|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Таза экспорт - экспорттан импортты шегереміз 4 страницав) жалпы табыс + трансферттік төлем. 46. Жабық экономикада шеңберлі ағындар үлгісіне қандай ағындар кіреді: а) табыстар және шығындар; ә) экспорт және импорт; б) инвестициялар; в) инвестиция және жинақтар. 47. Ұлттық байлық – бұл: а) тауарлар мен қызметтердің ағымдық құны; ә) қоғамның өмір бойы жинақтаған материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы; б) белгілі бір мемлекеттің резиденттерінің тапқан табыстарының жиынтығы; в) үй шаруашылықтарының жұмсайтын табыстары. 48. Соңғы пайдалану әдісімен есептелген ЖҰӨ мыналардың қайсысынан құрылады? а) тұтыну шығындары мен мемлекеттік сатып алымдардан; ә) жалпы ішкі инвестициялардан; б) таза экспорттан; в) осы аталғандардың барлығынан. 49. ЖҰӨ-ді өндірістік әдіспен есептегенде өндірілген тауарлар мен қызметтердің құнынан қандай көрсеткіш шегеріледі: а) амортизация; ә) қосылған құн; б) аралық тауарлар мен қызметтер; в) ешқандай көрсеткіш шегерілмейді. 50. Мыналардың қайсысы «қорға» жатпайды? а) мемлекеттік бюджет тапшылығы; ә) елдегі жұмыссыздар саны; б) экономикадағы капитал құны; в) банк шотындағы салымдардың мөлшері. 51. Француз фирмасы Ресейде жұмыс істейді және ресей нарықтарының барлық субъектілеріне қызмет көрсетеді. Фирманың атқаратын қызметінің құны мыналардың қайсысына кіреді? а) Францияның ЖҰӨ-не және Ресейдің ЖІӨ-не; ә) тек Францияның ЖҰӨ-не; б) тек Ресейдің ЖҰӨ-не; в) Францияның ЖІӨ-не және Ресейдің ЖҰӨ-не. 52. Ұлттық есеп-шоттар жүйесі – бұл: а) ағымдық кезеңдегі ТБИ-ң пайыздық өзгерісі; ә) ЖҰӨ-ді есептейтін жалпы көрсеткіштер жүйесі; б) ұлттық өнімді және табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлуді және пайдалануды сипаттайтын өзара байланысқан көрсеткіштер жиынтығы; в) белгілі бір елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің қосылған құндарын есептейтін көрсеткіштер жиынтығы.
ТАҚЫРЫП 3: МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДАР, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, ИНФЛЯЦИЯ Жаттығулар, есептер, тапсырмалар: 1. Белгілі бір елде халық саны – 8 млн., олардың ішінде 5 млн. адам - балалар мен зейнеткерлер. Ағымдағы жылы 120 мың адам жұмыстарын ауыстыруына байланысты 3 ай жұмыссыздар қатарында болды, 100 мың адам өз біліктіліктерін көтеру мақсатында 6 ай жұмыссыз жүрді, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты 200 мың адам өз жұмыстарын жоғалтты, бірақ олардың 60 мыңы жұмыспен қамтылды (4 айдан кейін). Сол елдің жұмыссыздық деңгейін анықтаңыздар.
2. Табиғи жұмыссыздық – 8 %. Балалар мен жұмысқа жарамсыздар – 80 млн. Егер фрикциондық жұмыссыздық мөлшері – 3 млн., құрылымдық жұмыссыздық мөлшері – 2 млн. және мәжбүрлі жұмыссыздық мөлшері – 4 млн. адам болса, онда елдегі халық саны қанша?
3. Экономикадағы табиғи жұмыссыздық деңгейін анықтаңыздар, егер ағымдағы жылы 4 млн. адам жұмыс орнын ауыстыруға байланысты жұмыссыз болса, ал 5 млн. адам өз біліктіліктерін жоғарылату арқылы жұмысқа орналасты. Экономикалық құлдырауға байланысты 7 млн. адам жұмысын жоғалтты. Халық саны – 280 млн. адам, олардың 130 млн. – ы балалар мен жұмысқа жарамсыздар болып табылады.
