|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Государственное регулированиеА. Мемлекеттік тіркеу В. Мемлекеттік нұсқау С. Мемлекеттік реттеу Д. Мемлекеттік қадағалау
8. Сұраныс пен ұсыныс бойынша тауар алмасу арқылы туындайтын еркін бәсеке? А. Көлеңкелі экономика В. Нарықтық экономика С. Отбасы экономикасы Д. Бәсекелі экономика
9. Өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа да нышандарында болатын жағдай? А. Дағдарыс В. Тоқырау С. Айналым Д. Сұраныс 10. Сатып алынған затты меншікке беру. А. Маржа В. Манко С. Манципация Д. Мангонизация 11. Ұлттық байлыққа жатпайды А. Бабалардан қалған мұралар В. Мәдени ескерткіштер С. Қазба байлық Д. Фольклор 12. «Гарантия прибыли» тіркесінің аудармасы А. Табыс мөлшері В. Табыс көзі С. Табыс кепілі Д. Табыс көлемі 13. Акциядан түсетін табыс қалай аталады? А. Дивидент В. Депозит С. Эмитент Д. Лимит 14. Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы трактат қалай аталады? А. Бухгалтерлік есеп В. Шоттар мен жазулар С. Қаржылық есеп Д. Есептеу құралдары 15. Заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексеруші А. тұтынушы В. бухгалтер С. аудитор Д. есепші 16. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы қай жылдан бастап пайда бола бастады? А.1993 жыл В. 1991 жыл С. 1995 жыл Д. 1997 жыл 17. Валюта жүйесі үш түрде қалыптасқан. Олар: А.ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық В. мемлекеттік, дүниежүзілік және ұлтаралық С. қоғамдық, дүниежүзілік және мемлекеттік Д. отандық, нарықтық және экономикалық 18. Банктер қандай қызмет жасайды? А. дүкен ашуды жоспарлайды В. делдалдық қызмет көрсетеді С. ұйымдар мен жеке адамдардан салымдар қабылдайды Д. өзінің өкімін ұсынады 19. Қор биржасының қызметкері А. брокер В. бухгалтер С. аудитор Д. қаржыгер 20. Биржа түріне жатпайды: А. тауар В. валюта С. ғимарат Д. еңбек
Глоссарий Брокераж – брокерлердің жүргізетін делдалдық операциялары. Брокеридж – брокер алатын сыйақы. Ол келісім құнының(мысалы, сату кезінде) немесе жеткізілген жүк үшін төленетін белгілі бір соманың пайыз түрінде белгіленуі. Дисконт (жеңілдік) – валютаны дереу сату кезіндегі бағамы мен форвардтық бағамы арасындағы айырма. Форвард – нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Онколь (сұраныс) – банкілер беретін несие нысандарының бірі, мұнда қарыз алушы өзіне банк белгісіз мерзімде ашқан несиені бірте-бірте пайдалану құқығын алады. Клиринг – өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу жолымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. Эмбарго, тыйым – валютаны, алтынды, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттік өкіметтің тыйым салуы. Оферта (ұсыным) – бір тұлғаның екінші тұлғаға жасаған жазбаша немесе ауызша ұсынысы, онда шарт жасасу туралы тілек хабарланады (хат, факс т.б.) Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма. Толлинг – Қазақстан Республикасы аумағында фирмалардың импорттық өңделмеген шикізатты өңдеуі жөніндегі жұмыс немесе жекелеген мәмілелері.
Бақылау сұрақтары 1. Экономикаға көшу барысында қандай өзгерістер пайда болды? 2. Экономика салаларындағы қандай жаңа терминдермен таныстыңыз? 3. Қай ғасырда нарықтық жолға түсті? 4. Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қай салаларда қарым-қатынасты қарқынды дамытуда? 5. Нарықтық экономика дегеніміз не? 6. Алғашқы американдық қор биржасы қашан және қайда пайда болды? 7. Ақша алғаш қай елде пайда болды? 8. Сенімхат қалай аударылады?
СОӨЖ тапсырмалары Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономикалық терминдердің дұрыс аудармасын қолдануды дамыту барысында атқарылып жатқан шаралар өте көп. Өйткені аталған университетте экономика, бизнес, қаржы, менеджмент, маркетинг, ақпараттық жүйе, туризм т.б. мамандықтар жүреді және экономистер даярлайтын бірегей оқу ордасы болып саналады. Университетте терминком бекіткен жаңа экономикалық терминдермен ұдайы жұмыс жүргізіліп отырады. Кафедралардың профессорлар мен оқытушылар құрамы терминдерді студенттерге дұрыс түсіндіру мақсатында көп жұмыс жасайды. Оған дәлел оқытушылардың орысша-қазақша, қазақша-орысша экономикалық сөздіктерін, экономикалық терминдердің түсіндірме сөздіктерін шығарып отырады. Білім ордасында өтетін ғылыми-әдістемелік, халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияларда жиі қаралатын мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан ғалымдар терминком бекіткен баспасөз беттерінде шығып отыратын жаңа экономикалық терминдерді жазып алып отырады. Өйткені терминдерді қолдануда ерекше назар аударылатын мәселелер көп. Мысалы: кредит-несие деп аударылса да экономикада кредит болып халықаралық термин ретінде қолдана береді. Біраз уақыт маклер-делдал болып аударылып жүрген. Қазір маклер аударылмайды, ал брокер-делдал болып қалды. Жаңа қолданыста жүрген бонус, бракераж, брейк, брокераж, дилер, брокеридж, букмекер, брутто, букинг, бренд, бухгалтер, вексель, акция, акцепт, альянс, офис, бюджет, воутинг-трест, демпинг, девальвация, дисконт, ипотека, квота, клиринг, ковернот, кредит-авизо, маржа, миссия, онколь,оферта, офис, оферент, пейджинг, рейд, рэкет, сальдо, сервис, стринг, стрип, толлинг, топикс, эмбоссинг т.б. терминдердің түсінектемесін оқытушылар студенттерге беріп отырады. 1.Берілген мәтін бойынша ҚазЭУ-дің профессор мен оқытушыларының құрастырған сөздіктерін жазып келіңіз. 2. Берілген мақал-мәтелдерді қолдана отырып, сұхбат құрыңыз.
Ақша ақшадан құралады (Деньги к деньгам идут). Білім алуға жұмсалған ақша – сақталған ақша (Усилия, истраченные на образование, никогда не пропадут). Бірлік болмай, тірлік болмас (Без единения нет жизни). Уәде – жанның азығы (Уговор дороже денег). Нар тәуекел – ер ісі (Риск – благородное дело). СӨЖ тапсырмалары 1. Терминком бекіткен жаңа экономикалық терминдер және оған түсініктеме жазып келіңіз. 2. Интернет көздеріне шолу жасаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. С. Тоқсанбай. «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік». Алматы, «Дайк-Пресс». 1999ж. 2. Ф.Қ. Қанафина, Ә.Т. Оңғарбаева. «Қазақша-орысша экономикалық терминдердің түсініктеме сөздігі». Алматы, «Полиграфия Сервис және К». 2009ж. 3. А.О.Мұса, І.М.Төленов, Ж.Ш.Әбіш, Е.Қ.Құдайбергенов. «Қазақ тілі». Алматы, «ЭКОНОМИКА», 2001ж. 4. З.Күзекова. «Қазақ тілі». Алматы, «РАРИТЕТ», 2003ж. 5. Н.Мухамадиева, М.Атабаева, Р.Ибраева «Іскерлік қазақ тілі» Алматы «ЦЕННЫЕ БУМАГИ», 2000ж. 6. Ш.Ә. Рамазанова, К.М.Мұхадиева. «қазақ тілі». Алматы, «Қазақ университеті», 2004ж. Доцент Қанафина Ф.Қ. Әдеби тіл нормалары Тірек сөздер: әдеби тіл, стильдік тармақтар,публицистикалық стиль, ғылыми-көпшілік әдебиет стилі, көркем әдебиет стилі, ауызекі сөйлеу тілінің стилі, қоғамдық қызмет, негізгі белгілер, айтылу нормасы, жазылу нормасы, бұқаралық ақпарат құралдары, ресми іс қағаздар тілінің стилі, заңдылықтар, бірізділік. Тапсырма. Әдеби тіл нормалары Әдеби норма мен стилистикалық норма бір-бірімен байланыста ашылатын ұғымдар. Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлеріне қарсы қойылады. Сондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән.Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функционалды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Ол стильдерді, стилшілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді. Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Мысалы, морфологияны тұтастай, сөзжасамның көптеген үлгілерін, сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық бейтарап сөздерді қамтиды. Жеке норма, негізінен, стилистикалық бояуға не тілдік құралдарды қамтиды. Стилистикалық нормада жалпыға ортақ міндеттілік, шегараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде болады. Әр функционалды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады. Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі тұрмыстық сөйлеу стилінің нормалары бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары бір-біріне жақындау болады. Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама – дерексіз сөздер басым қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады. Ресми стильдің ғылыми стильге синтаксистік деңгейде біршама ұқсас жақтары бар (сөйлемдер ұзын, орын тәртібі тұрақты, бір мағыналы сөздер қолданылады), алайда одан мәнді айырмашылықтарға ие болып келеді. Сөйлемдер дайын үлгіге құрылып, бір қалыптан шыққандай, тілдік құралдары да шектеулі болады. Публицистикалық стильде екі жақтың да қоспасы бар, ол мынаған байланысты: бұл стильдің жанры әр алуан және жазбаша да, ауызша да көріне береді. Оған хабарлау және әсер ету функциялары тән. Осы жағдайлар оның тіліне де ықпалын тигізеді. Сондықтан онда ақпарат тасушы және экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Сонымен қатар газет тілінде, оның жедел шығуына байланысты, әбден тұрақталған (стандартқа айналған) құрылымдар да орын алады. Көркем сөз стилінің нормасы өте кең, тіпті ол әдеби тіл нормасы ауқымынан шығып кете алады. Көркем әдебиет тіліне жазба және ауызша тілдік құралда бірігуі тән. Біріншіден, көркем шығармада кез келген әдеби, әдеби емес тілдік бірліктер қолданылады. Бірақ олар өнер құбылысының заңдылықтарына бағынады. Әдеби-эстетикалық өңдеуден өтеді. Екіншіден, көркем шығармада жазушының өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді. Шығарманың жанрлық, тақырыптық т.б. ерекшеліктері көрініс табады. Әрі әр жазушының стильдік даралығы, қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді.Осы жағдайларға байланысты көркем сөз стилінің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі болады. Әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы бар: 1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. 2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа елге бағынышты болуымен, мәдениетінің артта қалуымен байланысты. 3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық немесе бірнеше диалектісінің, жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасқан. Әдеби тіл – өркениетті заман тудырған феномен құбылыс. Әдеби тілдің теориясының іргетасы қазақ тілі диалектологиясы мен тарихи грамматикасындағы қол жеткен нәтижелерінің, тілдік материалды басқаша тану мен саралаудың негізінде қаланады. 2-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз. Әдеби тіл дегеніміз не? Әдеби тілдің нормалары қандай? Жалпы және жеке норманың айырмашылығы? Ғылыми стильмен ресми стиль ұқсастығы неде?
3-тапсырма. 1. Стиль түрлерін тауып, бос орындарды толтырыңыз.
2. Қойылған сұрақтарға қысқаша жауап жазыңыз. Тапсырма. Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарады. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады. Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады: - мемлекеттің салық жүйесінің қлыптасуы; - салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау; - арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру; - салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін біршама қиындықтар болды, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынды. Қазіргі кезде бұл тұрақты жүйе болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті. Салық түрлері: Корпорациялық табыс салығы. Жеке табыс салығы. Қосылған құн салығы. Акциздер. Экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері. Әлеуметтік салық. Жер салығы. Көлік салығы. Мүлік салығы. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарға сәйкес мемлекеттік бюджетке түсетін және оны реттейтін жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ жергілікті бюджеттің көздері болып табылатын жергілікті салықтар қолданылады. Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады: - заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; - қосымша құнға салынатын салық; - акциздер; - құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық; - жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы. Жергілікті салықтарға мыналар жатады: - жер салығы; - заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; - көлік құралдарына салынатын салық; - жол салықтары.
Тапсырма. 1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз. 2.Мәтінге жоспар құраңыз. 3.Мәтінге бес сұрақ қойыңыз. 4.Сұрақтарға мәтіннен жауап жазыңыз. 6-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін жаттап алып, олармен сөйлем құраңыз. Салық жүйесі – налоговая система Салық саясаты – налоговая политика Мемлекеттік басқару – государственное управление Салық механизмі – налоговый механизм Салық қызметі – налоговая услуга Табыс салығы – подоходный налог Әлеуметтік салық – социальный налог Жер салығы – земельный налог Көлік салығы – налог на транспорт Мүлік салығы – налог на имущество
7-тапсырма. Мысалы: М. Әуезов аудандық салық комитетінде салықты уақытында төлемеген кәсіпкерлермен жұмыс. Сұхбат. Салық қызметкері Сәлеметсіз бе? Сізбен хабарласып тұрған М. Әуезов аудандық салық комитетінен. Фирма директоры Сәлеметсіз бе? Сізді тыңдап тұрмын. Салық қызметкері Сіздер 2011 жылдың соңғы қараша, қазан, желтоқсан айларының салығын төлемеген екенсіздер. Фирма директоры Иә. Кешіріңіз. Аталған айлардан бастап фирма уақытша жұмыс істемей тұр. Біраз уақыт берсеңіздер, бәрін төлеуге уәде беремін. Салық қызметкері Үш күн уақыт береміз. Сонымен қатар кешіктіргендеріңізге байланысты үстеме пайыз төлейсіздер. Фирма директоры Әрине, бәрін де төлеп тастауға тырысамыз. Рахмет. Сау болыңыз. Салық қызметкері Үш күн, ұмытпаңыз. Сау болыңыз.
