АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ACIDUM LACTICUM – АЦИДУМ ЛАКТИКУМ

Читайте также:
  1. VI. Немного рецептов, и на этом конец
  2. Екстрена медична допомога постраждалим із кровотечею
  3. Напишите данные сокращения полностью. Переведите.
  4. Принципи надання медичної допомоги постраждалим з ушкодженням голови та хребта на догоспітальному та госпітальному етапах
  5. Спеціалізована допомога
  6. ТАБЛЕТКАЛАР ДАЙЫНДАУ

Бастапқы зат. Сүт қышқылы, меншікті салмағы 1,210-1,220, құрамы – шамамен 72 % СН3СН/ОН/СООН, молекулалық салмағы 90,05, және сонымен қатар, сүт қышқылының ангидриді, сүт қышқылының эквиваленті шамамен 15 %. Қышқылдың жалпы құрамы 90 %.

Дайындалуы. Химиялық фабрикаларда.

Дәрілік қалыпты дайындау. 1 ондық сұйылту үшін салмақ бөлшегі 11 90 % сүт қышқылы 89 салмақ бөлшекті сумен араластырылады. 2 ондық сұйылту суда дайындалады, одан жоғары сұйылтулар 45° спиртте. 1 ондық сұйылту шыны тығынды рда шығарылады.

Дәрілік қалып сипаттамасы. 5 мл 1-4 ондық сұйылту 2 мл сумен араластырылады және кальций карбонатының артық мөлшерін қосқаннан кейін сулы моншада спирт толық жойылғанға дейін қыздырылады. Е бірнеше тамшы фильтратты эксикаторда зерттеуші шыныда буландырса, онда микроскопта топталған кальций лактатының нәзік инелері көрінеді.

Сақталынуы. «Б» тізімі бойынша.

Ерітіндідегі дәрілік заттың мөлшері. 1/10.

Қолданылатын сұйылту. 3х, 3 және жоғары.

Стандарт. 3,6.

Дәрілік қалып дайындау. Эссенция дайындау – § 1 бойынша.

Дәрілік қалып сипаттамасы. Эссенция қоңыр түсті, иісі және дәмі өте жағымсыз. Егер 10 мл эссенцияны немесе 10 мл 1-ші ондық сұйылтуды судың тең бөлігімен араластырып және оған күйдіргіш натриймен эфирдің тең қоспасын қосып шайқаса, содан кейін су моншасында азот қышқылының 5 тамшысымен эфирді буландарса, қалдық түсі көгілдір-қызыл –түске айналады.

Егер талдауға алынған сұйылту, ультракүлгін жарықта айқын флюоресценция бермесе, 4-ші ондық сұйылтуға дейінгі сынамаларға нашатыр спиртін қосқанда, капиллярлы талдау жүргізуге керекті суреттеме төмендегіше шығады: жоғарғы жақта айқын қоңыр түс және төменгі жақта ашық-қоңыр түс шығады.

Алюминий сульфатының қаныққан ерітіндісі 3-ші ондық сұйылтуға дейін айқын люминесценция береді.

Сандық анықтау. Аконитин мөлшері – 0, 03 %, Нейтралдау әдісі.

Эссенцияны капиллярлы талдау көрсеткіштері. 15° С температура және 47% ылғалдықт сұйық көтерілу биіктігі 8,4 см. Жоғарғы бөлігі: 3 см сулы аумағы мөлдір ашық қызыл-қоңыр түсті, келесі эллиптикалы түрдегі 2 см аумақ күңгірт-қоңыр түсті. Төменгі бөлігі: 1,5 см шамалы қоңырқайланған, сәуле тікелей түскенде көрінуі анық, асты – күңгірт- қоңырқай түсті.

Эсенциядағы дәрілік зат мөлшері - 1/2

Сақталынуы. Бастапқытұндырмалар1-ші, 2-ші және 3-ші ондық сұйылтулар «Б» тізімі бойынша сақтықпен. Қолданылатын сұйылтулар. 1Х, 3Х және олардан жоғары.

