|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ABIES NIGRA - АБИЕС НИГРА
Қолданылатын өсімдік. Picea mariana (Mill.) Britt - Қара қарағай. Тұқымдасы: Pinaceae – Қарағайлы Синонимдері. Abies mariana Mill., Abies nigra Poir.; Picea nigra Link, Pinus nigra Ait. Таралуы. Солтүстік Америка, әсіресе Канада таза және аралас ормандарында. Европа және КСРО парктері мен саябақтарында жасанды өсіріледі. Қолданылатын бөлшегі. Кептірілген шайыры. Қолданылатын бөлшегінің сипаттамасы. Шайыр сарғыш-қызыл түсті іріленген түйіршектер, жеңіл жарылады, жаңа жарылған беті ақсарғыш немесе сары алтын түстес. Жарылған беті жылтыр. Иісі жағымды шайырлы, хош иісті, дәмі ащы. Дәрілік қалып дайындау. 6 параграф бойынша 90% спиртте ерітіледі. Екінші және үшінші сұйылтуы 90% спиртте, ал 4-6 сұйылтылуы 60% спиртте, одан жоғары сұйылтулар 45% спиртте жүргізіледі. Дәрілік қалып сипаттамасы. Спиртті ерітінді қызыл-қоңыр түсті, жағымды шайырлы хош иісті және дәмі хош иісті. Екінші және үшінші сұйылтулары қабаты 1 см қалыңдықта қоңыр түстен сары түске дейін боялған. Капиллярлы талдаудың көрсеткіштері. Салыстырмалы ылғалдық 60% және 20°С температурада сұйық көтерілуі – 5 см. 1 см – аумақ қоңырқай түсті; содан кейінгі аумақ 1,5 см мөлдір шыны тәріздес қоңыр түсті. Төменгі аумағы –ашық қоңыр түсті. Дәрілік зат мөлшері 1/10. Қолданыстағы сұйытылуы. 3х3 және одан жоғары. Стандарт. 3х3.
ABSINTHIUM – АБСИНТИУМ
Қолданылатын өсімдік. Artemisia absinthium L. Ермен, Ащы жусан Синонимдері. Absinthium vulgare Lam. Тұқымдасы. Asteraceae (Compositae) – Күрделі гүлділер. Таралуы. КСРО-ның Европалық бөлігінде, сонымен қатар Батыс Сібірде, Қазақстанда және Орта Азияда кездеседі. Арамшөп ретінде егістерде, төбелерде, шөл далаларда, жолдың шеттерінде өседі. Қолданылатын бөлшегі. Тамырүсті жаңа жапырақтары және сабақтың төбе гүлдері. Жапырақты гүлдеудің кезінде немесе басында жинайды (мамырдың аяғы, маусымның басы), төбесін – гүлдеу кезінде (шілде-тамыз). Өсімдіктің сипаттамасы. Көп негізді тамырсабақты, бұтағы бар, көп жылдық шөптесін өсімдік. Көп санды күмісті жиналған түктерден тұратын күміс-сұр түсті өсімдік. Сабағы қысқа жапырақты және ұзын, берік, гүлдері 1 см дейін ұзын. Төменгі сабақ жапырақтар қысқа черешоктарда орналасқан. Жоғарғы жапырақтары аздап кесілген. Гүл себеттері ұсақ, диаметрі 2-4 мм, сабақтың жоғарғы бөлігінен жиналған. Барлық гүлдері ашық сары түтікті, өте ұсақ. Жемісі жалаңаш тұқымды. Барлық өсімдіктерінде өзіндік хош иісі және ащы дәмі бар. Дәрілік қалып дайындау. § 3 бойынша эссенция. Дәрілік қалып сипаттамасы. Ащы дәмі бар және хош иісті жасыл-қоңыр түсті эссенция. 1-ден 3-ші ондық бойынша қалыңдығы 1 см қабатында қоңырдан сарыға дейінгі түске ие. Эссенцияның берілген капиллярлы талдау көрсеткіштері. Температурасы 16° С және салыстырмалы ылғалдылығы 44% болғанда жоғарлау ұзындығы 1 см. Жоғарғы бөлігі: ашық сары түсті 2 см мөлдір сулы аймақ; содан кейін сары-қоңыр түсті ұзындығы 3 см томпақ түріндегі аймақ. Төменгі бөлігі: ұзындығы 0,3 см мөлдір емес кір жасыл түсті аймақ; содан кейін 0,5 см қою жасыл түсті мөлдір емес аймақ және кейін 1,5 см ден жасыл және ашық сары-жасыл түсті екі аймақ. Негізі: ашық, қоңыр-сары. Эссенциядағы дәрілік заттың құрамы. 1/3. Қолданыстағы сұйылтылуы. 1х3х3 және жоғары.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |