|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 6 страницаСурет-3 – Жұмыссыздықпен күресудің классикалық тәсілі Егер, жалақы деңгейі (W2) еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының теңдестігі нүктесі деңгейінен (Сурет-3-те А нүктесінен) жоғары болса, онда елдегі жұмыссыздық ұлғаяды. Себебі, еңбек ұсынысының сұранысынан артып кетуі (SL > DL) кезінде жалақы деңгейінің көтерілуі үрдісі (W1-ден W2-ге) жүріледі. Мұндай жағдайда, кейбіреулер әлде қайда жоғары жалақылы жұмысты күтіп уақытша жұмыссыздық күйін кешеді. Осындай себеппен байланысты туындаған жұмыссыздық түрін күтілім жұмыссыздығы (Uw) деп атайды. Оның шамасы тең болады: Uw = L3 – L2 (7) Керісінше, жалақы деңгейі (W1-ден W3-ке) төмен жағдайда да жұмыссыздықтың шамасы (UА) жоғарлайды және ол тең болады: UА = L4 – L2 (8) Жұмыссыздықтың әлде қайда қалаулы деңгейіне еңбек ұсынысы мен еңбекке сұраныстың теңдестігі жағдайында (А нүктесінде), яғни жалақы деңгейінің теңдестігінде (W1) қол жеткізуге болады. Кейнсиандық тәсіл Жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен жұмыссыздық туындайды. Жиынтық сұраныстың (АD) өзгерісі ұлттық өндірістің көлемін (Ү) өзгеріске ұшыратады (Сурет-4). Демек, ол жұмыс күшіне деген сұранысқа ықпал етуші негізгі фактор болып табылады. Кейнсиандықтардың пікірінше ұлттық өндіріс пен жұмысбастылықтың шамасы ұсыныс факторларымен емес, төлем қабілетті сұраныс факторларымен анықталады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуімен (Сурет-4-де АD1-ден АD2-ге) жұмыссыздық та төмендейді. Кейнсиандық теорияға сәйкес жұмыссыздықты азайту үшін жиынтық сұранысты ынталандыру соның ішінде мемлекеттік шығындарды көбейту, салықты азайту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шараларын мемлекет тарапынан жүргізуге болады.
Сурет-4 – Жұмыссыздықпен күресудің кейнсиандық тәсілі Мальтузиандық тәсіл Ағылшын экономисті Томас Мальтустың пікірінше жұмыссыздықтың негізгі себептерінің бірі – халық санының теңгерімсіз өсуі. Олай болса, Мальтузиандық тәсіл бойынша, жұмыссыздық деңгейін өсірмеу үшін мемлекеттік деңгейде бала тууды шектеу саясатын жүргізу, жұмыссыздықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Инфляция мәні және оның түрлері. Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі – инфляция. Инфляция (inflatio) – бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жай инфляция кезінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) – орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі. Макроэкономикалық үлгілерде инфляция деңгейі келесі түрде бейнеленеді: Рдо – Рдө π = ———— × 100 % (9) Рдө Мұндағы, π – инфляция деңгейі, %; Рдо – ағымдағы кезеңдегі бағаның орташа деңгейі, %; Рдө – базистік кезеңдегі бағаның орташа деңгейі, %. Орташа баға деңгейі баға индексінің көмегімен анықталады. Кей жағдайларда инфляция деңгейін анықтауда тұтыну бағасының индексі (СРІ) қолданылады. Онда, инфляция деңгейі келесі түрде өрнектеледі: СРІо – СРІө π = —————— (10) СРІө Мұндағы, СРІо – ағымдағы кезеңдегі тұтыну бағасының индексі, %; СРІө – базистік кезеңдегі тұтыну бағасының индексі, %. Егер, инфляция деңгейі көрсеткішінің мәні теріс таңбалы (π > 0) болса, онда аталмыш кезеңде дефляциялық үрдіс жүрілгені. Яғни, дефляция – ол елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі төмендеуі үрдісі. Ласпейрес индексімен (тұтыну бағасының индексімен) және Пааше индексімен (ЖІӨ-нің дефляторымен) есептелген инфляция деңгейінің көрсеткіштері едәуір айырмашылықта болады. Мысалы: Кесте-2 – Ресейдегі 1996-1999 жылдардағы инфляция деңгейі, %