8-тапсырма. Сөйлемдегі бос орындарға қажетті сөзді қойып жазыңыздар.
9-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Экономикалық терминдерді тіркестерімен теріп жазып алып, сөздік құраңыз. Организация взимания налогов Организация налогообложения сводится к построению и функционированию налогового механизма, включающего формы налоговых отношений,то есть конкретные наименования видов налогов, а также порядок и методы, их применения, способы действия. В налоговом механизме применяется специальный инструментарий из взаимосвязанных элементов. К элементам налогообложения относится: субъект, носитель налога, источник налога, единица обложения, налоговая база, налоговая ставка, квота, налоговый оклад, налоговые льготы, сроки и порядок уплаты, права и обязанности налогоплательщиков и налоговых органов, контроль за уплатой налогов, санкции за нарушение налогового законодательства. Налоговым обязательством считается обязательство налогоплательщика перед государством, возникающее в соответствии с налоговым законодательством. Налоговый период – период времени6 установленный применительно к отдельным налогом и другим обязательным платежам согласно особенной части настоящего Кодекса, по окончании которого определяется налоговая база и исчисляется сумма налогов и других обязательных платежей, подлежащих уплате в бюджет. Субъект налога (налогоплательщик) – это физическое или юридическое лицо, на которое законом возложена обязанность уплачивать налог. Понятие налоговый агент означает – индивидуальный предприниматель, частный нотариус, адвокат, юридическое лицо, в том числе нерезидент, осуществ-ляющий деятельность в Республика Казакстан через постоянное учреждение, филиал, представительство, на которых возложена обязанность по исчислению, удержанию и перечислению налогов, удерживаемых у источника выплаты. Носители налогов – физические лица: конечные налогоплательщики, на которых падает фактическое налоговое бремя, то есть граждане государства. Объект налога – доход, имущество, вид деятельности, оказание услуг, денежные операции, предметы (товароматериальные ценности), которые являются основой налогообложения (с которых исчисляется налог). Объектом обложения является также передача имущества, пользование приролными ресурсами, добавленная стоимость продукции, работ и услуг, хозяйственный оборот и т.д. Источником налога является доход, из которого уплачивается налог; по некоторым налогом (например, налог на прибыль) объект и источники совпадают; в некоторых случаях источником налога может быть часть имущества, которую продает плательщик, чтобы выплатить налог. Понятие налоговая база, которая представляет собой стоимостную, физическую или иную характеристику объекта налогообложения и объекта, связанного с налогообложением, на основании которых определяются суммы налогов и других обязательных платежей, подлежащих уплате в бюджет. Единица обложения – единица измерения объекта налога, установленная для счета (1 тенге, 1 гектар, 1 метр, единица измерения товара и др.) Налоговая ставка – это величина налоговых начислений на единицу измерения налоговой базы; она характеризует норму налогового обложения; выраженная в процентах к доходу налогоплательщика, называется налоговой квотой. По методу построения ставки налогов бывают твердые и процентные. Твердые ставки устанавливаются в абсолютной сумме к единице обложения, независимо от размеров доходов (применяются при обложении реальными налогами – земельным, имущественным). Процентные ставки бывают трех видов: пропорциональные, прогрессивные и регрессивные.
10-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.
