АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Таза экспорт - экспорттан импортты шегереміз 2 страница

Читайте также:
  1. e) Сауда экспорты
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Тақырып № 1-13

Курс: 1-2

Мамандық: 5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 - Қаржы

 

 

Құрастырушы: Абдикаримова Қ.

 

Астана-2014ж

«Экономика және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды. «_ 28 _»_____ тамыз _________2014ж Хаттама №1 Жоғары білім беру факультетінің ОӘК мақұлданды. «__ 02 __»_____ қыркүйек ___2014 ж Хаттама №1
«Экономика және менеджмент» кафедрасы меңгерушісі _________________ ____ Темирова А.Б. (қолы) (аты-жөні)   Жоғары білім беру факультетінің ОӘК төрайымы _____________ Рахимова Г.А _______ (қолы) (аты-жөні)

9 КУРСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты – бұл студенттің экономиканың теориялық және әдістемелік негіздерін білетін, микроэкономикалық және макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеп, қорытынды жасай алатын білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Алдымен курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу қажет болады. Тақырып дұрыс анықталса, онда жұмыс та белгіленген мерзімде орындалады.

Тақырыпты саналы да мақсатты түрғанде таңдайды. Ол үшін тақырыптың теориялық мән мазмұнын, негізгі сұрақтарын және мақсаттық проблемаларын қолдағы бар әдебиет оқулықтардан алдын-ала оқып біліп алған дұрыс болады.

Жалпы кез келген тақырыптық курстық жұмысты негізінен үш бағытта анықтап жазған ұтымды. Біріншіден, курстық жұмыстың тақырыбын категориялық –анықтамалық түрде талдап жазады. Екіншіден, курстық жұмыста қаралатын тақырыптың негізгі мәселесі жүйелі түрде, белгілі бір экономикалық модель (концепция), шаруашылық механизм ретінде сүреттеледі. Үшіншіден, осылай категориялық және теориялық деңгейде толық анықталған проблеманың Қазақстанның нақты экономикалық-әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра отырып, оның тәжірибелік-практикалық бағытын баяндап ашып беру курстық жұмыстың түпкі мақсаты болады.

Осылай анықталған курстық жұмыстың ішкі мазмұндық логикасы мен құрылымына сәйкес оның (курстық жұмыстың) жоспарлары жасалады.

Жұмыстың жоспары алынған тақырыптың мазмұнын толық және жан-жақты баяндап талдауға жол ашатын түрде анықталып қойылған сұрақ- мәселелерден құралады.

Бірінші сұрақ тақырыптың мәнін ашатын категориялар мен принциптерге арналып қойылады. Екінші сұрақ тақырыптың экономикалық мазмұнын суреттейтін механизм-модель ретінде Қазақстанның шаруашылық жағдайларымен байланыстыра баяндап беруге арналғаны дұрыс болады.

Сонымен курстық жұмыстың тақырыбы: 1) категориялық, 2) теориялық, 3) тәжірибелік деңгейде анықталады. Осы айтылған үш бағыт курстық жұмыстың негізгі мазмұндық бөлімі болады. Бұдан басқа жұмыстың кіріспе және қорытынды бөлімдері де беріледі. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, қаралатын негізгі сұрақ мәселелері, жұмыстың теориялық және тәжірибелік мақсаттары қысқаша анықталады. Кіріспе ықшамдалып, қысқаша 2-3 бетке жазылып беріледі.

Сондай-ақ, жұмыстың соңында жоспарда қойылған және негізгі бөлімде баяндалып жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалып, қорытынды ретінде 2-3 бетке ықшамдалып беріледі.

Курстық жұмысқа қойылатын тағы да бір талап-ол жұмысты белгіленген тәртіпке сай дұрыс безендірілуі. Біріншіден негізгі бөлімде қолданған әдебиеттерге сілтеме жасау; екіншіден қаралған сұрақтарды әртүрлі схемалар, кесте таблицалар, график-схемаларды қолданып баяндау; үшіншіден курстық жұмыста ресми құжаттардың Қазақстан материалдарын қолдану қажет болады.