4. Мәжбүрлі жұмыссыздық мөлшерін анықтаңыздар, елдің халық саны 30 млн. адам, олардың 10 млн. – ы – жұмысқа қабілетсіздер мен балалар. Жұмыссыздық деңгейі 7 %, ал табиғи жұмыссыздық – 5 %.
5. Келесідей деректер бар: Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн. адам, жұмыссыздар саны 10 млн. адам. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңыздар. 90 млн. жұмыспен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн. адам жұмыстан шығарылған еді, 1 млн. адам ресми тіркелген жұмыссыздар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыз: а) жұмыспен қамтылғандардың санын; б) жұмыссыздар санын; в) жұмыссыздық көлемін.
6. Елдегі халық саны – 10,5 млн. адам, фрикциондық жұмыссыздық мөлшері – 100 мың, құрылымдық жұмыссыздық – 200 мың адам және мәжбүрлі жұмыссыздық – 300 мың адамды құрайды. Табиғи жұмыссыздық деңгейі - 5%. Елдегі еңбекке қабілетті адамдардың санын анықтаңыз.
7. Мына орын алған жағдайлардың жұмыссыздықтың қандай түріне (фрикциондыққа, құрылымдыққа немесе циклдікке) жататынын анықтаңыз: - Жалпы экономикалық құлдыраумен байланысты орын алған қолайсыз нарықтық жағдай автомобиль рыногында жүздеген жұмысшылардың жұмыстан шығуына мәжбүрлейді. - Маңызды ресурс ретінде көмір отынына деген сұраныстың төмендеуі және уран ресурсына деген сұраныстың өсуі салдарынан шахтерлердің арасында жұмыссыздықтың өсуіне алып келді. - Мектеп директоры көп жағдайда қақтығыстық проблемалар туындатады, осының салдарынан бірқатар оқытушылар жұмыстан шығуға мәжбүр болады және басқа мектептерден жұмыс іздеуге тура келеді. - 1998 жылы болған қаржылық дағдарыс салдарынан көптеген туристік компаниялардың әрекеттері тоқтай бастады және олар өз қызметкерлерін амалсыздан жұмыстан шығарды және демалысқа жіберуге мәжбүрлі болды. - Жоғарғы оқу орнын бітірген студент бұрынғы үлкен электронды есептеу машинасында жұмыс істеу білімін игерген қабілеті нарықтық сұранысқа ие болмай қалды, осының салдарынан ол жаңа электронды технологияларды оқуды қолға ала бастады. - Жаңадан тұрмысқа шыққан жас әйел жолдасының үйіне көшкеннен кейін бұрынғы жұмыс орнынан шықты және бұрынғы мамандығы бойынша жаңа мекен – жайына сәйкес жұмыс орнын іздеуде.
Тест сұрақтары: 1. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі: а) фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты есепке алады; ә) циклдық жұмыссыздықты есепке алады; б) тек құрылымдық жұмыссыздықты есепке алады; в) тек фрикциондық жұмыссыздықты есепке алады. 2. Жалақы қатаңдығының себептері: а) еңбекке салынатын салықтар болып табылады; ә) минималды жалақы туралы заңдылықтар болып табылады; б) кәсіподақтардың билігі болып табылады; в) барлық жауаптар дұрыс. 3. Классикалық теорияға сәйкес минималды жалақыны өсіру мынаған әкеледі: а) халық табыстарының өсуіне; ә) жұмыссыздықтың өсуіне; б) жұмысбастылық деңгейінің өсуіне; в) инвестицияны тұрақтандыруға. 4. Өндірістің әлеуетті көлемі: а) толық жұмысбастылық кезінде орын алады; ә) конъюнктуралық жұмыссыздық болмаған кезде орын алады; б) ұзақ мерзімді кезеңде орын алады; в) аталғандардың барлығы дұрыс. 5. Табиғи жұмыссыздық кезінде: а) циклдік жұмыссыздық нөлге тең; ә) экономиканың әлеуеті орын алады; б) толық жұмысбастылық орын алады; в) барлық жауаптар дұрыс. 6. Жалақының жоғары мөлшерлемесі: а) жұмыс күшінің тұрақтамаушылығы қысқарады; ә) еңбек өнімділігін арттырады; б) жұмыскерлердің өмір сүру деңгейін арттырады; в) аталғандардың барлығы дұрыс. 7. Оукен заңы нені көрсетеді? а) нақты ЖҰӨ мен жұмыссыздық арасындағы кері байланысты; ә) нақты ЖҰӨ мен жұмыссыздық арасындағы тура байланысты; б) атаулы ЖҰӨ мен жұмыссыздық арасындағы тура байланысты; в) атаулы ЖҰӨ мен инфляция арасындағы кері байланысты. 8. Мына адамдардың қайсысы жұмыс күші құрамына жатқызылады: а) зейнетке шыққан кондитер; ә) жарты ставкаға жұмыс істейтін үй шаруасындағы әйел; б) жұмыс табудан көңілі қалған мектеп мұғалімі; в) сотталған, 25 жасар рекитер. 9. Жұмысбастылықтың кейнсиандық тұжырымдамасы келесі алғышарттарға негізделеді: а) өндіріс факторларының нарығы жетілген бәсекеге негізделген; ә) бағалар мен жалақы икемді; б) бағалар мен жалақы икемсіз; в) тек бағалар ғана икемді. 10. Жұмыссыздық бойынша үлкен жәрдемақылар: а) циклдік жұмыссыздықты арттырады; ә) фрикциондық жұмыссыздықты арттырады; б) құрылымдық жұмыссыздықты арттырады; в) құрылымдық және маусымдық жұмыссыздықты арттырады. 11. Жеткіліксіз жиынтық сұраныс нені тудырады: а) фрикциондық жұмыссыздық формасының өсуін; ә) құрылымдық жұмыссыздық формасының өсуін; б) циклдық жұмыссыздық формасының өсуін; в) технологиялық жұмыссыздық формасының өсуіне. 12. Циклдік жұмыссыздық - бұл: а) мамандықтары мен біліктіліктері жұмыс табуға мүмкіндік бермейтін жұмысшылардың жұмыс іздеуімен байланысты жұмыссыздық; ә) экономиканың циклдік ауытқуымен байланысты жұмыссыздық. Жалпы және жиынтық шығындардың жеткіліксіздігімен сипатталады; б) адамдардың машина ауысуымен байланысты пайда болатын жұмыссыздығы; в) жұмыс іздеу және жұмыс күтумен байланысты уақытша жұмыссыздық. 13. Кедейшілік деңгейі қалай анықталады? а) ең төменгі жалақы бойынша; ә) ең төменгі зейнетақы бойынша; б) өмір сүру деңгейінің минимумы арқылы; в) орташа зейнетақы мөлшері арқылы. 14. Жұмыс күшінің тауарға айналу себептері: а) бас бостандықтарының болмауы; ә) жеке басының жалқаулығы, қайыршылық күйге салынуының нәтижесі; б) еңбек қабілеті төмен, жауапкершілігінің жоқтығы; в) тіршілік ету құралдары жоқ, ерікті адамның басқаларға жалдануы. 15. Экономика үшін жағымды жұмыссыздықтың түрі: а) фрикциондық; ә) құрылымдық; б) циклдік; в) а) және ә) жауаптары дұрыс. 16. Толық жұмысбастылық – бұл: а) барлық еңбекке қабілетті халықтың жүз пайыз жұмыспен қамтылуы; ә) жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңесуі; б) табиғи жұмыссыздықтың орын алмауы; в) а) және ә) жауаптары дұрыс. 17. Жұмыссыздық деңгейі пайызбен өлшенеді және ол былай анықталады: а) жұмыссыздар санының барлық халық санына қатынасы арқылы; ә) жұмыссыздар санының барлық еңбекке жарамды халық санына қатынасы арқылы; б) жұмыссыздар санының зейнеткерлік жасқа дейінгі халық санына қатынасы арқылы; в) жұмыссыздар санының зейнеткерлік жастағы халық санына қатынасы арқылы. 18. Жұмыс уақытын ұйымдастыру формасы бойынша жұмысбастылық былай жіктеледі: а) бірінші және екінші; ә) толық, толық емес; б) тұрақты және уақытша; в) алғашқы және соңғы. 19. Өндірістің төмендеуі мен фирманың жабылуы салдарынан жұмыстан босатылған адам жұмыссыздықтың қай категориясына жатады? а) жұмыссыздықтың фрикциондық формасына; ә) жұмыссыздықтың құрылымдық формасына; б) жұмыссыздықтың циклдық формасына; в) жұмыссыздықтың маусымдық формасына. 20. Егер адам ауырса және жұмыс істей алмаса, қандай топқа кіреді? а) жұмыс істейтіндер қатарына кіреді; ә) жұмыссыздар қатарына кіреді; б) жұмысшы күші қатарына кіреді; в) жұмыс табудан үмітін үзгендер қатарына кіреді. 21. Экономикалық құлдырау кезінде жұмысын жоғалтқан адам қандай жұмыссыздықтың түрін арттырады? а) құрылымдық; ә) фрикциондық; б) циклдік; в) табиғи. 22. Елдегі жұмыссыздар саны 6 млн. адам, ал жалпы жұмыс күшінің саны 120 млн. адам, онда жұмыссыздық деңгейі қаншаға тең? а) 20 %; ә) 5 %; б) 0,05 %; в) 2 %. 23. Ұтымды жұмысбастылық – бұл: а) толық және тиімді жұмысбастылықтың оңтайлы үйлесімділігі; ә) құрылымдық және циклдік жұмыссыздықтың оңтайлы үйлесімділігі; б) фрикциондық және циклдік жұмыссыздықтың оңтайлы үйлесімділігі; в) толық жұмысбастылық. ТАҚЫРЫП 4: ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС. AD-AS ҮЛГІСІ Жаттығулар, есептер, тапсырмалар: 1. Кестеде жиынтық ұсынысты сипаттайтын мәліметтер берілген:
а) Жиынтық ұсыныстың кейнстік кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді? б) Жиынтық ұсыныстың классикалық кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді? в) Жиынтық ұсыныстың аралық кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді? г) Жиынтық ұсыныстың графигін салыңыз.
2. Кестеде экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың параметрлері берілген:
Кестенің мәліметтері негізінде «АD - АS» үлгісін құрыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз: а) бағаның қандай деңгейінде тепе-теңдік орнайды? б) өндірудің немесе тұтынудың қандай өзгерістері бағаның 150 және 250 деңгейінде тепе-теңдікке алып келеді? Графиктік сипаттама беріңіз.
3. Берілгендер: C = 10-5P; I = 20; G = 15; AS = 5+P. Табу керек: а) экономикадағы бағаның тепе-теңдік деңгейін және өндірістің тепе-теңдік деңгейін; б) егер мемлекеттік шығындар 25-ке дейін өссе, онда мұндай жағдайда өндіріс көлемі мен баға деңгейі қалай өзгереді? в) егер жиынтық ұсыныс AS = 10 тең болса, онда сіздің жауабыңыз а) және б) пункттеріне қалай өзгереді?
4. Кестеде жиынтық ұсынысты және жиынтық сұраныс функциясының үш нұсқасын сипаттайтын мәліметтер берілген. Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қисықтарын салыңыз. Әрбір үш нұсқа үшін ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін және бағаның тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз.
