|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 9 страницаҚорлану құралы – бұл болашақта сатып алу қабілеттілігін қамтамасыз ететін және тауар мен қызмет керсетуді сатқаннан кейін сақталатын активтер. Активтер – бұл қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік, игіліктер, ақша қаржылары, құнды қағаздар, ресурстар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте қолданылатын немесе оларды жұмсаушы субьекті үшін табыс көзі ретінде пайдаланылуға болатын қоғамдық байлықтың барлық элементтері. Мысалы, адамдар өз байлықтарын бағалы, үй, акция және облигация т.б, көптеген түрде сақтай алады. Ақша осы функцияны орындауда қолайлы болып келеді, себебі оған өтімділік сипаты тән. Өтімділік-бұл активтерді төлем құралы ретінде пайдалану мүмкіншілігі мен активтердің номиналды құнын өзгертпестен сақтау қабілеттілігі болып табылады. Анықтау бойынша ақша өтімділікке бүтіндей тән. Олар төлем құралы ретінде пайдаланылатын болғандықтан және олар өлшеу функциясын орындағандықтан, баға масштабында номиналды құнын өзгертпейді. Ақша агрегаттары. Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланылады: М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады; М2 құрамына М1 агрегаты және мерзімі 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді; М3 құрамына М1 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді; L – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады. Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін – төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты қолданылады. Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына төмендегі ақша агрегаттары кіреді: М1 – айналыстағы қолма-қол ақша; М2 – құрамына М1 агрегатын және шаруашылық субъектілердің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориясы. Классиктер ақшаға сұранысты оның сандық теориясы негізінде түсіндіреді. Ақшаның сандық теориясы ақшаға сұранысты мына өрнек арқылы анықтайды: MV = PY, мұнда: M – айналымдағы ақша көлемі; V – ақша айналымының жылдамдығы; P – баға деңгейі; Y – өнім шығару көлемі. Ақша айналымының жылдамдығы тұрақты деп есептелінеді. Бұл жағдайда номиналды ЖҰӨ ақша жиынына тура қатынаста өзгереді. Классикалық теория сәйкес нақты ЖҰӨ баяу өзгереді. Сондықтан номиналды ЖҰӨ-нің өзгерісі баға деңгейінің өзгерісін көрсетеді. Сөйтіп ақша көлемінің өзгерісі нақты өзгергіштерге әсер етпейді, тек номиналды көрсеткіштерге әсер етеді. Оны «ақшаның бейтараптылығы» деп атайды. Ақшаға сұраныстың кейнстік теориясы – өтімділіктің артықшылық теориясы болып табылады. Ол теория бойынша адамдарды қолма-қол ақша сақтауға итермелейтін негізгі үш жағдай қарастырылады: 1. Келісімдер мотиві, мұнда ақшаға сұраныс әрдайым тауарлар мен қызметтерге төлем ретінде немесе ағымдағы мәмілеге қажет қолма-қол ақша ретінде қаралады; 2. Сақтық мотиві: болашақтағы күтпеген кездейсоқтық жағдайларға байланысты ақшаға сұранысты білдіреді. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. 3. Алыпсатарлық мотив: адамдардың өз байлықтарын қаржылық активтер түрінде сақтауға тілек етуіне байланысты ақшаға сұраныс білдіреді. Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Ақшаға сұраныстың бұл түрі пайыз мөлшерлемесі мен құнды қағаз бағамына байланысты. Келісімдер мотиві мен сақтық мотиві ақшаға трансакциялық сұранысты білдіреді, яғни қазіргі және болашақ кезеңдерде мәмілеге қажет ақша көлемін анықтайды. Ақшаға трансакциялық сұраныс табыс деңгейіне тәуелді, ал пайыз мөлшерлемесіне байланысты емес. Сондықтан оның сызығы тік орналасады. (22, а-сурет). Ақшаға алыпсатарлық сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелді, оның қисығы теріс көлбеулі болады. (22, ә-сурет). Классикалық теория ақшаға сұранысты нақты табыспен байланыстырса, кейнстік теория ақшаға сұраныстың негізгі факторы пайыз мөлшерлемесі деп есептеді. Баумоль-Тобин үлгісі. Ақшаға сұраныстың негізгі үлгісі Баумоль-Тобин үлгісі. Ол үлгі бойынша қолма-қол ақша көлемі банктік пайыз мөлшерлемесі мен банкке бару уақытын салыстыру арқылы анықталады. Баумоль-Тобин үлгісі қолдағы ақша жинағының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға негізделген. Басты