|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Еркін сауда саясаты дегеніміз не?
A) Мемлекет сыртқы саудаға тікелей ықпал етуден бас тартып, негізгі реттеуші ролін нарыққа жүктейді. Ә) Отандық экономиканы қорғау. Б) Сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттің араласуы. В) Мемлекетті қажетті байланыстармен қамтамасыз ету. Г) Жауаптардың барлығы дұрыс. 2. Халықаралық сауда саласында саясаттың қандай түрлері бар? A) Экспорт және импорт. Ә) Экспорт саясаты және импорт саясаты. Б) Халықаралық саясат және сауда саясаты. В) Халықаралық сауда саясаты және сыртқы сауда саясаты. Г) Еркін сауда саясаты және протекционизм. 3. А.Смиттің көз-қарасы бойынша еркін сауда қағидасы: A) Елге аз еңбек шығындарымен өндіре алатын өнімдерді өндіруге мамандауға мүмкіндік береді. Ә) Елде сирек кездесетін өндіріс факторларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Б) Елде қажетті табиғи факторлардың болмауына байланысты өндіре алмайтын өнімді импорттауға мүмкіндік береді. В)) Елде артық көлемдегі өндіріс факторларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Г) Елге артық көлемде өндіре алатын өнімдерді өндіруге мамандануға мүмкіндік береді. 4. Импорттық квота енгізу мынаған әкеледі: А) Берілген тауардың ішкі рынокта көбейуіне. Ә) Ішкі бағаның әлемдік рынок деңгейінен жоғары болуына. Б) Отандық тұтынушылардың импорттық тауарларды қымбат бағамен сатып алуына. В) Таза экспорттың азаюына. Г) Жергілікті сатып алушылардың тиімді жағдайына 5. Демпинг дегеніміз: А) Импортқа қосымша салық салу. Ә) Экспортер- фирмалардың өз тауарларын сыртқы рынокта әлемдік бағадан жоғары бағамен сатуы. Б) Экспортер- фирмалардың өз тауарларын сыртқы рынокта әлемдік бағадан төмен бағамен сатуы. В) Экспорттық тауарлар көлемін сан жағынан шектейтін әдіс.
Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржы академиясы» АҚ Кафедра «Экономика және менеджмент» (кафедра атауы) ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДЕН ӨТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ЕСЕПТІК ҚҰЖАТТАУ НЫСАНДАРЫ Тәжірибе атауы:__ Оқу, өндірістік тәжірибесі ______ Мамандық: 5В050600 – Экономика 5В050800 – Есеп және аудит 5В050900 - Қаржы Сағат саны: Курс: 3,4 Семестр: 6,8
Құрастырған: Абдикаримова Қ.
Астана-2014ж
11 ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДЕН ӨТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ЕСЕПТІК ҚҰЖАТТАУ НЫСАНДАРЫ
Студенттерді тәжірибеден өткізу оқу процесіндегі маңызды құрамдас бөліктің бірі болып табылады. Сол себепті, оқу орындарында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес барлық оқу түрлері бойынша әрбір студент тәжірибеден өту қажет. Студенттің тәжірибеден өту мақсаты-яғни алған теориялық білімін тәжірибеде жүзеге асырып бекіту болып табылады. Оқу және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру экономикалық мамандықтар бойынша ОӘБ бекіткен тәжірибені өтудің Типтік бағдарламаларында көрсетілуі тиіс. Жоғары оқу орнында тәжірибенің екі түрі бар:оқу және өндірістік тәжірибе. Оқу тәжірибесі: - тәжірибені өту орындары ретінде тауарларды өндіретін және әртүрлі қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, сонымен қатар оқу орындары және ғылыми –зерттеу институттары бола алады; - тәжірибе оқу-әдістемелік материалдармен (бағдарлама, күнделік және т.