Курстық жұмыстың алдымен анықтамалық беті мен жоспары жеке безендіріліп беріледі (1 және 2 қосымшаларды қараңыз). Жұмыстың кіріспесі 3-ші беттен басталады; жұмыстың әрбір тарауы (негізгі сұрақтары) да жаңа беттен анықтамасынан басталады. Жұмыстың соңында қорытынды бөлімін қолданған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдар тіркеледі.

Толық орындалып біткен жұмыс жетекші-оқытушы мұғалімге тапырылады. Жетекші мұғалім жұмысқа өзінің пікірін білдіреді. Онда бағаланған курстық жұмыс қорғауға жіберіледі.

Жазып орындаған жұмысын студент ауызша ашық түрде, басқа студенттердің алдында оқытушы мұғалімдердің қатысуымен қорғайды.

Автор 5-7 минут уақыт мерзімінде курстық жұмыста қаралған мәселелердің мазмұнын толық баяндап беруі керек. Екіншіден жетекші-оқытушының және қатысқан студенттердің қойған сауал-сұрақтарына ұтымды жауап беруі қажет. Осылай қорғаудың нәтижесінде курстық жұмыс және оны орындаған студент өзінің қорытынды бағасын алады. Бағасы сынақ ведомостына және студент кітапшасына жазылады; оны растайтын оқытушының қолы қойылады.

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1. Макроэкономика: мақсаттары, міндеттері, талдау құралдары.

2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың макроэкономикалық үлгідегі мазмұны

3. Көлеңкелі экономика және оның Қазақстандағы көріністері

4. Ұлттық байлық динамикасы және Қазақстан тұрғындарының өмір сүру деңгейі

5. XXІ ғасырдың басындағы экономикалық дамудың жаңа бағыттары

6. Қазақстандағы инфляциялық мәселелер, олардың себептері мен оған қарсы күрестің жолдары

7. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік үлгілері

8. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі

9. Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері және ерекшеліктері

10. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның ерекшеліктері

11. Қазақстан Респубикасының бюджет саясаты және оның қызметтері

12. Қазақстан Республикасының несиелік саясаты және несие ресурстарын пайдалану мәселелері

13. Қазақстандағы банк жүйесін жетілдіру бағыттары

14. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты

15. Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және оған қарсы күрестің бағыттары

16. Мемлекеттің ақша-несие саясаты

17. Экономикадағы банктер, олардың рөлі мен қызметтері

18. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі және оның ерекшеліктері

19. Экономиканы мемлекеттік реттеу туралы экономикалық ойлардың қазіргі мектептері

20. Циклділік нарықтың экономика қозғалысының формасы ретінде

21. Қоғамдық өндірістің циклдік дамуының себептері

22. Мемлекеттің экономикалық циклдер мен дағдарыстарға әсер етуі

23. Қазіргі әлемдегі еңбек нарығының институционалды үлгілері

24. Отандық экономикадағы циклдер мен дағдарыстардың ерекшеліктері.

25. Қазақстандағы салықтың түрлері және салықтық реформалар

26. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері

27. Халықаралық сауда теориялары

28. Қазіргі Қазақстан экономикасының әлемдік нарықтағы орны мен рөлі

29. Экономикалық өсудің кейнстік және неоклассикалық үлгілері

30. Қазіргі әлемдегі экономикалық өсудің ерекшеліктері

31. Еркін экономикалық аймақтар, олардың қызмет етуінің әлемдік тәжірибелері

32. Қазақстан Республикасының сауда саясаты, құрылымы және оны жетілдірудің бағыттары

33. Қазақстан Республикасының валюталық саясаты

34. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы және оны нығайту мәселесі

35. Классикалық және кейнстік үлгілердегі фискалдық және монетарлық саясаттар және олардың ерекшеліктері

36. Ақшаға деген сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары

37. Қазақстандағы бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз мәселелері

38. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

39. Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты

40. Қазақстан Республикасының ипотекалық нарығы және ипотекалық қатынастар

41. Макроэкономикалық тепе – теңдіктің қазіргі заманғы үлгілері

42. Банктік жүйе: Орталық банк және коммерциялық банктер, олардың экономикалық рөлдері

43. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

44. Төлем балансы, тапшылығы мен дағдарысы

45. Төлем балансының макроэкономикалық маңызы

46. Ішкі және сыртқы тепе-теңдік: экономикалық саясат мәселелері

47. Монетаризмнің пайда болуы және мәні

48. Жаңа классикалық мектептің қазіргі макроэкономикалық концепциялары

49. Жаңа кейнстік мектептің пайда болуы және оның теориялық мұрасы

50. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі

51. Тауар және ақша нарықтарындағы экономикалық тепе-теңдік

52. Экономикалық өсудің инвестициялық факторлары

53. Инфляция теориясы, оның әлемдік экономикадағы реттелу мәселелері

54. Макроэкономикалық тепе-теңдікке жетудегі инвестицияның ролі

55. Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге тигізетін әсері

56. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары

57. Ұлттық есеп – шоттар жүйесі, пайда болуы мен оның қазіргі көрсеткіштері

58. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары

59. Экономикадағы несие - қаржы механизмдері

60. Орталық банктің монетарлық саясаты

61. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі салықтар

62. Дж. М. Кейнс - макроэкономикалық талдаудың негізін қалаушы

63. Қазақстандағы өтпелі экономиканың ерекшеліктері

64. Кластерлер теориясы, олардың әлемдік тәжибелері

65. Қазақстан экономикасына кластер жүйесін енгізу мәселелері және негізгі бағыттары

66. Экономикалық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекеттік реттеудің әдістері

67. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

68. Қазақстанның аса дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясы

69. Қазақстандағы «30 корпоративтік көшбасшылар» жобасы, олардың экономикалық өсудегі рөлдері

70. Қазақстан Республикасында үлкен ашық экономиканы қалыптастыру

71. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы және оның қазіргі тиімділіктері

72. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

73. Макроэкономикалық саясат үлгілерін таңдау

74. Еңбек нарығының әлемдік даму тәжірибелері

75. Қаржы саясаты және оның экономиканы реттеудегі рөлі

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті, 1988

2. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті, 2000

3. Национальная экономика/под.ред.Абишева А.А.и Сидровича, Алматы: Экономика, 2009

4. Темирбекова А.Б. Экономическая теория. Краткий курс лекций:Учебное пособие.-Алматы: «Экономика», 2007

5. Терірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. Экономикалық теория:қысқаша лекциялар курсы. –Алматы: «Экономика», 2008

6. Макроэкономика. Учебник/под.ред.Абишева А.А. и Хубиева К.А.- Алматы: Экономика, 2008

7. Макроэкономика. Оқу құралы/Абишева А.А. Хубиев К.А.-Алматы: Экономика,2008

8. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Оқулы. Алматы.

9. ҚазМБА. 1997

10. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз. Университеті. 1997

11.Жүісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 1995

12. Мәдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 1995.

13. Саяси экономия. Оқулық-Алматы Ана тілі, 1992

14. Самуэльсон П., Нордхуас С. Экономикс. Оқу құралы. Алматы. 1996

15. Назарбаев Н.Ә/Қазақстан -2030/Алматы, 1997

16. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общ. Ред. Акад. В.Н. Видяпина, Г.П. Журавлевой, М: ИНФРА, 1999

17. Саяси экономия. Оқулық. Медведов В.А., Абалкин Л.И., Ожерельев О.М.т.б. Алматы, 1991

18. Курс экономической теории. Под.общ.ред., проф.Ченурина и проф. Киселевой Е.А.-Киров, 1994.

19. Экономика. Учебник. Под.ред. Булаттова А.С., М:БЕК,1994

20. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.М: Юрист, 1997

21. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. 2-ое изд., М.,/Дело/, 1995

22. Макконнелла К.Р., Брю С.Л. Экономикс. В 2-х томах. М., «Республика», 1992.

 

«Қаржы академиясы» Акционерлік қоғамы Сапа менеджмент жүйесі Құжатталған процедура Пәннің оқу-әдістемелік кешені СМЖ ҚА ПП 21-10-2014 Күні 11.08.2014 ж. 173 беттен 120 беті

Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Кафедра «Экономика және менеджмент»

(кафедра атауы)

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН

ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Тақырып № 1-13

Сағаттар саны: 45

Курс: 1-2

Мамандық: 5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 - Қаржы

 

 

Құрастырушы: Абдикаримова Қ.

