АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 13 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Шағын ашық экономика үлгісі. Ашық экономика дегеніміз – елдердің өздері шығаратын тауарлары мен көрсететін қызметтерінің айтарлықтай үлесін экспорттауы және импорттауы, әлемдік қаржы нарығында несие беруі және алуы. Ашық экономикада шығарылатын өнімнің басым бөлігі шетелге экспортталады. Ашық экономика қызметіне талдау жасау, шетелдік сектормен өзара байланыс, негізгі микроэкономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланысты күрделендіреді, ұлттық экономика жағдаятын анықтаушы қосымша факторлар есепшотын талап етеді. Ашық экономика үлкен және шағын ашық экономика болып бөлінеді. Шағын ашық экономика – кішігірім ел экономикасы. Шағын ашық экономика үлгісі капитал қозғалысы есепшотын және ағымдағы операциялар есепшотын біріктіреді. Оның әлемдік нарықтағы үлесі аз және әлемдік пайыз мөлшерлемесіне ешқандай әсер етпейді десе де болады, оның жинақ қоры мен инвестициясы әлемдік жинақ қор мен инвестицияның мардымсыз бөлігі ғана болғандықтан ол тек мәлімет ретінде қабылданады.

Үлкен ашық экономика – халықаралық сауда мен әлемдік қаржы нарығына айтарлықтай әсерін тигізетін үлкен елдің экономикасы. Үлкен елдердің әлемдік жинақ қормен инвестициядағы үлесі маңызды, сондықтан олар әлемдік пайыз мөлшерлемесіне елеулі әсер ете алады.

Ашық экономика мынадай екі жағдайға негізделеді:

1) Елдер тауарлар мен қызметтерді экспорттайды және импорттайды.

2) Елдер әлемдік қаржы нарығында несие алады және береді.

Ашық экономикада өндірілген өнімді төрт негізгі құрауыштарға бөлуге болады:

▼отандық тауарлар мен қызметтерді тұтыну;

▼ отандық тауарлар мен қызметтерге инвестициялық шығындар;

▼ отандық тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы;

▼елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтер экспорты.

Осылардың жиынтығын теңдеу арқылы көрсетуге болады: Ү = C + I + G + Xn.

Ашық экономиканы кіші (шағын) және үлкен (ірі) деп бөледі.

Кіші (шағын) ашық экономика – кішігірім елдің экономикасы оның әлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырттан берілген, эгзогендік түрде қабылданады.

Үлкен (ірі) ашық экономика – оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер әсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия). Бұл елдер әлемдік қор жинағы мен инвестицияның едәуір бөлігіне ие болғандықтан әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алар.

Ашық экономиканың негізгі белгілері:

- ЖҰӨ -дегі сыртқы сольдо квотасы;

- өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі;

- тұтынудағы импорт үлесі;

- ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.

Ашықтық деңгейі сыртқы сауда көлемі мен үкіметтің саяси бағытына байланысты. Мысалы: Ұлыбритания салыстырмалы ашық экономика болып табылады, өйткені ол сыртқы саудаға тәуелді. АҚШ экономикасы жабық экономикаға жақын, өйткені оның дамуына сыртқы сауда көп әсер етпейді.

Валюталық жүйе және валюталық бағам. Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны. Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

· Ұлттық валюталық жүйе;

· Дуниежүзілік валюталық жүйе;

· Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан. Ұлттық валюталық жүйе —халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежузілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет— валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы.

ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.

Егер де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық багшды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мешекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

· тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.

· дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;

· фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

· Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

· Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуға

· мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.

· Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:

· Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді;

· пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка орналастырады.

· Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

· Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

· Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.

· Валютага деген ұлттық және халықаралық нарықтагы сенімділік дәрежесі.

· Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

Сатып алушылық қабілет паритеті. Халықаралық нарықтарда қолданылатын бірдей баға заңы сатып алушылық қабілетінің паритеті деген ат алды. Сатып алу қабілетінің паритеті (ППС) – валюталардың сатып алу қабілетін теңестіру үшін қолданылатын валютаның айырбас бағамының деңгейі. ППС тұжырымдамасына сәйкес, халықаралық бәсеке халықаралық саудаға қатысатын тауарлар мен қызметтердің ішкі және сыртқы бағаларын бір деңгейге әкеледі. Оның негізгі идеясы – бірыңғай баға заңы, яғни кез-келген тауар жалпы нарықта бірыңғай бағаға ие. Бұл заңның маңызы: сыртқы бағаны ішкі бағаға және керісінше ауыстыруға мүмкіндік беретін екі баға теңдігінің болуы.