Тест сұрақтары: 1. Жиынтық ұсыныс сілкінісінің әсері қалай байқалады? а) жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжуынан (жоғарыға); ә) жиынтық ұсыныс қисығының оңға жылжуынан (төменге); б) қисық бойымен солға жылжуынан (төменге); в) жиынтық ұсыныс қисығы көлбеуінің өзгеруінен. 2. Мұнайға деген бағаның өсуі ұсыныстың сілкінісі ретінде қарастырылуы мүмкін, бірақ ол: а) мұнай ұсынысының өсуіне алып келеді; ә) жалақы шығындарын арттырады; б) мұнайды тұтынушылардың тәуелсіздігін шектейді; в) материалдық шығындарды арттырады. 3. «Храповик» әсері нені көрсетеді? а) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің артуын; ә) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің тұрақтылығын; б) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің төмендеуін; в) жиынтық сұраныс артқан жағдайдағы бағалар деңгейінің төмендеуін. 4. Классикалық бағытты жақтаушылардың ең негізгі қағидасы: а) экономикадағы мемлекеттік сектордың басым болуы; ә) ең төменгі жалақы туралы заң енгізу; б) жиынтық сұранысты ынталандыру үшін мемлекеттік шығындарды өсіру; в) экономикаға мемлекеттің араласпау саясаты. 5. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары: а) ұлттық өнімге деген сұраныс көлемінің өзгерісін тудырады; ә) ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныстың өзгерісін тудырады; б) ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныс көлемінің өзгерісін тудырады; в) ұлттық өнімге деген жиынтық ұсыныстың өзгерісін тудырады. 6. AS қисығының Кейнсиандық кесіндісіне сәйкес AD-ң өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді? а) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; ә) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады; б) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; в) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді. 7. Жиынтық сұраныс қисығының өзгерісі нені көрсете алмайды: а) бір уақыттағы баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ деңгейінің өсуін; ә) бір уақыттағы баға деңгейінің өсуі мен нақты ЖҰӨ деңгейініңтөмендеуін; б) тек қана нақты ЖҰӨ деңгейінің өсуін; в) тек қана баға деңгейінің өсуін. 8. Жиынтық ұсыныстың «сілкінісі» (шок) – бұл: а) өндіріс көлемінің күрт төмендеуі; ә) шығарылым көлемінің төмендеуі; б) бағалардың өсуі; в) факторларға деген бағалардың шапшаң өсуі. 9. Қандай фактор AS қисығын оңға қарай жылжытады? а) ресурстарға деген бағаның өсуі; ә) фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің өсуі; б) ресурстарға деген бағаның төмендеуі; в) еңбек өнімділігінің төмендеуі. 10. AS қисығының Классикалық кесіндісіне сәйкес AD-ң өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді? а) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; ә) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады; б) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; в) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді. 11. “AD-AS” үлгісінде экономикалық өсу қалай бейнеленуі мүмкін: а) AD мен AS қисықтарының бір мезгілде оңға жылжуы арқылы; ә) AD қисығының оңға жылжуы арқылы; б) AS қисығының солға жылжуы арқылы; в) AS қисығының оңға жылжуы арқылы. 12. Қай кезде жиынтық сұраныстың артуында өндірістің тепе-теңдік көлемінің өсуі орындалады? а) AS қисығының кейнсиандық кесіндісінде; ә) AS қисығының аралық кесіндісінде; б) AS қисығының классикалық кесіндісінде; в) AS қисығының аралық және классикалық кесінділерінде. 13. AS қисығының аралық кесіндісіне сәйкес AD-ң өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді? а) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; ә) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады; б) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; в) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді. 14. Жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық кесіндісіне сәйкес жиынтық сұраныстың өсуі: а) бағаның өсуіне алып келеді, бірақ нақты көріністегі ЖҰӨ динамикасына әсер етпейді;ә) бағаның төмендеуі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің өсуіне алып келеді; б) нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді, бірақ баға деңгейіне әсер етпейді; в) баға деңгейі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді. 15. Қандай фактор AS қисығын солға қарай жылжытады? а) еңбек өнімділігінің өсуі; ә) ресурстарға деген бағаның өсуі; б) ресурстарға деген бағаның төмендеуі; в) фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің төмендеуі. 16. Жиынтық сұраныс – бұл: а) барлық үй шаруашылықтарының сұраныстары; ә) жоспарланған шығындар сомасы; б) үй шаруашылықтарының және мемлекеттің жалпы сұраныстары; в) мемлекеттің жалпы сұраныстары. 17. Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы: а) оң көлбеулі сызық; ә) көлденең сызық; б) теріс көлбеулі сызық; в) тік сызық. 18. Салықтар өскен кезде: а) жиынтық сұраныс қысқарады; ә) жиынтық ұсыныс төмендейді; б) жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та төмендейді; в) жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та артады. 19. Жиынтық ұсыныс – бұл: а) сатуға арналған барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің құны; ә) жиынтық қоғамдық өнімнің құны; б) жиынтық ішкі өнімнің құны; в) таза ұлттық ұлттық өнімнің құны. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.) |