|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
А) Бернард Арно
ә) Джеральд Кавендиш Гросвенор Б) Амансио Ортега в) Квоктар отбасы г) Соичиро Хонда ғ) Принц Альвалид бен Талаль д) Нассеф Савирис е) Уоррен Баффет ж) Людвиг Браун з) Мишель Ферреро ІҮ. Қазақстандық бизнесмендер несімен ерекшелене алады? Сипаттап, жазыңыз. Жағдаяттық тапсырма! Сізге шетелден делегация келді. Оларға қазақтың қонақжайлығын танытып, көшпенділер мәдениетін бейнелейтін қандай да бір сый жасауыңыз керексіз. Төмендегі сыйлардың қайсысын ұсынар едіңіз? Немесе өзіңіздің ұсынысыңыз бар ма? Қандай тілекпен бересіз? Сөзіңізді жазыңыз.
Глоссарий Елші – сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлеріне берілетін жоғары дипломатиялық дәрежесі. Төтенше елшілік – мемлекеттің тәуелсіздігін, ұлттық мерекені, мемлекет басшысы өз қызметіне кірісуін (коронациялар) жариялау салдарына қатысты салтанаттарға және мейрамдарға қатысу үшін, мемлекет басшысы және басқа ресми тұлғаларды жерлеуге қатысу үшін өзге мемлекетке бағытталатын мемлекеттің делегациясы. Елшілік – бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі. Елшілікті төтенше және толық құқықты елші басқарады. Толеранттылық – жеке адамдардың, топтардың арасындағы нәсілдік және басқа да айырмашылықтардың заңдылығын мойындау, басқалар бойындағы ұқсассыздықтарға төзіммен қарау. Сенім грамотасы – тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат, тағайындалған елдің мемлекет басшысына тапсырылады. Елшілер мен уәкілдерге берілетін сенім грамотасы бір мемлекет басшысынан екінші мемлекет басшысына арналып жазылып, мөрімен және қолымен куәландырылады. Эгалитаризм – тең басқаруға, материалдық игіліктерге тең иелік етуге негізделіп, қоғамның барлық мүшелеріне тең мүмкіншілік беруді ұстанатын қоғамдық-саяси теория. Мүмкіншіліктермен қатар нәтиженің де теңдігін уағыздайтын қағидасы бар. Бұл жағдайда кірісті, қажеттіліктер мен қабілеттерді, үлесті және сыйды тең бөлу мәселелері ерекше маңызға ие болады.
Элитаризм – қоғамды ақсүйектерге (элита) және тобырға (масса) бөлу қажеттілігін ұстанатын тұжырым. Бұл тұжырым бойынша қоғамда мұндай жіктелістің болмауы, оның дамымағандығының белгісі. Элитаризм ақсүйектерге арналған, ерекше консервативті көзқарас. Тест сұрақтары 1. Синоним сөздерді табыңыз: А. Шарт, декларация, демаркация В. Келісімшарт, конвенция, пакт С. Келісім, делимитация, коалиция Д. Оптация, лицензия, нотификация Е. Конвенция, декларация, устав 2. «Уағдаластықтан» сөзі қай септікте тұр? А. Барыс В. Жатыс С. Шығыс Д. Көмектес Е. Табыс 3. «Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сиюнь сенім грамотасын табыс етті» сөйлемі қай шақта тұр? А. Осы шақ В. Өткен шақ С. Нақ осы шақ Д. Келер шақ Е. Бұрынғы өткен шақ 4. «Төтенше» сөзінің аудармасы: А. Уполономоченный В. Компетентный С. Черезвыйчайный Д. Чрезвыйчайный Е. Правительственный 5. Бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі: А. Елші В. Елшілік С. Өкілдік Д. Ведомство Е. Өкіл 6. Сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлеріне берілетін жоғары дипломатиялық дәрежесі: А. Елші В. Өкіл С. Министр Д. Уәкіл Е. Кеңесші 7. Жеке адамдардың, топтардың арасындағы нәсілдік және басқа да айырмашылықтардың заңдылығын мойындау, басқалар бойындағы ұқсассыздықтарға төзіммен қарау: А. Толеранттылық В. Көпкіндіктілік С. Көпвекторлық Д. Консенсус Е. Эгитарлық 8. Тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат: А. Дипломатиялық нота В. Дипломатиялық хат С. Сенім грамотасы Д. Кері шақыру грамотасы Е. Дипломатиялық бұйрық 9. Эгалитаризмге қарама-қарсы: А. Эгоизм В. Эвальвация С. Эмиссия Д. Элитаризм Е. Импрессионизм 10. Халықаралық құқықтағы дипломатиялық хат алмасу құжатының түрі. А. Дипломатиялық нота В. Дипломатиялық хат С. Сенім грамотасы Д. Кері шақыру грамотасы Е. Шағым хат 11. «Жаһандық» сөзімен тіркеспейтін сөз: А. Тетік В. Түйін С. Кесел Д. Кесім Е. Шешім 12. «Халықаралық» сөзімен тікеспейтін сөз: А. Арена В. Сахна С. Сана Д. Сапа Е. Деңгей 13. «Многополярность» сөзінің аудармасы: А. Көпкіндіктілік В. Көпвекторлық С. Көптілділік Д. Көпұлттылық Е. Көпбелдеулік 14. «Жоғары мәртебелі» сөзі қай стильде қолданылады? А. Заң тілінде В. Құжат тілінде С. Дипломатиялық стильде Д. Ресми стильде Е. Публицистикалық стильде 15. «Қалтқысыз» сену сөзінің мағынасы: А. Толық сенбеу В. Толық сену С. Сену Д. Күмәндану Е. Шүбәлану 14. «Бір жерге жиналды, мәжіліс құрып, кеңесті» мағынасындағы фразеологизм: А. Бас салды В. Бас тартты С. Бас қосты Д. Бас қатырды Е. Басын айналдырды 15. «Қарқынын басты, алған бетінен тайдырды; жолына тосқауыл болды; жігерін құм қылды; қолын қақты, меселін қайтарды» мағынасындағы фразеологизм: А. Бетіне басты В. Бетінен алды С. Бет алды Д. Бетін қайтарды Е. Бетімен кетті 16. «Көптің енші-үлесіне айналдырды» мағынасындағы фразеологизм: А. Ортаға салды В. Ортада қалды С. Ортадан қосылды Д. Ортаға қосты Е. Ортаға тартты 17. «Ап-айқын, даусыз, ешкімнің таласы жоқ» мағынасындағы фразеологизм: А. Басы жабық В. Басы артық С. Басы ашық Д. Басы бос Е. Басы анық 18. «Сан жолдың түйіскен, көп жолдың ұласып, тоғысқан жері» мағынасындағы фразеологизм: А. Тоғыз жолдың торабы В. Тоқсан жолдың торабы С. Сан алуан жол Д. Тоғыз қабат жер Е. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні 19. Белгілі бір мүдделерді қорғауға бағышталған, ел басқарудағы ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың әрекеті, ұстаған бағыты А. Қатынас В. Байланыс С. Саясат Д. Экономика Е. Ықпалдастық 20. «Жоғары Мәртебелі, оны ізгі ниетпен қабылдауыңызды, бұл кісінің менің атымнан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Сізге баяндағандарының бәріне қалтқысыз сенуіңізді өтінемін» - қандай құжаттан алынған? А. Құттықтау нотасы В. Сенім грамотасы С. Сенім хат Д. Дипломатиялық протокол Е. Шақыру хаты Бақылау сұрақтары 1. Дипломатиялық стиль қандай ортада және қандай мақсатта қолданылады? 2. Дипломатиялық протокол дегеніміз не? 3. Дипломатиялық нота дегеніміз не? 4. Сенім грамотасы қандай жағдайда кіммен беріледі? 5. Дипломатиялық стильде қандай тілдік құралдар жиі қолданылады? 6. Дипломатиялық стильде белсенді қолданылатын 10 сөз айтыңыз. СОӨЖ тапсырмасы Мәтінді түсініп оқыңыз, дипломатиялық қарым-қатынаста қолданылатын сөздер мен құжат тілінде қолданылатын сөздерді екі айырып жазыңыз. Сөздікті пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз. Үлгі:
Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Келісім не туралы? 2. Мемлекетаралық келісімнің әдеттегі келісімнен айырмашылығы неде? 3. Келісімнің мақсаты не? 4. Екі жақ қандай келісімдерге келді? СӨЖ тапсырмасы 1.http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals сайтынан «Дипломатия жаршысы» журналынан дипломатиялық мәтін үзіндісін орысшадан қазақшаға аударып, жазылуын, мазмұнын талдаңыз. 2. «Халықаралық ұйымдар және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбында баспасөз материалдарымен жұмыс істеңіз. Онда қандай халықаралық мәселелер көтерілгенін, өту барысын зерттеп, келесі сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз. 1. Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Кеңесінің ресми құрылған кезі қай кез? А. 1977 В. 1975. С.1973 Д. 1974 2. ЕҚЫҰ қандай бағытта жұмыс атқармайды? А. Қауіпсіздік В. Ынтымақтастық С. Адам құқығы Д. Еңбек бөлінісі 3. Еуропада болуы мүмкін дағдарыстың, жанжалдардың алдын алу, болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтары, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялық процестерді дамыту ЕҚЫҰ-ның – А.Мақсаты. В. Қызметі С.Жетістігі Д.Жұмыс нәтижесі 4. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қашан мүше болды? А.1993 В.1994 С.1992 Д. 1996 5. ЕҚЫҰ-ның ҮІІ Саммиті қашан қай жерде өтті? А.2010, 1-2 желтоқсан. Астанада. В. 2010, 1-2 желтоқсан. Алматыда. С. 2011, 1-2 желтоқсан. Румынияда. Д. 2009, 1-2 желтоқсан, Венада 6.Келесі сөздердің толық атауы мен қызметін жазыңыз. БҰҰ, ИКҰ, ЕК, ЕО, ТМД, ЕуразЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ.
Қолданылған әдебиеттер 1. С.Бөрібаева. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу. Оқу құралы. А: «Қазақ университеті», 2011. 321б. 2. Л.Дүйсембекова. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы. А: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС, 2011. -400б. 3. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. А: Мұраттас, 2005.-795б. 4. Фразеологиялық сөздік. А: Арыс, 2007. 800б. 5. http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals.
Ф.ғ.к. доцент Г. С. Шөмшекова 9-сабақ. Директорлар Кеңесінің мәжілісінде. Жиналыс, мәжіліс отырыс өткізуге байланысты құжаттар. Құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру әдебі.
Тірек сөздер: мәдениет, сыпайылық, міндетті, уәде, сыйлы, ұстаным, тәрбиелі, қабілетті, талапты, ереже, талғам, көрсеткіш, тіл, сыпайылық, мәдениет, шебер, халық, байлық,сөйлеу,өнер, құнарлы, эстетикалық, эмоциялық, жетілдіру, ар, намыс, қылмыс, күнә, шырайлы, ізеттілік, инабаттылық, тәлім, қажеттілік, кешіру, қалыптасу, жақындық.
