|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 14 страницаХалықаралық сауда қатнастары. Халықаралық сауда – әр түрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әр түрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Нәтижесінде өндіріс пен ғылыми техникалық қызметтерді туарлармен айырбастау жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі. Халықаралық қатынастардың басты нысандарына жататындар: - халықаралық еңбек бөлінісі; - тауарлармен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда; - халықаралық несие; - өндірістік фаторлардың халықаралық ауысуы; - халықаралық валюта-қаржы қатынастары; - халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар; - экономикалық интеграция. Әлемдік сауданың даму тенденциясы және құрылымы. САУДА САЯСАТЫ: ПРОТЕКЦИОНИЗМ ЖӘНЕ ФРИТРЕДЕРСТВО. Мемлекеттік сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі: протекционизм және фритредерлік. 1. Протекционизм (латынша «protectio» - қорғау) – жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Протекционизм капиталдың алғашқы қорлануы кезінде (XVI-XVIIІ ғғ) пайда болды. Оның теориялық негізін меркантелистер құрды және бас кезінде Францияда кең тарады. Ресейге Петр І - нің билік еткен кезеңінде келді. Протекционистік саясатты жақтаушылардың аргументтері: 1. Протекционизм ұлттық реурстарды пайдалану деңгейін көтереді. 2.Протекционизм импорттық салықтарды қолданып экономикалық тиімділікті арттырады. 3.Протекционизм өзінің экономикалық дамуында келеңсіз жағдайларға ұшыраған салаларды көтеруге мүмкіндік береді. 4.Протекционизм тек өте үстіртін жағдайларда (төлем балансы тапшылығы, ұлттық экономиканы шетелдік субъектілердің бәсекесінен қорғау үшін) қолданылады. Сондай-ақ протекционизмді жақтаушылар оның әлеуметтік-экономикалық артықшылықтарын атап көрсетеді: - протекционизм елдердің қауіпсіздік қабілетін ұстауға жағдайлар жасайды. Әр ел өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қажетті стратегиялық маңызды салалардың (ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, металлургия т.б.) дамуын қамтамасыз етуі қажет. - протекционизм өмір сүру деңгейі мен сапасы төмен елдерді дамыған елдерден қорғау үшін қажет; - протекционистік саясат кейбір әлеуметтік топтар мен экономикалық қызметтерді (крестьяндықты, ұлттық қолөнерді) сақтап қалуға мүмкіндік береді. Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) саясат - ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Фритредерлік XVIIІ ғасырда Ұлыбританияда пайда болды. Еркін сауданы жақтаушылардың аргументтері: 1. Фритредерлік еркін саудаға қатысушы елдердің тұрмыс деңгейі мен сапасын көтереді. 2. Фритредерлік бәсекенің дамуына жағдайлар жасап, отандық өндірушілердің жаңа, сапалы тауарлар өндіруге ынтасын көтереді. 3. Фритредерлік жаңа рыноктардың дамуына мүмкіндік тудырады. 4. Фритредерлік өндірістік ресурстардың елдер арасында оңтайлы бөлінуін қамтамасыз етеді. Протекционистер және фритредерліктердің көзқарастарын салыстыра келе мынадай тұжырым жасауға болады: протекционистер қысқа мерзімдік мүдделерді көздейді, фритредерліктер ұзақ мерзімдік мақсаттарға негізделеді. Алайда нақты елге протекционизм тиімді, ал фритредерство зиян деп немесе, керісінше, айтуға болмайды. Италиян экономисі В.