Әртүрлі елдердегі инфляциялық үрдістің себептері де сан түрлі. Өйткені, мұндағы инфляцияны қоздыратын факторлардың комбинациясы сол елдегі нақты экономикалық жағдайларға байланысты болады. Енді осылардың кейбіреулеріне тоқталар болсақ: Біріншіден, инфляция мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мақсатында «ақша станогын» белсенді пайдаланған кезде ұлғаяды. Яғни, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы орталық эмиссия банкінен заемдар арқылы қаржыландырылса, айналыста пайда болған артық ақша массасы салдарынан инфляция қарқыны ұлғаяды; Екіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуінің себебі, қазіргі қалыптасқан экономикалық жүйенің ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезең нарықтық экономикаға, яғни өндірушілері көп, тауарлары мен қызметтері сан алуан, капитал ауысуы оңай жетілген бәсекелес нарыққа соншалықты ұқсамайды. Қазіргі нарық әлде қайда олигополиялық нарыққа жақын келеді. Ал, олигополист едәуір дәрежеде бағаны бақылайды. Олар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес нарықта олигополисттер мен монополисттер тауарлар ұсынысын қысқарту арқылы, «жасанды» тапшылық жасай отырып, жоғары баға деңгейіне ұмтылады; Үшіншіден, елдің экономикасының ашық болуы, оның экономикасына біртіндеп әлемдік шаруашылық байланыстарға тереңдеп енуі барысында импорттық инфляция қауіпін төндіреді. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі әркез шектеулі болады. Әрине, ел ұлттық валютасын ревальвациялау * арқылы импортты арзандата алады. Алайда, ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік нарықта елдің экономикасының бәсекеге қабілетін төмендетеді; Төртіншіден, инфляциялық күтіліс салдарынан инфляция өзіне-өзі дем беруші сипат алады. Яғни, баға деңгейінің көтерілуі жағдайында өмір сүріп үйренген халық бағаның бұдан әрі өсуін күтеді. Мұндай кезде еңбекшілер жалақының (табыстың) көтерілуін талап етеді. Табыстың өсуінің қолайлы әсерінен және бағаның өсуінен қауіптенген халық тауарларды көптеп сатып ала бастайды. Сұраныстың артуын пайдаланып және қосымша жалақылық шығындары салдарынан өндірушілер өз өнімдеріне бағаларды көтереді. Инфляцияны қалыптасуы, өтуі, анықталуы, қарқыны және т.б. себептерімен байланысты келесі түрде жіктейді: Бағаның еркіндігі дәрежесі бойынша: · ашық инфляция – еркін (бақылау орнатылмаған) бағаның деңгейінің көтерілуі үрдісі; · қысымға түскен – үкіметтің баға мен табысты уақытша тұрақтандыру мақсатында, бағаға бақылау орнатуы кезіндегі инфляция; Инфляцияның өту қарқыны бойынша: · сырғымалы – инфляцияның қарқыны жылына 10 %-ға дейін (π < 10); · өршімелі – жылына 10 %-дан 200 %-ға дейін(10 ≤ π < 200); · гиперинфляция – жылына 200%-дан артық (π ≥ 200). * елдегі шетел валютасына сұраныстың төмендеуі ұлттық валютаның бекітілген айырбас бағамының төмен белгіленгенін білдіреді. Мұндай жағдайда, елдің экспорттан алатын пайдасы төмендейді және импорты артады. Бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін төмендетеді. Сондықтан, Ұлттық банк ұлттық валютаның бекітілген айырбас бағамын көтереді және бұл шара ұлттық валютаны ревальвациялау деп аталады. Инфляцияның пайда болу тегіне байланысты: · сұраныс инфляциясы – артық жиынтық сұраныс салдарынан пайда болған инфляция; · ұсыныс инфляциясы – жеткіліксіз жиынтық ұсыныс салдарынан пайда болған инфляция Инфляцияның байқалуы дәрежесіне байланысты: · болжанған инфляция – экономикалық агенттердің алдын-ала болжаған деңгейінде (күтіп отырған қарқынмен) өтетін инфляция; · болжанбаған инфляция – экономикалық агенттер күтпеген қарқынмен өтетін инфляция. Бағаның өсу қарқынына экономиканың қаншалықты нәтижелі бейімделуіне байланысты: · балансталған инфляция – басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты өзгеруіне сәйкес бағаның бірқалыпты өсуі; · балансталмаған инфляция – бұл кезде экономика өзгеріп жатқан жағдайларға уақтылы бейімделе алмайды. Инфляцияның таралу ауқымына қарай: · ұлттық; · әлемдік және т.б..
Сурет-7 – Инфляциялық шиыршық Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының үйлесуі инфляция шиыршығын (спираль) туындатады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуі мен жиынтық ұсыныстық қысқаруының қатар өтуі жағдайында баға деңгейінің көтерілуі, гиперинфляцияны туындатады. Мысалы, экономиканың толық жұмысбастылыққа жуық сатысында, ақша ұсынысының ұлғаюы нәтижесінде жиынтық сұраныстың өсуі (АD1-ден АD2-ге) өндіріс көлемінің ұлғаюына (Ү1-ден Ү2-ге) ықпал етумен қатар, баға деңгейінің де көтерілуін (Р д 1-ден Р д 2-ге) туындатады (Сурет-7). Өндірістің ұлғаюымен байланысты ресурстарға сұраныстың артуы және ресурстардың толық дерлік жұмысбастылығы, уақыт өте келе олардың бағаларын өсіреді. Өндіріс шығындарының бұлай ұлғаюы жиынтық ұсынысты (AS1-ден AS2-ге) азайта отырып баға деңгейінің Р д 2-ден Р д 3-ке көтереді. Нәтижесінде, ұсыныс инфляциясы туындайды. Егер, мұндай жағдай одан әрі жалғасар болса инфляция қарқыны үдей түседі де, инфляциялық шиыршық орын алады. Енді, инфляцияның табыстардың бөлінуіндегі рөліне тоқталар болсақ, мұндай әсерлер екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, тұлға біреуден бір жылға 5%-бен 100 мың теңге қарыз алу арқылы, қандай да бір тауар сатып алды делік. Осы жылы 10 %-дық инфляция болса жыл соңында ол 105 мың теңге етіп қарызын қайтару тиіс. Сонымен қатар, жыл соңында қарыз алушының сатып алған тауарының бағасы 110 теңге болады (инфляция салдарынан). Сонда, қарыз алушы жыл соңында 5 мың теңге ұтыс алады (110 – 105 = 5 теңге). Ал, қарыз беруші 5 мың теңге пайда тапқанымен, инфляция салдарынан 10 мың теңге зиян шегеді. Нәтижесінде, ол қаражатының 5 мың теңгесін жоғалтады. Бұл мысалдан, инфляция кезінде бұған дейін қарыз бергендер көбірек, ал қарыз алушылар әлде қайда аз зиян шегетінін немесе тіптен пайда табуы да мүмкін екенін байқаймыз. Яғни, инфляция табыстардың бөлінуіне түрлі әсер етеді екен. Ақшалай немесе атаулы табыс – бұл адамдардың еңбек ақы, рента, пайыз немесе пайда түрінде қолына алатын ақша мөлшері. Ал, нақты табыс атаулы табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің мөлшерімен анықталады. Егер, атаулы табыс баға деңгейінің өсуіне (инфляция қарқынына) қарағанда жоғары қарқынмен өссе, онда нақты табыс артады. Ал, керісінше