1-тапсырма. Хаттаманың жазылуын еске сақтаңыздар. Хаттама Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі және шешімдер хаттама арқылы құжатталады. Хаттаманы іс қағаздарын жүргізуге жауапты адам жүргізеді. Хаттама кәсіпорын бланкісіне толтырылады. Хаттама - алқалы органдардың жиналыстарында, мәжілістерде, конференцияларды өткізу барысында, яғни қаралған, талқыланған, қорытындыланған мәселе, қабылданған шешім туралы мәлімет беретін құжат түрі. Хаттаманың міндетті деректемелері мыналар: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы, мәжіліс өткен күн, индекс, мәжіліс өткен жер, бекіту белгісі (егер хаттама бекітілуді қажет етсе), бас тақырыбы, мәтін, қолы. Хаттаманың күні –бұл мәжіліс өткен күн. Бас тақырып – мәжіліс өткен ұйымның, мекеменің, бөлімнің атауы немесе алқалы (коллегиальный) басқару органының атауы. Хаттама мәтіні кіріспе немесе негізгі бөлімнен тұрады. «Төраға», «хатшы», «қатысқандар» аты-жөні толық беріледі. Мысалы:
Хаттама-жиналыстар, кеңестер мен мәжілістердің өту барысы туралы жазылатын іс қағаздарының түрі. Хаттама қаралған мәселелер бойынша баяндамашының, талқылауға қатысқан сөйлеушілер сөздерінің қысқаша мазмұны және алынған нақты қаулылардан тұрады.Хаттама қысқа мазмұнды немесе кең көлемді болуы мүмкін. Қағаздың орта тұсына құжаттың аты, нөмірі, оның астына мекеменің, ұйымның, т. б. Алқалық топтың аты, жиналыс, мәжіліс, кеңестің болған күні, айы, жылы,жиналыс басқаруға сайланған төраға мен хатшының аты-жөндері жазылады. Оның төменгі жағына қатысқан, шақырылған адамдардың тізімі, күн тәртібіндегі мәселелер тізімі беріледі. Одан әрі мәселенің қаралған реті бойынша қысқаша мазмұны (шығып сөйлеушілердің сөзі, қойылған сұрақтар, жауаптар)«тыңдалды», «шығып сөйлеушілер», «қаулы қабылданды» деген бөлімдердің реті бойынша жазылады.Соңынан жиналыс, кеңес, мәжілісті жүргізген төраға мен хаттама жазған хатшының қолы қойылады. Хаттама арнаулы қағаздарға да жазылады.
2 - тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Жоспар құрыңыздар. Сөйлеу де өнер Сөз этикеті әлеуметтік лингвистикалық құбылыс болғандықтан да оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі қарым -қатынас құралы болу. Сөз этикетінің арнаулы функциясының негізі сыпайылық білдіру функциясы болып табылады. Бұл ұжым мүшелерінің қарым-қатынасы, құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру т.б.Қазақ тілінде сыпайылықты білдіру екі ыңғайда көрініс табады. Сөз этикетінде сіз, сен, ол кісі, біз (мен,өзіңіз) т.б.есімдіктердің қолданылу ерекшеліктері мен осылар арқылы білдіретін мағыналар. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту, кешірім сұрау, комплимент айту тәрізді этикет сөзден бастайды. Бұлай болуы, әрине тегіннен-тегін емес, сөз этикетінің байланыс орнату, қарым-қатынасқа ұйытқы болу тәрізді өзіндік қызметі мен ерекшелігіне байланысты. Құттықтау, мадақтау,сынау, кешірім сұрау, жұбату, көңіл айту тәрізді этикет түрлерінде сезім-күйді білдіру функциясы өте айқын көрінеді. Мысалы, кешіріңіз, мүмкін болса, айып етпеңіз, қалауыңыз білсін,т. с. с. Жеке кісінің мәдениеттілігі қоғамда алатын орнымен, білім дәрежесімен, өнерге қанықтығымен өлшеніледі.Солардың бәрін игеріп, игілікті іс-әрекетіне пайдалану кісіні тіл мәдениетіне жетектейді. Мәдениетті адамның көп қырлы сырының бір көрінісі-тіл мәдениетінің жоғары болуы.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Тілдің ең басты қызметі не? 2. Сыпайылық дегенді қалай түсінесіз? 3. Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері қандай болу керек?
4-тапсырма. Өзіңізді тексеріңіз.
Тапсырма. «Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді қазақтар, сондықтан олар бір-біріне тілек айтуға мән береді. Құттықтау; -Сізді(сені) туған күніңмен,мүшелтойыңмен, жаңа жылыңмен, Наурыз мейрамыңмен, мерекеңмен құттықтаймын!(-мыз) Тілек; -Сізге бақыт,денсаулық,табыс, абырой тілеймін.(-міз) -Ас дәмді болсын! -Қайырлы түн. Қайырлы күн! -Қайырлы таң! -Жасың ұзақ болсын! т. б.
