|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жеке тапсырмалар 13 страница
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж. Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 1.Қазақстанның тәуелсіздік алуы. 2.Қазақстанның ұлттық валютасы № 15Дәріс Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы Дәрістің мазмұны: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің үлгісімен бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншіктегі оның иелігінен алып, жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекітілді. Ал үшінші кезең – 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осымен байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Қазақстан өзінің төуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, өзінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндік, жеке саясат жүргізу құқы болмағанды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері жөне Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уакыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2008 жылдың басына дейін Қазақстан 70-тен астам елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Франция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 60-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 80-нен аса шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан соңғы жылдары өзінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын одан ары дамыту арқылы әлемнің бәсекестікте қабілетті 50 өркенді мемлекетінің қатарына енуді стратегиялық мақсат етіп койды. 2006 жылы бұл көрсеткіш бойынша есепке ілінген 117 елдің ішінде Қазақстан 61 орынды иеленді және қөрсеткішке іліккен ТМД-дағы елдердің алдыңғы қатарына шықты. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымастық ұйым) Төраға болып сайланды. Ол еліміздің әлемдегі орнын айшықтай түсті. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол - өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Республикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да байланысты. Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жайлаған Ұлы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазакстан үш ғасырға жуык уакыт Ресеймен тарихи сабактас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Оларды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың кандай болуы, оны қалай құру жөнінде қазақтың ғұламалары, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кеткен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы құрамында өз тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін ұмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бұл екі елдің арасында тең құқық негізінде саяси және экономикалық қатынастар орнады. Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық құқық принциптері негізінде бір-бірімен стратегиялық байланыс, достық, тату-төтті көршілік жөне өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достык, ынтымактастық және өзара көмек туралы шартқа кол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы каңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан әрі бұлжытпай орындап отыратындығын жөнінде мәлімдеді. 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі тез қарқынмен жүзеге аса бастады.КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды. Ядорлық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Украина, РКФСР, Беларусь) ТМД-ға енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті. 1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшiлерi өзара төрт жақты шарт жасасу жөнiндегi келiсiмге қол қойып, басқа республикаларды оны қолдауға шақырып ұсыныс енгiздi.Алайда, бұл талаптар негiзiнде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында, 1991 жылы 19 тамызда бұрынғы Кеңес Одағының басшылары Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов т.б. қатынасқан мемлекеттiк төңкерiстiң болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуiмен байланысты одақтас республикалардың жетекшiлерi бұған дейiн жүргiзiлiп келген келiссөз талаптарынан бас тартуға мәжбүр болды. Украина мен Белоруссия өздерiнiң тәуелсiздiгiн жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н.Ә.Назарбаев КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ ендi федерация түрiнде болуы мүмкiн емес, тек конфедеративтiк шарт негiзiнде болуы керек деп ашып айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкiн деп көрсеттi. Республикалардың бұл талабы 1991 жылғы 19 тамыздан кейiнгi оқиғаның артынша тәжiрибе жүзiнде iске асырыла бастады. Былайша айтқанда, бұрынғы бiрынғай одақтың орнына Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi өздерi шешетiн болды. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы бойынша тек әскери, сыртқы және т.б. аса маңызды халықаралық мәселелердi ғана бiрiгiп шешу мiндетi қалды.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. Қазакстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-а Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сиякты және басқа елдерімен ынтымактастыктың дамуының да мәні өте зор. Қазақстанға ортақ шекарасымен, қалыптасқан шаруашылық байланыстарымен, экономикасының өзара бірін-бірі толықтыруымен және өзара тәуелділігімен қоян-қолтық араласа отырған, тарихи жөне мәдени-этникалық игіліктері ортақ Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталы Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазакстан, Өзбекстан, Қырғызстан, кейіннен 1998 ж. төртінші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралык кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы — Атқару комитеті құрылды. 1994 жылғы шілдеде қаржы қоры оған қатысушы елдердің жарналарынан құралған Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге қол қойылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелері және республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттарға қол қойылды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы - Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясының қабылдануы еді. ОАЭҚ мемлекет басшыларының 2000 жылғы сәуір және маусым айларындағы Ташкент жөне Душанбе кездесулері олардың интеграцияға ұмтылсын тағы да растап берді. 2001 жылғы қаңтар айында Орталық Азия экономикалық қауымдастығына мүше елдер басшыларының Алматыда өткен кездесуінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан жөне Өзбекстан республикалары бірігіп, Орталық Азияны еркін сауда аймағына айналдыруды көздейтіні туралы әңгіме болды. Оған қоса кедендік, төлемдік және валюталық одақ құру мәселесі де қаралды. Сөйтіп, түпкі мақсат тауар, қызмет көрсету, капитал рыногының ортақтығына қол жеткізу болып отырғаны атап көрсетілді. Ал 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде «Орталық Азия ынтымақтастығы» болып қайта құрылды. Оған қатысушы мемлекет басшыларының кезекті төртінші саммиті 2002 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының орталығы Астанада болып өтті. Саммиттің күн тәртібінде қаралған мәселелер: 2002 жылдың 5-6 қазанында Душанбеде өткен Келісуде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзіне асыру, аймақтағы қауіпсіздік проблемалары мен экономикалық ынтымақтастық және халықаралық саясаттың кекейкесті мәселелерінде «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына мүше елдердің өзара ықпалдастығы және т.б. Саммитті ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ОАЫ аясындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысына егжей-тегжейлі талдау жасай келіп, аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығын тұтастай алғанда оң бағалады. Ол, сондай-ақ, тараптардың түрлі салаларда өзара тығыз әріптестік бағытын ұстанып отырғаны жаңа қатерлерге күш біріктіріп қарсы тұруға мүмкіндік беретінін атап өтті. ОАЫ мемлекет басшылары Халықаралық Аралды құтқару қорының аясында өзара ықпалдастықты дамытудың және оның қызметін жандандыру жөнінде қосымша шаралар қабылдаудың маңыздылыгын атап көрсетті. Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік Ауғанстандағы жағдаймен тығыз байланыста екенін тағы да атап өтті. Сондай-ак, ОАЫ аумағында біртұтас кеңістік құрудың маңызы зор екендігі айтылды. 2003 жылғы шілде айында Алматыда «Орталық Азия Ынтымақтастығы» ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының тағы да бір жоғары дәрежелі кездесуі болып өтті. Кездесуде бірнеше құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы өзара қарым-катынаста туыс елдердің мүдделеріне сәйкес келетін саясат жүргізуді жалғастыру және осыған жауап беретін қағидаларды жақындастыратын бірлескен мәлімдеме еді. Онда ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары ланкестікпен, экстремизммен және есірткіні заңсыз айналымымен күресуге ерекше назар аударылды. Бұдан басқа саммит мәжілісінде Орталық Азия аймағында су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, төрт мемлекеттің де мүддесі көзделген коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру жөне аймақтағы мемлекеттерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде жан-жақты сөз болды. Ал 2004 жылы 18 қазанда Тәжікістан астанасы - Душанбеде Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымына (ОАЫҮ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда төрт мәселе каралды. Біріншісі - Орталық Азия Ынтымактастығы Ұйымының құрамына Ресей Федерациясын кабылдау; екіншісі - 2004 жылдың мамырында Астанада өткен Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше мемлекеттер басшыларының қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыру барысы; үшіншісі - Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше мемлекеттердің Ауғанстанмен аймақтық қауіпсіздік және ынтымақтастықтың негізгі бағыттары; төртіншісі - Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті төрағасы туралы. Саммит отырысындағы басты жаңалық Ресей Федерациясының Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымына толық құқылы мүше болып қабылдануы еді. Бұл - ұйымның халықаралық аясында беделін көтере түсуде үлкен маңызы бар жағдай болып табылады. Кездесуде Ұйымға мүше мемлекеттер су-энергетикалық, көлік-коммуникациялық және азық-түліктік концорсиумның тұжырымдамасын дайындауға қол жеткізгені атап көрсетілді. Бұл тұжырымдаманы Дүние жүзілік банк, Ислам Даму Банкі қолдайтындығы айтылды. Отырыс барысында белгілі болғандай, ынтымақтастыққа мүше елдердің басшылары Ауғанстанды қалпына келтіруге қолдау көрсетіп, бұл елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын сауықтыруға арналған бағдарламаларды жүзеге асыруына көмектесетіндерін де ашық мәлімдеді.
Дәрістің мазмұны: 1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшiлерi өзара төрт жақты шарт жасасу жөнiндегi келiсiмге қол қойып, басқа республикаларды оны қолдауға шақырып ұсыныс енгiздi.Алайда, бұл талаптар негiзiнде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында, 1991 жылы 19 тамызда бұрынғы Кеңес Одағының басшылары Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов т.б. қатынасқан мемлекеттiк төңкерiстiң болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуiмен байланысты одақтас республикалардың жетекшiлерi бұған дейiн жүргiзiлiп келген келiссөз талаптарынан бас тартуға мәжбүр болды. Украина мен Белоруссия өздерiнiң тәуелсiздiгiн жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н.Ә.Назарбаев КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ ендi федерация түрiнде болуы мүмкiн емес, тек конфедеративтiк шарт негiзiнде болуы керек деп ашып айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкiн деп көрсеттi. Республикалардың бұл талабы 1991 жылғы 19 тамыздан кейiнгi оқиғаның артынша тәжiрибе жүзiнде iске асырыла бастады. Былайша айтқанда, бұрынғы бiрынғай одақтың орнына Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi өздерi шешетiн болды. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы бойынша тек әскери, сыртқы және т.б. аса маңызды халықаралық мәселелердi ғана бiрiгiп шешу мiндетi қалды.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1993 жылғы 5 қараша «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінде шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша – Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта-теңге айналымға енгізілді. 1992 ж. наурыз айында Қазакстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге халықаралық басқа да ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына - Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа жөне Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Мұның өзі Қазакстанның сыртқы экономикалық саясатында игі нәтижелерін беруде. Соңғы жылдары Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оран берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мәселен, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институттарынын Қазақстанға бөлген каржысының мөлшері 2 миллиард АДШ долларын құрады. Тәуелсіздік алғаннан бері 1000-нан аса мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. Осы жылдары бірқатар елдер -Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания т. б. - Қазақстанға экономикалық көмек ретінде қаржылай несие берді. Сондай-ак, Жапония, АҚШ секілді және басқада донор елдердің үкіметтері Қазақстанмен қаржылық ынтымақтастықты жылдан-жылға дамытып келеді. Мұның өзі Қазақстандағы нарықтық экономика бойынша жүргізіліп жатқан реформаларға көмектесу мүмкіндігін және республика экономикасына шет ел инвестицияларын көптеп тартуда зор ықпалын тигізуде. Оған шетел бірлескен кәсіпорындары да өз үлесін қосып отыр. Олардың жалпы саны 1996 ж. 746 болса, 2002 ж. 1,5 мың, 2003 жылы - 5 300, ал 2006 жылы 8 000-нан асты. Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея мемлекеттері бар. Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін шешуде Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Бұл бағыттағы алғашқы байсалды қадам американдық «Шеврон» компаниясы мен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылуы еді. Бұл келісім Америка капиталының Қазақстан экономикасына ірі көлемде тартылуынын бастамасы болды. «Теңізшевройл» жобасы бойына 2010 жылы Республикада 80 млн. тоннадан асатын мұнай өндіруге қол жеткізу көзделген. Бірлескен кәсіпорын жұмысына қатыса отырып, «Шеврон» сонымен бірге Қазақстанның аймақтық инфрақұрылымын жетілдіруге: аурухана, мектеп, жол құрылыстарын салуға көмектесіп, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға да қатысатын болады. Осы бағытта соңғы жылдары республикада бірнеше ондаған американ компаниялары мен банктерінің өкілдері және бірлескен кәсіпорындар құрылып, жұмыс істеуде. Қазіргі кезде АҚШ Қазакстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. 2004 жылы біздің елімізде 350-дей Қазакстан-Америка бірлескен кәсіпорыны болса, 2006 жылы АҚШ-тың 374 кәсіпорны және 91 америка компанияларының өкілдіктері жұмыс істеді. Олардың Қазақстан Республикасының экономикасына салған инвестициясының көлемі елімізге тартылған шетелдік инвестициялар көлемінің үштен бірін құрайды және Орталық Азия аймағындағы аса ірі көлем болып табылады. Қазақстан экономикасына инвестицияларды көптеп тартуда 1997 жылғы қыркүйекте Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты халықаралық конференцияның маңызы зор болды. Онда Қазақстанның нарықтық экономика жолындағы алғашқы қадамдарына жоғары баға берілді, біздің елімізде шетелдік инвесторлардың еркін жұмыс істеуіне қажетті құқықтық және іскерлік жағдай жасалғандығына ерекше назар аударылды. Осының нәтижесінде 1993-2005 жылдар аралығында Ұлыбританияның Қазақстан экономикасына салған тіке инвестициясының көлемі 4, 3 млрд. долларды құрады. 2006 жылы британиялық капиталдың қатысуымен Республикада 212 кәсіпорын жұмыс істеді. Оның ішіндегі бастылары -«Шелл», «БритишГаз» және тағы басқа компаниялар. Олар Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарын игеруге белсене қатысуда. Қазірде Британиялық компаниялар Қазақстанның экономикасына 8 млрд. долларға жуық қаржы салды. Лондонның қор биржасында Қазақстанның 4 компаниясы орналастырылды. Инвестициялардың артуы казіргі уақытта ең алдымен шетелдік инвестицияларды тікелей тартумен байланысты екенін ашып айту керек. Егер өтпелі кезеңнің алғашқы жылдары Үкімет кепілдемесі арқылы алынған шетелдік банкілердің несиелері басым болса, бүгінгі таңда тікелей инвестициялар көлемі өсіп келеді. 1996 ж. біздің елге тікелей инвестициялар көлемі 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Халықаралық салыстыру /рейтинг/ агенттіктерінің бағалауы бойынша Қазақстан қазір Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерінің арасында тікелей инвестициялардың мемлекеттегі әр адам басына шаққандағы көлемі жағынан Венгриядан кейінгі екінші орынға көтерілген. Осымен байланысты 1997 ж. 28 ақпанында Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Заң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылып, ол бұл бағыттағы алға қойылған жұмыстарды іске асыруға кірісті. Осынын нәтижесінде Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлемі 2004 жылы 26 млрд. АҚШ долларын құраса, 2007 жылы 70 млрд. долларға жетті. Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы ерекше зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 170-тен астам елімен сауда катынасын орнатты. Осының нәтижесінде Қазақстанның сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың /қаржы түріндегі/ көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Бір қуанарлық нәрсе, республиканың экспортқа шығаратын тауары импорттан асып отырғандығында болып отыр. Мысалы, 1995 ж. экспорт импорттан 1 млрд. 250 млн. доллар көлемінде асып түскен, немесе 64 пайызға өскен. Сол жылы оның алдындағы 1994 жылмен салыстырғанда агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын 2,5 есе арттырды. Сөйтіп, ол импорттан алғаш рет 1,7 есе асып түсті. 2001 ж. Қазақстанның сырткы сауда көлемі 14 млрд. АҚШ долларын құраса, 2004 жылы 16 млрд., 2006 жылы 33 млрд., 2007 жылы - 78,8 млрд. долларға жетті. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |