АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жастар деп кімдерді атаймыз?

Читайте также:
  1. Іс материалдарымен кімдерді таныстырамыз?

2. «Еліміздің жарқын болашағы – дарынды жастардың қолында» дегенді қалай түсінесіз?

3. Елбасы бүгінгі жастарды неге «ерекше ұрпақ» дейді?

4. Неліктен мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты?

5. Алдыңғы буын ағалар жастардың қандай болғанын қалайды?

6.Әнші Б.Тілеухан жастарды неге теңейді? Еліміздің болашағын кемелдендіру үшін жастарымыздың бойында қандай қасиеттер болу керек дейді?

6. Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған қандай дарынды ұл – қыздарымызды білесіздер?

7. «Жастар –тәуелсіз Қазақстанның биік тұғыры» дегенді қалай түсінесіз?

ОН БІРІНШІ САБАҚ

Қазақстан – әлемдік кеңістікте

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Шартты бағыныңқы сабақтас –бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас.

Жасалу жолдары: а) Бағыныңқының баяндауышы етістіктің шартты рай түрі – са/се арқылы. Қайтсе? Не етсе? Мысалы: Сабақты жақсы оқысаң, келешекте білікті маман боласың.

ә) Болымсыз етістікке –й жұрнақты көсемше жалғану арқылы. Қайтпей? Не етпей? Мысалы: Өз мамандығыңды жақсы меңгермей, білікті маман бола алмайсың.

б) Болымсыз етістікке - йынша/йінше жұрнағы жалғану арқылы. Қайтпейінше? Не етпейінше? Мысалы: Оқығанды көңілге тоқымайынша, білімді бола алмайсыз.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қайыршылықтан құтылмайынша, ----------------------------------------------------- Мемлекет өз тәуелсіздігін алмаса, -------------------------------------------------------Қазақстан өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланбаса, ----------------------------------- Егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнсе, ------------------------ Аузындағы дәмдісін ұрпағының аузына тоспай, -------------------------------------- Кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайына бейімделмейінше,---------- Жалқаулық пен семіздікке бой алдырса, ------------------------------------------------

Екінші сыңары: Бойындағы барын салып қорғайтын болады. Қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Өз бетінше дербес өмір сүре алмайды. Орта Азия Барысына айналмайды. Оның өресі мен пайымына нәр бермек емес. Өз алдына дербес ел бола алмайды. Индустриялы мемлекетке айналу мүмкін емес.

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар.

Мемлекетіміздің экономикасы мен мәдени – әлеуметтік салалары ғана дамудың даңғыл жолына түсіп қойған жоқ, оның халықаралық бейнесі де бедерлене түсті. Қазақ елі дүние жүзілік қауымдастықтың беделді серіктестігіне айналды. Қазақстан - 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, Қазақстанның Дүниежүзілік валюта қорына, Дүниежүзілік еңбек ұйымына, Дүниежүзілік банкке т.б. ұйымдарға әріптес болуы сыртқы саясатта таңдаған жолымыздың дұрыс және толыққанды екендігін дәлелдеп отыр.

3-тапсырма. Мәтіндегі ойды тарқатып, пікірлесіңіздер.

Ел президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму Сратегиясын айқындай отырып, мынандай ұзақ мерзімді жеті басымдықты жүзеге асырады: ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс, кәсіби мемлекет. Мемлекет басшысының: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады»-деп айтқан сөзі бізді нақты мақсаттарға жетелейді. Қазірде тәуелсіздік пен еркіндіктің алғашқы нәтижесі мен маңызын қоғамдық өмірдің қай саласынан да айқын сезіне аламыз.

 

4-тапсырма. Сұхбатты жазбаша толықтырыңыздар.

Сәкен: Елбасы алға қойған міндеттерді орындау үшін біз қандай ел болуымыз керек деп ойлайсың? Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------

Сәкен: 2030 жылға дейін жүзеге асырылатын жеті басымдықты атап бере аласың ба? Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------ Сәкен: Әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын ел дегенді қалай түсінесің? Дана:------------------------------------------------------------------------------------------Сәкен: Тәуелсіздік пен еркіндіктің нәтижесі туралы не айта аласың?

Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------

5-тапсырма. Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәтіндегі ойды кеңейтіп, әңгімелеңіз.

Тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды: 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды, Қарулы күштер, Республикалық Ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартты, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жариялады. Өткен жылы біз кедендік одаққа кірдік.

6-тапсырма. «Қазақстан - әлемдік кеңістікте» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

 

2-сабақ

Сөздік

Қайыршылық –нищета, крайняя бедность, келбет – внешность, наружность, шынайы – истинный, искренний, шағу – выделять, сопоставлять, барыс – барс, ирбис, тектілік – родовитость, знатность, бұлалық – ухоженность, алғырлық – хваткость, тәкаппарлық – чванливост, надменность, гордоливость, айлалылық – хитрость, ловкость, жасқануды білмеу – не бояться, соқтығыс – столкновение, сыптай – стройный, серпінді – ударный, мощный, семіздік – жирность,тучность, упитанность, полнота, қаймықпау – не трусить перед кем –л не бояться кого л, босаңсу – ослабевать, становиться не тугим, тоқшылық - сытость, достаток өре - кругозор, пайым – разумение, рассудок, сақаю – взрослеть, возмужать, көрегендік –зоркость, кемеңгерлік – гениальность, оңалу – улучшаться, талғампаздық –требовательность, разборчивость, привередливость.

1-тапсырма. Осы сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.

Қазақстан – Азия барысы

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы елге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия мен Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз - Қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенеміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр. Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл- өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіп – қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс. Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс. Сөйтіп, кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өзі аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады. Ендеше, Қазақстандық Барыстың бойында дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс. Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен – өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы тұрғызамыз. (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы)

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Индустриялы мемлекетке айналған қандай Азия елдерін білесіздер?

2. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур қандай еді? Қазір қандай табыстарға жетті?

3. Малайзия неге қол жеткізді?

4. Қазақстанның Орталық Азия Барысына айналуға мүмкіндігі бар ма?

5. Барыс қандай аң?

6. Қазақстандық Барыстың бойына тағы не тән болуға тиіс?

7. Қазақстанды Азия Барысына айналдыру үшін қандай үлес қоса аласыз?

 

4-тапсырма. Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.

 

3-сабақ

1-тапсырма. Мына мақал – мәтелдегі ойды ашып жазыңыздар.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

 

2-тапсырма. Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлем құрастырыңыздар.

Тәуелсіздігі,бақыты, мемлекетіміздің, халқымыздың. Және, бағытта, еліміз, қалыптасып, баянды, келе жатыр, дұрыс. Сүрінбей, өткелінен, тарих, халқымыз, өтті, талай, пен, тағдырдың. Мақтан, қазақ, желбіреген, көк, елін, етеді, байрағы, халқы, тәуелсіз. Елбасының, биік, саясатын, әлем, бүгінде, табанды, парасатын, мойындайды, беделін, дара. Кемелді, уақытта, айналды, Қазақстан, тәуелсіз, қазіргі, мемлекетке. Барлық, дені сау, үшін, міндеттерді, біз, орындау, мықты, керек, білімді, және, блуымыз, ел.

 

3-тапсырма. Мәтін бойынша шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер арқылы сұхбат құрастырыңыздар.

Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз. Сонымен қатар әрбір адамның жеке басының қадір – қасиеті мен әл – ауқатын арттыра алмаймыз. Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтынымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, біздің еліміздің мұраты - ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл – ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын. (Елбасы Жолдауынан)

 

ОН ЕКІНШІ САБАҚ

Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі

Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас – құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.(Т.Абдрахманова) Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, сөйлем түрлеріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас) Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.

Тәуелсіздік - ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен, өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

2-тапсырма. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

Қазақ халқы бостандыққа ұмтылып қана қоймай өзінің асқақ армандарына жетті. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмесе де бұл күн - біз үшін ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Халқымыз өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығын пайдалана отырып қилы кезеңді бастан кешу арқылы тәуелсіздікке қол жеткізді.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша төмендегі сұхбатты толықтырыңыздар.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан – жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның өз жарқын бейнелері пайда болды.

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыздар.

Әділ: Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қандай істер атқарылды?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Біздің дербес мемлекет екендігімізді білдіретін қандай рәміздерімізді білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ата заңымыз туралы не білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ал ұлттық валютамыз туралы не айта аласың?

Айша: ----------------------------------------------------------------------------.

Әділ: Астана Алматыдан қашан көшірілді? Астананы ресми түрде таныстыру рәсімі қашан болды?

Айша:------------------------------------------------------------------------------.

5-тапсырма. Сөйлемнің басыңқы сыңарларын тауып, сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізе отырып, өз шекарасын халықаралық шарттарға сай бекітті.

 

2-сабақ

Мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем (Сложноподчиненные предложения с придаточными времени)

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтас. Сұрақтары: қашан? қашаннан бері? қашанға шейін? а) –ған/ген + сайын, соң, шақта, кезде; шейін, дейін; кейін бері, былай. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген соң, өзінің Негізг Заңын қабылдады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, оның ұлттық валютасы болған емес. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. ә) –ған/ген; -ар/ер + жатыс септігі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанда, мен он жаста едім.

Сөздік

Биліктің бүкіл тармақтары – Мемлекеттіліктің қалыптасуы –формирование государственности

Сөз бен баспасөз бостандығы -

Сайлау және сайлану құқығы -

Мызғымас құндылықтар – нерушимые ценности

Кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе –советский властолюбивый плановая –админстративная система

Бірегей халықшаруашылық кешені –уникальный сельскохозяйственный комплекс

Күйреу – разрушаться

Алапат дағдарыс – угрожающий кризис

Ауқымды шаралар –большие (масштабные) меры


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)