Парето айтқандай: «Нақты елдің нақты мерзімдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайын біле отырып, ол елге сол уақытта қандай саясаттың қажет екенін анықтап алу қажет - протенционистік пе, әлде еркін сауда ма». Халықаралық саудада экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т. б жатады. ГАТТ – тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, кездесулер өткізіледі. ГАТТ – тың толық құқылы мүшелерінің саны 1990 жылы 96 – ға жетті. ЕАСТ – Еуропалық еркін сауда ассациациясы 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ассациацияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ – тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру. ЮНКТАД - БҰҰ – ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170- ке жуық мемлекет, сондай – ақ көптеген халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды. Сауда саясатының құралдары. Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады. Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: яғни «Солтүстік-Оңтүстік», «Солтүстік-Оңтүстік», «Оңтүстік-Оңтүстік». «Солтүстік-Оңтүстік» жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі. Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік» жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған. Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады: - сыртқы сауда саясаты жөнінде; - халықаралық сауда саясаты жөнінде. Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі. Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі. Халықаралық саудадағы тарифтік және тарифтік емес шектеулер. Сауда саясаты тарифтік немесе тарифтік емес құралдар арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы сауданы шектеудің кең тараған әдісі – импорттық тарифтер: кеден (баж) салығы. Кеден салығы шетел тауарларына салынады, нәтижесінде тауарлар қымбаттайды, сұраныс азаяды. Кеден салықтары фискалдық қызмет атқарады, яғни ол мемлекет бюджетін толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Алайда импортқа салық отандық тұтынушыларға біршама зиян әкеледі, өйткені тарифтерді енгізу импорттық тауарларды қымбаттады, нәтижесінде отандық сатып алушылар қосымша салық төлейді. Экспорттық тариф - мемлекеттің экспорттық тауарларды реттеу үшін қолданатын құралы. Экспорттық тариф ішкі бағаны әлемдік деңгейден төмендетеді, нәтижесінде ішкі тұтыну өседі де оның экспорты қысқарады. Бұл жағдайда ұлттық өндірушілер зиян шегеді, ал сатып алушылар ұтады, өйткені баға әлемдік деңгейден төмен. Отандық өндірушілерді қорғау үшін проткционистік саясатта кеден тарифтерімен қатар баламалы әдіс, экспорттық субсидиялар қолданылады. Экспорттық субсидиялар – үкіметтің экспорттық тауар өндірушілерге көрсететін қаржылық көмектері. Экспорттық субсидиялар бірнеше нысанда болады: - экспортер-фирмаларға төмен пайызбен займдар беру - шетелдерде экспорттық өнімдерді өткізу үшін үкіметтен шығындар бөлу - экспортталатын өнім көлемін көбейту үшін салық жеңілдіктерін беру. Экспорттық субсидиялар экономиканық-ң экспорттық салалрының дамуына жағдайлар жасайды және ұлттық өндірушілергеәлемдік рынокта бәсекелік артықшылық тудырады. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары халықаралық саудада жаңа кедергілер пайда болды – тарифтік емес. Тарифтік емес шектеулерге мыналар жатады: а) сапа стандарты; ә) санитарлық шектеулер; б) құрал-жабдықтардың экологиялық талаптарға сәйкестігі; в) импортқа лицензия беруге шектеулер қою; г) нақты елдерде кейбір тауарлар түрін сатуға әкімшілік тиым салу. Ең кең тараған тарифтік емес шектеулердің бірі – импорт пен экспортқа квота енгізу. Импорттық квота – импорттық тауарлардың көлемін сандық шектеу. Импорттық квотаның екі түрін ажыратады: а) абсолюттік квота – берілген елге әкелуге рұқсат етілген тауарлар көлемі; ә) тарифтік квота – төмен ставка бойынша белгілі уақыт аралығында нақты тауар әкелуге рұқсат беру. Экспорттық квота – экспорттық тауарлар көлемін сан жағынан шектейтін әдіс. Экспорттық квота ел экономикасы үшін экспорттың алатын ролін көрсету үшін қолданылады. Мысалы, соңғы ХХ ғасырдың он жылдығында ЖІӨ -гі экспортүлесі АҚШ пен Жапонияда 