 

Астана-2014ж

«Экономика және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды. «28»_____ тамыз _________2014ж Хаттама №1 Жоғары білім беру факультетінің ОӘК мақұлданды. «02»_____ қыркүйек ___2014 ж Хаттама №1
«Экономика және менеджмент» кафедрасы меңгерушісі _________________ ____ Темирова А.Б. (қолы) (аты-жөні)   Жоғары білім беру факультетінің ОӘК төрайымы _____________ Рахимова Г.А _______ (қолы) (аты-жөні)
   
   
     

 

 

10 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - бұл студенттердің өз бетінше дербес жасаған жұмысы. СӨЖ тақырыптары, тапсырмалары, оларды жүргізу нысандары, сағаттар көлемі көрсетілген оның жалпы сипаттамасын «Статистика» пәнінен силлабус қамтиды. СӨЖ дайындалған материалдарды (сұрақтарды, тәжірибелік тапсырмаларды) қамтиды.

СӨЖ функциялары: дайындық және есептік.

Дайындық функциясы аудиториядан тыс уақытта студенттермен алған тапсырмаларды орындауға бағытталады: дәрісті оқу, қосымша әдебиетті оқу, жағдайды шешу, есептер, тесттерді орындау, конспектілеу, баяндамалар жасау және т.с.с.

СӨЖ есептік функциясы орындалған тапсырмаларды студентпен өткізуді білдіреді: ауызша сұрау, жұмысты жазбаша рәсімдеу, сызба, кроссвордтарды құру, тесттерді орындау, баяндамаларды баяндау және т.с.с. Берілген функция ағымдық, аралық есеп және қорытынды бақылау барысында студенттердің білімін бағалау жүзеге асырады.

Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты - студенттерне ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы әлеуметтік экономикалық құбылыстары мен процестерінің сандық өзгерістерін, сапалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйрету. Әдістемелік нұсқаулардың міндеті - бұл студенттерге оқу материалын тереңдетуде және бекітуде көмек көрсету.

Бұл пәнді зерттеу пәннің силлабусымен танысудан басталады. Студент мұқият бағдарламаның мазмұнымен, ұсынылған әдебиетпен танысуы тиіс. Әдебиетті таңдау студентпен дербес жүргізіледі, ол мұнда ынталық танытып, библиографикалық анықтаманы және басқа көздерімен пайдалануды үйретеді. Жаңа тақырыпты зерттеу алдында студентке, дәріс сабақтарында оны оқуға уақыт кетірмес үшін, онымен танысқан жөн. Дәріс беруші әрбір жаңа тақырып бойынша негізгі сәттерді ғана беретіндіктен, студентке өз білімін дербес зерттеу арқылы тереңдетуі керек.

СӨЖ пән бойынша силлабуста ұсынылған тапсырмалар тізімі бойынша әзірленеді. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары өз уақытылы орындалуы керек және тексеру үшін ұсынылады. Студент білімін бағалау критерийлермен, курс саясатымен және білімін бағалау шкаласымен мұқият танысуы керек.

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР

ТАҚЫРЫП 1: МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕМАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тест сұрақтары:

1. Әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйелік сипаттама:

а) микроэкономикалық үлгі; ә) макроэкономикалық үлгі; б) макроэкономикалық жүйе; в) дұрыс жауабы жоқ.

2. Қазіргі макроэкономика ғылымының негізін қалаушы кім:

а) Д. Кейнс; ә) К. Макконел мен С. Брю; б) П. Самуэльсон; в) У. Нордхауз.

3. Макроэкономика – бұл:

а) экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі; ә) ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым; б) экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым; в) экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

4. Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігіне не жатады?

а) көрсеткіштерді комбинациялау; ә) берілгендерді агрегаттау; б) корреляциялық тәуелділікті құрастыру; в) графиктерді құрастыру.

5. «Макроэкономика» терминінің авторы кім?

а) Дж. Кейнс; ә) М. Фридмен; б) Р. Фриш; в) И. Фишер.

6. Мыналардың қайсысы макроэкономикалық мақсатқа жатады:

а) нақты ЖІӨ-нің деңгейін арттыру; ә) жұмыссыздық мәселесі; б) бюджет тапшылығы; в) инфляция деңгейі.