Стандарт. 3Х, 3,6.

 

Швабе нұсқаулығында гомеопатия тәжірибесіінде сирек кездесетін дәрілік заттар сипаттамалары берілген. Ол сипаттамалар құрылысы төмендегідей:

1. Дәрілік зат аты.

2. Бастапқы өсімдік – оның таралуы. Химиялық құрамы және бастапқы материал.

3. Дәрілік түрін дайындау. Эссенциядағы дәрілік зат мөлшері. Қолданылатын сұйылту – 3Х.

Мысалы:

 

1. Abies canadensis – Абиес канадензис.

2. Tsuga canadensis (L.) Carr – Есуга канадская.

Тұқымдасы: Pinaceae – Сосновые. Солтүстік Америка шығысындағы тоғайларда, КСРО Европалық бөлігінде парктерде мәдени өсіріледі. Қолданылатын бөлігі: жас қабықтары және жас бұтақтарының бас жақтары.

3. Эссенция: 3 § бойынша. Дәрілік зат мөлшері – 1/3.

 

1. Acidum Salicylicum – Ацидум салициликум.

2. Салициловая кислота С6Н4(ОН) (СООН). М. м. 138,05.

2. Дайындалуы: 90 % спиртпен § 6а бойынша, 2Х сұйылту – 60 %, ал жоғары сұйылтулар 45% спиртпен дайындалады. Қолданылатын сұйылтулар 3Х және одан жоғары.

 

 

1. Alnus – Альнус

2. Alnus serrulata Willd. – Қырлы қандыағаш (Ольха пильчатая). Тұқымдасы: Betulaceae – қайыңды. Солтүстік Америка тоғайлары. Қолданылатын бөлігі: жас қабығы.

3. Эссенция: § 3. Эссенциядағы дәрілік зат мөлшері 1/3. Қолданылатын сұйылтуы: Ө, 3Х.

 

1. Apisinum – Апизин.

2. Apis mellifica L. - Бал тасушы ара. Тұқымдасы: Apidae – аралар, отряд - Hymenoptera –жарғақ қанаттылар (Перепончатокрылые), класс: Insekta – жәндіктер. ТМД ааймағында. Қолданылатын өнім: араның уы. Жаңа өлтірілген араның у сақтайтын қапшығын бөліп алып қапшықты қысу арқылы алады.

3. Тұндырма: § 8. Қолданылатын сұйылтуы: ЗХ және одан жоғары.

 

 

1. Aurum Jodatum.

2. Aurum Jodatum – алтын йодиді. Дайындалуы: Химиялық өндірістерде.

3. Дәрілік зат дайындалуы: § 7. Қолданыстағы сұйылту: 0, 6.

 

 

Гомеопатиялық дәрілік қалыптар тақырыбы бойынша тестілер

 

1. Гомеопатияның шыққан кезеңі:

А. XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы

В. XVII ғ. басы

С. XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басы

D. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басы

Е. XIIIғ. басы

 

2. Гомеопатияның негізін салушы:

А. Аристотель

В. Гиппократ

С. Авиценна

D. Ганеман

Е. Гален

 

3. Гомеопатия ұстанымдарына сәйкес келмейді:

А. Дәрілік зат ретінде эссенция қолданылмайды

В. ағзадағы қозуларды соған ұқсас қозу туғызатын заттармен емдейді

С. үлкен дозалар заңы

D. кіші дозалар заңы

Е. потенцирлеу ұстанымы

 

4. Дәрілік қалыпты дайындау кезіндегі негізгі қағида:

А. дәрілік қалыпты стерильдеу

В. дәрілік қалыпты асептикалық жағдайда дайындау

С. потенцирлеу ұстанымы

D. тритурациялық ұнтақтарды сұйылтуға тальк қолдану

Е. сұйық ерітінділер дайындағанда сұйылтуға 95٪ спирт қолдану

 

