|
|||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Студенттер тарапынан дайындалатын баяндамалар
Баяндама тақырыбы ретінде сол оқу курсының дәрiстерінде айтылмаған, талданбаған материалдар, мәселелер жеке студентке семинар сабақтарында қорғайтын өздік жұмыс ретінде беріледі. Мұндай семинар сабақтарында даярланған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыруға және оқытушының студенттің өздік жұмысты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Студенттен өзіндік интеллектуалдық еңбекті талап ететін баяндамаларды әзірлеу төмендегідей қадамдардан (этап) тұрады: - таңдалған тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген әдебиеттермен танысып, оқып шығу; - сол тақырып төңірегінде айтылған әр түрлі ғылыми пікірлерді жинап, салыстыру, зерттеу; - тақырып төңірегіндегі ойын жинақтап, толық жоспар формасында логикалық құрылымын құрастыру; - баяндама мәтінін жазуда ғылыми стиль талаптарын ескеру. Кез келген ғылыми жұмыстардың құрылымы сияқты баяндама құрылымы да дәстүрлі үш бөлікиен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімде баяндама тақырыбы, басқа мәселелермен байланысы, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер беріледі. Негізгі бөлімі логикалық жағынан нақты құрылуы керек. Мәліметтер өзара байланысты, дәлелді әрі нақты болу керек. Негізгі мәтінде айтылған ой қайталана бермеуі тиіс. Қорытынды бөлімде тақырып төңірегінде тұжырымдар жасалып, негізгі мәселелер нақтыланады.
1-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтар: 1. Баяндама дегеніміз не, оның қандай түрлері бар? 2. Баяндаманың құрылымдық жүйесі қандай? 3. Баяндама қандай мақсатта дайындалады? 4. Баяндама жазуда қандай стиль қолданылады, ол стильдің ерекшелігі не? 5. Баяндаманың басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарынан өзіндік ерекшелігі неде? 2 – тапсырма. Кестені толтырыңыз. 1. 1–кестедегі мәліметтерді оқып шығып, баяндаманың түрлерін, өзіндік ерекшелігін есте сақтаңыз. 2. Ғылыми баяндама түрлеріне қатысты мәліметтерді еске түсіре отырып, 2-кестені толтырыңыз.
Кесте
3 - лексикалық тапсырма. 1 – сұхбат: Тіл жайлы адамдардың ой-пікірін білгім келіп тұратын әдетім бар. Сондай бір кезде «мобил агнетте» отырып «шағын блогқа»: «Жамағат сәлем» десе, неге «Привет!» деп жауап бересіңдер, неге «салем!» деп қазақша жауап бермейсіңдер? – деп сұраған едім, сол кезде бір қыздан «это привычка» деген жауап келді. Диалог әрі қарай былай жалғасты: 2 – сұхбат: · Диалогтарды оқып, талдаңыздар. · Екі тілді араластырып сөйлеудің қауіптілігі неде? · А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөзінің мәнісін осы диалогтармен байланыстыра отырып түсіндіріңіз. · Өз бетіңзше ой қорытып, тұжырым шығарыңыз. «Только үш-төрт сом қостық. И все». «Ия, шумиха болды». «Бағаны көтерген жоқпыз, потому что ешкім алмайды» *** «Мынау нағыз уйықтайтын погода екен». «Иә, бірде қар, то дождь». «Бүгін целый день снег жауад деген». «Снег па, дождь ба?» «Снег деп айтты». «Холод болады деп айтты ма?» «Холод бола қоймас. Временами деді ғой». *** «Саулеша, анау үшінші палатадағы старушкаға укол салдың» ба?» «Жоқ, ол пока система алып жатыр». «Сахарға анализ тапсырып па еді?» «Кеше сдавать еткен». «Онда хорошо».
