|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тест тапсырмалары. Студенттердің білімін бағалауға арналған аралық бақылау сұрақтары
Студенттердің білімін бағалауға арналған аралық бақылау сұрақтары 1-7 апталардағы білімін бағалауға арналған аралық бақылау сұрақтары 8-15 апталардағы білімін бағалауға арналған аралық бақылау сұрақтары Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары. 1. Тас дәуiрiнiң даму кезеңдерiн ата. 2. Алғашқы қауымдық құрылыстағы меншiк сипаты қандай? 3. Қола дәуiрiнiң ерекшелiктерiмен даму кезеңдерi. 4. Беғазы-Дәндiбай мәдениетiнiң Андронов мәдениетiнен ерекшелiгi қандай? 5. Қол дәуiрiндегi қоғамдық қатынаста қандай рулық қатынас орнады? 6. Ежелгi грек авторлары сақтар жөнiнде қандай мәлiмет бередi? 7. Сақтар мен сарматттардың әлеуметтiк құрлымымен тұрмысы. 8. Батыс Қазақстанның сармат саврамат мәдениетi. 9. Ғұндар туралы деректер, ғұндардың қоғамы. 10. Ғұндар шаруашылығының жүйесiн қалай сипаттауға болады. 11. Үйсiндердiң археологиялық ескерткiштерiн ата. 12. Қаңлылардың археологиялық ескерткiштерiнiң табылу орындары. 13. Түрiк этнонимi туралы түсiнiк. 14. Батыс Түрiк қағанатының құрылуының алғы шарттары. 15. Түркештердiң саяси тарихы. 16. Қарлұқтар туралы жазба деректер және олардың шығу тегi. 17. Оғыздардағы басты шаруашылықтың түрi қандай? 18. Қазақстан жерiндегi көшпелi қоғамдардың саяси құрылымдарынан қарахандықтардың мемлекеттiк ұйымының басты айырмашылығы неде? 19. Наймандардың, керейiттердiң, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Қазақстанға шектесiп жатқан Манғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына қандай тiкелей қатынасы бар? 20. Дештi Қыпшақ атауы қалай пайда болды және Қыпшақ мемлекетi қандай территориялық аумақты алып жатты. 21. Ұлы Жiбек жолының қазақстандық бағыттарымен тармақтарын ата. 22. Манғолдардың шығу тегi және олардың жазба деректерден көрiне бастаған кезеңдерi. 23. Шыңғыс хан мемлекетiнiң құрылуы: саяси-әкiмшiлiк құрылысы, шапқыншылық саясатының мәнi. 24. Ұлыстардың құрылуы, территорияларын ата. 25. Әбiлхайыр ханның мемлекеттiк әкiмшiлiк құрылысы. 26. Қазақстан аумағындағы XIV-XV ғасырларда өмiр сүрген мемлекттердiң VI-XIII ғасырлардағы мемлекеттерден қандай даму ерекшелiктерi болды? 27. Қазақ халқының құрылып, қалыптасуының тарихи алғы шарттары қандай? 28. Қазақ жүздерiнiң қазақ халқының қалыптасуындағы орны. 29. Қасым хан тұсындағы мемлекеттiң саяси өрлеуiн неден көруге болады? 30. Тәуке хан тұсындағы Ресеймен және көршi халықтарымен өзара қарым-қатынас қалай жүрдi? 31. 1726 жылғы Орда басы жиынының тарихи мән маңызы неде? 32. Жоңғар мемлекетiнiң агрессиялық саясатының үдеуi қай уақыттан басталды? 33. Қазақ халқының азапты босулармен айбынды жеңiстерi қай жылдары болды және бұл шайқастар қалай аталады?