5. Гомеопатиялық ұнтақтарды ұсақтағанда және араластырғанда ескеріледі:

А. адсорбциялық қабілеті

В. жазбадағы ингредиенттердің жазылу әдістері

С. дәрілік қалыптың кімге дайындалуы

D. орам бұйымдарының әсері

Е. биологиялық әсері

 

 

6. Тритурацияларға қосылатын көмекші заттарға қойылатын талаптар:

А фармакологиялық және физика-химиялық индифференттілігі

В. көмекші заттар саны

С. жоғары гигроскопты болуы

D. толықтырғыштар мен дәрілік заттардың химиялық белсенділігі

Е. әртүрлі түсте болуы

 

7. Гомеопатиялық фармакопеяда қанша прараграф бар?

А. 9

В. 10

С. 3

D. 5

Е. 6

 

8. Ганеманның гомеопатия бойынша негізгі еңбектері:

А. фармакопея

В. медик материасы

С. дәрігерлік шеберліктің органоны

D. ұқсастық заңы

Е. дәрілердің емдік әсерлері

 

9. Аллопатия дегеніміз:

А «қарсыны қарсымен емдеу» ұстанымы

В. «ұқсасты ұқсаспен емдеу» ұстанымы

С. дәрілік заттарды микродозаларымен емдеу жүйесі

D. дәрілік заттарды макродозаларымен емдеу жүйесі

Е. тек медикаменттермен емдеу

 

10. Дәрілер патогенезі дегеніміз:

А. ауру патогенезі

В. дәрілік аурудың симптомдары мен белгілері

С. дәрілердің айқын әсері

D. ауру белгілері

Е. аурумен күресу

 

11. Гомеопатиялық препараттар жазбасындағы 1х10-4 концентрациясы қай шкалаға сәйкес келеді:

А. 3

В. 3х

С. 4х

D. 1

Е. 4

 

12. Гомеопатиялық құралдарға арналған жазбалардың ерекшеліктері:

А. «Recipe» қаратпасы болмайды

В. дәрілік препарат атауы қазақ тілінде атау септігінде жазылады

С. дәрілік препараттың сұйылту дәрежесі көрсетілмейді

D. дәрілік қалып белгіленбейді

Е. рецепуралық бланк алқызыл түсті

 

13. Гомеопатиялық препараттар өндірісі үшін қолданылатын шикізаттар:

А. өсімдік және жануар тектес

В. өсімдік тектес емес

С. синтетикалық

D. жартылай синтетикалық

Е. минеральды

 

14. Бастапқы заттарды сұйылту үшін қолданылатын көмекші заттар:

A.. ароматты су, сироптар

B. қант-рафинад, медициналық эфир

C. су, спирт, сүт қанты

D. қант құрағы қанты, вазелин майы

E. сабынды спирт, глицерин, ПЭО

15. Жиі қолданыстағы сұйылту шкалалары:

A. ондық және жүздік

B. миллиондық

C. бірлік

D. бестік

E. тек жүздік

 

16. Рецептурада жүздік сұйылту қалай белгіленеді:

A. крест белгісімен немесе «С» әрпімен

B. цифр және «Ж» әрпімен

C. «А» және «В» әріптермен

D. процентпен

E. миллилитрмен

 

17. Рецептурада ондық сұйылту қалай белгіленеді:

A. крест белгісімен

B. Рим санымен

C. процентпен

D. граммен

E. миллилитрмен

 

18. Гомеопатия түсінігі бойынша адам конституциясы дегеніміз:

A. қоғамдық әлеуметтік және табиғи жағдайда қалыптасқан жеке физиологиялық, анатомиялық және психологиялық қасиеттердің жиынтығы

B. биологиялық ұқсастық

C. аурудың жасырын симптомдары

D. әртүрлі факторлардың әсері

E. науқастың негізгі ауруларының жиынтығы

 

19. Гомеопатиялық қатты препараттардың қолдану реті:

A. ашқарынға ауызға салып сору қажет

B. ароматы сумен ішу

C. тамақтан соң жұту

D. міндетті түрде қайнаған сумен еріту

E. 90% этил спиртінің бірнеше тамшысында еріту.

 

20. Гомеопатияның артықшылықтары:

A. препараттың айқын терапевтикалық және профилактикалық әсерінің жылдамдығы

B. дәрілік пепараттардың бүкіл организмге әсер етуі және дәріге үйренудің болмауы

C. дәріге патологиялы үйреніп кету

D. гомеопатиялық пепараттар технологиясының қарапайымдылығы

E. дәрілік пепараттардың токсикологиялық және жанама әсерлерінің болмауы

 

21. Дәрілік препаратты ондық шкала бойынша дайындау үшін бастапқы зат пен сұйылтқышты қандай қатынаста алады:

A. 1. б. бастапқы зат және 9 б. сұйылтқыш

B. 5 б. бастапқы зат және 5 б. сұйылтқыш

C. 2 б. бастапқы зат және 8 б. сұйылтқыш

D. 9 б. бастапқы зат және 1 б. сұйылтқыш

E. 6 б. бастапқы зат және 4 б. сұйылтқыш

 

22. Гомеопатиялық практикада қолданылатын дәрілік қалыптар:

A. эссенциялар мен тинктурлар

B. қайнатпалар

C. оподельдоктар

D. аэрозольдар

E. жақпа майлар, суппозиторийлер

 

23. Эссенция дегеніміз:

A. сүт қанты қосылған тритурация

B. сулы-спиртті ерітінді

C. дәрілік шөптен (ДШ) алынған шырын және 90% этанол қоспасы

D. жаңа жиналған ДШ алынған шырын және тазартылған су қоспасы

E. кептірілген ДШ және 70% этанол қоспасы

 

24. Гомеопатиялық фармакопеяның қай параграфы бойынша ерітінді дайындайды:

A. 1

B. 3

C. 5

D. 7

E. 10

 

25. Құрғақ өсімдік шикізатынан тинктураны қай қатынаста дайындайды:

A. 1:2

B. 1:10

C. 1: 100

D. 1:50

E. 1:20

 

26. 5 параграф бойынша қолданылатын еріткіш? (1)

A. тазартылған су

B. 90% этил спирті

C. хлороформ

D. глицерин

E. 45% этил спирті

 

27. Тинктура дайындауда шикізатты қанша тәулік мацерациялайды:

A. 2

B. 5

C. 8

D. 16

E. 32

 

28. Гомеопатиялық эссенция дегеніміз:

A. 1:10 қатынаста дайындалған жаңа жиналған өсімдік шикізатынан алынатын сулы-спиртті сығынды

B. 1:15 қатынаста дайындалған жаңа жиналған өсімдік шикізатынан алынатын сулы-спиртті сығынды

C. 1:5 қатынаста 90% этил спиртінің тең бөлігінде дайындалған жаңа жиналған өсімдік шикізатынан алынатын сулы-спиртті сығынды

D. салмақ бойынша бірдей қатынастағы жаңа дайындалған шырын мен 90% этил спиртінің қоспасы

E. салмақ бойынша бір бөлік жаңа дайындалған шырын мен 70% этил спиртінің қатынастағы қоспасы

 

29. Эссенция дайындауға қолданылатын этил спиртінің концентрациясы:

A. 96%

B. 90%

C. 70%

D. 45%

E. 60%

 

30 Гомеопатиялық препараттар мен емдеудің бастапқы кезеңдерінде қажет емес құбылыстардың болу мүмкіндігі:

A. ауырсыну симптомдарының асқынуы

B. лезде әрекеттесу

C. өлімге әкелу

D. қозғалыс кординациясының бұзылуы

E. терідегі болатын құбылыстар

 

31. Құрғақ заттар тритурациясын қандай көмекші заттың қатысында дайындайды:

A. лактоза

B. сахароза

C. бор қышқылы

D. тальк

E. глюкоза

 

32. Жаңа жиналған дәрілік өсімдіктерден эссенциялар мен тинктураларды алу әдісі Шбаве фармакопеясының қай параграфтарында сипатталған:

A. пп 1, 2, 3

B. п 4,5

C. пп 5, 6

D. пп 7, 8

E. пп 9, 10

 

33. Гомеопатиялық препараттар дайындауда дәріханалық қондырғылар мен аппараттардан басқа қолданылады:

A. шырын алатын пресс

B. ампула дайындаушы қондырғы

C. Сокслет аппараты

D. Вакуум аппараты

E. Либих мұздатқышы

 

34. Жаңа жиналған өсімдік шикізатынан эссенция дайындағанда міндетті түрде ескеру қажет:

A. шырын құрамын

B. өсімдіктің гистологиялық құрамын

C. бастапқы дәрілік өсімдік (ДӨ) өсетін орнын

D. ДӨ жиналған уақытын

E. ДӨ шырынынан басқа әсер етуші заттардың мөлшерін

 

35. Эссенцияларды гомеопатиялық фармакопеяның қай параграфтарына сай дайындайды:

A. 2,3,5

B. 1,2,3

C. 7,8,9

D. 1,3,5

E. 4,6.7

 

36. Эссенцияларды тұндыру уақыты (тәулік):

A. 10

B. 5

C. 2

D. 8

E. 14

 

 

37. 2 параграф бойынша дайындалған эссенциядан спиртті тұндырма (тинктура) дайындау үшін араластырады:

A. 2 салмақтық бөлшек (с.б.) эссенция және 8 с.б. 90% этил спирті

B. 2 с.б. эссенция және 8 с.б.. 70% этил спирті

C. 1 с.б. эссенция және 9 с.б. 45% этил спирті

D. 1 с.б. эссенция және и 9 с.б. 60 % этил спирті

E. 2 с.б. эссенция және и 8 с.б. 45% этил спирті

 

38. Гомеопатиялық тритурацияны гигроскопиялық заттардан дайындағанда қандай келі қолданылады:

A. қыздырылған фарфор

B. саңылаулы

C. суытылған

D. мыстан жасалған

E. ағаштан жасалған

 

39. Егер гомеопатиялық суппозиторийлердің негізі көрсетілмесе қандай негіз қолданылады:

A. бутирол

B. какао майы

C. желатин-глицеринді

D. сабынды-глицеринді

Е. ланолин

 

40. Гомеопатиялық тұндырмаларды алу әдістері:

A. перколяциялау батареясы

B. мацерация

C. Чулкову бойынша реперколяция

D. қарсы ағынды экстракция

E. ремацерация

 

41. Тритурация өндірісінде ұсақ бөлшектерді алу үшін ысқылауды жүргізу уақыты:

A. 30 минут

B. 10 минут

C. 1 сағат

D. 40 минут

E. 5минут

 

42. Минералды заттардан және химиялық қоспалардан сулы-спиртті ерітінділерді алу әдістері:

A. Ганеман

B. Р.Д.Дильбарханов

C. Дерягин

D. Филлипин

E. Михайлов

 

43. Гомеопатиялық препараттарды алуда қолданылатын индифферентті көмекші заттар:

A. шарап спирті

B. силиконды майлар

C. метил спирті

D. амил спирті

E. вазелин майы

44. Егер гомеопатиялық суппозиторийлердің салмағы көрсетілмесе алынатын салмақ:

A. 1,5

B. 5,0

C. 3,0

D. 2,0

E. 1,0

 

45. Гомеопатиялық суппозиторийлерге қолданылатын желатин-глицеринді негіз құрамы:

A. 2:5:5

B. 1:1:3

C. 2:4: 5

D. 1:2:5

E.2:2:10

 

46. Ондық шкала бойынша тритурация дайындау әдісі?