6-тапсырма. Досыңызды туған күнімен құттықтап жеделхат жіберіңіз.
7-тапсырма. Өлеңді жаттап,мәнерлеп айтып беріңіз. «Сіз», «Біз» деген жылы сөз. «Сіз», «Біз» деген жылы сөз Жақсылық билеп, жанды тез, Жылытады жүректі. Оятады игі тілекті. Біреуге біреу жақсылық, Баршаға жетер жақсылық, Тілесе, әр кез жаны ашып, Қызғанбай бөліп алыңыз! Осы бір шырын –тәттілік, «Сіз», «біз» деген жылы сөз Тұрмай ма жанға жарасып! Жақсылықтың мейірі. Баршаға керек жақсылық! Бір-біріне болып көз, Жақсылық сүйер ханымыз, Кең болсын адам бейілі. (Ө.Тұрманжанов)
8-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, ризашылық тақырыбында «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.
Ризашылық білдіру
Халық арасында ризашылық - алғыс, бата беру түрінде беріліп жатады. Біреудің көрсеткен еңбегіне, көмегіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына алғыс білдіру -әдептілік, мәдениеттілік.Алғыс, баталар адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты беріліп отырған. Адамдар ризашылығын ерекше ілтипатпен, әдептілікпен білдіруге тырысқан. «Ризашылық-әдептің әліппесі»,-дейді А.Байтұрсынов. «Алдын ойлаған азамат-елдің алғысын алар»-дейді халық даналығы.
9-тапсырма. Досыңызбен сұхбаттасыңыз, қазақ халқының әдет-ғұрып рәсімдерін еске түсіріңіздер. -«Сіз» деген сөзді қазақтар кімге айтады? -Жасы үлкен адамдармен әңгімені қандай сөзбен бастауға болады? -Өзіңізден жасы кішілермен қалай сөйлесесіз? -Ініңізді (қарындас, сіңіліңізді)еркелетіп көріңіз. -Сынау, қанағаттанбау туралы не айтасың?
10-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар, бұлардың хаттамалық мәнде екеніне назар аударыңыздар. Кеңеске қатысушылар өз ұсыныстарын.....2.Күн тәртібіндегі мәселелер бірауыздан.....3.Жиналыста доцент Г.Қ.Дәркенбаеваның есепті баяндамасы....4.Мәжіліс төрағасының ұсынған жаңа бағдарламасын бекіту жөнінде....5«Әйел және саясат» тақырыбына арналған Орталық Азия әйелдерінің үшінші халықаралық конференциясына АҚШ Президентінің зайыбы Хиллари Клинтон..... 11-тапсырма. Студенттердің сессия қорытындысын талқылау жиынының хаттамасын жазыңыздар.
12-тапсырма. Қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз. Хаттама- Мәжіліс, отырыс- Тізім- Күн тәртібі- Баяндама- Қысқаша жазба- Есеп- Мәселе- Ұсыныс- Бірауыздан- Қаулы қабылдау- Мақұлдау- Бекіту- Ұсыну-
13-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар. Жетіспеген құжаттар туралы хаттамаға кіргізу керек. Оқу бөлімі келер айдың сағат санын сұрапты.Біздің бөлімге жаңа оқу жоспары туралы мәлімет түскен жоқ. Қазіргі заманда жақсы жерге жұмысқа тұру үшін бітірген оқу орнынан кепілдеме хат болуы керек.
14-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Информацию о ходе зимней сессии систематически помещать в стенгазете.На повестке студенческого собрания стоят актуальные вопросы.Учитывая слабую подготовку студентов по иностранному языку,комиссия рекомендует проводить дополнительные уроки.
15-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыздар. Біз сіздің шарттарыңызбен келіс.... келеді. Сізбен пікірлес... кел... Әңгімені бастықтың баста... кел....Сіздің ұсынысыңызды жоғары бағалаймыз, бірақ кейбір мәселелерді талқыла... кел....Не айт... кел...? Сіздерге мына мәселе бойынша көмектес.. кел... тұр.Егер сіз қарсы болмасаңыз, менің бейсенбіде бар... кел....
16-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
Бақыт Абыройлы Қуаныш Өмірлі болуын тілеу Денсаулық тілеу Табыс Абырой 17-тапсырма. Есте сақтаңыздар, жаттап алып, оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз. Қарым-қатынасқа тірек сөздер, тіркестер; -Танысуға рұқсат етіңіз. -Өзімді таныстырайын. -Сізге әріптесімді, досымды таныстыруға рұқсат етіңіз. -Танысқаныма қуаныштымын. --Мен де(қуаныштымын) -Отырыңыз! -Кешіріңіз! -Рахмет. -Сау болыңыз. Кездескенше. -Кіруге рұқсат етіңіз. 18-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыз. Басшы-глава Жетекші-ведущий Бірқатар-некоторый Нақты-канкретный Қорытындылау-заключить Даму-развитие Бағыт-направление
19-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді пайдаланып, әңгіме құраңдар.
Жақсы даудан жаман бітім артық.(Худой мир лучше доброй ссоры) Нар тәуекел- ер ісі.(Риск-благородное дело) Ақша ақшадан құралады.(Деньги к деньгам идут) Бейқамдық бәлеге жолықтырар.(Беспечность приводит к беде) Уәде-жанның азығы.(Уговор дороже денег) Қарыздан құтылу-қайғыдан құтылу.(Кто заплатил долги, у того гора с плеч) Білім алуға жұмсалған ақша—сақталған ақша.(Усилия, истраченные на образование, никагда не пропадут).
Тест сұрақтары 1. «Хаттамаға» кім қол қояды? А. Төраға Б.Төраға және хатшы С.Баяндамашы Д.Бастық 2.Бейвервальды тілдік қатынас қалай аталады? А. Сөз этикеті В.Мәдениетті сөйлеу С.Дөрекі сөйлеу Д.Тілдесу 3.Этикеттік қолданыстың қызметін ата? Б.Әдептілікті В.Қуанышты білдіреді С.Жалпыға ортақ тіл қатынасы Д.Мәдениеттілік 4.Жиналыстарда, кеңестерде, мәжілістерде қолданылатын құжат түрі А.Көшірме Б.Сенімхат В.Хаттама С.Өтініш Д.Арыз 5. «Күн тәртібі» қай құжатқа тән? А.Кепілхат Б.Сенімхат В.Қолхат С.Өмірбаян Д.Хаттама 6.«Қаулы қабылданды» тіркесі қай құжатқа тән? А.Арыз Б.Акт В.Хаттама С.Өтініш Д.Өмірбаян 7. «Ұсыну»қалай аударылады? А.Одобрить Б.Утвердить В.Предлагать С.Выступать Д.Слушать 8. «Мәжіліс, отырыс»-қалай аударылады? А.Задача Б.Отчет В.Заседание С.Прилагать Д.Список 9. «Тұжырымдама» қалай аударылады? А.Заключение Б.Гарантия В.Ведущий С.Условие Д.Возможности 10. «Кешірім сұраудың» түрін көрсет. А.Шын ықыласпен Б.Қуаныштымын В.Айып етпеңіз С.Армысыздар Д.Қайырлы таң 11.Мақалдың мағынасын анықтаңыз. Келінім саған айтам, қызым сен тыңда. А. Білім туралы Б.Ақыл-парасат туралы В. Тәлім-тәрбие туралы С.Үлкенді құрметтеу туралы Д.Ынтымақ, бірлік туралы 12. «Салу» сөзі қай сөзбен тіркескенде тұрақты тіркеске айналады? А.Қалам Б.Би В.Тас С.Көйлек Д.Сөз 13.Мақалдың екінші бөлімін табыңыз. А.