АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 5 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

В
Ә
жандану
тоқырау
өрлеу
құлдырау
Д
С
Б
А
1 экономикалық цикл
ЖІӨ
t
t1
әлуетті ЖІӨ-нің тренді
t2
t3
t5
t6
t4

Сурет-1 – Экономикалық цикл

Жекелеген экономикалық циклдер бір-бірінен ұзақтығы және интенсивтілігі бойынша өзгешеленеді. Алайда, барлық циклдерге тән фазалары болады: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу.

Экономиканың циклділігінің негізгі себептері: тұтынудың, инвестицияның, негізгі қорлардың жаңаруы, ақша массасының өзгеруі және тағы басқалары. Экономикалық циклдердің әр фазасында өзіне тән негізгі ерекше құбылыстар көрініс береді.

Кесте-1 – Экономикалық циклдің әр фазасына тән негізгі ерекшеліктері

Цикл фазасы Ерекшеліктер
Құлдырау (Сурет-1-дегі АӘ қисығы) өндіріс көлемінің қысқаруы => жалақының төмендеуі => жұмыссыздықтың көбеюі => пайыз мөлшерлемесінің көтерілуі => банк, кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырай бастауы => елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы
Тоқырау (Сурет-1-дегі ӘВ қисығы) өндірістің, бағаның төмендеуінің, тауарлардың босалқы қорларының өсуінің тоқталуы => кәсіпкерлік сектордың жаппай банкроттыққа ұшырауы => жаппай жұмыссыздық => өте төмен жалақы => пайыз мөлшерлемесінің төмен деңгейі => экономика шыңырауға (Сурет-1-дегі Б нүктесі) дейін құлап, тоқырауы => іскерлік белсенділікке негіз қалыптаса бастауы
Жандану (Сурет-1-дегі ВС қисығы) өндіріске инвестициялар келе бастайды => іскерлік белсенділіктің жандана бастауы => жұмыссыздық азая бастауы => бағалардың көтеріле бастауы => өндіріс көлемінің өсуі => экономиканың бұрынғы шың деңгейіне (сурет-1-дегі А нүктесі) жетуі
Өрлеу (Сурет-1-дегі СД қисығы) Бағалардың едәуір өсуі => жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне дейін азаюы => шамадан тыс жұмыспен қамтылу => жалақының жоғары деңгейі => несиеге сұраныстың артуы => бос ақша капиталы ұсынысының өсуі => өндірістің экстенсивті ұлғаюы => тауарлардың артық өндірілуінің ұлғаюы (AS > AD) => экономиканың шың деңгейіне (Сурет-1-дегі А және Д нүктелері) жетуі

Экономикадағы циклдік ауытқуларға әсер ететін факторларды ықпал ету сипаттарына қарай сыртқы және ішкі факторларға жіктейді. Сыртқы факторларға халық санының өзгеруі, түбегейлі технологиялық өзгерістер, ауқымды саяси оқиғалар, соғыстар, табиғи үлкен апаттар және осылар тәріздес басқа да құбылыстар жатқызылады. Ішкі факторларға тұтынуға, инвестицияға шығындардың өзгеруі, үкіметтің түрлі саясаттар көмегімен жүргізетін іс-шаралары және т.т. жатады.

Цикл фазаларының негізгі индикаторлары болып жұмысбастылық деңгейі және шығарылым көлемі табылады. Ал, инфляция деңгейі, пайыз мөлшерлемесі және валюта бағамы үкіметтің, орталық банктің нақтылы жағдайлармен байланысты жүргізілетін саясаттарымен реттеліп отырады.

Экономикалық циклдің негізін кезеңді пайда болып отыратын экономикалық күйзелістер құрайды. Циклдің жандану және өрлеу фазаларында өндірістің ұлғаюы, сәйкесінше интенсивті және экстенсивті болады. Сонымен қатар, бұл кезеңдерде халықтың табысы артады және жиынтық тұтынуға сұраныс артады. Жандану кезеңінде тұтынушылық сұраныстың артуы кәсіпкерлердің өндіріс қуаттарын арттыруға және капитал салымдарын ұлғайтуға түрткі болады. Бұл өндіріс құралдарына сұранысты ынталандырады. Жиынтық сұраныстың өсу қарқынының қоғамдық өндірістің өсу қарқынынан артып түсе бастауы өндірушілер арасындағы бәсекені әлсіретеді. Ол, өз кезегінде өндіріске ғылыми жетістіктерді, жаңа технологияларды енгізуге ынтаны төмендетеді. Алайда, өндірістің экстенсивті дамуы ұлғая отырып, ақыры соңында төлем қабілетті сұраныстан асып түскен кезде, тауарлардың артық өндірілуі (AS > AD) басталады. Бұл өз кезде экономикалық күйзеліс те бой көрсетеді.Экономикалық күйзеліс капиталдың пайдалы қызмет етуін қамтамасыз ете алмайтын өндіріс құралдарының моральдық тозуына әкеледі. Бұл өз кезегінде жаңа технологиялық негізде капиталдың жаңаруына серпін береді. Осылайша, күйзеліс экономиканың интенсивті дамуына бастау болады.

Экономикалық циклдер ұзақтығы бойынша келесі түрге жіктеледі:

¨ қысқа циклдер немесе Китчиннің циклдері (2-4 жылдық);

¨ ірі өнеркәсіптік циклдер немесе Жугляр циклдері (7-12 жылдық);

¨ құрылыс циклдері немесе Кузнецтің циклдері (16-25 жылдық);

¨ Кондратьевтің ұзын толқындар (40-60 жылдық).

Потенциалды ЖҰӨ. Әлуетті ЖІӨ немесе экономикалық әлует – бұл ресурстардың толық жұмысбастылығы кезіндегі өндіріс көлемі. Ресурстардың толық жұмысбастылығы дегеніміз халық шаруашылығы қуатының 10-20 %-ы игерілмегендегі және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезіндегі өндіріс көлемі. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі жалпы жұмыс күшінің 5-7 %-ы жұмыссыз болған кездегі жұмысбастылық деңгейі. Жұмыс күші – бұл ел халқының жұмысқа жарамды бөлігі, яғни ол есептік кезеңдегі жұмысбастылар мен жұмыссыздар санының қосындысы:

N = U + E (1)

N = R – H (2)

Мұндағы, N – жұмыс күші, адам;

U – жұмыссыздар саны, адам;

E – жұмысбастылар саны, адам;

R – ел халқының саны, адам;

H – жұмысқа жарамсыздар саны, адам.

Толық жұмысбастылық кезінде ұлттық өндіріс қуатының 80-90 %-ы қолданыста болады және осы күйдегі ұлттық өндірістің көлемін әлеуетті (потенциалды) ЖІӨ деп атайды.

Аса үлкен жұмыссыздық үлкен экономикалық және әлеуметтік шығындарды туындатады. Дәлірек айтқанда, жұмыссыздықтың негізгі құны – бұл өндірілмеген өнім. Экономика жұмыс істегісі келетіндер мен жұмыс істей алатындарды барлығына қажет шамада жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмаған жағдайда тауарлар мен қызметтердің өндірісі әлуеті қайтарымсыз жоғалады. Жұмыссыздық қоғамның даму жолында бөгет болады. өндірілмеген өнім – ол ЖІӨ-нің жоғалтылған көлемі.

ЖІӨ жоғалтылған = ЖІӨ әлуетті – ЖІӨ нақты (5)

Жұмыссыздық неғұрлым үлкен болса, өндірілмеген өнім де (жоғалтылған ЖІӨ) соғұрлым көп болады. Жұмыссыздық деңгейі мен жоғалтылған ЖІӨ-нің көлемі арасындағы байланысты математикалық жолмен келесі түрде анықтауға болады:

Ү – Ү*

——— = – β × (u – u*) (6)

Ү*

Мұндағы, Ү – нақты ЖІӨ, ш.а.б. (ш.а.б. – шартты ақша бірлігі);

Ү*– әлуетті ЖІӨ, ш.а.б.;

u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі, %;

u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, %;

β – ЖІӨ-нің циклдік жұмыссыздықтың серпініне сезімталдығының эмприкалық коэффиценті немесе Оукен коэффиценті (2 < β < 3).

Жұмыссыздық түрлері және оның табиғи деңгейі. Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауы көрінісі. Жұмыссыздық өндірістің тиімділігінің артуымен немесе жұмыс күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін, жұмыс күшінің құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық ілгерілеушіліктің және мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы қате құрылымдық саясаты салдарынан туындайды.

Жұмыссыздықты қалыптасу сипаттарымен байланысты негізінен үш түрге жіктеуге болады:

1) уақытша (фрикциондық) жұмыссыздық;

2) құрылымдық жұмыссыздық;

3) циклдік жұмыссыздық.

Уақытшы жұмыссыздық (Uf) – бұл өздерінің біліктілігіне және жеке қалауларына сәйкес келетін жұмысты іздеп жүрген немесе күтіп отырған жұмыс күшінің бір бөлігі. Бос жұмыс орындары және оған үміткерлер туралы ақпараттар жеткіліксіз, тіптен бар болған күннің өзінде бұл ақпараттар таралуы үшін белгілі шамада уақыт қажет. Міне, сондықтан да жұмыстан өз қалауы бойынша немесе еріксіз босағандар және жұмыс күшінің құрамына жаңадан қосылған мамандар белгілі бір мерзім аралығында жұмыссыз болады. Бұл топтың басты артықшылықтарының бірі – олардың еңбек нарығында сата алатын дайын «кәсіби дағдысы» бар. Яғни, олар өздерінің еңбек күшін тез арада сата алады. Қорыта айтқанда, уақытша жұмыссыздар өздерінің еңбек күшін тез арада сату арқылы, қысқа мерзімді кезеңде жұмысбастылар санатына қосылады.

Құрылымдық жұмыссыздық (Us) – бұл жұмыс күшіне сұраныстың құрылымын өзгертетін өнеркәсіптегі технологиялық ілгерілеушілікпен байланысты туындайтын, жұмыссыздықтың бір түрі. Яғни, құрылымдық жұмыссыздар – олар ғылыми-технологиялық ілгерлеушілік нәтижесінде мамандықтары аса қажетсіз немесе мүлдем жарамсыз болуы себепті жұмыстан шығып қалғандар не жұмыс таба алмай жүрген тұлғалар. Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе еріксіз (амалсыз) және ұзақ мерзімді сипатта болады. Себебі, еңбек нарығында олардың «дайын машығына» (мамандығына) сұраныс жоқ болғандықтан, оларға кәсіби қайта даярлықтан өтуіне немесе тұрғылықты мекендерін ауыстыруларына тура келеді. Аталмыш шаралар едәуір ұзақ уақытты қажет етеді.

Уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың негізгі айырмашылықтары:

· уақытша жұмыссыздардың еңбек нарығында тез сата алатын дайын машықтары бар, ал құрылымдық жұмыссыздар қосымша оқу оқымай, не қайта даярлықтан өтпей немесе тұрғылықты мекендерін ауыстырмай тез арада жұмыс таба алмайды;

· уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатта болады, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді және бұл ұлттық экономика үшін де ауыр (жағымсыз) құбылыс;

· уақытша жұмыссыздық әлде қайда қалаулы болып табылады. өйткені, көптеген адамдар өз еркімен «жұмыс аралық» күйде болады және олардың төмен жалақылы жұмыстан жалақысы жоғары жұмысқа ауысуы нәтижесінде жеке табыстарының артуы еңбекке ынталарын арттырады. Мұндай салдар еңбек өнімділігінің артуына алып келеді және нәтижесінде ұлттық өнімнің көлемі арта түседі.

Циклдік жұмыссыздық (Udd) – экономикалық циклдің құлдырауы кезеңінде жиынтық тұтыну шығындарының азаюы салдарынан өндірістің қысқаруымен байланысты пайда болатын, жұмыссыздықтың бір түрі. Циклдік жұмыссыздар – бұлар ұлттық өндірістің қысқаруымен байланысты жұмысын жоғалтқандар. Экономикалық циклдің құлдырау және тоқырау фазасында уақытша және құрылымдық жұмыссыздық циклдік жұмыссыздықпен толықтырылады. Ал, циклдік өрлеу фазасында циклдік жұмыссыздық болмайды (Udd = 0).

Экономикалық циклдің құлдырау және тоқырау фазаларындағы кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы жаппай жұмыссыздыққа алып келеді. Мұндай кезде жұмыссыздарды басқа кәсіпке оқыту арқылы қайта даярлау немесе олардың тұрғылықты мекен-жайларын ауыстыруы жұмыссыздықтан құтылудың жолы болып табыла алмайды. Өйткені, басым жағдайда дағдарыс оты ұлттық экономиканы тұтастай шарпиды және ол әлемдік деңгейге де өрбуі әбден мүмкін.

Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті адамның жұмыссыз қалуы. Ал, жұмыссыз қалу адамдардың тұрмыстық жағдайын нашарлатып ғана қоймайды, сонымен қатар бұл жағдайда адамдар моральдық тұрғыдан да күйзеліске ұшырайды. Өйткені, бір жағынан жалақы басым көпшіліктің бірден-бір табыс көзі болып табылса, екінші жағынан жұмыссыз қалған жан өзін қоғамға қажетсіз сезінуі мүмкін.

Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі ол – жұмыссыздық деңгейі болып табылады:

U

u = —— × 100 % (3)

N

Мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, %.

- жұмыс күші
Еңбек нарығынан кету
Еңбек нарығына ену
туу
Е
U
- жұмысқа жарамсыздар
зейнеткерлер
балалар
жұмыс іздемейтіндер
басқалары

Сурет-2 – Жұмыс күші мен жұмысқа жарамсыздардың негізгі ағындары

Жұмысқа жарамсыздар немесе жұмыс күшіне жатпайтындар: кәмелеттік жасқа толмағандар, зейнеткерлер, үй шаруасындағылар, оқушылар, күндізгі оқу бөлімінің студенттері, жұмысы жоқ болғанымен жұмыс іздемейтіндер, жұмыс іздеуден жалыққандар, арнайы мекемелерде бас бостандығынан айырылып қамауда отырған, яғни сотталып жазасын өтеп жүргендер мен психиатриялық ауруханаларда ұзақ уақыт бойы емделіп жатқандар және т.б.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (u*) – бұл уақытша жұмыссыздар мен құрылымдық жұмыссыздар санының жиынтығы: u* = Uf + Us (4)

Яғни, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады және ол жұмыс күшінің жуық шамамен 5 %-ын құрайды. Толық жұмыс бастылық – циклдік жұмыссыздық жоқ, яғни нөлге тең (Udd = 0) болғандығы жұмыс күшінің жұмыспен қамтылуы деңгейі.

Жұмыс күші — жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі — бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндсгі анықталуы. Демек,

Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны

Статистика агенттігі есептейтін тағы бір статистикалык көрсеткіш, бұл пайыз түріндегі, жасы үлкен тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі:

Оукен заңы. Жұмыссыздық пен жоғалтылған ЖІӨ көлемі арасындағы тәуелділікті алғаш зерттеген американдық экономист Артур Оукеннің (1928–1979) анықтауы бойынша, егер жұмыссыздық деңгейі 1 %-ға ұлғаятын болса, онда ел экономикасы ЖІӨ-нің 2,5 %-ын жоғалтады.

Яғни, нақты жұмыссыздық деңгейі (u) табиғи жұмыссыздық деңгейінен (u*) 1 %-ға артық болса, нақты ЖІӨ-нің (Ү) шамасы әлуетті ЖІӨ-нің (Ү*) көлемінен 2,5 %-ға кем болады. Мұндай заңдылық Оукен заңы деп аталады.Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсер тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деген ат алды.

2-суретте Оукен заңы Құрама Штаттар деректері бойынша көрсетіледі. Сурет пиктограмма болып табылады, ондағы әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі болып табылады (бұл жағдайда - белгілі бір жыл бойынша). Горизонталь ось бойынша өткен жылмен салыстыры-ған жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша — пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны көрсетілген. Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген.

Жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейінде заң өлшемділігі болады, яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың өсімімен, капиталдың жиналуымен және ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп, 30%-ды кұрайды. Сонымен қатар, әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын 1%-ға, нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қаркынын 2%-ға төмендетеді. Сол себепті, жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8%-ға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай құрайды: 3 — 2 * (8 — 6) = -7%.

Осыған байланысты, Оукен заңы бойынша, экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1%-ға төмеңдейді.

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді.

 

Мұндағы Ү — нақты өнім көлемі

Ү — потенциалды ЖҰӨ

U — нақты жұмыссыздық деңгейі

 

Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы 2-сурет. Оукен заңы. Сурет пиктограмма болып табылады, мұнда горизонталь ось бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша — нақты ЖҰӨ колемінің өзгерісі пайыз түріңде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылға сәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағытты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлсмінің төмендеуімен байланысты екепдігін көрсетеді.

 

Жұмыссыздық деңгейін реттеу. Жұмыссыздықтың ұлғаюы экономикалық, әлеуметтік, тіптен саяси салдарға әкеліп соғады. Нақтырақ айтқанда, жұмыссыздықтың салдарынан:

· ұлттық экономика өзінің экономикалық әлуетін толық пайдалана алмайды. Мысалы, ЖІӨ-нің жоғалтылуы;

· жұмысын жоғалтқан адамдар уақыт өте келе өздерінің кәсіби біліктіліктерін де жоғалтады;

· ұлттың психикалық денсаулығы бұзылады;

· қоғамда әлеуметтік және саяси мәселелер бой көрсетеді, бұл тіптен әлеуметтік-саяси жанжалдарға әкелуі мүмкін және т.б.

Қорыта айтқанда, жұмыссыздық қоғам үшін өте ауыр, тиімсіз құбылыс болып табылады. Әсіресе, жұмыссыздықтың деңгейі 5–7 %-дан неғұрлым үлкен болған сайын, оның қоғамға әкелетін зардаптары ауырлай түседі.

Жұмыссыздық аса күрделі мәселе болып табылатындықтан, оның алдын алу және онымен күресу мемлекеттік деңгейде дұрыс саясат жүргізу арқылы ғана оң нәтижеге әкеледі. Жұмыссыздықпен күрес сұранысқа сәйкес кадрлар даярлау, елдің демографиялық жағдайына, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты жұмыс күшін оңтайлы орналастыру, жалақы деңгейін реттеу секілді алуан түрлі іс-шаралар негізінде жүргізіледі. Жұмыссыздықпен күресудің мұндай әдіс-амалдардың ішінен келесі әдістерді атап көрсетуге болады. Олар:

» классикалық тәсіл;

» Кейнсиандық тәсіл;

» Мальтузиандық тәсіл.

Классикалық әдіс бойынша:

Классикалық мектептің жақтастарының көзқарастары бойынша, жұмыссыздықтың туындауының негізгі себебі – ол өте жоғары жалақы деңгейі болатындықтан, олардың пікірінше жалақы деңгейін төмендете отырып, жұмыссыздықты қысқартуға болады (Сурет-3).

Мұндағы, W – жалақы деңгейі, %;

L – жұмысбастылық деңгейі, %;

DL – еңбекке сұраныс, адам;

SL – еңбек ұсынысы, адам;

Uw – күтілім жұмыссыздығы, адам;

А – еңбек ұсынысы мен еңбекке сұраныстың теңдестігі нүктесі.

 

С
L4
L3
L2
L1
L
DL
SL
W3
W2
W1
W
 
В
Б
Ә
А
Uw


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)