|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Сілкіне алмас жапыра3-тапсырма.. Өлең шумағын оқып, түсінгеніңізді жазыңыз. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан! 4-тапсырма. Венн диаграммасы Ы. Алтынсарин ортақ Абай 5-тапсырма. Өзіңіз жақсы білетін тарихи тұлға жөнінде эссе жазыңыз.
1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы, қайда туды? 2. Ыбырай Алтынсарин кімнің қолында тәрбиеленді? 3. Ыбырай Алтынсарин ең алғаш қай тілде оқыды? 4. 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап қандай кітаптар жазды? 5. Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесің? 6. Қазақ халқы Ыбырай Алтынсаринді кім ретінде бағалайды? 7. Абай қайда және қашан туған? 8. Абайды кім ретінде танимыз? 9. Абайдың әкесі кім болды? 10. Абай Ю.Лермонтовтан қандай шығармалар аударды? 11. И.Крыловтан аударған шығармасы қалай аталады? 12. Абай тәрбиесінде үлкен рөл атқарған кімдер? 13. Абайдың табиғатқа арналған қандай өлеңдерін білесің? 14. Проза түрінде жазылған қара сөздерінің саны қанша? 15. Ы.Алтынсарин мен Абай шығармалары арасында қандай ерекшеліктер бар? 16. Ағартушы ақындар дегеніміз кімдер? ТӨРТІНШІ САБАҚ (1-сағат) Адам мен табиғат егіз
Қазақстан экологиясы
Мәтінді оқыңыз. Адамдардың араласуы мұң екен, Жер шары тез қартая бастады. К.Э.Циолковский Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың арақатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос. Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды. Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн тонна шаң-тозаң, 5 млрд тонна көмір қышқыл газы, 1 млн тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.
v Тапсырмалар: 1. Мәтінді оқып, түсініңіздер. 2. Мәтінге жоспар құрыңыздар. 3. Мәтінді әңгімелеңіздер. 4. Экология нені зерттейді? 5. Өздерің тұратын жерлердің экологиялық жағдайы қандай? 6. Ауыз су мәселесі қалай, дұрыс шешімін тапқан ба? 7. Арал, Семей қасіреттеріне қосар үніңіз. 1. Төмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыздар. 1. «Эко-Ойкос» сөзінің мағынасы не? 2. Бұл сөзді ғылымға кім енгізген? 3. Қазіргі таңдағы басты проблема не? 4. Қай жерлердің экологиялық жағдайы өте төмен? 5. Ауаға тарайтын лас заттардың мөлшері қанша? 2. Мәтіннен шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар: қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер. 1. Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз. Айдынды теңіз, айқындала түсу, ұғым, енгізген, қасірет, ауыз-ға алу, тартылу, зиянын тигізу, ластаушы қосылыстар, шоғырлану. 2. Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз. 1. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан … 2. Бүгінде табиғатты қорғау ісі … 3. Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға… 4. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фото-химиялық құрғақ түтін… 5. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан… 6. Берілген шағын мәтіннің идеясын айтыңыз. Демеулік шылауды тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңіз. Апаттың үлкені адамдар бойындағы эгоистік көзқарастан туындап отыр. «Өз жеріме өзім қожамын. Не істесем де өз еркім: өзен, көлін суалтам ба, даласын жыртып, ақ татыр шөлге айналдырам ба, әлде орман, тоғайын құртам ба, тіпті өртеп жіберем бе - ешкім қолымды қақпайды. Әлем кеңістігін еркін билеймін, табиғатты табындырамын», – деген менмен саясат тіршіліктің тынысын тарылтып бітті. 6. Алматы қаласының экологиялық жағдайы туралы ой алмасыңыздар. 7. «Айнала, қоршаған орта және оны дамыту» тақырыбына шығарма жазыңыз. 8. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымы бойынша пікір алмасу. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіздер Бұлақ көрсең, көзін аш. Бір тал кессең, он тал ек. Судың да сұрауы бар Өрісіне қарап мал өсер, Өзеніне қарап тал өсер. Су анасы - бұлақ. Су ішкен құдығыңа түкірме. Еске түсірейік! Шылау сөздер Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.) |