Ашық экономикадағы IS-LM үлгісі.

Манделл - Флеминг үлгісі. Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты және құбылмалы айырбас бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі. Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика әлемдік экономиканың тек аз ғана бөлігін құрайды, сондықтан оның дамуы үшін барлық параметрлер әлемдік рыноктан, яғни сырттан беріледі. Ашық экономика үшін Манделл-Флеминг үлгісі ең алғаш рет ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қалыптасты және IS-LM үлгісінің жетілдірілген нысаны болып табылады. Екі үлгі де қысқа мерзім кезеңін және бағаның тұрақтылығы мен өндіріс көлемінің (жиынтық табыстың) өзгеруін қарастырады. Олардың айырмашылықтары IS-LM жабық экономиканы, Манделл-Флеминг ашық шағын экономиканы қарастырады. Манделл-Флеминг үлгісі үш теңдеуді қарастырады:

Ү = C (Y – T) + I (R) + G + Xn (e), IS;

M/P = L(r,y), LM;

R = R*.

Бірінші теңдеу тауар нарығын сипаттайды, екіншісі – ақша рыногін, үшінші теңдеу ішкі пайыз мөлшерлемесінің (R) әлемдік пайыз мөлшерлемесіне (R*) байланысты анықталатынын көрсетеді.

Манделл-Флеминг үлгісінің графигі 53-суретте берілген. Көлденең сызық әлемдік пайыз мөлшерлемесін бейнелейді.

Графиктің өзіне тән екі ерекшелігі бар:

1.IS қисығы айырбас бағамына байланысты. Айырбас бағамының өсуі қисықты солға жылжытады және керісінше.

2. Үш қисық бір нүктеде қиылысады.

Бірақ үш қисық бір нүктеде қиылыспайды деп те болжауға болады. Ол жағдайда графиктің екі нұсқасы пайда болады:

1. Айырбас бағамы төмен болғанда IS және LM әлемдік пайыз мөлшерлемесі қисығынан жоғары нүктеде қиылысады. Бұл жағдай шет ел инвесторларын берілген ел экономикасына капитал салуға ынталандырады. Нәтижесінде валюта бағамы көтеріледі, IS қисығы төмен-солға IS* қисығына жылжиды (54-сурет).

2. IS және LM қисықтары әлемдік пайыз мөлшерлемесі деңгейінен төмен нүктеде қиылысады. Бұл жағдайда берілген ел инвесторлары капиталды сыртқа шығаруға тырысады. Нәтижесінде валюта бағамы төмендейді, IS қисығы жоғары-оңға IS* қисығына жылжиды (55-сурет).

Сөйтіп, тепе-теңдік LM, IS қисықтары мен әлемдік пайыз мөлшерлемесі деңгейіндегі көлденең сызық қиылысқан нүктеде тұрақты орнап отырады.

 

ТАҚЫРЫП 12: АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС

Мақсаты: Ашық экономикадағы тағайындалған айырбас бағамы жағдайының тепе-теңдігі. Капиталдың жетілген мобильдігі. Капиталдың толық мобильдігі шартындағы бюджеттік және ақша саясаты. Тұрақсыз айырбас бағамындағы ашық экономика. Жиынтық сұраныстың қисығын тұрғызу. Табыс және айырбас бағамына фискальдық экспансия мен ақша ақша саясатының әсерлері. Ол үшін дәріс сабағында мына мәселелі сұрақтар қарастыру керек.

Дәріс жоспары:

1. Ашық экономикадағы тағайындалған айырбас бағамы жағдайының тепе-теңдігі.

2. Капиталдың толық мобильдігі шартындағы бюджеттік және ақша саясаты

3. Табыс және айырбас бағамына фискальдық экспансия мен ақша ақша саясатының әсерлері.

Тақырып мазмұны:

Ашық экономикадағы тағайындалған айырбас бағамы жағдайының тепе-теңдігі. БІР МЕЗГІЛДЕГІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК Макроэкономикалық тепе-теңдік – экономикалық жүйенің балансталған жағдайы, экономикалық жүйенің тұтас тепе-теңдігі. Ішкі тепе-теңдік – толық жұмысбастылық пен инфляциясыз жағдайдағы сұраныс пен ұсыныс тепе- теңдігі. Ішкі тепе-теңдік проблемасы бюджеттік-салық және ақша-несие саясаты көмегімен жиынтық сұранысты реттеу арқылы шешіледі. Сыртқы тепе-теңдік – валюта бағамының тағайындалған (тұрақты) және құбылмалы режиміндегі төлем балансының нөлдік сальдосы немесе елдің валюта рыногындағы тепе-теңдігі. Валюта рыногындағы тепе-теңдік бұл - елге валюта түсімдері мен шетелдерге валюта төлемдерінің сәйкестігі. Ашық экономиканың классикалық үлгісі мемлекеттік реттеуді қажет етпейді. Төлем балансының теңсіздігі ішкі бағалардың өзгеруінің автоматты механизімі мен алтын валюта резервтерінің бір елден басқа елге қозғалысы арқылы өздігінен реттеледі. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-тендіктің Кейнстік механизмі мемлекеттік реттеу шараларына сүйенеді.

Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік Бастапқыда ашық экономиканың кейінстік үлгісі тағайындалған валюта бағамына негізделді. Бұл принцип 1944 жылғы Бреттон-Вуд жүйесінің негізін құрды және ол 1970 жылға дейін өмір сүрді. Валюта бағамының тұрақтылығы IS-LM-ВР үлгісіндегі ВР қисығының тұрақтылығын білдіреді. Ашық экономикадағы алғашқы жағдай суретте берілген. Өндіріс көлемі - Ү1, пайыз мөлшерлемесі R1 деңгейінде орналасқан. Экономикада не ішкі, не сыртқы тепе-теңдік байқалмайды. Нақты өндіріс көлемі әлеуетті (Ү2) деңгейден төмен (47-сурет). ВР қисығы тұрақты болғандықтан Е2 нүктесінде тауар және ақша нарықтарының қисықтары қиылысуы тиіс. Кейнстік теорияға сәйкес

мемлекет қандай шаралар жүргізуі қажет? Ең алдымен тауар нарығында тепе-теңдік орнату қажет. Ол үшін мемлекеттік шығындарды көбейту керек. Сонда тауар нарығының қисығы IS оңға IS/ қисығына жылжиды (48-сурет)

Егер пайыз мөлшерлемесі R1 деңгейінде сақталса, онда Ү3 өндіріс көлемін өндірер едік. Бірақ онда ақша рыногындағы тепе-теңдік бұзылады. (Е3 нүктесі LM қисығынан төмен жатыр). Валюта рыногінде да теңсіздік күшейе түседі, өйткені өндіріс көлеміне байланысты таза импорт өседі. (Е3 нүктесі ВР қисығынан алыс жатыр). Ондай жағдайды болдырмас үшін мемлекет экспансиялық (ынталандыратын) қаржы саясатымен бірге қатаң ақша-несие саясатын жүргізуі қажет, яғни Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартуы тиіс. Бұл LM қисығын солға-жоғары LM/ қисығына жылжытады. Осындай бір-біріне қайшы екі әрекетті үйлестіру арқылы, кейнсшілдердің ойынша, Y2 R2 деңгейінде бір мезгілде ішкі және сыртқы тепе-теңдікті (Е2 нүктесінде) орнатуға болады. Алайда мұндай саясат көп елдерді ұзақ күйзеліске әкелді. Сөйтіп Бреттон-Вуд валюта-қаржы жүйесі «құбылмалы» бағам жүйесіне ауыстырылды. Бреттон-Вуд жүйесінің құбылмалы бағамға ауыстырылуы кейнстік үлгіге түзетулер енгізуді талап етті.

Құбылмалы валюта бағамы жағдайындағы ішкі және сыртқы тепе-теңдік

Енді ВР қисығы құбылмалы болғанда ішкі және сыртқы тепе-теңдік қалай орнайтынына тоқталамыз. Алғашқыда экономика «ішкі» тепе-теңдік жағдайында (49-сурет). Валюта рыногының қисығы (ВР) ішкі тепе-теңдіктен (Е1 нүктесінен) жоғары-солға орналасқан.

Төлем балансының тапшылығы (валютаның елден таза кетуі) ұлттық валютаның девальвациясына әкеледі. Нәтижесінде ВР қисығы оңға-төмен ВР/ қисығына жылжиды. Бұл төлем балансын жақсартады (валюта бағамының төмендеуі тауар экспортын ынталандырады, импортты тежейді). Таза экспорттың өсуі жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі. Нәтижесінде тауар нарығының қисығы IS жоғары-оңға IS/ қисығына жылжиды. Валюта бағамының өзгерісі ақша нарығы өзгерісіне тікелей әсер етпейтіндіктен LM қисығы сол күйінде сақталады. Ұлттық валюта девальвациясының шамасын дұрыс анықтаған жағдайда тепе-теңдіктің үш қисығы бір нүктеде (Е2) қиылысады. Пайыз мөлшерлемесі мен өнім көлемі өседі (Y2 >Y1, R2 > R1) (50-сурет)

Екінші жағдайда ішкі тепе-теңдік төлем балансының оң сальдосына сәйкес келеді. ВР қисығы ішкі тепе-теңдіктен (Е1 нүктесінен) төмен, оң жағында орналасады (51-сурет).