артықшылығы: индивид (жеке тұлға) ақшасын қолында ұстаса, қажет тауарға ақша алу үшін банкке барудың қажеті жоқ. Кемшілігі – индивид ақшасын банкте сақтамаса банктік пайыз мөлшерлемесі көлемінде пайда алу мүмкіндігінен айрылады. Ақша теориясының сандық теңдеуі. M X V = P X Y -осы теңдеу сан теңдеуі болып саналады, ол баға деңгейі мен өнім деңгейін ақша қорына қосады. Сан теңдеуі біртіндеп ақшаның сандық теориясы деп аталады. Бұл жерде V – табыс жылдамдығы және Y - өнім деңгейі тұрақты болады. Нақты өнімнің тұрақты болуы экономикалық жұмыспен толық қамтамасыз етілуіне байланысты. Егер V мен Y тұрақты болса, онда баға деңгейі ақша қорына пропорционалды болады. Сонымен, классикалық сандық теория - инфляция теориясы болып саналады. Және ол баға деңгейі ақша қорына пропорционалды екенін дәлелдейді: P = V X M / Y Ақша айналымының жылдамдығы. Ақша айналымы — ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі — әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады. Ақша айналымын жоспарлау — мемлекеттің айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экономикалық үздіксіз дамып отыруы үшін айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек. Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады. Ақша айналымы жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады. Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі. Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді. Ақша айналымы жоспарлау барысында айналымдағы жалпы ақша мөлшерін шұғыл түрде реттеу үшін республика, облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты ақшаның қозғалысы есепке алынуы тиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы рынокқа қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын болдырмауға, ақша айналымын жылдамдытуға жол ашылады. Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады. Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері: 1) айналымға шығарылатын тауар; 2) тауар бағасының дәрежесі; 3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты. Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар бағасының жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне бөледі. Экономикалық дағдарыс және соғыс жағдайында экономиканың тұрақсыздығының күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ақша айналымын реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы тауар құнынан артық ақша шегеру керек. Ақша айналымын реттеу халықтың табысы мен шығыны арасындағы айырмашылықты негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша айналымы бір деңгейде болған жағдайда табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның табыстан асып түсуі — айналымдағы ақша мөлшерін азайтады. Айналымға керекті ақша мөлшерін кассалық жоспар арқылы бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау жағдайларда (соғыс т.б.) мемлекеттің қосымша ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы мөлшері кейін реттеледі. Нақты және атаулы пайыз мөлшерлемесі. Фишер теңдеуі. Фишер формуласын американдық экономист Ирвинг Фишер ашты. Бұл формула нарықтық шаруашылықта қалыпты қызмет ету үшін ақша санының қаншалықты екендігін анықтайтын факторды айқындайды. M * V = P * Q Мұндағы: М – ақша айналымының орташа саны V - ақша айналымының жылдамдығы Р – бағаның деңгейі Q – сатылған тауардың саны Фишер формуласының сол жағы төленген ақшаның санын көрсетеді, ал оң жағы сатылған тауардың бағасын (ақшаға сұраныс) көрсетеді. Ақша айналымының заңы жалпы түрде төмендегі формуламен көрсетіледі: M = P1Q1 – P2Q2 – D1 – D2 / V Мұндағы: М – айналымға қажет ақша саны Р1Q1 – тауар мен қызмет көрсетудің айналымдағы бағасының саны P2Q2 – төлем мерзімі жетпеген несиеге сатылған тауардың бағасының саны D1 – қарыздық міндеттемемен түскен төлемдер саны D2 – төлемдерді екі жақты өтеу саны V – ақша айналымының жылдамдығы Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша ұсынысы (Мs) - банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол қолма-қол ақша С) мен экономикалық агенттер талап еткенге дейінгі депозиттерден құралады (D). Немесе оны М1 агрегаты деп қарастыруға болады. Мs = C + D Банктер депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін қарыз беру үшін және активті операциялар үшін пайдаланады. Басқа қаржылық институттармен салыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру мүмкіндігі бар. Несие мультипликаторы – коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі. Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозит пайда болуының нәтижесінде туындайды. МS= 1 / rr мұндағы rr – резервке салынған банктік салымдардың алатын үлесі; D – алғашқы салым; 1/rr – банк мультипликаторы немесе депозиттік мультипликатор. Орталық банк ең алдымен ақша базасын реттейді. Өйткені елдегі ақша массасы ақша базасының көлеміне байланысты болады. Ақша базасы банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша (С) мен Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердің резервтерінен (R) құралады. МВ = С + R, мұндағы МВ – ақша базасы; С – қолма-қол ақша; R – резервтер. Ақша ұсынысының жалпы үлгісіне ақша мультипликаторы да кіреді. Ақша мультипликаторы. Ақша мультипликаторы (m) – ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы: m = Ms/MB = Ms = mхMB. Ақша мультипликаторы – ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша депозиттерінің депозит коэффициентіне (cr) және депозиттерді резервтеу нормасына (rr) қатынасы арқылы да анықтауға болады. m= Ms/MB=C+D/C+R Егер өрнектің алымын да бөлімін де D-ға бөлсек, онда m = cr + 1, мұнда cr = C/D; rr = R/D; cr + rr сr - депозит коэффициенті, оның шамасы халықтың қолма-қол ақша мен депозитті қандай пропорцияда бөлетініне байланысты. rr – резервке салынған банктік салымдардың үлес салмағы. Оның шамасы Орталық банк тағайындаған міндетті резерв нормасына және коммерциялық банктердің артық резервтеріне байланысты. Демек ақша ұсынысын төмендегідей жазуға болады. Ms = cr + 1 / cr + rr х MB, Ms= mхМВ. Монетарлық саясаттың құралдары Монетарлық саясаттың басты мақсаты Айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Монетарлық саясат жүргізу үшін Ұлттық банкінің заңды бекітілген құралдары мен операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б. Төменде монетарлық жиынтық құрауыштары қысқаша түрде берiлген. 1. Валюта ақшадан және айналымдағы банкноттардан тұрады. 2. Сұраныстағы депозиттер – коммерциялық банктердегi пайызсыз тексерiлетiн есептер, бiрақ онда басқа банктердiң, үкiмет және шетел банктерiнiң депозитi болмайды. 3. Саяхатшылардың чегi банкте емес, мекемеде шығарылады. Банктерде шығарылған саяхатшылардың чек қағазы қажеттi депозитке жатады. 4. Басқа тексерiлетiн депозиттер – пайызды тексеретiн есептер, оған ATS есептерi жатады. ATS сақтық кассадағы есептен аударымды дағдылы түрде жүргiзедi. Сақтық кассасына ақша салушы ATS-пен бiрге өз активтерiн жинақтау есебiне салады, сонан кейiн оны банк төлемiнен соң дағдылы түрде есепке аударады. М1 = (1) + (2) + (3) + (4) 5. Тез арадағы қайта сатып алуға келiсiмдер. Банк бұл тұста клиенттен қарыз алады. Банк валютаны (немесе қазыналық вексельдi) бiрiн клиентке сатады да, оны ертесiне қайтадан тұрақты бағаға алуға уәде бередi. 6. Жедел жұмсалатын еуродолларлар, пайыз төлейтiн, келесi күнi дайын болатын депозиттер АҚШ банктерiнiң кариб фирмаларында сақталады. 7. Ақша нарығындағы жалпы қор акциялары. Жалпы пайыздық қор депозиттерi қысқа мерзiмдi активтердi инвестициялайды. МММF акциялары кейбiр мекемелерде бар, бұлардың қорында М3 бар да, М2 жоқ. 8. Ақша нарығындағы депозит есептерi МММF 25 банктерi арқылы жүргiзiледi. Мұның артықшылығы – олар 100000 долларды қамтамасыз етедi. 9. Сақтық кассасындағы депозиттер. Банктегi және басқа да сақтау мекемелерiндегi депозиттер чек арқылы аударылмайды, мұнда сақтық кассасына ақша салушыда жеке банктiк есеп айырысу кiтапшасы болады. 10. Аз мерзiмдi депозиттер. Пайыздық депозиттердiң белгiлi бiр уақыты бар, ол соған дейiн төленуi тиiс. Оны “аз” деп 100000 доллардан кем болғанда айтамыз. М2 = М1 + (5) + (6) + (7) + (8) + (9) + (10) 11. Ұзақ мерзiмдегi депозиттер деп бағасы 100000 доллардан асқан депозиттi айтамыз. Мұнда МММF-тiң жалпы саны қосылмайды, яғни актив ақша жиынтығында екi рет саналмайды. 