A. 1 г затты 9 г сүт қантымен 1 сағат бойы ысқылайды

B. 1 г затты 9,9 г қантпен араластырады

C. 1 г затты 9 г натрий хлоридімен келіде ысқылайды

D. 1 г затты 99 г сүт қантымен ысқылайды

E. 1 г затты 9 г тростник қантымен 10 минут бойы ысқылайды

 

47. Тұндырмалардан тритурацияны дайындайды:

A. 0,1 с.б. тұндырма 9,9 с.б. сүт қантымен ысқылайды

B. 2 с.б. тұндырманы 99 с.б. сүт қантымен ысқылайды

C. 3 с.б. тұндырманы 99 с.б. сүт қантымен ысқылайды

D. 3 с.б. тұндырманы 7 с.б. сүт қантымен ысқылайды

E. 3 с.б. тұндырманы 7 с.б. глюкозамен ысқылайды

 

48. 20 г жалбыз тұндырмасын 4 параграф бойынша дайындау үшін алады:

A. 1 г жалбыз жапырағын және 9 г этил спиртін

B. 2 г жалбыз жапырағын және 18 г этил спиртін

C. 2 г жалбыз жапырағын және 20 г этил спиртін

D. 0,2 г жалбыз жапырағын және 19,8 г этил спиртін

E. 0,1 г жалбыз жапырағы және 9,9 г этил спиртні

 

49. Гомеопатиялық суппозиторийлердің орташа массадан ауытқу шегі:

A. 3%

B. 10%

C. 5%

D. 8%

E. 4%

50. Гомеопатияның емдеу жүйесі ретіндегі ерекшеліктері:

A. ауруды емдегенде ұқсастық принципін қолданады

B. табиғи негіздегі ДҚ қолданылады

C. ерекше технологияларды қолдану

D. динамизация арқылы ДҚ әсерін төмендету

E. потенцирленбеген дәрілік сұйылтуларды қолдану

 

51. Кептірілген жануар тектес шикізаттан тинктуралар қандай қатынаста дайындалады:

A. 1:2

B. 1:10

С. 1:20

D. 1:5

Е. 1:50

 

52. Гомеопатиялық фармакопеяның қай параграфінде құрғақ шикізаттан тинктура дайындау әдісі берілген:

A. 1

B. 4

C. 5

D. 7

E. 8

53. Тинктуралар өндірісінде мацерация үшін ДӨ қанша тәулікке қалдырады:

A. 2

B. 5

C. 8

D. 16

E. 3

 

54. Гомеопатиялық фармакопеяның 1 параграфі бойынша қандай шикізаттан тинктура дайындайды:

A. құрамында шайырлар, эфир майлары немесе камфора жоқ, ұсақтағанда және пресстегенде 60% және одан да жоғары шырын беретін

B. құрамында шайырлар, эфир майлары немесе камфора жоқ, ұсақтағанда және пресстегенде 60% шырын төмен беретін

C. құрамында шайырлар, эфир майлары жоқ, ұсақтағанда және пресстегенде 50% қана шырын беретін

D. құрамында шайырлар, эфир майлары бар, ұсақтағанда және пресстегенде 50% және одан да жоғары шырын беретін

E. құрамында шайырлар, эфир майлары немесе камфора бар, ұсақтағанда және пресстегенде 60% және одан да жоғары шырын беретін

55. Пияздың 50 г эссенциясын алу үшін (параграф 1) қолданылады:

A. 30 г шырын және 20 г этил спирті

B. 25г шырын және 25 г этил спирті

C. 20 г шырын және 30 г этил спирті

D. 10 г шырын және 40 г этил спирті

E. 40 г шырын және 10 г этил спирті

 

56. Гомеопатиялы суппозиторийлерді дайындағанда орын басу коэффициенті қолданылады:

A. барлық уақытта

B. әсер етуші зат 5% жоғары болса

C. фармацевттің айтуымен

D. әсер етуші зат 3-5 % аралығында болса

E. әсер етуші зат 1% жоғары болса

 

57. Валериананың сұйық экстрактымен 10 гомеопатиялық суппозиторийлер дайындағанда қанша г какао майы алынады:

A. 10 г

B. 20 г

C. 30 г

D. 15 г

E. 25 г

 

58. Жүздік шкала бойынша тритурация дайындау реті?

A. 1 г затты 9 г құрақ қантымен 10 минут бойы ысқылайды

B. 1 г затты 9 г құрақ қантымен араластырады

C. 1 г затты 9 г натрий хлоридімен келіде ысқылайды

D. 1 г затты 99,9 г сүт қантымен ысқылайды

E. 0,1 г затты 9,9 г сүт қантымен 1 сағат бойы ысқылайды

 

59. 9 параграф бойынша эссенциядан тритурацияны қалай дайындайды:

A. 3с.б. эссенцияны 99 с.б. сүт қантымен ысқылайды

B. 1 с.б. эссенцияны 99 с.б. сүт қантымен ысқылайды

C. 2 с.б. эссенцияны 99 с.б. сүт қантымен ысқылайды

D. эссенцияны және сүт қантын тең с.б. алып ысқылайды

E. 5 с.б. эссенцияны 95 с.б. сүт қантымен ысқылайды

 

60. Гомеопатиялы суппозиторийлерді дайындағанда орын басу коэффициенті қолданылмайды:

A. барлық уақытта

B. әсер етуші зат 5% аз болса

C. фармацевттің айтуымен

D. әсер етуші зат 5-10% арлығында болса

E. әсер етуші зат 10% жоғары болса

 

Тест жауаптары

 

  C   A
  D   A
  C   A
  C   B
  A   D
  A   E
  A   A
  C   B
  A   B
  B   C
  C   A
  A   A
  A   C
  C   D
  A   A
  B   A
  A   B
  A   C
  A   A
  B   B
  A   B
  A   C
  C   A
  C   B
  B   B
  A   C
  C   Е
  D   A
  B   В
  A    
  A    

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын дәрілік қалыптар..............................3

Гомеопатиялық дәрілік құралдар" нұсқаулығы...................................................6

Гомеопатия принциптері. Гомеопатиялық дәрілердің әсерлік механизмі........7

Гомеопатиялық дәрілік қалыптардың жазбалары................................................9

Гомеопатикалық құрамдар концентрациясы мен дозалары..............................12

Ондық және жүздік шкала....................................................................................13 Ондық сұйылту шкаласы......................................................................................13

Жүздік сұйылту шкаласы......................................................................................13

Гомеопатиялық гален препараттары мен дәрілік құрамдар..............................17

Қосынды (гален) препараттары. Балауса өсімдіктер препараттары.................18

Сұйық дәрілік қалыптар........................................................................................20

Қатты дәрілік қалыптар. Ұнтақтар (тритурациялар).........................................21

Жұмсақ дәрілік қалыптар.....................................................................................22

А. Гомеопатиялық фармация...............................................................................22

Дәрілерді сақтау және жіберу ережелері............................................................23

Б. Гомеопатиялық дәрілік құрамдарды дайындау технологиясы.....................24

І БӨЛІМ..................................................................................................................24

Дәрілерді өсімдіктер және жануарлар дүниесінен дайындау...........................24

Балауса шөп шырындары дәрілік зат өлшемі ретінде.......................................25

Эссенциялар мен тинктуралар дайындау әдістері.............................................26

§ 1 бойынша дайындалған эссенцияны пайдаланып спиртті тұрынды дайындау.........................................................................................................26

Есептелінген шырын мөлшерімен және 90 % этил спиртінің тең салмақтық бөлімінен дайындалатын эссенциялар...........................................................27

§ 2 бойынша дайындалған эссенциядан спиртті тұрынды (тинктура) дайындау.........................................................................................................27