Еңбек-ырыстың бұлағы Б. Еңбек-бақыттың шырағы В.Білім –өмір шырағы С.Жер-ырыстың кіндігі Д.Ел-ердің тұрағы 14. «Қорқу» мәніндегі фразеологизмді табыңыз. А. Салы суға кетті Б. Санын соғып қалу В.Аузына құм құйылу С.Төбе шашы тік тұру Д.Мұзға отырғызып кету 15.Қай тұрақты тіркес «шебер» деген мағынаны береді? А. Тонның ішкі бауындай Б. Ала жіпті аттамау В. Он саусағынан бал тамған С.Қара қылды қақ жарды Д.Мұрнынан шаншылу 16. Қай тіркес «ұялу» мағынасын береді? А. Мұрнын шүйіру Б.Табанын жалтырату В.Кірерге жер таппау С.Артына кір келтіру Д.Жүрегі шайылу 17.»Тамырына балта шабу» тұрақты тіркесіне синонимді табыңыз. А.Жою Б.От жағу В. Ұсталық С.Жылыну Д. Алдау 18.»Айнымаған» сөзі қай тұрақты тіркеспен сәйкес келеді? А. Аузына шайнап салған Б.Аузынан түсіп қалғандай В.Жер түбінен жеті қоян тапқандай С.Ит терісін басына қаптау Д.Қой терісін жамылу 19.Синонимдік қатарды табыңыз. А.Еңбекақы, жалақы, айлық Б.Жұмыс, іскер, шаруа В.Дүние, әлем, жер С.Парақ, кітап, бет Д.Көмек, керек, жәрдем 20.Көп мағыналы сөзді табыңыз. А. Қарт Б.Бас В.Жауыз С.Дала Д.Қалта СОӨЖ тапсырмалары 1. Сыпайылық білдіру функциясына қатысты этикеттік оралымдарға 15-16 мысал тауып жазыңыз. 2. Болашақ мамандығыңыздың этикасы туралы не айтар едіңіз? 3. Мадақтау, сынау, қанағаттанбау, құттықтау, ризашылық білдіру әдебі туралы жаз.
СӨЖ тапсырмалары 1. Этикеттік қолданыстың сезім, күйді білдіру қызметіне қатысты мысалы, а)тапсырылған жұмысты орындай алмадыңыз (кешірім сұрау формалары) 2. Директорлар Кеңесінің мәжілісінде. 10 жылдан кейін қандай болғым келеді? Тақырыбында эссе жазыңыз.
Бақылау сұрақтары 1. Мәдени мінез - құлық ережелері 2. Сөз этикеті деген не? 3. Қазақтың сыпайылығын, мінез-құлықтарын басқа ұлтпен салыстыру арқылы түсіндіре аласыз ба?\ Глоссарий Хаттама -жиналыстар,кеңестер мен мәжілістердің өту барысы туралы жазылатын іс қағаздарының түрі. Мырза,ханым -ресми қарым –қатынаста қолданылады. Қия өтпеу -сыйлау мағынасында айтылады. Бәйек болу -сый көрсету, қошемет,құрмет көрсету.
Негізгі әдебиеттер 1. Іскерлік қазақ тілі. М.Атабаева,Р.Ибраева.Алматы,2000. 2. Сөз этикеті.З.Қобыланова.Алматы,2000. 3. Кәсіби экономика тілі. Н Ж Бекеева.Қ.И.Бектурғанова.Алматы,2003. Ф.ғ.к. доцент Г. С. Шөмшекова 10-тақырып. Іскерлік кездесулер. Бейвервальдық тілдік қатынас құралдары.
Тірек сөздер: іскерлік байланыс, шартқа отыру, кездесу, ұсыныс, талап, жақсарту, орнату, дөрекі, бағыт, шайқап, байқап, тәжірибе, алмасу, шарт, қарағым, ізеттілік, қажеттілік, инабат, адамгершілік, қасиет, қалыптасқан, көңіл, туыстық, жақындық, ілтипат.
