|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 12 страницаБірінші бөлім «Кірістер мен арнайы алынған транферттерге» кірістердің 4 категориясы кіреді: 1. Салықтық түсімдер (75% жуық) 2. Салықтық емес түсімдер (11 % жуық) 3. Капитал мен жүргізілетін операциялардын түсетін түсім (13%) 4. Сырты және ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников (1%) Екінші бөлім «Шығындарға» келесі функционалды топтар кіреді: 1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: заңдылықты, атқарушы органдар, фундаменталды ғылыми зерттеулер (11%жуық) 2. Қорғаныс саласы (5%) 3. Қоғамдық тәртіп пен қәуіпсіздік (8 %) 4. Білім (18%) 5. Денсаулық сақтау(14%) 6. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру (12%) 7. Демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясына (3%) 8. Отын –энергетика кешені (1 %) 9. Ауыл шаруашылығы, су жәнеорман шаруашылығы (3%) 10. Тау –кен өнеркәсібі (1 %жоғары) 11. Көлік және байланыс (0,1%) 12. Экономикалық қызметпен байланысты қызметтер (10%) 13. Үкіметтің резервті қоры (15 %) Бюджет қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы әлеуметтік –мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлкеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады. Үшінші бөлім «Неселеу шегерілген несиені жабу» бөлімі. Бұл бөлімге бюджеттік несиелеу бойынша төлемдер сонымен қатар таза несиелеу қаржаттары кіреді. Төртінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарының арасындағы айырмашылық түріндегі бюджет тапшылығының көлеміне несиенің көлемі қосылып, төленген қаражаттар алынып тастағанннан қалған сомма жазылады. Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді. Атап айтсақ: • Ішкі қаржыландыру – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы • Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне байланысты. Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы. Мемлекеттік бюджетті теңестіру. Әрбір бюджетте мәндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін теңестіру қажет. Бюжет балансы (теңгерімділігі)– бұл тепе-теңдік;бюджетті құру барысында мемлекеттің ақшалай қаражаттары мен шығыстарының тепе –теңдік жағдайға келуі басты негізгі сұрақтардың бірі. Бюджет тапшылығы және оның түрлері. Бюджет тапшылығы несиені қоса алғанда бюджеттік түсімдер мен шығыстар арасындағы кері айырмашылықты білдіреді; ал бұл көрсеткіштер арасындағы оң айырмашылық яғни шығындардан түсімнің артық болуы артықшылықты немесе бюджет профицитін береді. Ол мемлекеттік қарыздарды жабудан кейінде артық болып, бюджет қалдығында бос қалдыруы мүмкін. Бұл бос қалдықтар жылдың соңында республика үкіметінің және арнайы жергілікті атқарушы органдардың арнайы есеп-айырысу шотына аударылады; сонымен қатар олар мемлекеттік қарызды жабуға немесе, кассалық нақты ақша айналымын арттыруда қолданылады. Тапшылық – шығыстардың табыстардан артуы. Тапшылықтың мүмкін деңгейі мемлекеттің ішкі өнімінің 2-3 пайзынан аспауы тиіс. Мұндай жағдайларда тапшылық мемлкеттік займдар мен қағаз ақшаларды эмиссиялау арқылы оңай жабылады. Бюджет тапшылығы экономиканың жағдайына әсер етеді, ал оның қалыптасуының себептеріне келесілер жатады: - ел экономикасындағы жалпы өндірістің құлдырауы - қоғамдық өндіріс шығындарыны артуы - тауар массасын жаппайтын айналымға ақшаның көптеп шығарылуы - экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін бюджеттік шығындардың ішінде әлеуметтік шығындардың басым болуы - әскери -өнеркәсіптік кешенді ұстап тұруға, басқаруға жұмсалатын қаржылар көлемінің көп болуы - «жасырын» экономиканың айнылымының ірі көлемді болуы - ұлттық шаруашыытағы өндірістік емес шығындардың артуы. Мемлекеттік бюджеттің алғашқы тапшылығы және қарыздың өзіндік қайта өндіру тетігі. Бюджет тапшылығын жабудың келесідей әдістері бар: - Мемлекеттік займдар - салық салудың артуы - ақша эмиссиясы. Бюджет тапшылығына байланысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді: 1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Бұл бюджет осы уақытқа дейін фискалдық саясаттың мақсаты болып есептелініп келді. Бірақ, бюджеттің бұл жағдайы фискалық саясаттың тұрақтандырушы бағыттылығын кемітеді. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салықтық түсімдер автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда мемлекетке салық мөлшерлемелерін арттырып, мемлекеттік шығындарды кеміту қажет немесе екі әрекеттеде жүзеге асыру қажет. Осының нәтижесінде жиынтық сұраныс кеміп, өндіріс көлемі одан әрі кемиді. Ал бюджеттік артықшылық жағдайында мемлекет келесі шараларды жүзеге асырады: салық мөлшерлерін төмендетеді немесе мемлекеттік шығындарды арттырады, немесе аталған шараларды бірге қолданады. Аталған шаралардың кез-келгенінде де инфляция деңгейі артады. 2. Циклдық негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдарауының алдын алу үшін мемлекет салықтарды төмендетіп, шығындарды арттырып, саналы түрде тапшылықты туындатады. Ал экономикалық өсу жағдайында мемлекет салықтарды көбейтіп, шығындарды кемітеді, ал қалыптасқан бюджет артықшылықтары құлдырау жылдарындағы тапшылықты, қарыздарды жабуға жұмсалады. Экономикалық цикл барысында бюджет теңгерімділігі осылай жүзеге асырылады. Бірақ құлдарай мен өрлеу тереңдігі мен ұзақтылығы бойынша бірдей болмағандықтан, бюджеттің циклдық тепе-теңдігінің бұзылуы орын алады. 