§ 3Есептелінген шырын мөлшерінің 1 салмақтық бөлігінен және 90% этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалатын эссенциялар.......................27

§3 бойынша дайындалған эссенциядан спиртті (тинктура) дайындау..........28

§1-3 бойынша дайындалған эссенциялардан тұрынды дайындау.................28

Өсімдіктегі шырын мөлшерін анықтау...............................................................29

Этил спиртінің 10 салмақтық бөлігі және кептірілген өсімдіктің 1 салмақтық бөлігінен тұрынды дайындау..........................................................................32

ІІ БӨЛІМ................................................................................................................35

Минералды заттар мен химиялық қосылыстардан дәрілер..............................35

§ 5 Сулы ерітінділер..............................................................................................35

§ 5 бойынша қышқылдар ерітінділерін дайындау.........................................35

§ 6 Спиртті ерітінділер. Спиртте жақсы еритін дәрілік заттардан ерітінді дайындау.........................................................................................................36

§ 7 Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау..............38

Ш БӨЛІМ...............................................................................................................40

Дәрілік ысқыланған ұнтақтарды әртүрлі сұйық заттардан дайындау..............40

§ 8 бойынша ысқыланған ұнтақтар сұйық дәрілік заттардан дайындалады..40

§ 9 Ысқыланған ұнтақтарды эссенция мекн тинктурадан.................................40

Сұйылтуларды әртүрлі дәрілік заттардан дайындау......................................40

А. Сұйық дәрілік заттарды сұйылту...............................................................41

а) Ондық шкала бойынша...............................................................................41

б) Жүздік шкала бойынша...............................................................................41

Б. Ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау..........................................41

В. Сұйық сұйылтуларды ысқыланған ұнтақтардан дайындау.......................42

Гранулулар (түйіршіктер) дайындау технологиясы..........................................42

Таблеткалар дайындау..........................................................................................43

Жақпа майлар, майлы ерітінділер, оподельдоктар және сырт денеге қолданылатын спирттер дайындау..................................................................43

Сұйық оподельдоктар...........................................................................................45

Суппозиторий........................................................................................................45

Құрал – жабдықтар және аппаратуралар........................................................46

П р е с с...........................................................................................................46

Престеу үрдісінде қолданылатын дәкелер......................................................46

Ысқылауға арналған келілер...........................................................................46

Елеуіштер........................................................................................................46

Сүзгіш..............................................................................................................47

Шөп турағыштар және ет турағыштар.............................................................47

Таблетка дайындаушы пресс...........................................................................47

Бейтарап заттар......................................................................................................47

В. Гомеопатиялық дәрілік препараттарды зерттеудің ортақ әдістері............49

А. Сұйық препараттарды сынау әдістері........................................................49

Б. Ысқыланған ұнтақтарды зерттеудің жалпылама (ортақ) әдістері............54

АРНАЙЫ БӨЛІМ..................................................................................................56

ABIES NIGRA - АБИЕС НИГРА........................................................................56

ABSINTHIUM – АБСИНТИУМ...........................................................................56

ABROTANUM – ARTEMISIA..............................................................................57

ACIDUM ACETICUM – АЦИДУМ АЦЕТИКУМ.............................................58

ACIDUM CARBOLICUM – АЦИДУМ КАРБОЛИКУМ...................................59

ACIDUM FORMICICUM – АЦИДУМ ФОРМИКУМ........................................59

ACIDUM HYDROCHLORICUM MURIATICUM – АЦИДУМ ГИДРОХЛОРИКУМ МУРИАТИКУМ.........................................................60

ACIDUM HYDROCYANICUM – АЦИДУМ ГИДРОЦИАНИКУМ..............61

ACIDUM LACTICUM – АЦИДУМ ЛАКТИКУМ...........................................62

Гомеопатиялық дәрілік қалыптар тақырыбы бойынша тестілер......................65

Тест жауаптары......................................................................................................77


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.077 сек.)