АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 15 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Деноминация - елдегі ақша айналысын тәртіпке келтіру, есептеу мен есеп айырысуды оңайлату мақсатында ескі ақша белгілерін белгіленген ара салмақ бойынша жаңа ақша белгілеріне айырбастау арқылы ұлттық ақша өлшемін ірілендіру

Дефлятор (ЖҰӨ) = Атаулы ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы

Дефляция - артық ақша жиынының бір бөлігін айналыстан әдейі алу. Үкімет салықты көбейту, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатудың есептік мөлшерлемесін арттыру, валюталық реттеуді күшейту, т.б. арқылы инфляция қарқынын бәсеңдету мақсатымен жүргізеді

Дивидент – акционерлік қоғамның баланысында көрсетілген пайдаға байланысты акциялар бойынша төлемдер көлемі.

Дискрециялық емес казыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімін талап етпейді, өйткені ол мемлекеттік бюджетке түсетін табыс пен шығындардың автоматты өзгеруін қамтамасыз етіп отыратын кіріктірме тұрақтандырғыштарға негізделеді.

Дискрециялық казыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін максатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.

Дихотомия классикалық - екі парлелльді нарықтардың: нақты және ақша нарықтарының әрекет етуі.

Дүниежүзілік банк – банк, оған 151 мемлекет кіреді және ол дамушы елдерге дамуы үшін қарыз ақша береді.

Дүниежүзілік сауда ұйымы – 1994 ж ҒАТТ шеңберінде құрылды.

Екі жақты монополия – нарықта белгілі бір тауар өндіруге бір ғана тұтынушы мен бір ғана сатушы.

Елдің төлем балансы – мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық іс-әрекеттерінің. Төлем балансына елдің барлық қарым-қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді.

Еңбек биржасы – жұмыс күші нарығында азаматтарды жұмыспен қамту бойынша мамандандырылған қызмет көрсететін мекеме.

Еңбек нарығын мемлекет тарапынан реттеу – жұмыссыздықты төмендетуге, жұмыс орындарын қалыптастыруға, кадырларды дайындауға бағытталған мемлекеттің іс шаралары.

Еңбек нарығындағы алалау – кәсіпкердің, кәсіпорын қожасының кейбір топ өкілдерін ұлтына, нәсіліне, діни сезіміне, жынысына байланысты жұмысқа алмауы, не болмаса артық көрінетін топтарға қарағанда еңбегіне неғұрлым аз төлем ақы ұсынуы.

Есептік саясат - комерциялық банктердің несиелік операцияларына ықпал ету мақсатында орталық банктің оларға беретін несиенің пайыз мөлшерлемесін өзгерту.

Жабық экономика - тауар мен қызметті экспорттамайтын және импорттамайтын ел.

Жалақы қоры- экономиканы еңбекпен қамтамасыз ететін адамдардың кірісі.

Жалақыға және бағаға бақылау орнату – белгілі бір уақыт аралығында баға мен жалақының максималды көлемін заңнамалық кезекпен қою.

Жалпы Ұлттық өнім – кез-келген ел азаматтарының бір жылдағы өз елі ішінде және басқа елде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.

Жалпы Ішкі өнім (ЖІӨ) (ЖҰӨ) – бір жылда сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан, бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Мемлекет ішінде өндірілген дайын тауар мен қызметтің жалпы нарықтағы бағасы.

Жалпы экономикалық тепе- теңдік - барлық экономикалық жүйенің және барлық нарықтардың сәйкестігі (өз ара сәйкес дамуы)

Жалыққан жұмысшылар - жұмыс күші қатарынан шыққандар, жұмыс орнын таба алмаған жұмысшылар.

Жанама салықтар – тауарлар мен қызмет көрсетулер салынатын салық.

Жедел дипозит – депозиттік мекемелерге проценттік шоттар әкелуші.

Жеке сектор- мемлекет ішіндегі жеке шаруашылықтар мен фирмалар.

Жеке табыс - адамдардың өздерінің жеке қажеттерін өтеуі үшін қанша ақша мөлшері керек екендігін көрсететін көрсеткіш

Жеке табыс – барлық үй шаруашылықтары табыстары мен трансферттік төлемдер жиынтығы.

Жеке тұтыну шығыстары – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына ұзақ және қысқа уақытқа қолдану қызметтеріне жұмсаған шығыстары.

