|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАР
Послелоги казахского языка в основном соответствуют предлогам русского языка. Отличие в том, что предлоги ставятся перед словом, с которым они используются, а послелоги казахского языка – после.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар 1-тапсырма. Жаңа сөздермен септеулік шылауларды байланыстырыңыз. сөз өнері қарсы халықтың тұрмысы бері хандығымен туралы кезеңінен бойынша жыраулар поэзиясымен соң алғашқы өкілдеріне арқылы бұлардан бірге отаршылдыққа кейін ағартушылық кезеңнен қатар бейнелеуден дейін жаңашыл ізденістер бұрын 2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз. кезеңінен бері, сөз өнері туралы, қалыптасқаннан бері, aғартушылық кезеңге дейін, жаңа ізденістер арқылы
3-тапсырма. «Дыбыстар сөйлейді» ойыны.Берілген әріптерге тақырыпқа сай ұғымдар айтқызу. Ә – Д – Е – Б – И – Е – Т – 4-тапсырма. Ұлттық әдебиеттегі сізге ұнаған шығарма мен оның авторы туралы әңгімелеңіз.
Екінші сабақ (2-сағат) Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады Сағат Әшімбаев Ұлттық әдебиет Әрбір халықтың өз дәстүрі, мәдениеті болатыны сияқты, әдебиеті де болады. Әдебиетті сол халықтың «сөз өнері» деп атайды. Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ хандығы қалыптасқан кезеңінен бері белгілі. Қазақ хандығы ХV ғасырда қалыптасқан болатын. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында жыраулар поэзиясы күшті болды. Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Марғасқа жырау, Жиембет жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері. Бұлардан соң ақындар поэзиясы қалыптасты. Махамбет, Майлықожа, Дулат сияқты ақындардың шығармаларында отаршылдыққа қарсылық жырланды. Бұл ақындардан соң қазақтың ұлттық әдебиетіне Ағартушылық кезең келді. Оның көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Олардың шығармаларында дін, оқу-білім, мәдениет мәселелері жырланды. ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қалыптасты. Соған орай, әдебиетте азаттық идеялары көтерілді. Осы кезеңді «Алаш әдебиеті» деп атайды. Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгерұлы Алаш әдебиетінің көрнекті өкілдері. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы – ұлттық идеялардың орнына коммунистік идеологияны әкелді. Кеңес өкіметі тұсындағы әдебиетте Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов сияқты қаламгерлер белсенділік танытты. 1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады. Осы кезеңде Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин және тағы да басқа аса дарынды ақындар мен жазушылар әдебиетке келіп, қазақ әдебиетінің жаңа дәстүрін бастады. Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде.
1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын тексеріңіз. 1. Әдебиетті халықтың «сөз өнері» деп атайды. 2. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында Ағартушылық кезең күшті болды. 3. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясынан соң, ақындар поэзиясы кезеңі қалыптасты. 4. Ағартушылық кезеңнің көрнекті өкілдері: Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. 5. 1950 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады. 6. Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде. 3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып ұлттық әдебиеттің кезеңдерін анықтаңыз. 4-тапсырма. Ұлттық әдебиет туралы сұхбат құрастырыңыз. Екінші сабақ (3-сағат) 1-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтырыңыз.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін көшіріп жазып, олардың мағына берудегі ерекшеліктерін талдаңыз. Сөз өнері, ұлттық әдебиет, жыраулар поэзиясы, қазақ әдебиетінің өкілдері, өзекті мәселелер, азаттық идеяларын көтеру, көркем әдебиет, әдебиетінің жаңа дәстүрі, әдебиеті жаңашыл ізденістер 3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз. - ________________________________________________________? - Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді. - ________________________________________________________? - Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Марғасқа жырау, Жиембет жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері. - __________________________________________________________? - ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қалыптасып, әдебиетте азаттық идеялары көтерілді. - __________________________________________________________? - Кеңес өкіметі тұсындағы әдебиетте Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов сияқты қаламгерлер белсенділік танытты. - __________________________________________________________? - 1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады.
4-тапсырма. Септеулік шылауларды семантикалық картаға толтырыңыз.
ҮШІНШІ САБАҚ (1-сағат) Лексикалық тақырып: Классикалық әдебиет Грамматикалық тақырып: Есімше Сөздік бүгінге дейін – до сегодняшнего дня бағалау – ценить тілмаш – переводчик туды – родился жетіжылдық – семилетний тәрбиелік мәнін жойған жоқ – не потерял воспитательное значение салдырды – построил ерте – рано атқарды – выполнял дарынды – одаренный дүниеге келді – родился тәрбиесіне – воспитанию сауаттылығына – грамоте қалаған – желал алдымен – сначала баулыды – приучил өз еркімен – по своей воле ынтамен – с желанием бас тартады – отказывается күреседі – борется жарқын өмірге – светлой жизни ата-ана міндетіне – родительским обязанностям жас ұрпақ – молодое поколение ғажап – прекрасное танимыз – узнаем орасан еңбегі – большие труды сүйеді – любит суреттейтін – описывающий ұмытпайды – не забудет ЕСІМШЕ Есімше – особая форма глагола, совмещающая в себе грамматические признаки глагола и имени. В предложении оно может быть подлежащим, дополнением, определением и сказуемым. Жұрнақтар (Аффиксы): -ған, -ген, -қан, -кен бар ған, кел ге н, айт қан, кет кен -ар, -ер, -р, (болымсыздық) -с бар ар, кел ер, тыңд ар, келме с, кетпе с, барма с -атын, -етін, -йтын,-йтін бар атын, кел етін, ойна йтын, сөйле йтін -ушы, уші бар ушы, кел уші -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек бар мақ, кел мек, айтқыз бақ, айт пақ, кет пек Лексика-грамматикалық тапсырмалар 1- тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз. Торғай, атасы, жетіжылдық мектеп, орыс тілі, көркем шығарма, алғашқы, тәрбиелік мәні, әңгімелер мен өлеңдер, тұңғыш педагог, ұлы ақын, жазба әдебиеті, атақты би, медресе, дарынды, білімді бала, орыс тілі, әжесі, анасы, табиғат, қара сөз, діни, философия, қайраткер. \
2-тапсырма. Жаңа сөздерді пайдалана отырып сұхбат құрастырыңыз. - Сенің сүйікті ақының бар ма? -................................. - Ол, кім? -................................. - Ол қандай ақын? -................................. - Қай ғасырда өмір сүрген ақын? -............................... - Оның қандай өлеңдерін сүйіп оқисың? -............................... - Әсіресе, қандай өлеңдерін ұнатасың? -.............................. 3-тапсырма. Абай айтқан бес асыл іс пен бес дұшпан туралы мақал –мәтел жазыңыз. Мысалы: Өтіріктің арты бір-ақ тұтам. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 4-тапсырма. Төменде берілген етістіктерге есімшенің өткен шақ, келер шақ жұрнақтарын жалғап, сөйлем құрыңыз. Біл, тап, ұмыт, айт, жаз, көр, бер, оқы, жүр. 5-тапсырма. Адам бойындағы қарама-қарсы қасиеттерді екі бағанға бөліп жазыңыз.
6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударыңыз. 1. Ғылым таппай мақтанба. 2. Ойнауға, босқа күлуге құмарланба. 3. Адам болам десең, ғылымға, өнерге, талаптан, ұмтыл. 4. Білімді, талантты ғалымдарға ұқсауға тырыс. 5. Өтіріктен, өсектен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен аулақ бол. 6. Талапты, терең ойлы, қанағатшыл, кешірімшіл адам әр уақытта ең жақсы адам болып есептеледі. 7-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз. Сөз өнері, көркем әдебиет, әңгіме, өлең, ағартушылық әдебиет, әдеби тіл, көптеген жанрлар, әдеби дәстүр, шығарма мазмұны.
Үшінші сабақ (2-сағат) Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла Қазақ мақалы Классикалық әдебиет
Қазақтың жазба әдебиеті мен бергі мәдениетінің алғашқы ұлы тұлғалары Ыбырай Алтынсарин мен Абай. Осы екі тұлға да өздерінің ағартушылық идеялары арқылы халықты білімге, мәдениетке үндеді. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болған. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеленді. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін мектепке оқуға береді. Мектепте ол алғаш рет татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жетіжылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет істеді. Ол қазақ балаларына арналған алғашқы мектептер ашқан. Ұлы педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, жариялады. Оның балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері қазіргі уақытқа дейін өзекті. Олардың ішінде «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімелері мен «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз», «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдерін ерекше атауға болады. Қазақ халқы Ы.Алтынсаринды тұңғыш педагог ретінде жоғары бағалайды. Абай – ұлы ақын, ойшыл, жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол Семей облысындағы Шыңғыстау өңірінде атақты би Құнанбайдың отбасында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай баласының тәрбиесіне, білім алуына үлкен көңіл бөлген. Ол Абайды алдымен медресеге, кейін орыс мектебіне оқуға береді. Он үш жасында Абайды әкесі ауылына қайтарып, ел билеуге баулыды. Абай өте дарынды, білімді бала болған, Үш айдың ішінде орыс тілін үйреніп, орыс классиктерінің шығармаларын өз еркімен оқиды. Кейін олардың бірқатарын қазақ тіліне аударады. Мысалы, Ю.Лермонтовтың «Теректің сыйы», Пушкиннен «Татьянаның әні», И.Крыловтың «Құмырсқа мен шегіртке» шығармаларын т.б. аударған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайдың тәрбиесінде үлкен рөл атқарған. Олардың айтқан әңгіме, ертегілерін кішкентай Абай бар ынтамен тыңдап өскен. Абайдың табиғатқа арналған ғажап өлеңдері бар. Олар: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» деп аталатын жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері. Махаббат тақырыбына арналған өлеңдері де бар. Мысалы, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», т.б. Проза түрінде жазылған 45 қара сөзі бар. Бұл қара сөздері діни мазмұнда, философиялық тұрғыда жазылған. Біз Абайды данышпан ақын, философ, қайраткер ретінде танимыз. Оның өз халқына арнаған орасан еңбегі үшін қазақ елі оны айрықша ардақтаған. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, өз сөзіңізбен әңгімелеп беріңіз.
2-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз. Ы.Алтынсарин (выдающиеся ученый, просветитель). Ол 1841 жылы (родился). Алтынсарин балаларды (к честности, труду, знаниям) шақырды. Педагогикалық (научно-исследователькая академия) Ы.Алтынсарин есімімен аталады. Ы.Алтынсаринді қазақ халқы (высоко ценит). Ыбырайды атасы (воспитал).
3-тапсырма. Әріптерді соңынан басына дейін оқып, жасырылған Ыбырай Алтынсариннің өлеңін табыңыз. ЛЕК, РАЛАЛАБ, ҚЫЛЫҚО ЫДНАҒЫҚО ЕГЛІҢӨК НЕПСАЛЫҚЫ ҚЫЛЫҚОТ.
4-тапсырма. Санау арқылы Ы.Алтынсариннің өлеңінің бірінші шумағын табасыз.
5-тапсырма. Абайдың нақыл сөздерін жаттап алыңыз. · Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. · Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. · Адамның баласын заман өсіреді. · Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. · Ақыл – жан қуаты. 6-тапсырма. Классикалық орыс әдебиеті өкілдері А.Пушкин, Л.Толстой, А.Чехов жөнінде шағын әңгіме дайындаңыздар. Үшінші сабақ (3-сағат) Мейірімді бала Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келіпті. -Тақсыр патшам, - деді қыз, - менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айыруы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді. – Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға. Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Әңгіме қай кезеңде болған? 2. Әңгіме не туралы? 3. Әңгімедегі кейіпкерлер кімдер? 4. Асты сызылған сөздерді қандай сөздермен алмастыруға болады.? 1-тапсырма. Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. 2-тапсырма. Абай мен Ю.Лермонтовтың өлеңдерін салыстырып,шығарманың қалай аударылғанына назар аударыңыз. түнде тау қалғып, Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.021 сек.) |