12. Қайта сату келiсiмi – төмендегi үнемдеу мекемелерi сатқан М3 = М2 + (11) + (12) + мекемелердегi МММF 13. Басқа да еуродоллар депозиттерi – ұзақ мерзiмдегi еуродоллар. 14. Сақтаулы облигациялар – АҚШ үкiметiнiң ақша салатын салымдағы сататын облигациялары. 15. Банктiң акцептерi – ерекше соманы, банк облигациясын сол уақытта төлеу жөнiндегi тапсырысы, әдетте ол халықаралық сауда кезiнде болады. 16. Коммерциялық iс-қағаздар – бiрлестiктердiң қыс-қа мерзiмдi пассивтерi. 17. Қысқа мерзiмдi қазыналық бағалы қағаздар – АҚШ-та шығарылатын бағалы қағаздар (12 айдан аз мерзiмде шығарылған қазыналық қағаз). L = М3 + (13) + (14) + (15) + (16) + (17) ТАҚЫРЫП 7: ТАУАР ЖӘНЕ АҚША НАРЫҚТАРЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. IS-LM ҮЛГІСІ Мақсаты: IS-LM үлгісіндегі негізгі айнымалылар және оның теңдеуі. Ақша және тауар нарықтарының тепе-теңдік. IS және LM қисықтарын шығару. IS және LM қисықтарының көлбеуі және ығысулары. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік. AD-AS және IS-LM үлгілерінің өзара байланыстарын қарастыру. Ол үшін дәріс сабағына мына сұрақтар шығарылады. Дәріс жоспары: 1. IS-LM үлгісіндегі негізгі айнымалылар және оның теңдеуі. 2. IS-LM қисықтарын құру. AD-AS және IS-LM үлгілерінің өзара байланыстары Тақырыптың мазмұны. IS-LM үлгісіндегі негізгі айнымалылар және оның теңдеуі. Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменiң ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етедi. IS-LM үлгiсiн ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс “кресi”) 1937 жылы ұсынған. А. Хансеннiң 1949 жылы шыққан “Монетарлық теория және қазыналық саясат” атты кiтабы арқылы ол көпшiлiкке мәлiм болды, содан кейiн ол Хикс-Хансен үлгiсi деп аталып кеттi. IS-LM үлгiсi (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтiмдiлiк – ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшiн қажеттi, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдiгiнiң үлгiсi. Тауар және ақша нарықтарында бiр мезгiлде тепе-теңдiк қалыптасу үшiн, қажеттi табыс көлемi Y пен нарықтық пайыз мөлшерлемесi R-дiң тiркемесiн табуға үлгi мүмкiндiк бередi. Төмендегi теңдеу классикалық үлгiдегi тауар нарығындағы тепе-теңдiктi көрсетедi. Бұл теңдеулердiң айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументiнде. IS-LM үлгiсiнiң негiзгi теңдеулерi, мұндағы: 1) Y = C + I + G + Xn – негiзгi макроэкономикалық тепе-теңдiк. 2) C = a + b (Y-T) – тұтыну функциясы. 3) – инвестиция функциясы. 4) – таза экспорт функциясы. 5) – ақшаға сұраныс функциясы. Yлгiнiң iшкi айнымалылары: Y (табыс), С (тұтыну), I (инвестиция), Xn (таза экспорт), Yлгiнiң сыртқы айнымалылары: G (мемлекеттiк шығындар), Ms (ақша ұсынысы), Эмпирикалық коэффициенттер: (а, b, е, d, g, m’, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты. Қысқа мерзiм кезеңiнде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Y≠Y*), баға деңгейi P тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесi R және жиынтық табыс Y өзгермелi. P = const тұрақты, өйткенi барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндерi сәйкес келедi. Ұзақ мерзiм кезеңiнде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады. (Y = Y*), баға деңгейi P өзгермелi. Бұл жағдайда айнымалы Ms (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгiдегi басқа айнымалылар – нақты шама болады. Ақша және тауар нарықтарының тепе-теңдік. Ақша рыногындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша рыногындағы тепе-теңдік Ұлттық банктің қызметіне байланысты. Ақша ұсынысының қисығы (Ms) тік сызық түрінде болады. Бұл Ұлттық банк ақша ұсынысын бақылау мақсатында пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне қарамастан оның көлемін тұрақты деңгейде сақтауға тырысуында. (24-сурет). Ақша рыногындағы тепе-теңдік А нүктесінде R0 М0 деңгейінде орнайды. Пайыз мөлшерлемесі төмендегенде облигациялардың құны төмендейді, ақшаға сұраныс өседі. Бұл жағдайда экономикалық субьектілер құнды қағаздарын сата бастайды, нәтижесінде облигацияларға сұраныс төмендейді. Ол өз кезегінде пайыз мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі. Сөйтіп қайтадан тепе-теңдік орнайды Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.) |