Жетпіс саны (70) Ережесі- жылдар санын анықтау тәсілі, бұл жылдары баға деңгейі 2 есе жоғарылауы мүмкін, 70 саны инфляцияның жылдық деңгейіне бөлінеді.

Жетілген бәсеке – жетілген бәсеке орнамаған барлық нарықтар жатады, монополия, монопсония, монопалистік бәсеке, олигаполия, олигапсония.

Жинақ қаражат - тұтынуға жұмсалмайтын табыс бөлігі.

Жинақ қоры – салық төлегеннен кейінгі, қажет тауарларға жұмсалмаған табыс бөлігі.

Жиынды сұраныс - берілген бағалар денгейі кезінде қалыптасуы мүмкін тауарлар мен қызмет көрсетулерге жалпы сұраныс.

Жиынды табыс - бағалардың өнім көлеміне көбейтіндісі.

Жиынды ұлттық өнім (ЖҰӨ)- ұлттық кәсіборындардыңтерриториялық орналасуына байланыссыз ұлттық экономиканың барлық салаларындағы бүкіл тауарлар мен қызмет көрсетулердің қосымша құны.

Жиынды ұсыныс - қалыптасқан бағалар денгейіне сәйкес өндірілуі және ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемі.

Жиынды ішкі өнім (ЖІӨ) - берілген ел теритториясында орналасқан кәсіборындардың ұлттық белгілеріне байланыссыз ел экономикасының барлық салаларындағы бүкіл тауарлар мен қызмет көрсетулердің қосымша құны.

Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді қисығы – белгілі мерзімдегі жиынтық ұсыныстың қисығы баға деңгейінің өзгеруіне әсері.

Жоспарланған инвестиция - фирмалар және үкіметтің тауарлар мен қызметтер сатып алуға жоспарлап отырған шығындар жиынтығы.

Жоспарлы экономика (плановая экономика)- Үкімет ресурстарды бөлетін экономика.

Жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту саясаты- кәсіптік оқытуды ұйымдастыратын, жұмыс орындары туралы ақпарат беретін және жұмыссыздықты төмендететін программа және саясат.

Жұмыспен қамтылған халық деңгейі- нақты уақытта жұмыс күшінің құрамындағы жұмысы бар адамдар саны.

Жұмыссыздық – жұмысшы күшінің (экономикалық белсенді халықтың) бір бөлігі қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылмаған кездегі әлеуметтік экономикалық құбылыс.

Жұмыссыздық деңгейі- жалпы жұмыс күшінің ішіндегі жұмыссыздардың алатын үлесі.

Жұмыссыздықтан сақтандыру- бұл сақтандыру бағдарламасы кәсіпкерлерден алынатын салықтан қаржыландырады да, жұмыссыздарға төленеді.

Жұмысшы күш – 16 жастан бастап жалпы адам саны, жұмыс істеуші немесе жұмыссыз, психологиялық жағдайы жарамсыз ауруханаларда жататындардан басқалары.

ЖІӨ анықтаудың шығындар бойынша әдісі – дайын өнім және қызметті өндіруге кеткен барлық шығындарды қосу арқылы ЖІӨ өлшеу әдісі.

Заңмен белгіленген резерв, депозит- минималды салым деңгейі, және бұл деңгейді депозиттің мекемелер сақталуы тиіс.

Импорт – басқа елдердегі өндірістегі өнім қызметін алу үшін жеке тұлға, фирма немесе үкіметтің шығысы.

Импорт ұсынысының қисығы – төмен түсетін қисық, нақты дүние жүзілік баға деңгейіне сай импортталатын көлемі көрінеді.

Импорттық бәсеке – бір елдің фирмасы өнім мен қызметті импорттау барысында басқа елдің фирмаларымен бәсекеге түсуі.

Импорттық тауарлардың әсері- мемлекеттің таза экспорт көлемінің ондағы бағалар арасындағы кері байланыс.

Инвестиция – шаруашылық өмірге бағытталатын жақтар капитал салымы.

Инвестицияларға сұраныс қисығы – әртүрлі пайыз мөлшерлемесі деңгейінде инвестициялар көлемін көрсететін қисық

Инвестициялаудың қаржылық көзі – мұндай инвестициялар үй шаруашылықтарында қор ретінде жинақтауды қажет етпейді, бірақ бұларға қосымша еңбек қолданады

Инвестициялық тәуекел - инвестициялық ахуалды қалыптастыратын элементтер.