Жағдаяттық тапсырма Сіз мекеме басшысысыз. Күн тәртібі бойынша баяндама жасауыңыз керек. Сіз басқарып отырған ұжымда өзге ұлт өкілдері бар. Сіз қай тілде баяндама жасар едіңіз. 4-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз: cобеседование - обмен мнениями - научные, учебные темы - высказывать свое мнение - делать выводы - изложения-описания - полнота содержания - выражать оценку чему-либо – 5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз, өзіңіз ой қосыңыз. «Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге доламау, жергілікті сөзден қашу» дейді А. Байтұрсынов. Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмау» дейді ғалым М. Балақаев. Тіл тазалығы қажетсіз, басы артық сөздерден бұзылады. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде өзге тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да бар екені, ондай құбылысты тіл-тілдің барлығынан да кездестіруге болатыны белгілі. 6-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, сөйлем құраңыз. Баяндама, есеп беру, ресми хабарлама, құжаттық мәлiметтер, қызметтік ақпарат, ауызша хабарлама, ұсыныс, ғылыми есептер, баяндаманы талқылау. 7-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, орысшаға аударыңыз. Сөз тазалығына қатысты негізгі тұжырымдарды талдаңыз. Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуден де байқалып тұрады. «Ана тілің, қайткенде де, ана тілің болып қала береді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірде бір француз сөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бір басқа», дейді Л.Толстой. Бір тілден екінші тілге сөз енуі тәрізді ауыс-түйістердің болуы – тіл-тілде кездесетін құбылыс. Сондай-ақ мұндай ауыс-түйістік ұғымдарда да болады. Кейбір ұғымдар көшірме тәсілмен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі земледелие сөзі, зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған көшірме, ал принять меры француз тілінің көшірмесі. Ел мен елдің аралас-құраластығы, қарым-қатынасының барысында бір тілден екінші тілдің сөз алуы, жаңа ұғымның пайда болуы тәрізді заңды құбылыстардың шылауында ілесіп жүрген жөнсіз көшірмелер (калькалар) тіл тазалығына нұқсан келтіреді. Тіл мәдениетін сөз еткен мақалаларда жарты арал (дұрысы түбек), аналық қой (дұрысы саулық қой), мал өсірушілер (дұрысы малшылар) тәрізді көзсіз көшірмелер тіл шұбарлау екендігі орынды көрсетіліп жүр.
8-тапсырма. Төмендегі ғылыми мәтінді тіл тазалығын сақтай отырып, қазақ тіліне аударыңыз. Тестирование (от английского test — испытание, проверка) применяется для определения соответствия предмета испытания заданным спецификациям. В задачи тестирования не входит определение причин несоответствия заданным требованиям. Тестирование - один из разделов диагностики. Диагностический тест - общий термин для обозначения любого теста или процедуры, используемых с целью точного определения характера и (возможно) происхождения нарушения способности, для определения конкретного источника проблем индивида в какой-то области. Большинство тестов, которые называются диагностическими, оценивает такие умения, как чтение, речь, сенсорная/моторная координация и т.п. 9-тапсырма. Төмендегі мәтінді тіл тазалығын сақтай отырып, орыс тіліне аударыңыз. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. 10-тапсырма. Сөздерді орыс қазақ тіліндегі баламаларымен жұптастырыңыз. 12-тапсырма. Мәтін мазмұнына қажетті сөз бен сөз тіркестерін орналастырыңыз. Жастық Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір жылда бір-ақ рет 1)_____________. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық – біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді, сол секілді жастықтан 2)____________ кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық-түлігін 3)___________ қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы 4)____________ бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік 5)__________. (Міржақып Дулатов) 1. А) қартаяды Ә) жасармайды Б) жасарады. 2. А) соң Ә) үшін Б) бірақ 3. А) қолданып Ә) даярлап Б) пайдаланып 4. А) мінездерді Ә) заттарды Б) сөздерді 5. А) етеді Ә) жасайды Б) ете алмайды. 13-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. 1. Cидоров Иван Петрович по приказу работает у нас с 14 сентября 2008 года. 2. У первого ящика (жәшік) моего стола нет ручки (тұтқа). 3. Где первый экземпляр проекта закона? 4. Возьмите телефонный справочник со стола (поверхности) моего заместителя. 5. Ближе к концу квартала проведите конференцию. 6. Позвоните к начальникам всех отделов. 7. Отдайте на подпись председателю «Алатау жарық компаниясы». 8. Завтра приходите на собрание к трем часам. 9. Отнесите в приемную к моему заместителю. 10. Сегодня до вечера подпишите все счета. 14-тапсырма. Шешендік өнерді зерттеуші Г. З. Апресян ғалым К. А. Тимирязевтің сөйлеу өнері шеберлігі туралы айтқан ой-пікірін оқыңыз. Өзіңіз бір шығарманың тіліне байланысты пікір-қорытынды шығарып көріңіз. «Так, К.Тимирязев (1843-1920) умел говорить и писать о сугубо сложных явлениях жизни и проблемах науки ясно, без непонятных слов и с большим увлечением.... Кому довелось слушать К. А. Тимирязева, перед нами оживает образ ученого-революционера, мастерски сочетавшего подлинную научность с доступностью развиваемых им идей и мыслей. Специфика такой науки, как физиология растений, например, не только не являлась барьером для популярности, а наоборот, по- особому заинтересовывала слушателей, становилась предметом увлекательного освещения и даже поэтизации темы лекции». Глоссарий Баяндама немесе есеп беру - бұл ашық түрдегі, ресми хабарлама немесе мазмұны белгілі бір мәселені зерттеп, мәнін ашуға бағытталған құжат. Баяндама әрдайым құжаттық мәлiметтердiң негізінде дайындалады. Бұл іс қағазы басқармаға немесе лауазымы жоғары тұлғаға қандай да бір қызметтік ақпаратты жеткізу үшін қолданылады. Баяндама – белгілі бір қатырып төңірегіндегі барынша кең ашылған, көпшілік алдында баяндалаты, ресми түрдегі көп жағдайда ауызша баяндалатын хабарлама Тіз тазалығы – ана тілін басқа тілдің сөздерімен шұбарламау. Тіл анықтылығы – айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтылығы дейміз. Бақылау сұрақтары 1. Баяндама қандай стильде дайындалады? 2. Баяндаманы қандай тақырыпқа дайындадаңыз? 3. Баяндаманы қай ғылым саласы бойынша дайындадыңыз? 4. Сіз өзіңіздің сөзіңізде тіл тазалығын сақтайсыз ба? 5. Тіл тазалығын сақтамау дегенді қалай түсінесіз? 6. А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөзінің мәнін қалай түсінесіз? 7. Үйде, көшеде т.б. жағдайларда сөйлескенде сөз тазалығына көңіл бөлесіз бе? Тест сұрақтары 1. «Ашық түрдегі, ресми хабарлама немесе мазмұны белгілі бір мәселені зерттеп, мәнін ашуға бағытталған құжат». Қай іс қағазының анықтамасы? А) арыз Ә) өтініш Б) қызметтік хат В) баяндама Д) өмірбаян 2. Баяндамалардың (есеп берудің) түрлері: А) ғылыми есептер-баяндамалар; Ә) әскери есептер; Б) тексеріс бойынша есептер; В) бағалау бойынша есептер; Д) барлық жауап дұрыс.