7. «Макроэкономика» термині қай жылы ғылыми тұрғыдан алғаш қолданысқа енгізілді: а) 1936 жылы; ә) 1890 жылы; б) 1961 жылы; в) 1933 жылы.

8. Статикалық күтімдер концепциясы бойынша:

а) экономикалық субъектілер өткен жағдайлар болашақта қайталанады деп күтеді;

ә) экономикалық субъектілер бұрын жіберілген қателіктерін ескере отырып болашақты күтуде түзетулер енгізеді; б) экономикалық субъектілердің болашақты болжауы өздерінде бар ақпараттың барлығын өңдеу арқылы оңтайлы нәтиже негізінде құрылады;

в) экономикалық субъектілер жүзеге асқан тәжірибелерді нақты бағалайды.

9. Мыналардың қайсысы негізгі макроэкономикалық проблемаға жатпайды:

а) тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу; ә) экономикалық цикл және оның шығу себептері; б) инфляция мен жұмыссыздық мәселесі; в) ұлттық кәсіпорындардың пайдасын арттыру.

10. Жабық жүйедегі макроэкономиканың негізгі субъектілері – олар:

а) үй шаруашылығы, фирма; ә) үй шаруашылығы, фирма және мемлекет; б) мемлекет және сыртқы орта; в) сыртқы орта мен ішкі орта.

11. Мына экономистердің қайсысы неокейнстік бағыттың негізгі өкілі болып табылады: а) П. Самуэльсон; ә) М. Фридмен; б) Г. Мэнкью; в) Р. Лукас.

12. Егер экономикалық субъектілер алдағы жылы инфляция деңгейі ағымдағы жылғы деңгейге тең болады десе, онда олардың болжамдары қандай күтімдер бойынша қалыптасады:

а) статистикалық; ә) адаптациялық; б) рационалды; в) статикалық.

13. Мыналардың қайсысы ашық макроэкономикалық жүйедегі проблема болып табылады:

а) тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізу; ә) төлем балансының жағдайы; б) пайыз мөлшерлемесінің деңгейі; в) жоғарғы жұмысбастылықты қамтамасыз ету.

14. Мына макроэкономикалық мақсаттардың қайсысы ашық экономикаға тән болып табылады:

а) төлем балансының нөлдік сальдосы; ә) жоғарғы жұмысбастылық; б) ұлттық өндірістің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету; в) бағалар деңгейінің тұрақтылығы.

15. Макрокономикалық модельді құруда зерттеліп отырған макроэкономикалық құбылыстың немесе үрдістің мазмұны мен құрылымын сипаттау үшін қандай функционалдық байланыс қолданылады:

а) технологиялық; ә) мінез-құлықтық; б) институционалдық; в) дефинициондық.

16. Рационалды күтімдер теориясы – бұл қандай мектеп?

а) неокейнстік мектеп; ә) неоклассикалық мектеп; б) «жаңа кейнсшілдер» мектебі; в) жаңа классикалық макроэкономикалық мектеп.

17. Жаңа классикалық макроэкономикалық мектептің негізгі өкілі:

а) Дж. Робинсон; ә) Р. Лукас; б) О. Бланчард; в) Э. Хансен.

18. Макроэкономикалық субъект – «сыртқы ортаның» негізгі міндеті:

а) экспорт пен импортты қалыптастыру; ә) халық шаруашылығының тиімді әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасау; б) ең аз шығын жұмсай отырып максималды пайдалылыққа жету; в) пайданы максималдауға тырысу.

19. Макроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл...:

а) экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдау; ә) ұлттық өнім мен ұлттық табыс көрсеткіштері, қоғамның байлығы; б) салық салу, трансферттік төлемдер төлеу және ақша ұсынысын қалыптастыру; в) негізгі макроэкономикалық проблемаларды зерттеу.

20. Макроэкономикалық саясат құралдары – бұл...:

а) мемлекеттің үнемі бақылауында болатын және бір немесе бірнеше мақсаттардың орындалуына мүмкіндік беретін экономикалық өзгермелілер; ә) макроэкономикалық теорияны дамыту үшін ескерілетін ғалым-экономистердің көзқарастары; б) экономикаға әсер ету мақсатында салық салу мен мемлекеттік шығындарды қолдану;


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.022 сек.)