Инвестицияны ығыстыру әсері - мемлекеттік шығындардың көбейуі салдарынан пайыз мөлшерлемесі өсуі, соның нәтижесінде инвестицияның қысқаруы

Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

Индивидуалды табысқа салық - жеке тұлғалардың табысына салынатын салық.

Индустрия (отрасль)- фирмалар тобы (немесе бір ғана фирма) ұқсастығы бар тауарлар өндіреді.

Индуцирлі (тәуелді) инвестиция – ұлттық табыстың өзгеруіне байланысты инвестиция

Инновациялар - өндіріске жаңа өнім түріне енгізу немесе базисті ұйымдастырудың жаңа формасын енгізу.

Инфляция – жалпы бағалар өсімінен көрінетін ақшаның құнсыздануы процесі, олардың төлем қаблеттілігінің төмендеуі.

Инфляция көрсеткіштері – бағалар индекісі.

Инфляциялық үзіліс – ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін төмендету үшін қысқаруға тиісті жиынтық сұраныс көлемі.

Капитал – кәсіпкерлік қызметте пайданылатын материялдық, ақша және интеллектуалды қаражаттар сомасы түріндегі экономикалық ресурс.

Капитал қозғалысы балансының оң сальдосы- капитал қозғалысы баланс есебінің оң сальдосы.

Капитал қозғалысының есеп шоты- мемлекеттің төлем балансының бір бөлігі, бұл бөлікте капиталдардың келуі және кетуі қадағаланады.

Капитал салымдары - негізгі капиталдың ұдайы өндірісіне инвестициялар.

Капиталды шетке шығару – корпорациялар мен фирмалардың, мемлекеттің басқа елдерге капиталды ақша, несие, тауар түрінде орналастыруы. Шетелге капитал шығарудың мақсаты инвестициялау немесе салым салу арқылы өз еліне қарағанда, пайданың мөлшерін көбейтіп, барынша көп пайда табу.

Картель – фирмалар арасында өнімге баға қоюға, өнім өндіру көлемін белгілеуге және рынокты географиялық бөлігінің өнімді өткізуге нақты жазба түрінде немесе ауызша келісімге келу.

Кәсіподақ –жұмысшылар тобы, өздерінің қызығушылықтары мен қорғаныштарын және өздерінің жағдйларын жақсарту барысында жұмылдыратын мекеме.

Кәсіподақтық мекеме – кәсіпорындағы кәсіпкердің жұмыскерлер жалдауы немесе ол адам кәсіподақ құрамының мүшесі немесе белгілі бір мерзім ішінде сол құрамға мүше болатын адам.

Квази қоғамдық, квази мемелеттік өнім - өнімге немесе қызметке ерекше дәйек таратылуы мүмкін болатын яғни пайданы көп ағымы келетін жағдайда мемлекет оның өндірісін кеңейту арқылы ресурсқа деген дифициттің алдын алады.

Квази мемлекеттік банк – үкіметпен бақыланатын, бірақ, жекеменшік болып табылатын банк.

Кедейшілік көлемі - кірісі үкімет белгілеген деңгейден төмен халықтың бөлігі.

Кедейшілік- халық табысы төмен болуы, дамыған мемлекеттердің басты мәселелерінің бірі.

Кейнсиандық экономикалық теория – экономистердің көбісімен қабылданған макроэкономикалық принцип. Экономика өзінің ресурстарын толық пайдалануды өзі қамтамасыз ете алмайды, сондықтан фискалдық және ақша – несие саясатын қолдануы мүмкін.

Кейнсшілдік – Дж. М. Кейнстің жасақтаған, тиімді сұраныс тиориясы деп аталатын экономикалық теорияның бір бағыты. Оның мағынасы мынада: сұранысты ынталандыру арқылы өндіріспен тауар ұсынысына ықпал етуге болады, жұыссыздықты қысқартуға болады. Кейнс экономикаға мемлекеттің араласуы қажеттілігін дәлелдеген.

Классикалық теория – А. Смит пен Д.Рикардо ағылшын ғалымдары бастап экономикалық ілімнің өкілдері бірігіп жасақтаған теория.Олар бағалар мен табыстарды сонғы қайнар көзі ретінде өндіріс процесіндегі еңбек шығындарын белгілеген.