Сөз этикеті Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтыла бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Осы әдеп ережелері жиынтығының бейверальды жағы деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады. Қазіргі кезде жұртшылық арасында этикет дегенді қонақ күту, сыпайы сөйлесу, театрда болу деп білетін стеоретип түсінік пайда болған. Шындығында, этикет тек қана осы аталған іс- әрекеттерді жүзеге асырудың ережесі емес, адамдар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастың нормасы. Әдеп – тәртіп деген сөз. Әдеп сақтаудың әлеуметтік мәні зор. Әдептілікті бұзған адамға кез – келген қоғам мүшесі (жасына, нәсіліне қарамай) өз пікірін айтып, өз ұсыныстарын білдіруге ерікті, өйткені әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр. Оны бұзу – үлкен айып, зор күнә. Әдеп сақтау – әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік қарым- қатынастың қалыптасқан халықтық ережесін мүлтіксіз орындау. Әдептілік бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, қайта сол заңдылықты құрметтеу, қастерлеу, адамгершілікті борышты өтеу. «Әдептілік – әдемілік» дейді халық. Қазақта «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» деген мақал бар. Намыстық сезім адамның арын қалыптастырады. Ұяттан намыс, намыстан ар пайда болады. Халқымыз; «Малым – жаным садағасы, жаным – арым садағасы» деп, арды жаннан да биік қояды. Ар – адамгершілік пен адамдық құлықтың аса маңызды негізі. Арды сақтау – адамдықты сақтау. Арды бұзу – қылмыс. Адамның адамдығы ардан, еңбектен көрінеді. Сөйтіп, қоғамның ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалынан сау-саламат болуына, сөз жоқ, септігін тигізіп отырады. Жаңадан тәуелсіздігін алып, егемен ел болып жатқан осы бір кезеңде республика жұртшылығының рухани ахуалының сау болуы, қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынастың оң бағытта болуы осы бейверальды тіл нормасының дұрыс қалыптасуынан екені сөзсіз.
Мәтін бойынша сұрақтар: 1. Әдеп ережелерінің жиынтығы қалай аталады? 2. Айтуға ұят, мазмұны нашар, дөрекі сөздермен сөйлейтін адамдар кімдер? 3. Үлкен кісілердің Мәке,Сәке, Жәке деген қысқартуларды қолдануы неліктен деп ойлайсыз?
1-тапсырма. Сөйлемді тексеріп, дұрыс жазыңыз.
2-тапсырма. СҰХБАТ. -Жолыңыз болсын.Сіз қайда бара жатырсыз? -Мен іскерлік сапармен Қытайға бармақпын. Өзіңіз ше? -Түркияда әріптестеріңіз күтіп ала ма? -Иә, біздің фирмамен байланыс жасайтын фирманың өкілдері күтіп алады. -Іскерлік сапарыңыздың негізгі мақсаты қандай? -Іскерлік сапардың негізгі мақсаты-білім беру саласында тәжірибе алмасу.
3-тапсырма. Диалог құраңыздар. -Сәлеметсіз бе? -Сәлеметсіз бе! -Менің фамилиям Бектасов.Мен «Адал» фирмасының өкілімін. -Өте жақсы. Мен осы кәсіпорынның мүдірімін. -Қандай шаруамен келдіңіз? -Біз сіздермен іскерлік байланыс орнатқымыз келеді, себебі сіздердің өнімдеріңіз бізге ұнайды. Олар өте сапалы және таза. -Сіздерге біздің өнімнің қай түрі қажет? -Әсіресе, ауылшаруашылығы өнімдерінен жасалған азық-түліктер. -Өте жақсы. Біз сіздермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға қарсы емеспіз. -Егер мүмкіндігіңіз болса, келесі айдан бастап, шартқа отырсақ. -Келістік.
4-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып,мына сөздердің аудармасын жазыңыз.
Срок командировки- Проводить переговоры- Перевод- Удостоверять- Получать- Поставить- Печать- Обещания-
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңыздар.
1. Ол Түркия... тәжірибе алмасу... барады. 2.Сәкен белгілі Қытай фирмасы... іскерлік сапармен бармақ. 3. Сіз іскерлік сапар... арналған құжаттарды алдыңыз ба? 4.Фирма бастығын әуежай... кім апарады?
6-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтінге жоспар құрыңыз. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.103 сек.) |