АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 8 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Жиынтық ұсыныс сілкіністері. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың кенеттен өзгеруі (шок немесе сілкініс) өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейден ауытқытады. Сұраныс жағынан (шок) сілкіністің мысалы ретінде ақша ұсынысының кенет өзгеруін немесе инвестициялық сұраныстың өзгеруін айтуға болады. Ұсыныс жағынан (шок) сілкініске ресурстарға бағаның кенет өзгеруін (мұнайға бағаның өзгеруі), табиғи апат жағдайларын, заңдардың өзгеруін, жаңалықтардың ашылуын, қоршаған ортаны қорғауға шығындардың көбеюін жатқызуға болады. Аталған құбылыстар экономикадағы өндіріс көлемі мен жұмысбастылықтың тепе-теңдік жағдайына айтарлықтай әсер етеді.

AD-AS үлгісіндегі макроэкономикалық саясат. AD-AS үлгісі негізінде осы кенеттен өзгерген жағдайлардың экономикаға әсерін, оны тұрақтандырудағы мемлекеттің рөлін талдап көрсетуге болады.

Мысалы: мұнайға бағаның өсуі жалпы баға деңгейінің өсуіне әкеледі. Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғары көтеріледі (SRAS1-ден SRAS2-ге). Бұл жағдай өндіріс көлемін Ү1-ге төмендетеді (В нүктесінде)(8-сурет).

Егер мемлекет пен Орталық банк араласпаса, экономика өздігінен бейімделе бастайды. Өндіріс көлемі мен жұмысбастылықтың төмен деңгейінде баға біртіндеп төмендеп, бұрынғы қалпына қайта келуі мүмкін (В нүктесінен А нүктесіне). Алайда мұндай жайғдай ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан Орталық банк ақша ұсынысын молайтады, соған байланысты жиынтық сұраныс көбейеді (AD1-ден AD2-ге). Нәтижесінде өндіріс көлемінің төмендеуі тоқтатайды, бірақ жоғары баға деңгейінде. Сөйтіп С нүктесінде жаңа тепе-теңдік орнайды. Мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы да дәл осындай нәтижеге жетуге болады.

Сонымен мемлекеттің тұрақтандыру әрекеті нәтижесінде экономикалық саясат белгілі қарама-қайшылықпен кездеседі: ұзақ күйзелу мен жұмыссыздық немесе жұмысбастылық пен өндіріс көлемін сақтай отырып, баға деңгейін көтеру (инфляция).

ТАҚЫРЫП 5: ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

Мақсаты: "Табыс-шығыс" үлгісінің алғышарттары. Қолдағы бар табыс. Тұтыну мен жинақтау. Тұтыну функциясы және жинақтау фукциясы. Инвестициялар мен олардың түрлері. Нақты болған шығындар мен жоспарланған шығындар. Кейнстік крест. Кейнс мультипликаторы. Өндіріс көлемінің тепе теңдігіне жету тетіктерін қарастыру. Ол үшін мына дәріс сұрақтарын талқылау қажет.

Дәріс жоспары:

1. Тұтыну мен жинақтау.

2. Тұтыну функциясы және жинақтау фукциясы.

3. Инвестициялар мен олардың түрлері

4. Кейнстік крест. Кейнс мультипликаторы

Тақырыптың мазмұны:

Қолдағы бар табыс. Макродеңгейдегі тұтынушы таңдауы экономикалық субъектінің өз табысын бөлудегі шешіміне байланысты: қандай бөлігін бүгін жұмсау қажет, ал қаншасын болашаққа сақтап қою керек. Тұтынудың әртүрлі теориялары қалыптасқан. Дж.Кейнс тұжырымдамасы бойынша тұтынудың көлемі мен құрылымын қолдағы бар табыс анықтайды. Мұндағы қолдағы бар табыс Yd = (Y – T), яғни табыс минус салықтар.

Тұтыну мен жинақтау. Тұтыну – өндірістік, қоғамдық тұтынудың қорытынды сатысы: өнімді, игіліктерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қоғамдық қажеттердің қанағаттандырылуы үшін пайдалану.

Тұтыну ұдайы өндіріс циклінің ақырғы кезеңі болып табылады. Тұтынылатын игіліктердің арналу мақсатына қарай өндірістік тұтыну – өндіріс үдерісінде ресурстарды, яғни өнімді (тауарларды, бұйымдарды) дайындау барысында өндіріс құрал-жабдығын пайдалану. Мұнда өнім: шикізат, отын, энергия, машина, жабдық, т.б. өндіріс үдерісіне қайтадан пайдаланылады. Алайда өндіріс құрал-жабдығын өндіру жалаң мақсат болып табылмайды, ақырғы тұтыну заттарын ұдайы өндіру үшін құрал қызметін атқарады. Өндірістік тұтыну өніміне сұраныс тек тұтыну. тауарларына деген сұраныс көбейгенде ғана артады; бейөндірістік тұтыну – қоғамдық және жеке бастың тұтынуын қамтитын бейөндірістік саладағы тұтыну, яғни халықтың тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін түрлі игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануы. Жеке бастың тұтынуына тамақ өнімдерін, киім-кешек, аяқ киім, мата, мәдени-тұрмыстық заттар, отын, электр энергиясын, тұрғын үй, т.б. сатып алуға жұмсалатын шығынмен бағаланатын материалдық игіліктерді тұтыну, сондай-ақ ақылы және ақысыз көрсетілетін қызметтерді коммуналдық, тұрмыстық қызметтерді, әлеуметтік қызмет көрсету салаларының қызметтерін тұтыну жатады; қоғамдық тұтыну – бейөндірістік саладағы мекемелер мен ұйымдар (білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, басқару, т.б.) тұтынатын материалдық игіліктер мен қызметтерді қамтиды. Тұтыну ұдайы өндіріс үдерісінің ақырғы кезеңі ғана емес, сонымен бірге оны жаңарту үшін жаңа алғышарт та болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбек уәждемесі, белсенділігі, экон. мінез-құлқы кімнің, нені және қанша тұтынғанына байланысты. Қоғамдық игіліктерді тұтынудың көлемі, сапасы мен деңгейі ел экономикасының жалпы жағдайына және бюджеттің кіріс бөлігінің толығу дәрежесіне қарай айқындалады. Тұтыну өндірістің дамуына зор ықпал жасайды. Ол қоғамдағы әлеуметтік-экономика ілгерілеудің қуатты факторы да, кері кетуінің себебі де болуы мүмкін. Тұтыну адам капиталының қорлануын айқындайды, нарықтық экономиканың серпінін және өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін тиімді сұранысты қалыптастырады. Қазіргі заманғы тұтыну жалпы эконмикалық өрлеу үрдісіне де, ондағы шаруашылықты жүргізу үлгілері эволюциясының алғы шарттарының пісіп-жетілуіне де, оның қоғамдағы өндіріс пен тұтынудың өзгермелі жағдайына ұдайы бейімделіп отыруына да қуатты жеделдетуші ықпал етеді деген пайымдауға сүйенеді. Бүкіл халықтың тұтынуы көлемінің ұлғаюы отандық өндірістің тұрақты өрлеуіне байланысты.

Жинақтау (қор жинау) - Айналымнан алып отыру жолымен тұрғын халыктың қолма-қол ақшаны жинақтауы; экономикалық агенттердің алтынды қазына түрінде жинақтауы.

Тұтыну функциясы және жинақтау функциясы. Тұтыну функциясының Кейнстік өрнегі: С = С (Y – T), мұнда: C – тұтыну шығындары; Y – жеке табыс; T – салықтар.

Тұтыну мен жинақтау функциялары оң көлбеулі орналасады. Егер қолда бар табыс пен тұтыну шығындары тең болса, онда тұтыну қисығы 45 градуста болады. Нақты өмірде табыстың бір бөлігі жинақтауда жұмсалуы мүмкін. Сондықтан тұтыну қисығы одан төмен орналасады.

Тұтыну мен жинақтау бір табыстың екі бөлігін құрайтындықтан қор жинағының қисығын тұтыну қисығының «айнадағы көрінісі» ретінде қарастыруға болады. Табыс Үо-ден төмен болғанда (Е нүктесінің сол жағы) тұтыну қолда бар табыстан артады. Төменгі графикте бұл жағдай «теріс қор жинағына» сәйкес келеді. Е нүктесінде тұтыну мен табыс теңеседі, жинақтау нөлге тең.

Табыс Үо-ден жоғары болғанда (Е нүктесінің оң жағы) тұтыну қолда бар табыстан төмен болады. Бұл жағдайда табыстың бір бөлігін сақтап қоюға мүмкіндік туады.

Тұтыну және қор жинағына әсер ететін негізгі фактор табыс көлемі.

Табыс деңгейі өзгергенде тұтыну мен қор жинағының өзгерісі С және S қисықтарының бойында орналасады.

Тұтыну және қор жинағы қисықтарының оңға (төмен) немесе солға (жоғары) жылжуына әсер ететін факторлар:

1. Үй шаруашылығында жиналған байлық. Отбасы байыған сайын, тұтыну өседі. Соған сәйкес тұтыну қисығы (С) жоғары жылжиды.