10%-ды, Англия мен Францияда – 24 %-ды, Германияда – 34 %, Бельгияда – 70 %-ды құрады. Тарифтік емес шектеулерге сондай-ақ демпинг жатады. Демпинг – экспортер-өндірушілердің сыртқы рынокта тауарларын ішкі бағадан төмен бағамен сатуы. Демпингтің тұрақты және уақытша түрлері болады. Тұрақты демпинг –фирмалардың сыртқы рынокта монополиялық пайда табу үшін ұзақ уақыт бойы тауарларын әлемдік рыноктан төмен бағамен сатуы. Уақытша демпинг – тауарларды сыртқы рынокта өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Демпингтің бұл түрі бәсекелесін рыноктан ығыстырып монополиялық билік орнату үшін уақытша қолданылады. ГЛОССАРИЙ Макроэкономика курсын оқитын студент экономикалық және басқарушылық терминдерін сауатты меңгеруі қажет. Төменде берілген глоссарий қажетті барлық терминдер мен анықтамаларды құрайды. Берілген анықтамалар мен терминдерді оқу, басқару қызметінің теориясын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. “Арзан” ақша саясаты- айналыстағы ақша массасын ұлғайту саясаты. Ол үшін мемлекеттің құнды қағаздарды сатып алады, міндетті резервтердің нормасын төмендетеді, пайыз мөлшерлемесін төмендетеді «Қымбат» ақша саясаты - айналыстағы ақша массасын қысқарту саясаты. Ол үшін мемлекеттің құнды қағаздарды сатады, міндетті резервтердің нормасын көтереді, пайыз мөлшерлемесін көтереді. Абсолютті артықшылық теориясының негізін қалаған А.Смит. Оның теориясы бойынша халықаралық сауда әртүрлі елдердегі тауар өндірісінің абсолютты шығындарының айырмашылығына негізделуі тиіс. Автономды (тәуелсіз) инвестиция – ұлттық табыстың өзгерісіне байланысты емес, тұрақты инвестиция. Агрегаттау - жеке бөлек көрсеткіштерді бір бүтін көрсеткішке біріктіру. Ағымдағы есеп шот- мезгілсіз салым немесе коммерциялық банктер мен жинақтау орталықтарының талап еткенге дейін салынатын салымдар. Ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы- ағымдағы операциялар баланстық есебінің оң сальдосы. Ағымдағы операциялардың есеп шоты- мемлекеттің төлем балансының бір бөлігі. Бұл бөлікте тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты қадағыланады және инвестициядан таза табыс пен трансферттік төлемдердің көлемі көрсетіледі. Ағын өзгермелілері уақыт бірлігімен өлшенеді (бір айда, бір тоқсанда, бір жылда т.б.) және экономикалық проблемалардың уақыт аралығындағы өзгерісін (ағымын) сипаттайды. Адам капиталы теориясы- бұл концепция бойынша адамдардың жалақысы адам капиталының инвестициясына байланысты, жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын инвестицияны үлкейту арқылы өсіруге болады. Адаптациялық (бейімделу) күту концепциясы - экономикалық субъектілер бұрын жіберілген қателерін ескере отырып болашақты күтуде түзетулер енгізеді. Айырбас бағамы – шетел валютасының бірлігі үшін басқа валюта иеленушінің төлейтін құны, бір ел ақшасының екінші ел ақшасына айырбасталу бағасы. Акселератор - дайын өнімге сұраныс өсімінің инвестициялық шығындар өсіміне қатынасын білдіреді, яғни ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді. Актив жағынан ақшаға сұраныс – адамдардың қор жинағы үшін ақшаға деген сұраныс. Активтілігі төмен экономика - таза ішкі инвестициялары нольден төмен экономика. Акциздер – тауар мен қызмет көрсетулер бағаларына қосылатын салықтар. Акциялар- акционерлік қоғам капиталының бөлігін иеленуі куәләндіретін және дивидент түрінде пайданың бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаздар. Ақша – құн өлшемі, айналым құралы, байлық қалыптастыру құралы, төлем құралы қызметін атқаратын ерекше тауар. Ақша – несие саясаты – инфляциялық емес өндіріске жету мақсатында ақша ұсынысын өзгерту арқылы жалпы экономикалық міндеттерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттің макроэкономикалық саясатының маңызды бөлігі. Ақша айналымының жылдамдығы – қажеттілікке байланысты 1 жылдың ішінде ақшаның айналымда қанша рет болғанын көрсетеді. Ақша базасы – қолма-қол ақшадан тұратын (Мо агрегаты және коммерциялық банктердің міндетті резервтері), Қазақстанда қолданылатын көрсеткіш. Ақша базасы- банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша мен Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердің резервтерінен құралады. Ақша жүйесі – елдегі ақша айналымын ұйымдастыру нысаны, яғни қолма-қол және қолма –қолсыз түрінде ақшаның қозғалысы. Ол келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігін, бағалар масштабы, елдегі ақша түрлері, ақша эмиссиясы мен айналымының тәртібі және ақша айналымын реттейтін мемлекеттік аппарат. Ақша массасы - әр келесі агрегат алдынғыларды өзіне қосатын ақша агрегаттардың жиынтығы. Ең кең таралған сызбасы келесі: Мо (қолма-қол ақша), М1 (Мо плюс есеп және ағымдағы банктік шарттардағы қаражаттар) М2 (М1 плюс банктердегі мерзімдік салымдар), М3 (М2 плюс мемлекеттік құнды қағаздар) Ақша мультипликаторы – ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді және ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы арқылы анықталады Ақша нарығы – есеп, банкаралық және валюталық нарықтардан тұрат қысқа мерзімді несиелік операциялар нарығы. Ақша ұсынысы (Мs) - банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол қолма-қол ақша мен экономикалық агенттер талап еткенге дейінгі депозиттерден құралады Ақшаға алыпсатарлық сұраныс - пайыз мөлшерлемесіне тәуелді, оның қисығы теріс көлбеулі болады. Ақшаға жалпы сұраныс – келісімдер мен ақшаға актив жағынан сұраныс жиынтығы. Ақшаға трансакциялық сұраныс - келісімдер мотиві мен сақтық мотивінің қосындысы ақшаға трансакциялық сұранысты білдіреді, ол табыс деңгейіне тәуелді, ал пайыз мөлшерлемесіне байланысты емес. Сондықтан оның сызығы тік орналасады. Ақша-несиелік саясат - экономиканы реттеуге бағытталған ақша айналымы мен несие саласындағы іс шаралардың жиындығы. Ақырғы резерв – банктің нақты резервінің сомасы. Алтын ереже - 1961 жылы американ ғалымы Э.Фельпс ұсынды. Ол ереже бойынша» дамыған экономика жағдайында халықтың жан басына шаққандағы тұтыну өзінің максималды деңгейіне капиталдың шекті өнімі экономикалық өсу қарқынына тең болғанда жетеді. Амортизациялық - аударулар – негізгі капиталдың тозуы мен ескіруінің қаржылық көрінісі. Антиинфляциялық реттеу - инфляциямен күресудің екі негізгі әдісін қамтиді: бюджеттік тапшылықты қысқарту және бағалар мен табыстарды реттеу. Аралас капитализм – Үкімет пен жеке тұлғалар экономикалық ресурстарды реттеу арқылы шешім шығару. Аралық өнім – өңдеуге және қайта қымбатқа сатуға арналған өнімер Атаулы бағам - екі елдің валюталарының айырбас бағасы. Мысалы 130 теңгені 1 долларға айырбастаймыз Ауызша келісім механизмі – жұмыс істеу шарттарын жақсарту мақсатында жұмыс күшінің өз еңбегін кәсіподақтар арқылы ұсынуы. Ашық рыноктағы операциялар – бұл Ұлттық банктің ашық рынокте ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Ашық экономика – тауарларды экспорттайтын және импорттайтын ел экономикасы. Әлемдік баға - әлемдік сұраныс пен ұсыныс қатынасы негізінде анықталатын тауарлар мен қызметтердің халықаралық бағасы. Баға деңгейі- мемлекеттің ішінде жасалған тауарларға қойылған орташа баға. Баға дискреминациясы (алалау) - бір мезгілде бір тауарды басқа бағамен, әр түрлі тұтынушыларға сату. Баға және табыс икемділігі - тауардың бағасының және жұмысшылардың жалақысының өзгеруі, бағаның және жалақының көтерілу және түсу қабілеттілігі. Баға жетекшілігі - олигополия жағдайында фирмалар арасында баға