Валюта курсы арасында/ Пайда әпереді/ Маржа – сатушы мен сатып алушының/ Банктің шығындарын/ өзгешелік/Жабуға пайдаланылады. Оның жасалатын уақыты/ Валюталық келісім үшін/Әрбір нақты/Мен орнының маңызы бар. Әсер етеді/ Маржаның көлеміне/ Рыноктың айналым да. Төмен болған сайын/ Өзгешелік те жоғары болады/ Ол неғұрлым/ Сатушы мен сатып алушының \ Курстары арасындағы. Немесе капитал мөлшеріндегі/ Маржа пайдасы дегеніміз -/ Өткізілген өнім/Найданың пайыздық көрсеткіші. Өзгерту мақсатымен/ Заемды конверсиялау-/ жаңасымен алмастыру/ Заемдік пайыздық мөлшерін/ Оның мерзімін және/ Бұрын шығарылған заемды. Шығындарын/ Қалыптастыруға арналған/ Бұл айналым. Ұстап тұруға\ Өндірістік қорлар/ Жоғары дәрежеде\ Өнім шығару/ Шектеулі болғандықтан/ Қаржының өсуін ұдайы. Пайда болған/ Ақша қатынасы/ XV-XVII ғасырларда/ Тұңғыш рет. Қолданылды/ ОЛ\ Ең алғаш / Италияда. Басқарылатын материалдық/ Қаржы қатынастары/ Объект құрайды/ Формаларымен ақшалай/ Қаржы қорлары. 11-тапсырма. Ресми құжаттар. Бұйрық
Кәсіпорынның жарлықшылық қызметі кәсіпорын директорының тікелей бұйрық шығаруымен құжатталады. Мазмұнына қарай бұйрық екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке құрамы бойынша. Бұйрық негізгі қызмет бойынша нормативті құжат болып табылады, яғни өндірістік-шаруашылық қызмет саласы бойынша басқару шешімін жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие беру, өнімді өткізу, сыртқы экономикалық қызмет, кәсіпорынның құрылымдық және ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдету т.б. білдіретін ресми құжат түрі. Бұйрықтар жобасын кәсіпорын мамандары даярлайды. Бұйрық дайындау кезінде негізгі алдыңғы қатарлы мамандармен, заңгермен, бас есепшімен келісіледі және бұған кәсіпорын директоры (басшысы) қол қояды. Кәсіпорын басшысының қолы қойылған бұйрықты іс-қағаздарын жүргізуші қызметкер тіркейді. Егер мәтінде басқа мерзімі көрсетілмесе, бұйрық қол қойылған сәтінен бастап заңды күшіне енеді. Негізгі қызметке байланысты бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылды. Бұйрықтың негізгі деректемелері мыналар: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы, күні, индексі, мәтіннің бас тақырыбы, бақылау белгісі, мәтін, қолы, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы және компьютерге көшірілгендігі туралы белгі. Бұйрық мәтіні екі бөлімнен тұрады: анықтау (белгілеу, констатирующий), өкімгерлік. Анықтау бөлімінде бұйрықты шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады, бұйрықтың шығу себебі түсіндіріледі. Ұйғарымның қолданылу күші, мақсаты мен міндеті белгіленеді. Өкімгерлік бөлімінде бұйрықтың, ұйғарымның орындалу мен орындалуына жауапты лауазымды адамдардың аты-жөні көрсетіледі. Өкімгерлік бөлімі анықтау бөлімінен «Бұйырамын» деген сөз арқылы ажыратылады. Мысалы: Штаттық кестеге өзгеріс енгізу туралы бұйрық формасы
Кәсіпорын аты БҰЙРЫҚ 18.01.2012ж Алматы. Кәсіпорын аппаратының штаттық кестесіне өзгерістер енгізу туралы байланысты Бұйырамын. Кәсіпорын аппаратының штаттық кестесіне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1. 2. 3. 4. 5. Кәсіпорын басшысы Елубаев Е.Н. Бұрыштама 12-тапсырма. 1. Мәтіннен бұйрық түрінің бірнешеуін таңдап алып, мысалдар келтіріңіз. 2.Қазақ тіліне аударып, сөйлем құраңыз. Подчиниться приказу, приказ по личному составу, отдать приказ, ознакомиться с приказом, издавать приказ. 3.Сұрақтарға жауап беріңіз. Бұйрық қандай құжат түрі? Қандай бөлімдерден тұрады? Өкім мен бұйрықты қалай ажыратуға болады?
13-тапсырма. Құжат мәтінінде қолданылатын стандартты бірліктерді жаттап алып оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз.
Ақпарат-анықтама құжаттары, жедел жеткізу, кәсіпорын басшысы, орындаушы, ұйымдастыру құжаттары, бұйрық, құқық, штат кестесі, лауазымдық қызмет нұсқаулары, анықтау, жарлықшы құжаттар, тармақ, сілтеме, өкім, дәлелді себеппен, бірлескен, нұсқау, шешім, алқалы ұйымдар, рәсімдеу, күн тәртібі, ұжым. 14-тапсырма. Дұрыс баламасын сәйкестендіріп, сөздікті жаттап алыңыз.