б.) қамтамасыз етілуі керек; - тәжірибе өткізуге жетекшілік жасау және бақылау жоғары оқу орындары мен кафедра, сонымен қатар тәжірибе орындарымен жүзеге асырылады; - жазбаша есеп беру және оны қорғау тәжірибені өту нәтижесі болып табылады. Өндірістік тәжірибе: - кәсіби тәжірибе түрін, мерзмін, мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік жабдықтау; - тәжірибе базасы мамандық кәсібіне сай болу керек; - білім ұйымдары мен студенттерді жабдықтаушы ұйымдардың шығындарды өтеуі; - тәжірибе өтуге жетекшілік жасауды және бақылауды қамтамасыз ету; - кәсіби тәжірибенің нәтижелерін бағалау. Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны және ролі. Экономикалық дамудың негізгі мәселелері. Материалды игіліктерді және қызметтерді өндіру, бөлістіру, айырбастау және тұтыну процесіндегі адамдардың экономикалық тәртібі. Экономикалық дамудың негізгі түсініктері, категориялары, заңдары. Экономикалық процесстерді оқыту әдістері. Экономикалық дамудың негізгі модельдері және экономикалық дамудағы тауар ақша қатынастарының ролі. Нарықтың қалыптасу заңдары және постсоциалистік елдерде оның қалыптасу ерекшеліктері, нарықтың негізгі категориялары мен заңдары. Жеке ұдайы өндірістің негізгі принциптері, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері және олардың түрлері. Өндіріс факторларының нарығы. Микро және макроденгейдегі экономикалық проблемалардың өзара байланысы, макроэкономиканың негізгі заңдары, экономикалық өсу және оның типтері, экономикалық цикл және әлеуметтік экономикалық ауытқу проблемалары. Оқу-тәжірибелік сабақтардың мақсаты – теориялық материалдарды нығайту, сонымен қатар кәсіпорында баға белгілеумен қатысты болған мәселелерді шешу, дағдылық пен ептілікті қалыптастыру. Тәжірибелік сабақ тек қана мәселені шешуді ғана емес, сонымен қатар іскерлік ойындарды жүргізуде және мәселелерді шешу кезінде студенттерге не көмек көрсететін, оларды дағадылық қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір сабақ сәйкес келетін тақырыптарға студенттердің дайындығын сұрау және тексеруден басталады. Ол ауызша немесе тест түрінде болады. Оқытушы нұсқауымен студенттерге өздік жұмыс ретінде жеке тапсырмалар беріледі. Дәрістік сабақтың тәжірибелік тапсырмаларын орындау, тәжірибелік сабақтың жүргізілу жоспары келесідей болады: 1) қарастырылып отырған тақырыптың негізгі сұраулары бойынша студенттерден мини-сұраулар жүргізу; 2) тәжірибелік сабаққа тапсырма беру; 3) тапсырманың орындалуы; 4) тапсырманы орындалғаннан кейін қорғау; 5) кейбір жағдайларда үй жұмысына келесі тәжірибелік сабаққа тапсырмалар беру қажеттілігі. Оқытушы тәжірибелік сабақты жүргізуде студенттердің рефераттемалары бойынша дайындығын және жоспар тапсырмаларын келесідей талқылауы мүмкін: 1) доклад тақырыбының қысқыша тезисті мазмұны арқылы; 2) мәселелерді талқылау; 3) реферат тақырыптары бойынша конспекттерді тексеру. Тәжірибелік сабақтың тапсырмалары ағымдағы бақылаудың материалдары болып табылады. Тәжірибелік сабақты іске асырудың барысында тәжірибелік тапсырмалардың мәселесін шешу ағымдағы бақылаудың материалдары болып есептеледі. Тәжірибелік сабақтың барысында студенттердің рефераттар тақырыптарына дайындығын тексеруде ағымдағы бақылаудың реферат тақырыптарының конспектілері болып саналады. Студент тәжірибелік сабақ басталу алдында міндетті: - сабақ тақырыбына сәйкес келетін дәрістік материалдарды және ұсынылған әдебиеттерді оқу; - өзіндік жұмысқа берілген тапсырманы орындау.
Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржы академиясы» АҚ Кафедра «Экономика және менеджмент» (кафедра атауы) Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалар, тесттік тапсырмалар, өзін-өзі дайындау үшін сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.) Тақырып № 1-13 Сағат саны: Курс:1-2 Мамандық: 5В050600 – Экономика 5В050800 – Есеп және аудит 5В050900 - Қаржы
Құрастырушы:Абдикаримова Қ. Астана-2014ж.
12 Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалар, тесттік тапсырмалар, өзін-өзі дайындау үшін сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.) 12.1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1. Макроэкономика ғылым ретінде қалай пайда болды? 2. Кейнстің макроэкономикалық теориясы және кейнстік төңкеріс? 3. Макроэкономикалық теорияның қазіргі заманғы теориялары мен бағыттарына сипаттама беріңіз? 4. Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі неде? 5. Неліктен микроэкономика ғылымы «Ұлы депрессиядан» шығуды түсіндіре алмады? 6. Макроэкономика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуын тек «Ұлы депрессия» құбылысымен ғана байланыстырамыз ба? 7. «Ұлы депрессия» тарихи тұрғыдан орын алмағанда және пайда болмағанда экономикалық теорияның екінші бөлімі – «макроэкономика» пайда болмас па еді немесе ғылым ретінде қалыптаспаған ба еді? 8. Макроэкономика – бұл позитивті экономика ма, әлде нормативті экономика ма? 9. Макроэкономикалық ғылымы макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру үшін керек пе? 10. Макроэкономиканы экономиканы немесе нарықты мемлекеттік реттеу ғылымы деп түсінуімізге бола ма? 11. Макроэкономика нарықтың шеше алмайтын мәселелерімен айналысу үшін арналған ба? 12. Макроэкономика ғылымында мемлекет субьект ретінде басты рөл ойнай ма? 13. Жабық экономиканың ерекшелігі мен тиімділігі неде? 14. Қазіргі уақытта экономикалар қаншалықты ашық болуы тиіс немесе ашық экономикаға сипаттама беріңіз? 15. Қазақстандағы негізгі макроэкономикалық мақсаттар мен проблемаларға қандай сипаттама беруге болады? 16. Қазақстанның қазіргі жүргізіп отырған макроэкономикалық саясатына қандай баға беруге болады? 17. Ұлттық экономиканың көлеңкелі жақтары және оның негізгі белгілері қандай? 18. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеудің күрделілігі неде және олар халықтың тұрмыс жағдайларын қаншалықты бағалай алады? 19. Қазіргі уақытта ұлттық экономиканың дамуының нәтижесін қандай көрсеткіштер сипаттайды? 20. «Храповик» әсерінің құбылысы қазақстандық экономикада орындала ма, егер орындалады десеңіз, онда себебін түсіндіріңіз? 21. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тарапынан болатын сілкіністердің себебін түсіндіріңіз және осыған байланысты Қазақстандағы тұрақтандыру саясатының жүзеге асуына сипаттама беріңіз? 22. Отандық экономикада мультипликатор әсері орындала ма? 23. Экономикадағы жеке жинақтардың рөлі қандай? 24. Еліміздің қандай салалары инвестицияны қажет етеді? 25. Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының дамуы мен оны мемлекеттің реттеудің шаралары қандай? 26. Еліміздегі қор биржаларының дамуына қандай механизмдер қажет? 27. Отандық екінші деңгейлі банктердің даму жағдайы қандай? 28. Ұлттық банктің шаралары қандай мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс? 29. Банктер ұлттық экономиканың дамуына қаншалықты үлес қосып жатыр? 30. Жемқорлық немесе коррупция – бұл ұлттық макроэкономикалық тұрақсыздықтың бір түрі ретінде деп қарастырсақ, онда ол мәселе қалай шешілуі керек? 31. Жаңа салық Кодексі еліміздің экономикалық дамуы мен өркендеуіне қандай көмек немесе жеңілдіктер береді? 32. Жаңа үш жылдық бюджет Кодексі алдағы уақытта қалай жүзеге асады және оның құрылымы қандай болады? 33. Қазіргі уақыттағы ұлттық экономика жағдайында мемлекет пен жеке сектордың өзара байланысы мен тиімділігі қандай? 34. Елбасының биылғы жылғы халыққа жолдаған Жолдауын түсіндіріңіз және оның алдыңғы жолдауларға қарағандағы ерекшелігін анықтаңыз? 35. «Қазақстан - 2030» стратегиясының экономиканы дамытудағы рөлі мен маңызы қандай? 36. Индустриалдық – инновациялық стратегияның жүзеге асырылу барысы қандай? 37. Инновациялық экономиканы қалыптастырудың және дамытудың жолы қандай? 38. «30 корпоративтік көшбасшылар» мемлекеттік бағдарламасының макроэкономикалық жақтарын қарастырыңыз? 39. Өңірлік әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар, олар аймақтардың экономикалық даму мәселелерін қаншалықты шеше алады? 40. Қазақстанның әлемдегі дамыған аса бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі – бұл еліміздің басты макроэкономикалық мақсаты ма? 41. Ірі инвестициялық серпінді жобалардың іске асуының макроэкономикалық жақтарын сипаттаңыз? 42. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселесін еліміздегі басты макроэкономикалық мәселе деп қарастырамыз ба? 43. Инфляцияны төмендету шаралары қандай және бұған қарсы макроэкономикалық саясат қалай жүргізілуде? 44. Еңбек рыногын қалай жетілдіруге болады? 45. Кедейшілік мәселесін шешудің және әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуының тиімділігі қандай? 46. Қазіргі уақытта елімізде ақша – несие және бюджет – салық саясаттары қалай жүргізілуде? 47. Отандық экономиканың циклдік дамуына сипаттама бере аласыз ба? 48. Қазіргі дағдарыстардың себебі неде? 49. Әлемдегі қаржы дағдарысы және оның Қазақстан экономикасына әсері қандай? 50. Қазіргі болып жатқан дағдарыстарға және оның шешілуіне кейнстік теория жауап бере ала ма? 51. Осы әлемдегі қаржы дағдарысына байланысты үкіметтің жүргізіп отырған саясатына қандай баға аласыз? 52. Шетелдік экономикалар әлемдегі дағдарысқа қалай төтеп беруде және олардың тәжірибелері қандай? 53. Қазақстан экономикасына кластерлік жүйені енгізудің қажеттілігі неде? 54. Кластерлік жүйе экономиканың шикізаттық бағытын өзгерте ала ма? 55. Әлемдік аренада Қазақстан қазіргі уақытта қандай ойыншы және ол қандай мүддені көздейді? 56. Қазақстанның әлемдегі басты стратегиялық әріптестері кімдер және олармен қандай байланыстар орнатады? 57. Отандық экономиканың «голланд ауруына» шалдығуының қауіп – қатері бар ма? 58. Алдағы уақытта қазақстандық экпорттық-импорттық бағытты өзгертеміз бе? 59. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің қажеттілігі неде және кіргеннен кейінгі нәтижесі мен ерекшелігі қандай болмақ? 60. Экономикалық өсу – бұл Қазақстанның басты ұлттық деңгейдегі макроэкономикалық мақсаты ма? 12.2 ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 1. Макроэкономика: мақсаттары, міндеттері 2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың макроэкономикалық үлгідегі мазмұны 3. Көлеңкелі экономика және оның Қазақстандағы көріністері 4. Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы 5. Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар 6. Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және құралдары 7. Макроэкономикадағы шеңбер айналым үлгісі және оның түрлері. Қорлар және ағындар. 8. Ұлттық есеп – шоттар жүйесіндегі макроэкономикалық көрсеткіштер. ЖҰӨ және оны есептеу әдістері. 9. Номиналды және нақты ЖҰӨ. Тұтыну бағаларының индекстері. 10. ЖҰӨ-ді есептеудің күрделілігі. Халықтың әл-ауқатын бағалау проблемалары. 11. Жиынтық сұраныс және оған әсер етуші факторлар. 12. Жиынтық ұсыныс, оның Кейнсиандық және классикалық үлгілері. 13. АD - АS үлгілері макроэкономикалық тепе - теңдік. 14. Классикалық пастулаттарды (зерттеушілерді) Дж. Кейнстің сынауы. 15. Кейнс үлгісіндегі тұтыну мен қор жинау функциясы. 16. Инвестициялық функция. 17. Жоспарланған және жоспарланбаған шығындар. 18. ЖҰӨ-нің дефляциялық және инфляциялық үзілістері. 19. Ақшаның қызметтері және ақша агрегаттары. 20. Ақшаға деген сұраныс, оның концепциялары. 21. Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы. 22. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. 23. Бағалы қағаздар рыногы және оны реттеу. 24. АD-AS және IS-LM үлгілерінің өзара байланстылығы. 25. IS-LM қисықтарын құру. 26. IS-LM үлгісіндегі ақша-несие және фискалдық саясат. 27. Икемді баға деңгейіндегі IS-LM үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру. 28. Еңбек рыногының мәні және жұмыс күші. 29. Жұмыссыздық және оның түрлері. 30. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу. 31. Экономикалық цикл: мәні, түрлері, көрсеткіштері, факторлары. 32. Іскерлік цикл туралы экономикалық теориялар. 33. Инфляция, оның пайда болу себептері. 34. Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық зардаптары. 35. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстылығы. 36. Банк жүйесі және негізгі операциялар. 37. Орталық банктің ақша – несие саясаты, түрлері, мақсаттары мен құралдары. 38. Бюджет – салық саясатының мәні, түрлері және мақсаттары. Автоматты тұрақтандырғыштар. 39. Мемлекеттік бюджет, бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз мәселелері. 40. Ашық экономика: мәні мен оның дамуы. Бір мезгілдегі сыртқы және ішкі тепе-теңдік. Ашық экономикадағы Манделл - Флеминг үлгісі. 41. Төлем балансы: макроэкономикалық мәні, негізгі баптары және құрылымы. Төлем балансын мемлекеттік реттеу. 42. Валюта бағамы: жүйелері, түрлері, құрылымы 43. Экономикалық өсудің алғышарттары мен оған тән белгілер. 44. Экономикалық өсудің үлгілері (Солоу үлгісі). 45. Экономикалық өсудің негізгі көзі мен бағыттары. 12.3 МӘНЖАЗБА ТАҚЫРЫПТАРЫ 1. Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономиканың пәні және әдісі. 2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есеп – шоттар жүйесі. 3. Макроэкономикадағы жалпы тепе - теңдік. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың базалық моделі. 4. Игіліктер нарығы. Кейнсшілдік макроэкономикалық теорияның негізі. 5. Бюджет - салық саясаты. 6. Ақша нарығы және бағалы қағаздар нарығы. 7. Ақша - несие саясаты. Банк жүйесі. 8. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының біріктірілген тепе - теңдігі. IS - LM моделі. 9. Еңбек нарығы. Жұмыссыздық мәселесі. 10. Инфляция және оның теориялары. 11. Экономикалық цикл және оның теориялары. 12. Экономикалық өсу және оның үлгілері. 12.4 РЕФЕРАТТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ 1 Макроэкономика ғылымының қалыптасуы. Негізгі макроэкономикалық проблемалар. 2 Макроэкономиканың әдістері. 3 Экономикалық айналым. 4 ЖІӨ және ЖҰӨ 5 Жалпы өнімді есептеу әдістері. 6 Табыстың басқа да көрсеткіштері. 7 Нақты және атаулы ЖҰӨ. 8 Жиынтық сұраныс. 9 Жиынтық ұсыныс. 10 Экономикадағы тепе-теңдік өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі. классикалық моделі (үлгісі). 11 Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік моделі. Тиімді сұраныс ұғымы. 12 Кейнстік моделді тұтыну және қор жинақтау функциялары. 13 Кейнстік моделдегі ұлттық өндірістің тепе-теңдік көлемі. 14 Жұмыссыздық ұғымы, оның анықтамасы және қазіргі таңдағы жағдайы. 15 Жұмыссыздықтың себептері: классикалық және кейнсиандық концепциялар. 16 Жұмыссыздықтың түрлері және оның көрсеткіштері. 17 Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттің саясаты. 18 Инфляция мәні, себептері және оның өлшемдері. 19 Инфляцияға қарсы саясат. 20 Аќша нарыѓындаѓы тепе-тењдік 21Банк жүйесі, оның құрылымы және функциялары. 22 Мемлекеттің ақша-несиелік саясаттың құралдары. 23 Мемлекеттің фискалдық (салық - бюджеттік) саясаты. 24 Банк жүйесі, оның құрылымы және функциялары. 25 Мемлекеттің ақша-несиелік саясаттың құралдары. 26 Мемлекеттің фискалдық (салық - бюджеттік) саясаты. 27 Төлем балансы ұғымы мен құрылымы 28 Валюта нарығы және валюта бағамын анықтау(котировка) әдістері
Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржы академиясы» АҚ Кафедра «Экономика және менеджмент» (кафедра атауы) ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ Тақырып № 1-13 Сағат саны: Курс: 1-2 Мамандық: 5В050600 – Экономика 5В050800 – Есеп және аудит 5В050900 - Қаржы
Құрастырушы:Абдикаримова Қ. Астана-2014ж.
13. ОҚУ САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ (ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ)
Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржы академиясы» АҚ Кафедра «Экономика және менеджмент» (кафедра атауы) МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДӘРІСХАНАЛАР, КАБИНЕТТЕР, МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ТІЗІМІ МАКРОЭКОНОМИКА (пән атауы)
Құрастырушы: Абдикаримова Қ. Астана-2014ж.
14 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДӘРІСХАНАЛАР, КАБИНЕТТЕР, МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ТІЗІМІ
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.039 сек.) |