инфляция қарқыны атаулы табыстың өсу қарқынына қарағанда шапшаң өссе нақты табыс азаяды. Бұл жағдайды жуықтап келесі түрде бейнелеуге болады: Δ Rн = Δ Rа – π (11) Мұндағы, ΔRн – нақты табыстың өзгерісі, %; ΔRн – атаулы табыстың өзгерісі, %; π – инфляция қарқыны, %; Мысалы, атаулы табыстың 5 %-ға көтерілуі 10%-дық инфляция кезінде нақты табыстың 5 %-ға азаюын алып келеді. Егер, Rн / Rа > 1 болса, табыс иесінің өмір сүру деңгейі артады, ал керісінше Rн / Rа < 1 болса төмендейді. Мұндағы, Rн – нақты табыс, Rн – атаулы табыс. Табыстардың бөлінуіне инфляция өзінің байқалу дәрежесіне байланысты әртүрлі әсер етеді. Болжанған инфляция жағдайында табыс иесі инфляцияның жағымсыз салдарының алдын-алу немесе азайту үшін шаралар қолданады. Олай істемеген жағдайда, оның нақты табысының шамасына кері әсер болады. Яғни, нақты табыстың шамасы инфляция шамасына қысқарады. Ұлттық табыстың атаулы мөлшеріне инфляция салдарынан арылту үшін түзетулер Фишер теңдігінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Фишер теңдігі келесі түрде бейнеленеді: i = r + πе (12) Мұндағы, r – нақты пайыздық мөлшерлеме, %; i – атаулы пайыздық мөлшерлеме, %; πе – күтілетін инфляция деңгейі, %; Инфляция қарқыны 10%-дан көп болған жағдайда Фишер теңдігі келесі түрде болады: i – πе r = ——— (13) 1 + πе Болжанбаған инфляция атаулы табысы орташа баға деңгейінен тез өсетін экономикалық агенттердің табысынан басқа барлық түрдегі тұрақты табыстарды қысқартады. Болжанбаған инфляция кезінде қарыз алушы қарыз беруші есебінен ұтымды жағдайда болады. Өйткені, қарыз алушы өз қарызын құнсызданған ақшамен қайтарады. Мысалы, үкімет мемлекеттік қарыз көптеп жинақталып қалған кезде қысқа мерзімдік инфляцияны белсендіру саясатын жүргізу арқылы өз қарызын салыстырмалы түрде құнсыздандырады. Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін инфляцияға қарсы бағытталған белгілі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүрлейді. Бірақ, жүргізілетін саясаттар әр елдің ерекшеліктеріне байланысты болады. Инфляцияға қарсы саясаттың негізінен екі бағыты бар. Олар: ● кейнсиандық инфляцияға қарсы саясат; ● монетаристтік инфляцияға қарсы саясат. Бірінші бағыт бюджеттік-салықтық (фискальдық) саясатты жақтайды. Мұндай жағдайда үкімет мемлекеттік шығыстар мен кірістерді (салықтарды) икемді пайдалану арқылы төлем қабілетті сұранысқа ықпал жасайды. Сұраныс инфляциясы кезінде үкімет өз шығыстарын қысқартып, салықтар шамасын арттырады. Нәтижесінде, сұраныс қысқарады және инфляция қарқыны бәсеңдейді. Алайда, мұнымен қатар өндіріс көлемі қысқарып, жұмыссыздық өседі, экономикада күйзеліс белгілері байқалады. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық құны. Экономиканың құлдырау кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік-салықтық саясат жүргізіледі. Егер, сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары жүзеге асырыла бастайды және салықтар деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте олар табыстарын жедел пайдаланады. Сөйтіп, тауарлар мен қызметтерге сұраныс ұлғаяды. Бюджет қаржылары арқылы ынталандыру сұранысты арттырғанымен, бюджеттің тапшылығын арттырады. Бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салықтар арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылта түседі. Екінші бағыт экономикада пайда болған инфляциялық ақауларды ақша-несие (монетарлық) саясат арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, Ұлттық банкпен дербес жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша массасын және несие пайызының мөлшерлемесін өзгерту шаралары арқылы жүзеге асырылады. Экономикаға қысқа мерзімдік кезеңінде ықпал жасау құралы ретінде ақша-несие саясаты, дәлірек айтқанда артық, төлем қабілеті бар сұранысты тежеу үшін ақша және пайыз мөлшерлемесі саяси құралдары қолданылады. Антиинфляциялық саясатты шартты түрде 2 типке бөлуге болады: · инфляцияға ыңғайласу; · инфляциямен күресу. Инфляцияға ыңғайласу жағдайында табысты индекстеу шаралары жүргізіледі, бірақ бұл шара өте шектеулі болады. Өйткені, өте жоғары индекстеу (100%-ға жуық) «жалақы-баға» инфляциялық шиыршығын тудыруы мүмкін. Инфляцияға қарсы күресу шараларының ішінен «естен тандыру терапиясын» ерекше атауға болады (Ресей 1992-жылы). Қымбат несиелер арқылы әлсіз фирмалардың жұмысын тоқтату, әлеуметтік топтардың табыс айырмашылығының күрт өсуі, өндірістің қысқаруы, жұмыссыздықтың өсу нәтижесінде инфляцияны тоқтату. Инфляция - орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы. Дефляция- орташа баға деңгейінің төмендеуі. Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) –бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі Дезинфляция- инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны). Инфляцияның мынадай түрлері бар: 1. Өту қарқынына байланысты 3 түрге бөлінеді: 1 ) баяу инфляция, жылдық инфляция деңгейі 10% –ке дейін. 2) қарқынды инфляция (20%-200%) 3) ұшқыр немесе гиперинфляция. Мұнда ақша айналымы толық бұзылады. Мысалы, инфляция деңгейі 1985 жылы Боливияда 3400%, 1990 жылы Аргентинада 2000% құрады. Дүниежүзілік рекорд әзірге Никарагуа елінде – 33000%. 2. Өту формасына байланысты ашық және басыңқы инфляция болады. Еркін баға белгіленетін нарықтық экономикаға ашық инфляция тән. Ашық инфляцияда бағаның өсуі анық көрінеді. Басыңқы немесе жасырын инфляция реттелетін бағалар қолданылатын әміршілдік экономикаға тән. Бағаға бақылау жасайтындықтан мұндай экономикада бағаның өсуі байқалмайды, ол жасырын түрде болады. Бірақ инфляция әрекетін тауар тапшылығынан, өнім сапасының нашарлығынан, бартерлік айырбастаудың дамуынан көруге болады. 3. Инфляцияның пайда болу себебіне байланысты сұраным және шығындар (ұсыным) инфляциясы болады. Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс теңдігі сұраным жағынан бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде, мемлекеттің әскери және әлеуметтік мақсаттағы шығындарының өсуінде пайда болады. Шығындар инфляциясы. Енді, шығу тегіне байланысты сұраныс және ұсыныс (шығындар) инфляцияларына нақтырақ тоқталайық: Шығындар инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы – бұл орташа шығындардың өсуі немесе жиынтық ұсыныстың азаюы салдарынан туындайтын баға деңгейінің көтерілу үрдісі. Орташа шығындардың өсуі тұрақты жиынтық өнім көлеміне жалпы шығындарды ұлғайтады. Орташа шығындардың өсуінің негізгі себептері: · атаулы еңбек ақының еңбек өнімділігінің өсуіне теңгерімсіз өсуі; · шикізаттарға бағалардың көтерілуі; · Салықтың артуы және т.с.с.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.) |