2. Баға деңгейі. Бағаның өсуі халықтың нақты тұтыну мүмкіндіктерін төмендетеді де табысының белгілі бөлігін құнсыздандырады. Бұл тұтыну қисығының төмен жылжуына әкеледі.

3. Болашақты күту. Егер тұтынушылар болашақта тауар тапшылығы болады деп жорамалдаса, онда ағымдағы тұтынуды көбейтіп, қор жинағын қысқартады. Тұтыну қисығы жоғары жылжиды.

4. Тұтынушы қарыздарының көлемі. Несиелік қарыз өссе тұтыну қисығы төмен жылжиды.

5. Салық салу деңгейі. Салық мөлшерлемесі мен көлемінің өсуі тұтынуды да қор жинағын да қысқартады. Бұл жағдайда С қисығы төмен, S қисығы жоғары жылжиды.

Сонымен тұтыну функциясының Кейнстік өрнегі: С = а + в (Y-T) мұнда: а – автономды тұтыну (қолда бар табысқа байланысты емес); в – тұтынуға шекті бейімділік.

Қор жинағының қарапайым функциясы: S = - a + (1 – b) (Y – T), мұнда: S – жеке меншік сектордағы қор жинағы; (1 – в) – қор жинағына шекті бейімділік.

Кейнстің теориясы 1942 жылы 1929-1941 жылдардағы статистикалық деректерде тексерілді. Осы мәліметтер негізінде алынған тұтыну функциясы былайша көрініс тапты: С = 47,6 + 0,73 (Y – T).

Инвестициялар мен олардың түрлері. Инвестиция - өндірістегі құрал – жабдықтардың қолддануына, материалдық заттарды көбейтуге, эонгомикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар.

Инвестиция екі бағытта пайдаланылады:

1. нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау.

2. Қаржылық инвеситиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау құрылымы бойынша.

1. Жалпы инвестициялар – жаңа негізгі капиталға жұмсалған капитал мөлшер.

2. Таза инвестициялар – ауыстырылған негізгі капиталдан аммортизация құнын шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал.

Инвестициялау нышандары бойынша.

1. Кәсіпорынның негізгі қорына жұмсалатын инвестициялар ғимарат құрылыстары, ірі көлемді құрылыстар, құрал – жабдықтар үшін.

2. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.

3. Сақтық қор инвестициялар.

Субъектілер бойынша – мемлектетік жекеменшік және сыртқы кәсіпкерлік инвестициялардың екі түрі болады:

1. Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарды инвес тициялау.

2. Портфелдік инвестициялар – пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация және басқа құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсалған инвестициялары.

Инвестиция мөлшері объективті және субъективті факторларға байланысты.

Объективті факторларға – жататындар: табыс, пайыз нормасы, өнім шүығарудың деңгейінің өзгеруі, пайда және капитал қоры.

Субъективті факторларға кәсіпкердің инвестициялауға бейімділігі, ынтасы т.б. қасиеттері

Нақты болған шығындар мен жоспарланған шығындар. Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтары­ның, фирмалардың және үкiмет тауарларға және қыз­мет көр­сетуге жұмсауға жоспарлап отырған сомасы бо­лып табы­лады. Нақты шығындар кенеттен болған өзге­рiстер жағ­дайында тауарлы-материалдық қорларға жос­парланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленедi.

Жоспарланған шығындар функциясы E = C + I + G + Xn графикалық түрде жоғары қарай I+G+Xn көлемiне “ығыстырылған” тұтыну функциясы C = a + b (Y - T) ретiнде бейнеленедi.

Нақты инвестициялар құрамына жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар кіреді. Соңғысы тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі болып табылады. Осы жоспарланбаған инвестициялар қор жинағы мен инвестициялардың нақты көлемін қалпына келтіретін және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнататын тетік ретінде қызмет етеді.

Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтары, фирмалар және үкіметтің тауарлар мен қызметтер сатып алуға жоспарлап отырған шығындар жиынтығы. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер болғанда тауарлы-материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар салуға мәжбүр болған кезде пайда болады.

Барлық жоспарланған шығындар (жиынтық шығындар) барлық өндірілген өнім көлеміне (жиынтық ұсыныс) теңескенде экономикада тепе-теңдік орнайды. Тепе-теңдіктің кейнстік үлгісінің классикалықтан айырмашылығы, олар тепе-теңдікті тұрақты баға жағдайында қарастырды.

Үлгінің қарапайым нысаны негізгі кейнстік қағидаға сәйкес құрылады: жиынтық сұраныс ұлттық табысты анықтайды: Ү = C + I. Жиынтық жоспарлы шығындар қисығын (мемлекеттің араласуынсыз және сыртқы ортаны есепке алмай) табу үшін С және I қисықтарын қосамыз. (18-сурет). Е нүктесінде жиынтық шығындар жиынтық табысқа теңеседі. Егер ұлттық табыс (Y1) тепе-теңдік деңгейден (YЕ) жоғары болса, онда жиынтық шығындар шығарылым көлемінен аз болады (Е1 < Y1), бұл жағдай тауар қорларының көбейуіне әкеледі. Оны болдырмас үшін өндірушілер өндірісті (YЕ) шамасына дейін қысқарта бастайды.

Керісінше, өндірілген ұлттық табыс (Y2) тепе-теңдік деңгейден (YЕ) төмен болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен көп болады (Е2 < Y2), нәтижесінде тауар қорларының тапшылығы пайда болады. Тауар қорларын қалыпты деңгейге жеткізу үшін фирмалар өндірісті (YЕ) шамасына дейін кеңейте бастайды. Кейнсшілдер бойынша екі жағдайда да тепе-теңдіктің орнауы қалыптасқан баға деңгейінде жүзеге асады.

18-сурет

Өнім көлемінің тепе-тең деңгейі Y0 жиынтық шығындырдың кез келген құрауышы: тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік шығындар немесе таза экспорт көлемінің өзгерісіне сәйкес өзгереді. Осы құрауыштардың кез келгенін өсірсе, жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжиды және өнімнің тепе-теңдік деңгейінің өсуіне әкеледі. Жиынтық сұраныстың кез келген құрауышының төмендеуі жұмысбастылық пен тепе-теңдік өнімнің құлдырауын тудырады.

Кейнстік крест. Кейнс мультипликаторы. Мультипликатор теориясы 1929-1933 жылдардағы тоқырау кезеңінде экономикасы өте ауыр қоғамға байланысты пайда болды.

«Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисі Р.Ф. Кан 1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж.М.Кейнс ғылыми жағынан кеңінен дамытты. Бұл ұғымды А.Хансен, Р.Харрод, Дж.Хикс, П.Самуэльсон, Н.Калдор және басқалары өз еңбектерінде қарастырды. Мультипликатор – көбейткіш (multiplico), нақтырақ айтқанда, мультипликатор – бұл қолда бар күрделі қаржының (инвестицияның) өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.

Өндіріс көлемінің тепе –теңдігіне жету тетігі. Төмендегі 19-20-суреттерде ресурстарды толық пайдаланған жағдайда макроэкономикалық тепе-теңдіктің (Е нүктесінде) ұлттық табыс көлеміне сәйкес келмейтін екі жағдай берілген.

Рецессиялық үзіліс – тепе-теңдік ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес денгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті көлем.

Инфляциялық үзіліс – ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін төмендету үшін қысқаруға тиісті жиынтық сұраныс көлемі.

Егер нақты өнім көлемінің тепе-теңдік деңгейі Yо әлуетті Y*-тан үлкен болса, онда бұл жиынтық шығындар артық екенін білдіреді. Жиынтық сұраныс артықшылығы экономикада инфляциялық дүрлігіс тудырады: баға деңгейі өседі, себебі фирмалар өндірісті өсіп жатқан жиынтық сұранысқа баламалы түрде кеңейте алмайды, өйткені барлық ресурстар жұмсалып отыр.

Инфляциялық үзілістен шығу жиынтық сұраныстың тежелуін және тепе-теңдіктіің А нүктесінен В нүктесіне «ауысуын» қажет етеді

ТАҚЫРЫП 6: АҚШАҒА СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС

Мақсаты: Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориясы. Баумоль-Тобин үлгісі. Ақша теориясының сандық теңдеуі. Ақша айналымының жылдамдығы. Нақты және атаулы пайыз мөлшерлемесі. Фишер теңдеуі. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы. Монетаарлық саясаттың құралдары жөнінде толық мағлұмат беру. Ол үшін дәріс сабағына мына сұрақтар шығарылады.

Дәріс жоспары.

1. Ақша функциясы, агрегаттары, функциясы

2. Ақша айналымының жылдамдығы.

3. Ақша мультипликаторы

Тақырыптың мазмұны.

Ақша функциясы. Ақша- маңызды тауар. Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар пайда болды. Ақша маңызды тауар болғандықтан, оның келесідей спецификалық ерекшеліктері бар:

-оның тұтыну құнында басқа тауардың құны көрсетіледі;

-оған жасалған нақты еңбек абстрактылы еңбек көрінісінің жалпыға ортақ формасы қызметін атқарады;

- оның қүрамындағы жеке еңбек тікелей коғамдық еңбек ретінде орналасады. Тауар мен ақшаның айырмашылығы оның тұтынушылық құнынан көруге болады. Кез келген тауардың белгілі қажеттілікті қанағаттандыратын қайталанбайтын, ерекше қабілеттілігі бар. Мысалы, нан-тамақ қажеттілігін қанағатандырса, ал пальто-киім кажеттілігін канағаттандырады. Мұның барлығы ақшалай тауарға да қатысты. Сонымен қатар, ақшаның тауарлардан айырмашылыгы жалпы тұтынушылық құнға ие, яғни тікелей барлық тауарлармен алмасып отырады. Ақшаның атқаратын әрбір функциясы тауар айырбас процссінен ксліп шығатын тауар өндірушілердіц байлалыс формасы ретінде әлеуметтік-экономикалық жағының ақша мазмұнын көрсетеді. Ақша бірнеше функцияны атқарады:

-құн өлшеуші;

-айналым құралы ретінде;

-қорлану құралы ретінде;

Ақша айналым құралы функциясы кезінде тауарды өткізу уақытында делдал болып табылады. Тауарды қолдан-қолға өткізуде оның айналым сферасына үнемі итере отырып, тұтьнушыға жеткізе де отыра, ақша үздіксіз қозғалыста жүреді. Сатушы тауарьн сата сала, басқа тауарды сатып алуға асықпайды. Ақшаның делдалдық көмегі арқасында осы уақытша және тура келмсйтін кеңістікті жеңе аламыз. Айналымнан кететін, өз қүньн өткізіп қоятын, ақшаның тауардан айырмашылығы сату және сатып алу процесін қамтамасыз ете отырып, ақша айналым құралы ретінде өз орнын табады. Көбінесе, біздс ақша айналым құрал функциясын атқаруда - мемлекеттік, коопсративтік, коммерциялық саудада, базарда тауарды сатып алу кезінде орындалады. Ақшаның айналым құралы ретінде атқаратын функциясының ерекшелігі келесідей болып табылады:

1. ол нақты ақша түрінде орындалады;

2. бұл функцияда ақша-тауар айырбас кезінде делдал болып қызмет атқарса, онда оны нағыз ақша емес/алтын/, оның орнын басатын-ақша белгісі орындайды. Ақша айналым құралы функциясын және қажетті айналым санын орындағандықтан, сатылған тауарлар бағасы мсн массасы арқылы анықталады. Егер ақша массасы тауар массасынан жоғары болса, онда бұл олардың құнсыздануына -инфляцияға әкеледі.

Құн өлшеу функциясы - тауар өндірісі жағдайындағы нәтижесінен келіп шығады. Бұл дегсн, оның бағаны анықтау кезінде делдалдық қызметті атқаруда, барлық тауарлардың құнын өлшейтін қабілетке ие болып келеді. Материалдың құны болып тек сол тауар өзінің меншікті құнынан тән болса. Сондықтан, алтынды қазып алу үшін жұмсалатын қоғамдық еңбек қүнды жасаушы болып табылады. Сол себепті бұл функцияны толық ақшалар /алтындар/ орындайды. Ақша еңбекпен жасалатын құнды көрсете алады. Ақша құн өлшеу функциясы кезінде оймен ұсынылады. Тауар бағасын белгілеуде-оны тауар формасына айналдыру, тауарды ақшаға айырбастамастан бұрын оның қүны өлшенеді. Тауарды өлшеуде нақты ақшаның қажеті болмайды, себебі еңбек өнімін теңестіру оймен жүзеге асырылады. Сондықтан, ақша тауарды өлшемейді, қайта тауар ақшаның көмегімен өлшенеді, себебі олар ақша сияқты адам еңбегінің өнімі болып табылады. Тауар ақшалай көрініс құнын тапқан соң, баға түрінде көрсетіледі. Ақшаның айналым кезінде алтынның бағасы болмады. Ақшаға баға коя алмайсың, оны құны өзімен анықтала алмайды. Ақша бағаның орнына-тауар санын керсететін, оны сатып алу қабілетіне ие. Құн өлшеу функциясы тауардьщ ақшаға қатынасьн көрсететін жалпы балама сияқты. Бірақ, тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Баға масштабы-бұл бір елдің ақша өлшеміне алған және барлық тауарлардың бағасын өлшеу үшін қызмет атқаратын металдың салмақ мөлшері болып табылады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)