Капиталдың келуі ұлттық валютаға сұранысты молайтады да ақша ревальвациясына әкеледі. ВР қисығы солға-жоғары ВР/-қа жылжиды. Бұл импорттың өсіп экспорттың қысқаруына әкеледі. Нәтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады. Тауар нарығының қисығы IS/ қисығына солға-төмен жылжиды. Үш қисықтың IS, LM және BP қиылысу нүктесінде (Е2) бір мезгілдегі тепе-теңдік орнайды)(52-сурет). Өндірістің нақты көлемі мен пайыз мөлшерлемесі бастапқыдан төмен болады (Y2 <Y1, R2 < R1).

Жоғарыда сипатталған валюта бағамы өзгерісінің бір мезгілде «ішкі» және «сыртқы» тепе-теңдіктің орнауына әсері импорт пен экспорттың жылдам өзгеруін болжайды. Өйткені кейнстің «ашық» экономика үлгісі қысқа мерзімге арналған.

13-ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘНЕ САУДА САЯСАТЫ

Мақсаты: Д.Рикардоның салыстырмалы артылықшылықтары. Хекшер-Олинның сыртқы сауда теориясы. Халықаралық сауда қатнастары. Әлемдік сауданың даму тенденциясы және құрылымы. Сауда саясатының құралдары. Халықаралық саудадағы тарифтік және тарифтік емес шектеулер. Тарифтік саясаттың мәні мен экономикалық салалары. Ол үшін дәріс сабағында мына мәселелі сұрақтар қарастыру керек.

Дәріс жоспары:

1. Халықаралық сауда қатнастары.

2. Әлемдік сауданың даму тенденциясы және құрылымы

3. Сауда саясатының құралдары

Тақырып мазмұны:

Д.Рикардоның салыстырмалы артылықшылықтары. А.Смиттің абсолютті артықшылық теориясын толықтырған және әрі қарай дамытқан Д.Рикардо болды. Ол өзінің салыстырмалы артықшылық теориясын ұсынды. Ол өзінің «Принципы политческой экономии» (1817) еңбегінде, егер екі елдің біреуі абсолюттік артықшылыққа ие болмаса, онда елдер арасында сауданың қалай мүмкін болатындығын дәләлдеген. Салыстырмалы артықшылық теориясы – мамандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда баламалы шығындары аз болуы қажет. Сонда жалпы өнім де жоғары деңгейде болады. Салыстырмалы артықшылық теориясында сыртқы сауданың шарты абсолюттік шығындар айырмашылығы болуы міндетті еместігін және абсолюттік артықшылық болмаса да сыртқы сауданың тиімді екенін пайымдады. Рикардоның ойынша елдер салыстырмалы арзан тауарларды сыртқа шығарып (экспорттап), ал өз еліне қарағанда шет елдерде аз шығын кететін тауарлады әкелуі (импорттауы) тиіс. Әр ел басқа елге қарағанда абсолюттік шығындары жоғары болса да салыстырмалы шығындары төмен өнімдер өндіруге мамандануы керек.

Хекшер-Олинның сыртқы сауда теориясы. Хекшер-Олин үлгісін өндіріс факторлары сәйкестігінің теориясы деп атайды. Әр елде тарихи және географиялық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс факторлары – еңбек, капитал және жер ресурстары әркелкі орналасқан. Соған байланысты неоклассиктердің тұжырымдауы бойынша: жұмыс күшінің артықшығы бар елдерге көп еңбек жұмсалатын тауарларды өндіруге маманданған (экспорттаған) тиімді, ал капитал артықшылығы бар елдер капиталды көп қажет ететін тауарларды экспорттағаны дұрыс.

Хекшер-Олин үлгісі бірнеше рет тексерілді. Американ экономисі В.Леонтьев 1954 жылы өзінің мақаласында: «1947 жылы капитал артықшылығына ие АҚШ елі еңбекті көп қажет ететін тауарларды шетке шығарды» деп жазды. Бұл әрине Хекшер-Олин теориясына қайшы келді. Аталмыш сәйкессіздік «Леонтьев қайшылығы (парадоксы)» деген атқа ие болды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)