3. Қаржының функционалдық концепциясының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл жағдайда салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады. Осының нәтижесінде тапшылық өзі-өзі қаржыландырады. Циклдық негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттарына тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың екі әдісі бар: 1. Шаруашлық есептегі кәсіпорындарды қаржыландыру. Ол жеке меншікті ресурстар арқылы, банк несиесі арқылы, сонымен қатар бюджет қаржаттары арқылы жүргізіледі. 2. Бюджеттік қаржыландыру. Ол арнайы құжат- смета арқылы жүргізлетін әлеуметтік-мәдени шараларды, мемлекеттік билік органдарын, қорғаныс саласын қаржыландыруда пайдаланылады. Мұндай мекемелер бюджеттік деп аталады. Сонымен қатар бюджеттің қаржыландырудың келесідей нысандары бар: • Дотация. Ақшалай қаражаттар қайтарымсыз тұрғыда бюджет пен бюджеттік емес қорлардан кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін қолданылады • Субвенция. Қаржылық көмектің бұл түрі халықты әлеуметтік қолдау бойынша бойынша дайындалатын бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. • Субсидия. бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы. Мемлекеттік қарызын басқару Мемлекеттік қарызды басқару - мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған қарызына қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қарызды басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ретте - қарызды есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету үдерістерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі ретіндегі мемлекеттік қарыз мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік борышты басқарудың нақтылы үдерісі: 1) алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын онда оған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету көлемдері, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұсынудың лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып жыл сайынғы бағалауды кіріктіреді. Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың көлемдері мен құрылымының негізінде жүзеге асырады; 2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін тәртіппен үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органның борышын, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін айқындауын; 3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын; 4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік қарыздарды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды тіркеуін, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын; 5) борыш құрылымын оңтайландыру жөніндегі, соның ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы кағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борышты, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі борыш және мемлекеттің алдындағы борыш тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шаралар дайындап, іске асыруын; 6) мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен рыноктарды әртараптандыру, әр түрлі туынды қаржылық құралдарды (тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін рынокта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардтық, фьючерлік және басқа мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндет- темелері мемлекеттік кепілдіктермен және кепілгерліктермен қамтамасыз етілген заңи тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажетті шаралар қабылдауды кіріктіреді. Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару Үкімет айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың шектелімдері белгіленген. Бұл шектелімдер тиісінше республикалық бюджетте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге (қаржылық жылдың аяғына) тиісті құрылымның нақты борышынан аспауы тиіс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджеттік қаражаттар көлемімен шектеледі. Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражаттарының көлемімен шектеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, ол шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражаттар есебінен Ұлттық банк арқылы Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган борышының лимитін Үкімет белгілейді. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс. Заңмен мемлекеттік кепілдіктерді берудің лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттіің құрамында бекітілетін тіркелген сомасы белгіленеді, бұл соманың шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі - үкіметтің кредитор алдында Қазақстан Республикасының қарыз алушы- резиденттерінің одан тиісті соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсетуді олар жергілікті бюджеттерде қарастырылған қаражаттар есебінен Үкімет анықтаған тәртіппен жүзеге асырады. Мемлекеттік борышты басқарудың әдістері Мемлекеттік борышты басқарудың әлемдік практикасы сонымен бірге мынадай әдістерді қарастырады: қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кемімелі арасалмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін ұзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту. Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен өтеуді білдіреді. Бұл ретте, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық арасалмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі. Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыздық облигацияларды сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді. Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады.
Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады. Облигацияларды кемімелі арасалмақ бойынша айырбастау Ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі. Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржылық қиыншылықтар кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді. Мемлекеттік борышты төлеуден бастарту (күшін жою) елде саяси режім ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мүмкін. Мемлекеттік борышты басқарудың аталған әдістері әр түрлі үйлесімде бір мезгілде, мысалы айырбастау, мерзімді ұзарту және сәйкестендіру немесе айырбастау және сәйкестендіру және т.с.с. қолданылуы мүмкін. Қаржыны сауықтыру, соның ішінде мемлекеттік борыштың өсу қарқынын төмендету жөніндегі шаралардың ішінде мемлекеттік меншіктің бір бөлігін өткізуге болады, яғни жекеше секторға сату жолымен активтердің бір бөлігінен бас тарту; бұл тиімділігі аз меншікті қолдау жөніндегі мемлекет көтеретін ауыртпалықты азайтады. Ұлттық экономиканы дамыту шикізат салаларына шетел кредиттерін, инвестицияларын салмайынша, экспорт және импорт алмастырушы салаларға, аграрлық сектор мен тұтыну тауарларының өндірісіне озат технологияларды тартпайынша мүмкін емес. Бірақ шетел капиталы мен валюталық ресурстарды тарту оларды жоғары тиімділікпен пайдалануға, лайықты қарыздық қаражаттардың қайтарымына дәлелді тәсілдемені қажет етеді: негізгі борыштың сомасы мен пайыздарын төлеу бұл жағдайда нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдердің қарамағына беруді қажет етеді. Елеулі сыртқы борыштың көбеюі ұлттық валюта бағамының, экспорт пен импорттың арасалмағының өзгеруімен, отандық экономиканың дамуындағы қиыншылықтармен байланысты ұзақ мерзімді теріс экономикалық зардаптарды тудыруы мүмкін. ТАҚЫРЫП 11: ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТА БАҒАМЫ Мақсаты: Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы шоттарының өзара байланысы. Шағын ашық экономика үлгісі. Валюталық жүйе және валюталық бағам. Сатып алушылық қабілет паритеті. Ашық экономикадағы IS-LM үлгісі. Манделл - Флеминг үлгісі. Ол үшін дәріс сабағына мынадай сұрақтар шығарылады. Дәріс жоспары: 1. Төлем балансы және оның құрылымы. 2. Валюталық жүйе және валюталық бағам 3.Ашық экономикадағы IS-LM үлгісі Тақырыптың мазмұны: Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы – мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық іс-әрекеттерінің көрінісі, айнасы. Төлем балансына елдің барлық қарым-қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша төлем балансы құрамына мыналар кіреді: Ағымдық операциялар шоты – тауар мен қызметтер экспорты мен импорты, таза инвестициядан таза табыстар және таза трансферттік аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың) Капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының шоты – ұзақ мерзімдік инвестициялар (тікелей және қоржындық); қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы шотына активтермен жасалған халықаралық мәмілелер кіреді: акция, облигация, жылжымайтын мүліктен түскен табыс және шетелден сатып алынған активтерге шығындар. Ресми резервтер өзгерісі – мемлекеттің алтын қоры, әлемдік баға мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты алтын валюта резервін қайта бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын қорына ауыстыру, ХВҚ-ның кейбір елдерге СДР беруі, шетел валютасының резервін пайдалану.
Төлем балансы шоттарының өзара байланысы. Төлем балансы шоттарының өзара байланысы Ағымдық шот пен қаржы шотының байланысын былай көрсетуге болады. Макроэкономикалық тепе-теңдік Y = C + I + G + Xn ↓ Y –C – G = C – I – G – Xn – (C + G) ↓ Sn = Sn = I + Xn, Sn – ұлттық қор жинағы ↓ (I – S) + Xn = 0 (ҰБ-тың араласуынсыз икемді валюта бағамы режиміндегі төлем балансы), мұнда: (I – S) – капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының сальдосы, Xn – ағымдық операциялар сальдосын көрсетеді. Макроэкономикалық тепе-теңдіктен қаржы шоты мен ағымдық шоттардың бір-біріне теңесіп отыратындығын көреміз. X – M = Xn = – (I – S) = S – I сыртқы баланс ішкі баланс Төлем балансының ағымдық операциялар бойынша тапшылығы көбінесе капиталдың таза келуімен қаржыландырылады. Xn < 0 => X – M<0 => X < M I – S > 0 => I > S шетелден валюта келеді. (қарыздар) Егер инвестиция ұлттық жинақ қорынан жоғары болса (I > S), онда инвестиция шетелдерден қаржыландырылады. Мемлекет әлемдік рынокта қарыздар болады. Керісінше, егер ұлттық жинақ қоры инвестициядан жоғары болса (S > I) болса, онда артық жинақтаулар шетелдіктерді несиелеуге жұмсалады. X > M => Xn > 0, бұл жағдайда мемлекет әлемдік рынокта кредитор болады. Сонымен ағымдық операциялардың активті сальдосы капиталдың кетуіне әсер етеді, өйткені ағымдық шоттағы артық қаржы шетелде қозғалмайтын мүлік алуға, қарызға беруге жұмсалады. Xn > 0 => X – M > 0 => X > M I – S < 0 => I < S валюта шетелге кетеді. (кредитор) Мұндай төлем балансының реттелуі тек ұлттық банктің ешқандай араласуынсыз, ресми валюталық резервті өзгертпеген жағдайда жүзеге асырылады. Валюта бағамының икемді болуы (еркін болуы) ағымдық және қаржылық шоттарды автоматты түрде теңестіріп отырады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.) |