3. Ғылыми баяндаманың неше түрі бар? А) 2 Ә) 3 Б) 4 В) 5 Д) 6
4. Көлемі бойынша 20 беттен аспайтын, зерттеу барысында өте маңызды мәлiметтi қорытып жеткізетін баяндаманың қай түрі? А) жазбаша (қысқа) баяндама Ә) жазбаша (толық) баяндама Б) ауызша баяндама В) реферат Д) эссе 5. Баяндаманың бұл түрі баяндама мазмұнындағы зерттеу қорытындыларына негізделген мәліметтің көптігімен, жалпы көлемі 60 бетке дейін жетуі мүмкіндігімен ерекшеленеді. А) жазбаша (қысқа) баяндама Ә) жазбаша (толық) баяндама Б) ауызша баяндама В) реферат Д) эссе 6. Баяндаманың кіріспе бөлімінде не айтылады? А) баяндама тақырыбы, басқа мәселелермен байланысы, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер беріледі. Ә) негізгі ой Б) тұжырым В) қорытынды Д) дұрыс жауабы жоқ 7. Сөз тазалығы дегеніміз: А) калькаларды пайдаланып сөйлеу Ә) тілді шұбарламай сөйлеу Б) мәнерлеп айту В) дұрыс жауабы жоқ. Д) барлығы дұрыс
8. Қай аударма дұрыс? А) аналық қой Ә) жарты арал Б) қанатты сөз В) мал өсірушілер Д) барлығы дұрыс
9. Баяндама қай стильде жазылады? А) ауызекі сөйлеу Ә) ғылыми-ресми Б) көркем әдебиет В) публицистикалық Д) ресми 10. Баяндама неше бөлімнен тұрады? А) 2 Ә) 3 Б) 4 В) 5 Д) 6
11. Сәлемдесуге жататын сөзді табыңыз. А) Сау болыңыз! Ә) Кездескенше! В) Амансыз ба? С) Қош болыңыз! Д) Көріскенше!
12...................... досыңыз - озат студент. А) менің Ә) оның В) сенің С) біздің Д) сіздің
13. Кіріспе бөлімде баяндама тақырыбы басқа мәселелермен байланысты, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер.... А) беріледі Ә) айтылады В) көрсетіледі С) жазылады Д) қарастырылады
14. Біздің үй..... Алматыда. Қажетті қосымшаны қойыңыз А) –міз Ә) – дің В) –іміз С) –мыз Д) –ымыз
15. Қорытынды бөлімде тақырып төңірегінде тұжылымдар жасалып, негізгі мәселелер... А) нақтыланады Ә) ескеріледі В) көрсетіледі С) жазылады Д) дәлелденеді
16. Біздің университет...... жатақхана қашық орналасқан. Қажетті шылауды қойыңыз. А) алайда Ә) және В) пен С) мен Д) бен
17. «Принять меры» сөзінің аудармасын табыңыз А) шара қолдану Ә) шара көрсету В) шара қолдау С) көмек беру Д) шара қолданбау
18. Қазақ тілі – Қазақстанның........... тілі. Тиісті сөзді қойыңыз. А) көркем Ә) ресми В) мемлекеттік С) бай Д) жаңа
19. «Плохая привычка» сөзінің аудармасын табыңыз. А) Жаман әдет Ә) Жаман әрекет В) Жаман сөз С) Жақсы сөз Д) Жаман мінез 20. «Собеседование» сөзінің аудармасын табыңыз. А) Сұхбаттасу Ә) Тайталасу В) Келісу С) Пікір айту Д) Әңгімелесу СОӨЖ тапсырмасы 1. Тіл мәдениеті туралы баяндама жазыңыз. 2. «Тіл – күретамыр» деген даналық сөзді қалай түсінесіз? Шағын эссе жазыңыз. СӨЖ тапсырмасы 1.Төмендегі тақырыптардың біреуін таңдап, шығарма жазыңыз: а) Таза сөйлеу – мәдениеттіліктің белгісі. ә) Бөтен сөзбен бұлғанса сөз арасы, Ол – адамның білімсіз бейшарасы. 2. «Сөз тазалығы – білімділік белгісі» – баяндама жазыңыз.
Қолданылған әдебиеттер 1. Қазақ тілінің ресми стилін меңгертуге арналған кіші оқу-әдістемешік кешен. Астана, 2008. 2. Русско-казахский словарь. Алматы: Сөздік, 2010. 3. Қазақ тілі. Экономикалық жоғары оқу орындарына арналған БҮМ. Алматы: Экономика, 2011. 4. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша және орысша сөздігі. А: Жеті жарғы, 2007. 5. Терминдер сөздігі. А: Зият-Пресс, 23007. 6. Қосымова Г. Шешендік өнердің негіздері. Баянжүрек, Алматы, 2007ж. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.034 сек.) |