15-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін көшіріп жазып, сөйлем құраңыз. Таяқ тастам жер, ақпақұлақ, ақ жүрек, иек асты, қолы ашық, айтқаны айдай келу, ит өлген жер, жерден жеті қоян табу, қызыл шоқ, өткір сөз, тіл қатпау, жылы жүз, қара жер, мамық жастық, қайнаған еңбек. Тест сұрақтары 1.Экономикаға байланысты мақалды табыңыз. А).Өнер алды-қызыл тіл; Б).Өнерді үйрен де, жирен; В).Атың шықпаса, жер өрте; Г).Саудада туыс жоқ. 2.Әлеуметтік сала дегеніміз - … А).Отан қорғау, білім бері, денсаулық, ғылым; Б).Салық салу инспекциясы; В).Көне дәуір заманы; Г).Қаржы, банк, қаржы органдары. 3.Жеке немесе заңды тұлғаларды салықтан жартылай не толық Босату. А).Салық жеңілдігі; Б).Салық салу мөлшері; В).Салық салу өлшемі; Г).Салық өсімпұлы. 4.Нарықтың негізгі қызметі - … А). білім беру; Б). денсаулықты сақтау; В). спортты дамыту; Г). Өнерді дамыту 5.Банк не шығарады? А). бағалы қағаз Б). жеңіл көліктер В). оқу құралдары Г). пайдалы қазбалар. 6.Рай категориясының түрлерін табыңыз. А). Өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз Б). есімше, көсемше В). ашық, бұйрық, қалау, шартты Г).осы шақ, өткен шақ, келер шақ 7…. – тауардың ақшалай құны. А). баға Б). құн В). пайда Г). табыс 8.Салық алғаш реет қай мемлекетте пайда болды? А). Қазақстанда Б). Ресейде В). АҚШ-та Г). Қытайда 9.Салылықтан түскен табыс кімдерді қаржыландырады? А). бизнесмендерді Б). дәрігерлерді В). кәсіпкерлерді Г). саудагерлерді 10.Демеулік шылауды табыңыз. А). ма/ме, ба/бе, па/пе Б). әрі, бері, таман В). мен, бен, пен Г). да/де, та/те, 11. Салық салу тәсіліне қарай … және... салық болып бөлінеді А). тура, түзу Б). төте, жанама В). төте, тура Г). жанама, түзу 12. Салық ставкасының бірінші түрі … А). прогрессивтік Б). регрессивтік В). пропорционалды Г). индикативті 13. Салық ставкасының екінші түрі... А). прогрессивтік Б). регрессивтік В). пропорционалды Г). стратегиялық 14. Салық ставкасының үшінші түрі... А). прогрессивтік Б). регрессивтік В). пропорционалды Г). индикативті 15. Синтаксистің зерттейтін объектісін көрсетіңіз А). дыбыс Б). сөз табы В). сөз Г). сөйлем 16. Сөйлемді толықтырыңыз: Заңды төлем құрамын, банкноталарды шығаруға құқы бар мемлекеттік орган -... А). қаржы министрлігі Б). салық комитеті В). ұлттық банк Г). парламент 17. Үлес сөзінің аудармасы А). доля Б). фонд В). срок Г). стоимость 18. Жанама салық дегеніміз не? А). әлеуметтік салық Б). салық төлеушінің кірісіне қатысты салық В). жеке адамдардың, заңды ұйымдардың салығы Г). салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланысты салықтар 19. Салық негізінен нешеге бөлінеді? А). беске Б). үшке В). екіге Г). төртке 20. Салық мемлекетке қандай пайда келтіреді? А). жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді Б). халықтың әл-ауқатын жақсартады В). ұлттық табысты құрайды Г). шетелдермен байланысты күшейтеді
Глосарий Құрылымдық стилистика – контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін сала. Функциалды немесе қолданымдық стилистика – тілдің әртүрлі қарым–қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім. Стиль – стилистика ғылымының ең басты категориясы. Әдеби тіл нормасы – белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Жеке норма – стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарды қамтитын норма. Жалпы норма –тұтастай әдеби тілге тән, оның барлық функционалды-стилистикалық тармақтарына ортақ норма. Ғылыми стиль – бұл сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болатын стиль. Салық – мекеменің, оның бюджеттік салаларының (армияның, білім берудің, денсаулық сақтаудың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің т.б.) өмір сүруінің басты көзі болып табылатын салық төлеуші жеке және заңды тұлғалардан мемлекет өндіріп алатын міндетті төлемдер. Салық агенті – салық инспекциясының лауазымды адамы; салық және сақтандыру төлемдерін қабылдайды. Салық айырмасы – орташа пайыз бойынша салық төлейтін ұйымдарда пайда болатын айналым салығы бойынша кем төленген немесе артық төленген сома. Салық жүйесі – мемлекетте алынатын салықтардың, сондай–ақ олардың құралу нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады: табыс, мүлік, мұра, жер және т.б. Осы аталғандардан салық төленеді. Бақылау сұрақтары 1. Әдеби норма мен стилистикалық норманың байланысын түсіндіріңіз. 2. Тілдік қоғамдық қызметінің неше түрі бар және олардың тілге әсері қандай? 3. Синтаксистік тұлға – бірліктердің функционалды стильдік ұйымдасуы барлық жағдайда бірдей ме? 4. Салық реформасы туралы не білесіз? 5. ҚР салық түрлері. 6. Жанама салық деген не?