Классикалық экономикалық теория – 30- жылдарға дейін көптеген термин қабылданған макроэкономикалық теория. Экономика өзінің ресурстарын толығымен қолданады және экономикаға мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген қағиданы ұстанады.

Корреляция – системалық және сертті орнатқан екі рядты бір-бірімен байланысқан мәлімет.

Коуз теоремасы- бұл теорема бойынша күтпеген жағдайларды шешу үшін екі жақтың келісімі керек.

Көлеңкелі экономика – бұл мемлекетке салық төлеуді жасыратын және заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.

Көпұлтты корпорация - өз тауарларын шетелдерде шығарып, сату мүмкіндігі бар фирмалар.

Кросс- бағам - бреуде бағамды белгілейтін келісім қатысушыларының ұлттық валютасы болып табылмайтын екі шетелдік валюталардың котировкасы.

Күрделі құрылыс – күрделі салымдарды жүзеге асыру және негізгі қорларды іске қосу.

Күрделі мультипликатор – ЖІӨ өзгеруіне байланысты салықтық түсімдер мен импорттың көлеміне әкеп соқтырады.

Күтілген инфляция – белгілі уақыт мерзімінде күтілген тең көлемді инфляция.

Күтілмеген инфляция - кенеттен болатын инфляция, экономиканы зардаптарға әкеледі.

Кіріктірме (автоматты) тұрақтандырғыштар – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық денгейінің циклдік ауытқуын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Мұндай турақтандырғыштарға үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі жатады

Кіріс әсері- тұтынушының сатып алу қабілетіне тікелей әсер етеді.

Кіріс бойынша ақша айналымының жылдамдығы – ақша айналымының жылдамдығына байланысты.

Кіріске байланыссыз төлемдер - кәсіпорынға салынатын жанама салықтар.

Қалыпты табыс (кіріс) – кәсіпкерлік табыстың бір бөлігі; кәсіпкерлік қасиетін сақтау мақсатында фирманың төлеуі тиіс арнайы төлемдер; кәсіпкерлік қасиеті үшін минималды төлем (кіріс)

Қалыпты тауар – бұл тауарды тұтынушы кез-келген бағамен алуға дайын, оның өз табысының өсуіне (кемуіне) байланыссыз

Қалыпты экономика- бұл экономиканың түрінде әдет-ғұрыптар экономикалық ресурстарды пайдалануда үлкен роль атқарады.

Қоғамдық игілік – бұл тауарлар мен қызметтердің өндірісі мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.

Қор өзгермелілері - тек белгілі уақыт сәтіне белгіленеді және зерттеліп отырған объектінін жағдайын белгілі күнге қарай сипаттайды.

Қос салық салу – корпорацияларының таза табыстарының, төленетін дивиденттерге салынатын салық.

Қосылған құн – кәсіпорындар мен фирмалардың өз ішінде тікелей қосымша өндірілген тауар бағасының бір бөлігі. Қосымша құн фирманың, кәсіпорынның шығаратын өнімдері мен тауарларын сатудан, қызмет көрсетуден түскен ақшамен, оны өндіруге материал, шикізат, жартылай өнім сатып алғандағы шығындарының айырмашылығымен есептеледі.

Қосымша құн – берілген кәсіборынның өндіріс процесінде жасалынған және шығарылатын нақты өнімнің құнын жасауда кәсіборынның үлесін бейнелейтін құн.

Құрылымдық бюджеттік тапшылық- толық жұмысбастылық жағдайында мемлекеттік шығындардың салық түсімдерінен асып кетуі.

Құрылымдық жұмыссыздық - бұл жұмыссыздықтың түрі тауар өндіру технологиясы өзгергенде немесе тауарға сұраныстың өзгеруіне байланысты пайда болады. Бұл жағдай көбінесе жұмыскерлердің біліктілігінің төмендеуінен пайда болады.

Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныстың қисығы – белгілі бір мерзімде жиынтық ұсыныс қисығының ресурс бағасы тұрақты болғанда, жалпы баға деңгейінің өзгеруі.

Қысқа мерзімді тауар- тауарды пайдалану уақыты 3 жылдан кем.

Ласпейрес индексі - тауарлар мен қызметтер құрылымы өзгермейді және базалық жылғы тауарлар мен қызметтер көлемі негізгі деп алынады.

Ликвидность (өтімділік)– сатып алу қабілетінен айырыла бастаған уақытта тез әрі жеңіл ақшаға аударылатын ақша немесе зат.

Лоренц қисығы – табыстардың нақты бөлістірілуін көрсететін график.Табыстың абсалютті тең бөлістірілу сызығы мен табыстың нақты бөлістірілу сызығы арасындағы аудан табыстар теңсіздігінің дәрежесін көрсетеді.

Макроэкономика – ұлттық экономиканың даму заңдылықтары мен бағыттарын, оны реттеудің құралдары мен әдістерін тұтас түрде зерттейтін экономикалық ғылымның саласы.

Макроэкономика – шаруашылықты бір бүтін ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның бөлімі.

Макроэкономикалық үлгілер - әр түрлі экономикалық құбылыстар мен процестердің өзара байланысын анықтау, оларды логикалық, сызбалық, математикалық, алгебралық түрде бейнелеу.

Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты және құбылмалы айырбас бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі.

Мезгілдік өзгеріс – мезгілдік өзгерісіңе қарай 1 жылдың ішіңде экономикалық активтілігінің артуы немесе төмендеуі.

Мемлекеттік зайымдар - мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, бюджеттен тыс қорлар мен банктердент зайым алу.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік шығындар мен оларды қаржыландыру көздерінің жылдық жоспары.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы.

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттің кірістері мен шығыстарын анықтайтын экономикалық теорияның бөлігі.

Мемлекеттік қаржылар - мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың жиындығы.

Мемлекеттік қарызды қаржыландыру - өтелген бағалы қағаздарды жаңа бағалы қағаздарға ауыстыру.

Мемлекеттік қарызды төлеп алу - өтеу мерзімі жеткенде мемлекеттік құнды қағаздар иелеріне тиісті ақшадай төлем жасап, мемлекеттің қарыз көлемін азайту.

Мемлекеттік несие - кредиторлар мен несие алушылар ретінде мемлекет және жергілікті басқару органдары болатын несиелік қатынастардың жиынтығы.

Мемлекеттік сектор – мемлекеттік экономиканың бір бөлігі, толығымен мемлекет бақылауында болады.

Мемлекеттік төлемдер- мемлекеттің ақшалай төлемдері, осы төлемдер үшін мемлекет ағымдағы өндірістің тауарлар мен қызметтерін алады.

Мемлекеттің трансферттік төлемдері- өнім өндірмесе де төленетін төлемдер (үкіметтің ақшалай шығындары).

Минималды жалақы – кәсіпкердің заңды тұрғыда жұмыскерлерге 1 сағат жұмыс уақытына төлейтін ең төмен еңбек ақы.

Монетаризм – Кейнсшілдікке белгілі бір дәрежеде баламалы экономиканы макрореттеудің теориясы. Монетариттер жұмыспен қамтылуымен экономиканы тұрақтандыруда ақша- несиелік әдісті ең негізгі орынға қояды.

Монетаризм – монетарлық ережеге сүйене отырып, жалпы өнім көлемінің өзгерісі мен баға деңгейі өзгерісі ақша ұсынысының өзгерісіне байланысты болуы.

Монополия – бұл нарықта сатушылар саны біреу және баға мен ұсынысқа әсер ету мүмкіндігі жоғары.

Монопсония – белгілі бір өнімнің бір ғана сатып алушысының болуы.

Мультипликатор (инвестициялық) - табыс өсімі мен оны инвестиция көлемінің өсімі арасындағы өзара қатынасты көрсететін коффициент.

Мультипликатор (инвестициялық)– тепе-теңдік жалпы ішкі өнім өзгерісінің инвестициялар көлемінің өзгерісіне қатынасы.

Міндетті резерв – заңдастырылған резерв түрі.

Нақты бағам - ол екі елдегі тауар бағасының қатысы. Басқаша айтқанда ол елдің ішінде шығарылған тауар бағасын басқа елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді

Нақты валюта бағамы - екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы.

Нақты инвестиция- нақты жоспар бойынша жеке фирмалардың инвестициялары.

Нақты кіріс әкелетін баға- тауар өндірушіге нақты пайда әкелетін баға ставкасы.

Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция ескеріліп есептелінген пайыз мөлшерлемесі: инфляциядан тазартылған номиналы табысқа тең.

Нақты сектор – ең алдымен өнеркәсіп ауыл шаруашылық, құрылыс және көлік.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.)