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары. 1. Әбiлхайыр ханның тамаша қолбасшылық дарыны қандай шайқастарда көрiндi. 2. Қазақ Ресей саяси байланыстарында Әбiлхайырдың жеке мүддесi болды ма? 3. Абылай хан Қазақ елiнiң экономикалық дамуына қандай өзгерiстер енгiздi. 4. Абылайдың саяси билiгi Үш жүзге түгелдей жүрдi ме? 5. Қазақстанның тәуелсiздiк үшiн күрес жолындағы Абылай ханның тарихи орны. 6. Қазақтардың Е.Пугачев көтерiлiсiне қатысуының басты себептерi неде? 7. Көтерiлiске қатысты Нұралы ханның ұстанған саясаты оның хандық билiгiне және Ресеймен қатынасына қалай әсер еттi? 8. Е.Пугачев соғысымен Сырым Датұлы көтерiлiсiнiң аралығындағы патша үкiметiнiң Кiшi жүздегi саясаты. 9. Сырым батыры мен Нұралы хан қарым-қатынасы. 10. Сырым батыр бастаған халық көтерiлiсiнiң қазақ тарихындағы орны. 11. XIX ғасырдың I-жартысындағы шаруашылық саласындағы жаңа бағыттар. 12. 1822 жылғы Жарғының өлке тарихындағы орны. 13. Сiбiр қазақтарының жарғысындағы ақсүйектердiң, сұлтандардың жағдайы қалай анықталды? 14. Бөкей хандығы тарихи құжаттарда нелiктен iшкi Орда деп аталды? 15. Исатай батыр бастаған көтерiлшiлердiң әлеуметтiк құрамының ерекшелiктерi қандай? 16. Махамбет Өтемiсұлының поэтикалық мұрасындағы көтерiлiс мәселесi. 17. Тарихи тұлға Кене ханның күресi сол заманда жеңiспен аяқталуы мүмкiн бе едi. 18. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңiлу себептерi мен маңызы неде? 19. Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiстiң XIX ғасырдағы Қазақстандағы басқа ұлт-азаттық қозғалыстардан жеке ерекшелiгi бар ма? 20. Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерiлiстiң негiзгi себептерi қандай? 21. Қазақстанда отарлық басқару жүйесiн бекiтудегi 1867-1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалардың маңызы. 22. Реформаға байланысты Шоқан Уалихановтың қандай ұсыныстары болды? 23. Патшалық Ресейдiң шаруаларды қазақ жерiне жаппай қоныс аудартудағы мақсаты не? 24. XIX ғасырдың 60-жылдардың аяғы 70-жылдардың басында азаттық күресiнiң жетекшiлерi? 25. 1905-1907 жылдардағы орыс ревалюциясының Қазақстанға әсерi. 26. 1916 жылғы патша үкiметiне қарсы Қазақстанда неге тек қазақ халқы көтерiлдi? 27. Алаш Орда үкiметiнiң мүшелерi, олардың алға қойған мақсаттары. 28. 1917 жылғы жалпы қазақ съездерi, шақырылу себептерi, қаралған мәселелер және қабылданған шешiмдер. 29. Қазақ АКСР-iнiң құрылуы. 30. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қалай жүрдi? 31. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың себебi неде? 32. Қазақстанда тұңғыш ашылған жоғары оқу орындарын ата. 33. Ұлы Отан соғысы кезiнде Қазақстанда құрылған дивизиялар. 34. Қазақстандық неше жауынгер Ұлы Отан соғысының батыры атағын алды, оның iшiнде нешеуi қазақ? 35. Тың және тыңайған жерлердi игеру, оның әлеуметтiк-экономикалық салдары. 36. Экологиялық дағдарыс: “Невада – Семей”, “Арал”, “Нарын” қозғалыстары. 37. “Жариялылық” саясаты: жетiстiктерi мен кемшiлiктерi. 38. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себебi? 39. Мемлекеттiк егемендiк туралы Деклорация және Тәуелсiздiк туралы Конститутциялық заң. 40. “Қазақстан – 2030” бағдарламасының мазмұны. 12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру. ҚР тарихы пәнінен электрондық оқулық пен презентация (слайд шоу) корпус – 1, 3 сақталған.
13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – №3, 201 аудитория Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |