біліктілікті бәсекеде көрсете білу. Ол үшін мемлекет тарапынан 2012 жылға дейін ғылымды дамытуға салынатын инвестициялар мөлшерін 25 есе ұлғайтып, жылына 350 млн теңгеге жеткізу, ғылымды басқарудың жаңа кезеңіне көшу, жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ҚР Ғылым және білім министрлігі арқылы қаржыландыру, ғылым жөнінде комитет құру, зертханалар ашу, шетелдік мамандармен байланыс жасау, білімнің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушы-профессорларға грант тағайындау сияқты мәселелер бүгінде көкейкесті болып отыр. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдар-лама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ, шетелден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету. “Қазақстанда ұлттық зияткерлік әлеуетінің дамуына қыруар қаржы құйылуда. Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға. Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры былай дейді: “Қазақстан қазіргі Болон үрдісі кезінде осы заманға сай маман-дарды дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен кірісті. Мәселен, Қазақстанның тоқыма саласындағы кейбір мамандары бүгіннің өзінде жоғары сұранысқа ие”. Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.
v Тапсырмалар. 1) Мәтінді әңгімелеңіздер. 2) Сұрақтарға жауап беріңіздер. а) Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдадым деп ойлайсыз ба? ә) Еліміз қазіргі күнде қандай мамандықтарға зәру? 3) Мәтіннің соңғы абзацындағы ойды жалғастырыңыздар.
6. а) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар. Қазақстанның мұнайы, бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, шет елдік мамандар, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау. ә) Мәтінге байланысты ойды таратып айтыңыздар. Тақырып: «Уақыт жетті». а) неге, ә) не үшін, б) неліктен, в) қашан.
3. Сөйлемдегі әрбір мүшеге сұрақ қойыңыздар? Үлгі: Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілет-тілікті қамтамасыз етті. а) Ненің тәуелсіздігі? ә) недегі бәсекеге? б) нені қамтамасыз етті? в) тәуелсіздік қайтті?
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Шетелден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияны үйрету.
8. Сөйлемнің құрылысын өзгертіңіздер. 1. Бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. “Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға. 9. Мақал-мәтелдердің мәнін түсініңіздер.
◊ Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп. 2–Сабақ. Ел болашағы – білікті маман қолында
1. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1) Сіздер болашақ мамандықтарыңызды ғылыммен байланыс-тырасыздар ма? 2) Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдары-ның қайсысын таңдайс-ыздар?
2. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз. Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселелер, қолданысқа енгізу.
3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз. 4. Мәтінді оқыңыз. Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады. Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан-жылға көбейіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді. Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаз-дығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші. Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандық-тарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек. Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады. Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде! v Тапсырмалар. 1) Мәтін бойынша сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыз. 2) Ақпарат құралдарынан білім, ғылым туралы естіген жаңа-лықтарыңызды айтыңыз. 3) «Ел болашағына қосар үлесім» тақырыбына шығарма жазыңыз.
6. а) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз. ә) Бір түбірден таралған сөздердің мағыналық айырма-шылығын түсіндіріңіз. 1) Іздену, ізденіс, ізденімпаз, ізденімпаздылық. 2) Қол, қолдау, қолдану, қолданыс.
б) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. 1. Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық техноло-гиялар даму үстінде. 2. Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. 3. Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. 4. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.
7. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1) Сіз болашақ мамандығыңызды ғылыммен байланыстырасыз ба? 2) Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдары туралы ой-пікіріңізді айтыңыз. 3) Өз таңдауыңызды (қалауыңызды) айтыңыз.
4. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз. Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселер, қолданысқа енгізу.
4. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз. 11. 1) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз. 2) Бір түбірден таралған сөздердің мағыналық айырмашылығын түсіндіріңіз. а) Іздену, ізденіс, ізденімпаз, ізденімпаздылық. ә) қол, қолдау, қолдану, қолданыс.
3) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. 1. Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық техноло-гиялар даму үстінде. 2. Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. 3. Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. 4. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолда-нысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады. ОН БЕСІНШІ САБАҚ Ғылым мен техника Мақсат бағыныңқы сабақтас 1-сабақ
Мақсат бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары: а) - пақ/пек, -мақ/мек +шы/ші болып; ә) - қысы/кісі, -ғысы/гісі келіп; б) -у үшін; в) -па+с, -айын/ейін, -сын/сін деп. Сұрақтары: Не етпек болып? Не мақсатпен? Не үшін? Не деп? Неге? Мысалы: Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет. Өз пікірін айтпақшы болып, мінбеге көтерілді. Түнгі Астананы көргісі келіп, көлігімен қала орталығына бет алды. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Пікірлесіңіздер. Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елі өз өндірісін қарқынды жаңғырту жолына түсті. Осы орайда, ел басшылығының тапсырмасымен, еліміздегі зауыттар мен фабрикалар, өндірістер мен кәсіпорындар тек жаңа технологиялармен және заманауи жабдықтармен жарақтандырылып қана қоймай, сондай – ақ «жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылатын» болады. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар. 3-тапсырма. Берілген бағыныңқы сөйлемге қажетті басыңқы сөйлемдер жазып, мезгіл бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар. Қазақстанда инновациялық экономика құру үшін, ---------------------------------- Студенттердің ғылыми – инновациялық білімділігін қалыптастырмақшы болып, ------------------------------------------------------------------------------------------ Қазақстандық өнертапқыштар туралы білгісі келіп,---------------------------------Соңғы жаңалықтарды тыңдайын деп, ---------------------------------------------------Ғылыми – инновациялық жобаларға қатыссын деп, --------------------------------Қазақстандық ғалымдардың ашқан жаңалықтары жайлы айтқысы келіп, ---- Фабриканы жаңа технологиямен жабдықтау үшін, ----------------------------------Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ болып, -------------------------- 4-тапсырма. Сұрақтарға мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем арқылы жауап беріңіздер. -Шағын бизнесті не үшін ашпақшы болды? -Өндірілген тауардан молырақ пайда түсірейін деп не істеді? -Бәсекеге қабілетті тауар өндірмек болып не істеді? -Орта және шағын бизнесті дамыту үшін не істеді? -Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі артсын деп не істеді? -Инновациялық экономика құру үшін не істеу керек? 5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, түсінгендеріңізді орыс тілінде баяндаңыздар. Қазақша пікірлесіңіздер. Соңғы жылдары әлемдік экономикада білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материалдық игіліктерді жасау көп жағдайда ғылымның жалпы деңгейі мен техниканың прогресіне немесе осы ғылымның өндірісте қолданылуына тәуелді. Әлемдік экономикаға тең түрде ықпалдасу үшін, жаһанданудың талаптарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделу үшін, тек табиғи ресурстарға иек артпауымыз керек. Қазақстанның экономикалық өсуді және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы ретіндегі айтарлықтай ғылыми және білім беру әлеуеті бар. Оны инновациялар арқылы нарықтық экономикада қозғалысқа келтіруге болады. Қазіргі экономикада инновациясыз бірде –бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес. Инновациялық экономиканың қалыптасуы – Қазақстанның ХХI ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Экономикалық дамудағы жеткен жетістіктер еліміздің әрі қарай дамуын тұрақты, заманауи және перспективалы негізге қоюға мүмкіндік береді. 6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер. Білім мен инновацияны экономикалық ресурстар ретінде пайдалану дегенді қалай түсінесіздер? Экономикалық өсудің жаңа типі қалай қалыптасты? Материалдық игіліктер дегеніміз не? Материалдық игіліктерді жасау неге тәуелді? Экономикалық өсуді және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы не? Ғылым мен білімді нарықтық экономикада не арқылы қозғалысқа келтіруге болады? Экономикада инновациясыз түбегейлі міндеттерді шешу мүмкін бе? Еліміздің дамуының баламасыз нұсқасы не? Экономикалық дамудағы жетістіктер неге мүмкіндік береді?
2-сабақ «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау жолындағы басымдылықтың бірі – осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет» (Н.Назарбаев) Ғылым – инновациялық экономиканың негізі ХХI ғасыр ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерін одан әрі жақсартуды қажет етіп отыр. Дамыған елдерде инновациялық (ноу - хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85 % беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына қосылуына кедергі болуы мүмкін. Мұндай жағдайдан шығудың бірден – бір жолы – кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан әрі дамыту болып табылады. Инновацияны түсіндіруде мынандай көзқарастар бар: Бірінші, инновацияны жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық – техникалық, экономикалық үрдіс ретінде қарастырған. (Б.Твис, Ф.Никсон, Б.Сантон т.б.) Екінші, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді. (И.Шумпетер) Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл- өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі – өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдасырушылық, қаржылық, ғылыми – зерттеу және басқа да салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады. Қорыта айтсақ, инновация – өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу. Экономикалық қатынастар жүйесінде инновацияның алатын орны зор. Себебі, инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі – бірінші кезекте, нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер өндірістік дағдарысты болдырмаудың және тауарын өткізудің жолдарын іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленеді. Жаңа тауарлардың түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған кезде, шағын кәсіпорындардың икемділік қабілетін күшейту аса тиімді саналады. Қазіргі уақытта, біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту - басты сратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. (Интернеттен) 1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар. Ғаламдық инновацияның өркендеу ғасыры, кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары, ЖІӨ өсімі, жаңа идеялар мен үрдістер, өндірісік және тасымал құралдары, өтімділігі жоғары жаңа өнім, қозғаушы тетігі, икемділік қабілеті, әлеуетін дамыту. 2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар. 3-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Ойды кеңейтіңіздер, пікірлесіңіздер. -Кәсіпкерліктің инновациялық нарықтық құралдары дегенді қалай түсінесіздер? -ХХI ғасыр неліктен инновацияның өркендеу ғасыры болып отыр? -Инновация дегенді қалай түсінесіз? -Инновациялық тәжірибені өндірісте қолданбастан, бәсекеге қабілетті тауар алу мүмкін бе? -Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі не? -Қандай кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылыққа ие болады? -Біздің еліміздің басты стратегиялық міндеттерінің бірі не? 4-тапсырма. Әр абзацқа ат қойыңыздар.
3-сабақ 1-тапсырма. Мәтіннен алған ақпараттарыңыз, түсініктеріңіз бойынша бірнеше мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар. Мысалы: Экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамыту үшін, өзімізде бар ғылыми – техникалық әлеуетті қолдану керек. Мемлекетіміз Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартпақ болып, білікті мамандар даярлау ісін қолға алды. 2-тапсырма. «Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін не істеу керек?» деген сұраққа мәтіннен бірнеше жауап жазыңыздар. 3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар. Өндірістік дағдарыс, жолдарын іздестіру, өркендеу ғасыры, кәсіпкерлікті дамыту, инновациялық өнімдер, жаңа идеялар мен үрдістер, икемділік қабілеті. 4-тапсырма. Қазақстандық өнертапқыштардың ашқан жаңалығы туралы мәлімет дайындаңыздар. 5-тапсырма. Сөйлемнің басыңқы сыңарын тауып, мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар. Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, -------------------------------- Бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, ----------------------------------------------------Өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленбекші болып, -----------------Өндірістік дағдарысты болдырмайын деп, --------------------------------------------Кәсіпкер тауар өткізудің жолдарын қарастырғысы келіп, ------------------------- 1 семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
№1 Аралық бақылау сұрақтары Бақылау түрі: тест тапсырмалары 1. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіздер. А) Аспазшы. В) Азпазшы. С) Аспасшы. D) Азпасшы. Е) Аспажшы. 2. Антонимдері бар мақалды белгілеңіздер. А) Жері байдың-елі бай. В) Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ. С) Жақсы ата жаман балаға қырық жыл азық. D) Әлсіз ат сүріншек, ақылсыз адам еріншек. Е) Батыр туса ел ырысы. 3. Дұрыс жазылған сөздердің қатарын көрсетіңіздер. А) Табиғат, кеден, сереңке. В) Ұстаз, шәкірт, домбра. С) Мектеп, мемлекет, ғылым. D) Құндұз, асхана, арман. Е) Кытап, майрам, ырис. 4. “Ұялды” ұғымының мағынасын беретін фразеологизмді белгілеңіздер. А) Қой үстіне боз торғай жұмыртқалады. В) Қара жер хабар бермесін. С) Бет моншағы үзілді. D) Періштенің құлағына шалынсын. Е) Тал шыбықтай бұралған. 5. “Әділ” ұғымының мағынасын беретін фразеологизмді белгілеңіздер. А) Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. В) Қараптан қарап жүріп. С) Қара көлеңке, қара халық. D) Қара қылды қақ жарған. Е) Ат ойнатқан. 6 .Синонимдік қатарды белгілеңіздер. А) Дастарқандас, аттас, табақтас. В) Әдепті, тәртіпті, байсалды. С) Сабырлы, байсалды. D) Икемді, бейімді, ұстамды. Е) Сұлу, сауатты, арық. 7. Синонимдік қатарды белгілеңіздер. А) Елді бейбіт, жұртты тыныш етті. В) Тепсе темір үзеді. С) Ар-ұят, аман-сау. D) Жайдары жарқын мінез; қыршын жас. Е) аспанды бұлт шалды.
8. Адамның кескін-келбетін сипаттайтын сын есімдерді белгілеңіздер. А) Тау-тау, ата-ене. В) Көк ала, қызыл-қоңыр. С) Көк көз, ақ құба, қыр мұрын. D) Жаяу Мұса, қара торғай. Е) Көк ала, ақ құба. 9. Дене мүшелері атауларын табыңыздар. А) Бас, мойын, саусақ. В) Киім, өнім. С) Сырмақ, піспе. D) Отырғыш, кескіш. Е) Көлем, аумақ. 10. Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар. А) Ол -жүрек жұтқан адам.. В) Ол жүрек жұтқан- адам.. С) Ол, жүрек жұтқан адам.. D) Ол жүрек жұтқан адам.. Е) Ол жүрек, жұтқан адам.. 11. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің дұрыс нұсқасын белгілеңіздер. А) Ертең қар көшкіні болса, тауға шығамыз. В) Ертең қар көшкіні болмаса, өйткені тауға шығамыз. С) Ертең қар көшкіні болды, тауға шығамыз. D) Ертең қар көшкіні болмаса, тауға шығамыз. Е) Ертең қар көшкіні болмаса да, тауға шығамыз. 12.” Жігерлі” сөзінің синонимін табыңыздар. А) Ерінбейді. В) Жадырау. С) Қуану. D) Қажырлы. Е) Сабырлы 13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар. А) Жақсыда- кек жоқ, кектіде тек жоқ. В) Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ. С) Жақсыда кек жоқ- кектіде тек жоқ. D) Жақсыда кек жоқ: кектіде тек жоқ. Е) Жақсыда, кек жоқ кектіде тек жоқ. 14. Дұрыс жазылған сөздердің қатарын белгілеңіздер А) Базарға, қаламым, біздім. В) Апаң, дәптердер, дала. С) Ағасы, мұғалімдін, доп. D) Қыздар, мектептер, үйлер. Е) Мекемедер, отанма, керемет. 15. Отбасына байланысты ұғымдарды белгілеңіздер. А) Дәрігер, мұғалім, аққу. В) Нағашы, жиен, қарындас. С) Тау, бөлме, терезе. D) Асан, өзен, Сәуле. Е) Мен, ол, терек. 16. Мамандықпен байланысты ұғымдарды белгілеңіздер. А) Ақыл, жасыл, парасат В) Есепші, қаржыландырушы. С) Білім, сағыныш, қорқыныш D) Мінез, абырой, арна Е) Офис, тапсырма, керек. 17. Адамның мінез-құлқын белгілейтін ұғымдарды белгілеңіздер. А) Шөп, қызғалдақ, гүл. В) Су, өзен, теңіз. С) Кеме, ұшқыш, жер серігі. D) Сабырлы, шыдамды, еңбекқор. Е) Батты, сары, алыс. 18. Табиғат құбылыстарына байланысты ұғымдарды белгілеңіздер. А) Аялдама, жолсерік. В) Ботакөз, Айдын, Дана. С) Бұрқасын, найзағай, жаңбыр. D) Бәйшешек, бұрын, өнерпаз. Е) Бала, парта, терек. 19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар. А) Отыршы жарығым, жөніңді айтшы. В) Отыршы, жарығым, жөніңді айтшы. С) Отыршы, жарығым жөніңді, айтшы. D) Отыршы жарығым жөніңді, айтшы. Е) Отыршы- жарығым жөніңді,айтшы. 20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар. А) Көрмес - түйені де көрмес. В) Көрмес түйені - де көрмес. С) Көрмес түйені де - көрмес. D) Көрмес түйені де көрмес. D) Көрмес, түйені де, көрмес.
№2 аралық бақылау Бақылау түрі: тестік тапсырмалар 1.Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіздер. А) Біз ертең тауға шықпаймыз, себебі қар көшкіні болады. В) Біз ертең тауға шықпаймыз, сондықтан қар көшкіні болады. С) Біз ертең тауға шықпаймыз, егер қар көшкіні болады. D) Біз ертең тауға шығамыз, себебі қар көшкіні болады. D) Біз ертең тауға шықпаймыз, себебі қар көшкіні болмайды. 2. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіздер. А) Нағыз азамат болғың келсе, алдымен ізгілік пен адамгершілік қасиетті бойыңа сіңір. В) Ол өзенге қарай кетті, ал біз үйге қайттық. С) Көктем туғанда менің жаным да алма ағаштай гүлдеді. D) Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі. Е) Ол ертемен кетіпіп қалды. 3. Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемді табыңыздар. А) Театрға барсаң, маған телефон соқ. В) Жолда көп жүргендіктен, мен қатты шаршадым. С) Ержан үйден жүгіре шығып, машинасына келіп отырды. D) Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ. Е) Ербол кеште келсін. 4. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіздер. А) Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра. В) Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. С) Қазақтың мынадай мақалы бар: асыл - тастан, өнер-жастан. D) Суық күз жақындады да, жәндіктер азая бастады. Е) Мен сенімен келешектк бірге боламын. 5. Фразеологиялық антонимдер қатарын табыңыздар. А) Жем болды -жан ұшырды. В) Кең пейіл; көзге түсті. С) Ағынан жарылды; бүкпе сақтады. D) Жаны жайсаң; ақжарқын. Е) Еңбекпен тапты. 6. Омонимдер қатарын табыңыздар. А) Ел үмітін ер ақтар. В) Көк алма, оны алма. С) Қарақұс, жыртқыш құс D) Жаны жаз; көңілі көл Е) айту, бару, қайту 7.Синоним сөздері бар сөйлемді табыңыздар. А) Шашы ұзын -ақылы қысқа. В) Жаман айтпай, жақсы жоқ. С) Еңбек етсең емерсің. D) Бұл өзі есті бала, ақылды бала. Е) Мен де келіп кетермін. 8. Қай сөйлемде антоним сөздер бар. А) Нар -түйеден, тұлпар –биеден. В) Сөз ағасы -құлақ, су ағасы –бұлақ. С) Жаманшылық пен жақсылық - егіз келеді. D) Еңбек түбі- зейнет. Е) Ерте тұрған жігіттің ырысы артық. 9.Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіздер. А) Байлықтың атасы -еңбек, анасы –жер. В) Байлықтың атасы: еңбек; анасы –жер. С) Байлықтың атасы еңбек, анасы жер. D) Байлықтың- атасы еңбек, анасы жер Е) Байлықтың, атасы еңбек, анасы жер. 10. Таңертең нөсер жаңбыр..., ал түстен кейін күн жарқырап, дала құлпырды. А) жауaды; В) жауар; С) жауғанға дейін; D) жауды. Е) жаумас. 11. Солтүстіктің ауа райына..., оңтүстіктің ауа райы өте ыстық. А) қарағанда; В) қарағанмен; С) қарасақ; D) қарасаңда; Е) қарасаң. 12. Синоптиктердің..., бүгін Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. А) хабарлағандай, В) хабарлауынша; С) хабарлаған; D) хабарлайды; Е) хабарла. 13. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, Жер жүзіне өң... гүл-бәйшешек. А) бергенмін; В) бердің; С) берер; D) беріпсің; Е) беріп. 14. Қай қатардағы сөйлем дұрыс құрылған? А) Мен тұрамын Алматы қаласында. В) Кетіп барады құстар жылы жаққа. С) Киноға олар барды кеше. D) Мен ҚазНТУ-да үшінші курста оқимын. Е) Сен келесің ертең. 15. Көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойыңыздар. Студенттер кеше “Қыз Жібек” фильмін.... А) түсірмек; В) түскісі келеді; С) көрді; D) жазады, Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.174 сек.) |