қалыптастыру. Баға тұрақтандыру- мемлекетпен белгіленген ең төменгі баға және бұл деңгейді сатушы мен қызмет көрсетушінің құқығы жоқ. Бағалар индекісі - уақыттағы бағаларды өзара қатынасын сипаттайтын қатынастық көрсеткіш. Бағалы қағаздар нарығы – (қор нарығы) – акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, қазыналық міндеттемелер мен басқада сол сияқты құжаттардың айналысы арқылы қаржылық ресурстарға деген ұзақ мерзімді қажеттілікті қанағаттандыратын нарық. Бағалық дискреминация - әр түрлі сатыпалушылар тобы үшін бір түрлі өнімге әр түрлі баға белгілеу. Бағалық функцияны реттеу – тауарлар мен ресурстарға деген сұранысты өсіру үшін бағалық функцияны реттеу. Бағаның төменгі шегі – үкімет орнатқан тепе-теңдік бағадан жоғары минималды баға. Банктер – салым түрінде алып отыратын ақша қаражаттары есебінен кәсіборындарды несиелендіру бойынша универсалды операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар. Баумоль-Тобин үлгісі - бұл үлгі бойынша қолма-қол ақша көлемі банктік пайыз мөлшерлемесі мен банкке бару уақытын салыстыру арқылы анықталады. Аталмыш үлгі ақшаға сұранысты анықтағанда трансакциялық (мәміле үшін ақшаға сұраныс) және баламалы шығындарды ескереді. Болжамды кіріс – салықтар төленгеннен кейінгі кіріс, оларды жеке қажеттіліктерге қолдануға болады. Бюджетке өзгерістер енгізу - бюджетке заңды түрде өзгеріс енгізу. Бюджеттің оң сальдосы, бюджет артықшылығы - мемлекеттің табысы шығысынан жоғары. Валюта – белгілі бір ұлттық ақша бірлігінде көрсетілген және халықаралық есеп айрысуларда қолданылатын кез келген төлем құжаттары немесе ақша міндеттемелері. Валюта – қағазды және металды ақша. Валюта бағамы – валюта айырбастау бағамы. Валюталық катировка- ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетелдік ақша бірлігінде бекіту. Валюталық бағам- екі ақша бірліктерінің айырбас өзара қатынасы немесе бір елдің ақша бірлігінде көрсетілген екінші елдің ақша бірлігінің құны. Валюталық жүйе - ішкі ақша – несиелік қатынастарды және халықаралық есеп айрысулар саласын қамтитын, ұлттық экономикалар негізінде қалыптасатын және халықаралық экономикалық қатынастарды дүниежүзілік валюталық жүйеге айналдыратын ақша қатынастарын ұйымдастырудың нысаны. Валюталық интервенция - бұл Орталық Банктің шетел валюталарын сату және сатып алуы арқылы ұлттық валюта курсына әсер етуге бағытталған әрекеті. Орталық Банк өз елі валютасын сыртқы нарықта сатады: сату айырбас бағамын төмендетеді, ал сатып алу –өсіреді Валюталық шектеу - ұлттық және шетел валютасымен жүретін операцияларды реттеуге бағытталған, экономикалық, құқтық, ұйымдастырушылық шаралар жүйесі (валютаны еркін сатуға тыйым салу, шетелге валюта аударуды реттеу Валютаның айырбас бағамы –бір ел валютасының екінші ел валютасына айырбасталатын бағам. Гиперинфляция (ұшқыр)– бағаның жылдам көтерілуі. Дамушы елдер - өнім өндіру шикізатының жетіспеушілігі, артта қалған технология, төмен дәрежелі білім, жоғары дәрежелі жұмыссыздық, халық санының тез өсуі және көбінесе ауыл шаруашылығында мамандану тән Африка, Азия және Латын Америкасы елдері жатады. Дауыс беру қайшылығы (парадоксі) - тауар мен қызметтер ұсынысына байланысты дауыс берушілердің ішінен көп бөлігі халық күтімін қанағаттандырмайды. Девальвация – валюта бағамының заңмен қойылған бағадан төмендеуі. Девальвация - ұлттық валютаның құнсыздануы. Ол ұлттық валюта бағамының шетел валюталарына немесе халықаралық ақша өлшемдеріне қарағанда төмендеуінен көрініс табады. Девальвация себептері – инфляция, төлем балансының тапшылығы Демпинг – экспортер-өндірушілердің сыртқы рынокта тауарларын ішкі бағадан төмен бағамен сатуы Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.) |