АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТАБЛЕТКАЛАР ДАЙЫНДАУ

Читайте также:
  1. Таблетка дайындаушы пресс

Таблеткаларды тритурациялардан дайындау Мемлекеттік Фармакопея талаптарына сәйкес жүргізіледі.

ЖАҚПА МАЙЛАР, МАЙЛЫ ЕРІТІНДІЛЕР, ОПОДЕЛЬДОКТАР ЖӘНЕ СЫРТ ДЕНЕГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СПИРТТЕР ДАЙЫНДАУ

Жақпа майлар мен майлы ерітінділер Мемлекеттік Фармакопеяның өкілетті басылымы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Гомеопатиялық жақпа майлар негіздері ретінде вазелин және ланолин қолданылады. Гомеопатиялық сұйық майлар ретінде пайдаланатындар: вазелин, өрік, алхоры, зәйтүн, күнбағыс майлары.

Жақпа майлар мен сұйық майлар ерітіндісі, егер дәрілік заттар күшті әсер етуші болмаса, концентрациясы негізінен 1: 9 (10 %) есебінен, ал күшті әсерлі заттардан 5 % дайындалады. Бұл ереже келесі дәрілерге қатысты емес:

3 % Анис жақпа және сұйық майы

2 % Ацидум бензоикум жақпа майы

3 % Ацидум салициликум жақпа майы

2 % Ацидум карболикум жақпа майы

10 % Ацидум нитрикум жақпа майы (бірінші ондық сұйылтудан дайындалады)

10 % Ацидум Арсеникозум жақпа майы (үшінші ондық сұйылтудан дайындалады)

5 % Акониттің жақпа және сұйық майы

3 % Кантаристің жақпа және сұйық майы

3 % Кротонның жақпа майы

1 % Циннабаристің жақпа майы

10 % Цимицифуги жақпа және сұйық майы

½ % Хлоретон жақпа және сұйық майы

1 % Графит жақпа майы

1 % Гепар Сульфур жақпа майы

5 % Спонтин жақпа және сұйық майы

10 % Сульфур сублиматум жақпа майы

10 % Брионий жақпа және сұйық майы

10 % Фитолакка жақпа майы

10 % Меркуриус коррозивум жақпа майы (3х-тан)

1 % Меркуриус бииодатус жақпа майы

 

Жақпа майлар қарапайым және күрделі құрамда да дайындалады. Кейбіреулерінің өзіндік аттары бар, мысалы:

Плазмин жақпа майы:

Календула Ө - 20,0

Фитолакка Ө - 60,0

Брионий Ө - 2,0

Ац. Борикум пульвер. - 182,,0

Ланолин сулы – 400,0

Вазелин – 1400,0

Кориза жақпа майы

Ац. Карболикум – 7,5

Натрум Хлоратум – 15,0

Адреналин (1: 1000) – 30,0

Олеум Ментоли – 15,0

Олеум Эвкалипти – 15,0

Вазелин – 1500,0

Альбуминин жақпа майы

Гидраргириум Бихлорати – 1,5

Калиум нитрикум – 1,5

Боракс – 1,5

Белок (тауық жұмыртқасы) – 25,0

Ланолини – 150,0

Вазелини – 150,0

Линин жақпа майы

Ац. Борикум пульв. – 100,0

Тальк – 200,0

Цинкум оксидат. – 200.0

Вазелин 1500,0

Ментол – 15,0

Тұмау жақпа майы

Ментол – 10,0

Олеум Эвкалипти – 10,0

Вазелин 1000,0

 

Спирттер

Сырт ұлпаға қолданылатын спирттер әртүрлі % тұрындыларды 70% спиртпен араластыру арқылы дайындалады, мысалы:

Анис спирті – 3 %

Арника спирті –10 %

Аконит спирті – 5 %

Спонгия спирті –10 %

Кантарис спирті – 5 %


Кейбір спирттер арнаулы рецепт бойынша дайындалады.

Лори спирті

Рус Ө - 10,0

Брионий Ө - 20,0

Белладонна Ө - 30

Капсикум Ө - 20,0

Ледум Ө - 30,0

 

 

С Ұ Й Ы Қ О П Е Д О Л Ь Д Е К Т О Р

 

Сұйық опедольдок - спиртті линименттің дәрілік қалыпты түрі. Опедольдок дайындау үшін сабынды спирттің 2 бөлігі, судың 1 бөлігі және 96° этил спиртінің 1 бөлігі араластырылады. Осылай дайындалған Опедольдок әртүрлі тинктуралармен 3 %, 5 % және 10 % қатынасында араластырылады. Опедольдок концентрациялары жақпа майлар мен майлар концентрацияларына тура келеді.

Дайындалған дәрілік қалыптың сигнатурасында «Опедольдок» деген белгі болады және қандай дәрілік затпен араласқаны көрсетіледі. Мысалы, Опедольдок Брионин және тағы солай.

 

СУППОЗИТОРИЙ

 

Суппозиторийді «Бутирум какаодан» дайындалған массасы белгілі мөлшердегі дәрілік заттары бар спиртті тұрындылар және экстрактармен араластыру арқылы алады. Ыңғайлы көлемдегі суппозиторий массасын дайындау және жақсы байланыстыру үшін, керек болған жағдайда, сусыз ланолин қосады.

Әрбір суппозиторийге 2 тамшы экстракт немесе алдын – ала буландырылған 20 тамшы тинктура қосылады.

Қ Ұ Р А Л - Ж А Б Д Ы Қ Т А Р Ж Ә Н Е А П П А Р А Т У Р А Л А Р

 

Дәріхана құрал-жабдықтарымен аппаратураларынан басқа керектілер:

 

П р е с с

 

Өсімдіктердің шырынын сығып алу үшін қолданылатын пресстер әртүрлі конструкциялы, бірақ тотықпайтын болаттан істелінген және жақсылап тазалап тұруға мүмкіндік беретін, тетіктері ажыратпалы қондырғы болуы керек. Сонымен қатар, престеуші материал салынатын фарфорлы немесе шыныдан істелінген пластинкалар болуы керек.

 

Престеу үрдісінде қолданылатын дәкелер

 

Престеу үшін боялмаған, таза зығырдан істелінген материал қолданылады. Бұл материалдан престеуге арналған орамалдар (салфетка), қалталар дайындалады. Әрбір шикізатқа жеке қалташалар дайындалуы қажет. Әртүрлі шикізат үшін бір орамалды немесе бір қалташаны екінші пайдалануға болмайды.

 

 

Ысқылауға арналған келілер

 

Келі мен оның келсабы фарфордан дайындалған болуы керек. Фарфорлы келінің ішкі табақша беті және келсаптың төменгі беті күнгірттелген, жылтыр емес. Улы және күшті иісті заттармен жұмыстар арнайы, сырт бетінде күйдірілген белгісі бар келіде орындалады.

Электр жүйесі арқылы жұмыс істейтін, екі келсабы бар тритураторлар қолдану тиімді.

 

Елеуіштер

Гомеопатия тәжірибесінде тек қылдан және жібек жіптерін қолданып дайындалған елеуіштер қолданылады. Қыл елеуіштер тұрындылар дайындауға қажетті ірі ұнтақтарды, ал жібек елеуіштер - ысқыланған ұнтақтарды дайындауға керекті шикізаттарға пайдаланылады. Қантты елеуге арналған елеуіштерді басқа мақсатта пайдалануға болмайды.

Қалақшалар мен қасықтар мүйізден, сүйектен немесе фарфордан істелінген болуы керек.

 

Сүзгіш

Жұмыста тек шыныдан немесе фарфордан істелінген сүзгіштер қолдану керек.

 

Шөп турағыштар және ет турағыштар

Балауса өсімдіктерді ұсақтау тотықпайтын болаттан істелінген шөп турағыш немесе ет турағышпен орындалады. Олардың барлық құрылымы жақсы тазаланып отырылуы керек.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)