СОӨЖ тапсырмалары 1. «Салық комитетінде» тақырыбына сұхбат құрыңыз. 2. Ең көп қолданылатын салық түрлерін анықтаңыз. 3. Сөз таптарын қайталаңыз, мысалдар келтіріңіз.
СӨЖ 1.Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы салықтары туралы жазыңыз. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.Шалабай. «Қазақ тілінің стилистикасы». Алматы, «Республикалық оқулық баспа орталығы».2006ж. 2. В.Д. Мельников. «Основы финансов». Алматы, ТОО«Издательство». 2005ж. 3. Қ.Қ. Илиясов. «Қаржы». Алматы, «Экономика». 1999ж 4. К.О.Жекеева, Қ.Ж.Әбдірахманова, Ф.Қ.Қанафина. «Қазақ тілі». Алматы, «Экономика», 2010ж. 5. Н.Мухамадиева, М.Атабаева, Р.Ибраева «Іскерлік қазақ тілі» Алматы «ЦЕННЫЕ БУМАГИ», 2000ж. 6. Ш.Ә. Рамазанова, К.М.Мұхадиева. «қазақ тілі». Алматы, «Қазақ университеті», 2004ж.
Құрастырушы: аға оқытушы Қ.Ж.Абдрахманова. 7-тақырып. Мамандыққа байланысты лексика. Компания(фирма) тұсаукесері. Отандық тауарлар көрмесінде. Тірек сөздер, сөз тіркестері: тұсаукесер, көлік, лизинг, техникалық база, үздік тауар, көрме, кепілдік беру, келісім жасау, ипотека, акция, стартегиялық бағыт, көрме-конкурс,тапсырыс, жеңімпаз, байқау жеңімпазы, алтын сапа, донор қала, өнеркәсіп флагманы, жәрмеңке, биржа, делдал, сарапшы, қор т.б. Мамандыққа байланысты лексика – тек белгілі бір кәсіп саласына байланысты қолданылатын сөздер. Олардың қолданылу аясы кең болмайды.Мамандыққа байланысты сөздерді негізінен сол маманның иесіболып келетін тұлғалар қолданады.Кәсіби лексикаға өндіріс, техниканың әр түрлі салаларында пайдаланылатын, алайда жалпы қолданысқа енбеген сөздер мен сөйлеулер жатады. Арнайы ұғымдардың ресми,әрі ғылыми атаулары – терминдерден бөлекше профессионализмдер ауызекі тілде қатаң ғылыми сипатқа ие емес «жартыла ресми» сөздер ретінде қызмет етеді. Экономикалық мамандыққа байланысты кәсіби сөздер кестесі
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Кәсіби сөздер дегеніміз не? 2. Олардың қандай түрлері бар? 3. Кәсіби сөздердің әдеби сөздерден қандай айырмашылығы бар? 4. Кәсіби сөздерді топтастырып айтыңыз. 3-тапсырма. Мамандыққа байланысты 1-кестені оқып шығыңыз. Сөздердің қолдану аясын, қызметін т.б. ерекшеліктерін есте сақтаңыз. 1-кестеге қарап, басқа да экономикалық мамандықтар бойынша сөздікті жалғастырыңыз. Өз мамандығыңызға байланысты сөздерді толықтырыңыз. Тапсырма.
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері өтті АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат.Наурыздың 13-де Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері болып өтті. Оның құрылу мақсаты – Қазақстанның көлік саласын лизинг қолдану арқылы жаңа көлік құралдарымен қамтамасыз ету, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Министрліктің баспасөз қызметі. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» жарғылық капиталы мемлекеттің 100 пайызды қатысуымен 2002 жылы құрылған «ҚазАвиаЛизинг» компаниясының жаңа аты. Соңғы екі жылда «ҚазАвиаЛизинг» АҚ әуе кемелері базасын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 32 техника сатып алып, оның 20-сын қаржы лизинг келісімшарттары бойынша отандық әуежайларға өткізді. Кәсіпорынның жаңа тұрғыдан қайта құрылуына себеп болған жайт – қазіргі кезде көлік саласының барлық құрылымдарына да лизинг құралын қолдану арқылы техникалық базаны жаңарту қажет. Осыған орай, компания қызмет шеңберін кеңейтуде. Бүгінгі таңда, «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына үш стратегиялық бағыт қойып отыр: 1. жер бетіндегі техника мен әуе кемелер лизингі,. 2. теміржол техника лизингі және автомобиль жолдары 3. техника лизингі. ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» басшылығына дағдарыс кезінде компанияны қаржыландыру қиыншылығы жайлы ескерте отырып, оларға қажетті нормативтік-құқықтық база жасау туралы және компания жобаларын қаржыландырудың кепілдеме деңгейін қысқа мерзімде анықтау жөнінде тапсырма берді. 14.03.2009 / 12:42 5-тапсырма. Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Қандай компанияның тұсаукесері өтті? 2. Қашан өтті? 3. Компанияның құрылу мақсаты қандай? 4. Компанияның жаңа аты қалай аталады? 5. «ҚазАвиаЛизинг» компаниясы қанша техника сатып алды? 6. Оны не үшін сатып алды? 7. Кәсіпорынның қайта құрылуына не себеп болды? 8. Олар алдына қандай стратегиялық бағыт қойды? 9. ҚР Көлік министрі кәсіпорынға қандай тапсырма берді? 6-тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге ала отырып сұхбат құрыңыз. Үлгі: А... – Сіз бүгінгі тұсаукесерге қатыстыңыз ба? Ж... – А... – Сізге тұсаукесердің өту барысы ұнады ма? Ж... – А... – Сіз тұсаукесер кезінде өз пікіріңізді айттыңыз ба? Ж... –
7-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Қазақшаға аударыңыз. Мазмұнын біліп алыңыз. Тусау кесу Тусау кесу (тусаукесер) – это древний обычай, пришедший с языческих времен, при котором малышу, делающему первые шаги, разрезают пеструю веревку, обвитую вокруг ног. Считается, что после этого обряда ребенок в прямом переносном смысле твердо идет по земле, и все сюрпризы жизни, хорошие и не очень (поэтому веревка пестрая) встречает или преодолевает легко и уверено. Осуществлять этот ритуал принято доверять самому взрослому, уважаемому человеку в ауле, достигшему многого, и умеющему много говорят, что малыш приобретет все самое лучше от него. 8-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып сөйлемді жалғастырып жазыңыз. ҚазАқпарат.Наурыздың 13-де... Қазақстанның көлік саласын лизинг қолдану арқылы жаңа көлік құралдарымен қамтамасыз ету – «ҚазАвиаЛизинг» – Соңғы екі жылда «ҚазАвиаЛизинг» АҚ әуе кемелері базасын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында... Кәсіпорынның жаңа тұрғыдан қайта құрылуына себеп болған жайт– Бүгінгі таңда, «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына... 9-тапсырма. Тұсаукесер сөзіңің мағынасы туралы өз білгеніңізді ортаға салыңыз. «Тұсаукесер» туралы өлеңді еске түсіріңіз. 10-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді толықтыра отырып, бір ресми құжат жазыңыз. Презентация – это оригинальный способ привлечения внимания, создания позитивного мнения как к продукту, так и к самой компании. Бизнес-презентации включают в себя текстовую информацию, графику (фотографии и картинки), видеоинформацию, анимацию, звук. Бизнес-презентации записываются на CD-диски и раздаются потенциальным клиентам. Термин «презентация» прочно вошел влексикон современного бизнеса. Это представление какой-либо новинки,например, презентация нового продукта или презентация услуги, дляопределенной целевой аудитории, которое проводится с определенными намерениями. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.127 сек.) |