|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 3 страница4. Абакумова О. Г. Макроэкономика. Конспект лекций: Пособие для подготовки к экзаменам. – М.: ПРИОР – Издат, 2005. – 224 с. 5. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. Тесты: Уч. пос., 2-е изд. – М.:ДиС, 2005. – 96с. 6. Базылев Н. И. и др. Макроэкономика. Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М, 2003. – 190 с. 7. Введение в макроэкономику: Учебное пособие./ Под ред. М. Е. Дорошенко - М.: ЮНИТИ, 2000. – 175 с. 8. Н. Грегори Мэнкью. Макроэкономика. Пер. с англ.- М., Изд-во МГУ, 1994.-736 с. 9. Долан Э., Линдсей Д.Э. Макроэкономика/Под общ. ред. Б. Лисовика. Спб: 1996. 10. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. пер с англ. – М: Изд-во МГУ.- 1997. 11. Матвеева Т.Ю. Введение в макроэкономику. Учебное пособие, 2-е изд. М.: ГУ ВШЭ, 2004. – 512с. 12. Бродский Б. Е. Лекций по макроэкономике переходного периода: Учебное пособие. – М.: Изд. дом ГУВШЭ, 2005. – 224 с. 13. Смагулова Ш.А., Баспанова А. Макроэкономика. Учебное пособие, Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 144с. 14. Шишов А.Л. Макроэкономика. – М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем», Издательство ЭКМОС, 1997 г. – 320 с. 15. Бункина М.К., Семенов В.А. Макроэкономика (Осн. эк. политики): Учебник. – Изд-во «ДИС», 1997.-320 с. 16. Сакс Дж.Д., Лоррен Ф.Б. Макроэкономический подход. М.: Дело - 1996. 17. Ричард Лэйард. Макроэкономика. М., 1994. 18. Сборник задач по микро и макроэкономике. Голиков А. Н., Киселева Е. А., Киров, - 1994. 19. Кейнс Д. М. Общая теория занятости, процента и денег. (оқытушыда, электрондық нұсқа). 4. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ 4.1 СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы, аралық және қорытынды сабақтардың жиынынан тұрады. Ағымдағы бақылау өзіндік жұмыстардың, дәріс, тәжірибе сабақтардының қорытынды балы және белгіленген уақыттағы тапсырылған бақылау жұмыстарының, тестердің қорытындысы, презентация бойынша. Аралық бақылау курстағы дәріс, тәжірибелік сабақтардың және өзіндік оқу тақырыптары бойынша рубежді бақылау түрінде өткізілед. (7 және 15 апталар). Аралық бақылауды қайта тапсыруға болмайды Қорытынды бақылау – емтихан, сессия уақытында автоматтандырылған тест түрі бойынша ҚК де тапсырылады. Емтихан 40 балмен бағаланады. Емтиханды жоғарғы бағаға қайта тапсыруға рұқсат берілмейді
4.2. СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕЙТИНГІН ҚОЮ ШКАЛАСЫ
4.3. ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА КЕЛЕСІ ФОРМУЛА БОЙЫНША ЕСЕПТЕЛЕДІ Қорытнды баға = бұнда, Р1 – бірінші рейтингтік бағалаудың пайыздық мазмұны; Р2 – екінші рейтингтік бағалаудың пайыздық мазмұны; Э – емтихандық бағалаудың проценттік мазмұны. Пән бойынша баллдарды бөлу:
4.4. СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖАЛПЫ ШКАЛАСЫ
КУРС САЯСАТЫ Дәрісханадағы жұмыс оқылған материалдарды талқылау, ситуациялық мәселелерді талдау және түрлі жаттығулар орындаудан тұрады. Әрбәр 3 апта сайын материалдар, яғни лекциялық және практикалық сабақтар сұрақтары мен тапсырмаларын біріктіретін бақылау жұмысы орындалады. Студенттер барлығы 5 бақылау жұмысын тапсыруы қажет және оны қайта тапсыру қарастырылмаған. Студенттердің әрбір сабаққа қатысуы оларға ұсынылған материалдарды одан әрі игеруге байланысты, сондықтан сабақта берілетін материалдарды талқылауға белсенді қатысуы қажет. Белсенділігі үшін жоғары баға әрбір сабақта жарияланады. Студент өзіндік зерттеу жұмысын дайындап өткізуге міндетті. Тақырыпты өзі таңдауға құқылы. Баға жұмыстың мазмұнына, құрылымы мен баяндалу тәртібіне және ғылыми теориялық деңгейіне. Сондай ақ безендірілуіне қатысты қойылады, Курс шеңберінде екі аралық тест тапсыру қарастырылған. Тест сұрақтары курс бойынша өтілген материалдар бойынша құрастырылған сұрақтардан тұрады. Курс соңында қорытынды емтихан қабылданады. Студент жауабы белгіленген бағалау жүйесіне сәйкес жүргізіледі. - Сабаққа кешікпеу, Сабақтан кешіккендер кіргізілмейді. - Сабақ кезіндеұялы телефондарды сөндіріп қою. - Дәріс уақытысында сабақтан тыс сұрақтарды қарастырмау қажет. - Сыртқы киіммен аудиторияға кірмеу қажет. - Оқу процесінде белсенді қатысып отыру қажет, - Уақытында тапсырмаларды тапсырып отыру тиіс. - Тапсырманы уақытында орындамаған жағдайда баллдарын кемітіп отыру. - Себепсіз сабақтан қалмау қажет. - Сабақтан қалған жағдайда тиісті құжаттарын көрсетуі тиіс. - Әрбір сабақта қалғаны үшін баллдары кеміп отырады.
4. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
«Қаржы академия» АҚ кітапханасы 2014- 2015 оқу жылына 1 курс үшін 5В050600-Экономика; 5В050700-Менеджмент; 5В050800 - Есеп және аудит; 5В050900-Қаржы мамандықтары бойынша «Макроэкономика» пәнінің Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Факультет деканы ________________________ Рахимова Г.А. (қолы) Кафедра меңгерушісі __________________________ Темирова А.Б. (қолы) ОӘБ басшысы ____________________ Еркебаева З.Ж. (қолы) Кітапхана меігерушісі __________________ Ногайбаева Г. (қолы)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржы академиясы» АҚ Кафедра «Экономика және менеджмент» (кафедра атауы) ДӘРІС КЕШЕНІ Mak 2204 МАКРОЭКОНОМИКА бойынша (пән атауы және код)
5В050600-Экономика; 5В050800-Есеп және аудит; 5В050900-Қаржы мамандықтары үшін (мамандық номері және атауы)
Дәрістер 30 сағат
Курс: 1-2
Семестр: 1-4
Астана-2014 ж.
6 ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ (дәрістер тезистері, иллюстративтік және таратпа материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)
ТАҚЫРЫП 1: МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Мақсаты: макроэкономика курсының кіріспе бөлімімен таныса отырып, бұл пәннің зерттеу объектісіне шолу жасау, талдау ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу, сонымен қатар, пәннің негізгі зерттеу мәселелері туралы жалпы түсінік алу және осы пәнді не үшін оқу керектігін түсіну. Осы мақсатқа жету үшін мынадай талдау сұрақтары қарастырылады. Дәріс жоспары:
Тақырыптың мазмұны. Макроэкономика пәні Микроэкономика сияқты, макроэкономика да экономика теориясының бөлімі. Грек тілінен аударғанда: «макро» – үлкен, «микро» – кішкентай, кішкене, «экономика» – шаруашылықты жүргізу. Сонымен, макроэкономика – тұтастай экономиканың немесе оның ірі жиынтықтарының (агрегаттарының) тәртібін зерделейтін ғылым. «Макроэкономика» терминін ең алғашқы болып 1933 жылы белгілі норвегиялық ғалым – экономист-математик, эконометриканың негізін салушыларының бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Рагнар Фриш қолданды. Бірақ қазіргі макроэкономикалық теория атақты ағылшын экономист, Кембридж мектебінің өкілі, лорд Джон Мейнард Кейнстің басты (іргелі) еңбегінен басталады. 1936 жылы оның «Жұмыстылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы жарық көрді. Онда Кейнс макроэкономикалық талдаудың негізін қалады. Макроэкономикалық талдау әдістері Макроэкономикалық талдаудың 2 түрін айырады: ex post талдауы және ex ante талдауы. Макроэкономикалық талдау ex post немесе ұлттық есеп жүргізушілік, яғни статистикалық мәліметтер талдауы экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға, мәселелер мен жағымсыз құбылыстарды тауып шығаруға, оларды шешу мен жеңу бойынша экономикалық саясатты әзірлеуге, әр елдердің экономикалық әлеуетінің салыстырмалы талдауын өткізуге мүмкіндік береді. Макроэкономикалық талдау ex ante, яғни белгіленген теориялық тұжырымдамалардың негізіндегі экономикалық үдерістер мен құбылыстардың болжамдық модельдеуі. Бұл экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын анықтап, экономикалық құбылыстар мен ауыспалылар арасындағы себеп салдар байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Осы ғылым ретіндегі макроэкономика. Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар жатады: · абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және түсіндіру үшін үлгілерді қолдану); · индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі; · нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі; · «әртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану; · экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және т.б.. Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі – ол агрегаттау болып табылады. Макроэкономикалық үлгілер Макроэкономикалық үлгi – әртүрлi экономикалық құбылыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн көрсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргiзуде нақты өмiрдiң барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан да бiрде-бір макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер ететiн iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.) |