АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 1 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Тарих»

Мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Қазақстанның экономикалық тарихы

_____________________________

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

____________________________________________

Курс- ІІІ

Семестр – YI

Кредит саны – 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 21 сағат

СӨЖ – 21 сағат

Емтихан – VI -ші семестрде

Барлығы – 72 сағат

Орал

Ж.

Курс бағдарламасы Ежелгі Қазақстан тарихы, Қазақстанның ортағасырлар тарихы, Қазақстанның жаңа заман тарихы, Қазақстанның қазіргі заман тарихы типтік оқу бағдарламалары (Алматы, 2003ж.) негізінде құрастырылған.

 

3 корпус 409 аудитория.

Құрастырушы: аға оқытушы Б.Н.Бақтығұлова

 

 

Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының отырысында қарастырылды..

 

«__11___» ____12_______ 2012 ж. № __4__ хаттама.

 

Кафедра меңгерушісінің орынбасары: ___________ Б.Н.Бақтығұлова

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

«__17___» ____01_______ 2013 ж. № _5___ хаттама.

Факультеттің оқу- әдістемелік

кеңесінің төрағасы: _______ Б.М.Мырзабаева

 

 

 

1. Пәннің оқу әдістемелік кешені Қазақстанның экономикалық тарихы. – 050114 «Тарих» мамандығы үшін оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

 

2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).

Пән туралы мәлімет

Қазақстанның экономикалық тарихы

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

 

Кредиттің атпаға бөліну кестесі

 

Сабақтар Өткізу уақыты Сабақтар Өткізу уақыты
Байланыс сағаты 1 (1 дәріс) 50 мин. ОЖСӨЖ, СӨЖ 50+50 мин.
Байланыс сағаты 2 (2 дәріс) 50 мин. ОЖСӨЖ, СӨЖ 50+50 мин.
Байланыс сағаты 3 (1 практика) 50 мин. ОЖСӨЖ, СӨЖ 50+50 мин.

 

Кредит саны – 3

Өту орны: № 3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

 

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс Семестр Кредит саны Дәрістер Семинарлар ОЖСӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
  ҮI     15       емтихан

 

Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат: Қазақстанның экономикалық тарихы курсы ІІI курс студенттерінің таңдау пәні негізінде енгізілген. ҚЭТ пәні Қазақстан жетіндегі ежелгі дәуірден бастап күні бүгінгі тарихи экономикалық дамуы үрдістерін тарихи талдаудан өткізіп баяндалады. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңіндегі алғашқы адамдардың ең алғашқы еңбек құралдары, олардың қолданылуы мен ортағасырларға дейінгі адамдардың санасының жетіліп алғашқы техникалық құралдарды пайдалануы, қалалар мен қалалық қоныстардың пайда болуы, алғашқы кен өндірісі, сауда-ақшы қатынастары, қала мен дала мәдениетінің өзара қарым –қатынастары шеңберінде қызықты суреттеледі. Жаңа дәурдегі Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі алғашқы капиталистік өндірістер, өнеркәсіп орындарының ашылуы, темір жол құрылыстары тб көптеген Қазақстан экономикасын негізгі өзегеі болған нысандар сөз болады. Осылайша біртіндеп қазіргі кезеңдегі еліміздегі өнеркәсіп пен мемлекеттік экономикалық саясаттың өзіндік бағыттары мен даму үрдістері, қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары, экономикалық саясатты жүзеге асырудағы басты кедергілер туралы студенттерге жеткізу негізгі басшылыққа алынады.

Курс мақсаты: Студенттерде еліміздегі экономиканың дамуы үрдістерін тарихи тұрғыда түсіндері отырып, қазіргі мемлекеттік саясаттағы экономиканың басым бағыттары т уралы білім беру.

Курс міндеттері: Қазақстаның тарихи кезеңдеріндегі эконономикалық дамуы үрдістерін талдай отырып, қазіргі кезеңдегі мемлекеттік сасаттың экономикалық әдіс-амалдары туралы талдаулар жасау әдістеріне үйрету болып табылады.

Пререквизиттер: Экономика, Саясаттану, Қазақстанның географиясы, Жалпы тарих, Әлеуметану, Демография, Этнология, Лингвистика, т.б.

Постреквизиттер: Курс соңында студенттер тарихи кезеңдердегі экономикалық үрдістер мен оның дамуы туралы толыққанды мағлұмат алынады

Оқыту әдістемесі:

Курс негiзiнен дәрiс түрiнде және практикалық сабақтар арқылы жүргiзiледi. Сонымен қатар студенттердiң оқытушымен бiрге жүргiзетiн өзiндiк жұмыстарыда бар. Дәрiс кезiнде негiзгi өтiлетiн тақырып бойынша мағлұматтар берiледi және конспект жаздырылады. Практикалық сабақ кезiнде алдын-ала берiлген тапсырмалар бойынша жауаптар алынады. Оқытушымен өтетiн студеттердiң өзiндiк жұмысы кезiнде қамтылмай қалған материалдарды тапсырма беру арқылы, сұрақ-жауап әдiстерi арқылы бекiтіледі. Сонымен қатар, оқытудың белсендi формалары мен әдiстерiн қолдана отырып, дәрiс және практикалық сабақтарды немесе оқытушымен жүргiзiлетiн студенттердiң өзiндiк жұмысы (ОЖСӨЖ) жүргiзiледi.

 

Сабақ мазмұны мен кестесі

 

Апта 1

Кредит сағат 1

Дәріс № 1

Тақырыбы: Қазақстанның экономикалық тарихы пәніне кіріспе.

Дәріс мазмұны

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

2. ҚЭТ пәнінің негізгі объектілері мен ұстанымдары.

Әдебиет:Қазақстан тарихы. І –том. 7-11 бб.

№1 ОЖСӨЖ мазмұны: Ежелгі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы.

1. Терімшілік және аңшылық ең алғашқы адамдардың шаруашылығы

2. Мезолит дәуіріндегі еңбек құралдарының жетілуі.

3. Неолит төңкерісі.

4. Ең алғашқы өндіріс құралдары, оны дайындау тәсілдері.

Әдебиет:Қазақстан тарихы. І том. 8-9 бб.

СӨЖ мазмұны: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том. 3-5 бб.

Кредит сағат 2

Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: Ежелгі Қазақстандағы алғашқы қоғамдық құрылыс және тайпалық одақтар шаруашылығы

Практикалық сабақтың мазмұны

1. Сақ тайпалары, олардың шаруашылығы

2. Қаңлы және үйсін тайпалары

3. Ғұндар және олардың бейнелеу өнері

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том. 69-74

ОЖСӨЖ мазмұны: 1. Қола дәуірінің ескерткіштері және даму кезеңдері.

2. Сақ шаруашылығы мен қоғамы

3. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар шаруашылығы және тұрмысы

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том. 101-229 бб.

СӨЖ: Үйсін, қаңлы, ғұн, сақ тайпаларының шаруашылығы және тұрмысы

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том. 101-288 бб

Апта

Кредит сағат 3

Дәріс № 2

Тақырыбы: Түркі кезеңінің экономикалық мәселелері

Дәріс мазмұны

1. Түркі қағандығы

2. Батыс Түркі қағандығының шаруашылығы

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

ОЖСӨЖ мазмұны: Түркі қағандығы кезеңіндегі Қазақстан.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. 296-338 бб.

СӨЖ мазмұны:Түркі мемлекеттерінің қалыптасуындағы Ұлы жібек жолының маңызы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том. 296-338 бб.

Кредит сағат 4

Практикалық сабақ №2

Тақырыбы: Ортағасырлық мемлекеттердің экономикалық дамуы

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Қарлұқ, оғыз, кимектердің шаруашылығы

2. Қарахан әулетінің мемлекетіндегі жер иелену формалары

3. Қарақытай мемлекетінің басқару құрылымының ерекшеліктері

4. Хорезм мемлекетімен, орыс княздықтарымен Дешті-Қыпшақтың экономикалық, әскери-саяси, мәдени және қандастық байланыстары

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том. 101-229 бб.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қарахан әулетінің мемлекетіндегі жер иелену формалары

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

СОЖ мазмұны: Х-ХІІ ғғ. Қазақ жеріндегі ғылым мен мәдениет.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

Апта

Кредит сағат 5

Дәріс №3

Тақырыбы: ІХ ғасырдың ІІ жартысы-ХІІІ ғ. басындағы отырықшы, қала және дала халқының мәдениеті

Дәрістің мазмұны:

1.Қалалар құрылымындағы өзгерістер

2.Қолөнер, сауда ауыл шаруашылығының дамуы

3.Дін және мәдениет

Әдебиет: (1) 454-481 бб

ОЖСӨЖ мазмұны: Түргештердің қарлұқ, соғды, арабтармен қарым-қатынастары.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

СОЖ мазмұны: Қазақ жеріндегі түрік мемлекеттері: экономикасы, қоғамдық құрылымы мен әлеуметтік қатынастары.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

Кредит сағат 6

Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Шыңғыс хан империясы құрамындағы Қазақстан

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Шыңғыс хан шапқыншылықтарының әлеуметтік –экономикалық зардаптары

2. Алтын Орданың құрылуы: саяси-әкімшілік құрылымы, Алтын Орда хандарының әлеуметтік-экономикалық реформалары

3. Ахмет хан тұсындағы Алтын Орда және оның құлауы (1447-1480 жж)

4. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

ОЖСӨЖ мазмұны: Алғашқы және дамыған ортағасырлардағы мемлекеттердің мәдени дамуы. Ұлы Жібек жолы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

СОЖ мазмұны:

1. Қарахан, қарақытай мемлекеттерінің экономикалық дамуы.

2. Қыпшақ хандығы және көшпелі найман, керейт, жалайыр тайпалары.

3. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

4. Ұлы Жібек Жолының тармақтары

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

Апта

Кредит сағат 7

Дәріс №4

Тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы қалалар мен қалалық қоныстар және сауда қатынастары

Дәріс мазмұны:

1. Мал шаруашылығы және егіншілік

2. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар

3. Қалалар, керуен жолдары, сауда және ақша.

Әдебиет: (8) 5-194 бб.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қалалар, керуен жолдары, сауда және ақша.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

СОЖ мазмұны: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы. Сауда қарым-қатынастары.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

Кредит сағат 8

Практикалық сабақ №4

Тақырыбы: ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстанның саяси-экономикалық мәселелері

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. ХҮ ғасырдың ортасындағы Қазақстандағы және Орта Азиядағы саяси жағдайлар

2. Қасым хан тұсындағы мемлекеттің саяси өрлеуі, экономикалық реформалары

3. ХҮІ ғасырдың ІІ жартысындағы хандықтың қайта өрлеуі. Хақназар хан.

4. Қазақ мемлекеті Тәуекел хан кезеңінде.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

ОЖСӨЖ мазмұны: ХІІІ-ХҮ ғ. І жартысындағы Қазақстан.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

СОЖ мазмұны: ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығының геосаяси жағдайы. Жеті жарғы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

Апта

Кредит сағат 9

Дәріс №5

Тақырыбы: Қазақ хандығының ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы экономикалық дамуы

Дәріс мазмұны:

  1. Қасым хандығы кезіндегі жер аумағының кеңеюі
  2. Мауеренахрдағы өзбек хандығымен өзара қатынастар
  3. Ішкі саяси оқиғалар

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

ОЖСӨЖ мазмұны:ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстанның экономикасының өзекті мәселелері

Қасым және Хақназар хандардың тұсындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар

Аталған кезеңдегі қазақ хандығының экономикалық дамуының диаграммасын сызу.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

СОЖ: «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағына сипаттама беру.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

Кредит сағат 10

Практикалық сабақ №5

Тақырыбы: ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Қазақ хандарының Орта Азия хандықтарымен өзара қарым-қатынастары

2. Есім хан, Салқам Жәңгір хан Жалаңтөс баһадүрлердің қазақ елін қалпына келтіруге қосқан үлестері.

3. Тәуке хан тұсындағы мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси-экономикалық өміріндегі өзгерістер.

4. Қазақ жеріне біртіндеп капиталистік қатынастардың ене бастауы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

ОЖСӨЖ мазмұны: ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығының дамуы деңгейі жөнінде кестені толтырыңыз.

 

Тарихи оқиғалар Хронологиялық ауқымы Қысқаша сипаты Қазақ тарихындағы маңызы
         
         

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

СОЖ мазмұны: Тәуке хан тұсындағы мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси-экономикалық жағдайы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том.

Апта

Кредит сағат 11

Дәріс №6

Тақырыбы: Қазақстанның ХҮІІ ғасырдағы экономикасы

Дәріс мазмұны:

  1. ХҮІІ ғасырдағы халықаралық жағдай. Қазақ хандығының территориясы мәселелелері.
  2. ХҮІІ ғ. 30-50 жж қазақ хандығы
  3. Тәуке хан тұсындағы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлары
  4. ХҮІІ ғасырдағы шаруашылық және тұрмыс

Әдебиет: Қазақстан тарихы. І том. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

ОЖСӨЖ мазмұны: Тәуке хан тұсындағы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

СОЖ мазмұны: ХҮІІ ғасырдағы шаруашылық және тұрмыс.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

Кредит сағат 12

Практикалық сабақ №6

Тақырыбы: ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан

Мазмұны:

1. Қазақ жеріне жоңғар, қалмақ және казак-орыс әскерлерінің шабуылдары, оның салдарлары.

2. Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.

3. Абылай ханның саяси-экономикалық реформалары, оның нәтижелері мен маңызы.

4. Мал шаруашылығы мен егіншілік жағдайы. Шаруашылық тұрмыстың өзгеруі, отырықшылық. Қазақ ауылының жағдайы.

5. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. тоғысындағы қазақ елінің шет мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынастары.

6. Сібір темір жолын салу құрылыс комитетінің ролі.

Әдебиет Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғғ. шаруашылығы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

СОЖ мазмұны: Абылай ханның саяси-экономикалық реформалары.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

Апта

Кредит сағат 13

Дәріс №7

Тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан аумағы, халық тұрмысы мен шаруашылығы. Үш жүз.

Дәріс мазмұны:

  1. Патшалық Ресейдің әскери-отаршылдық саясаты.
  2. Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауы кезеңіндегі қазақ ауылдарының тұрмыс жайы
  3. Әдеби деректердегі қазақтың үш жүзі туралы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

ОЖСӨЖ мазмұны: ХҮІІІ-ХІХ ғғ. І жартысындағы Қазақ қоғамы

1. Қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер.

2. Сыртқы сауда және сауда жолдары.

3. Бөкей Ордасының құрылуы және алғашқы қазақ жәрмеңкесі.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том. – Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

СОЖ мазмұны:Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясатының нығаюы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

Кредит сағат 14

Практикалық сағат № 7

Тақырыбы: Қазақстанда ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы өнеркәсіптің дамуы

Мазмұны:

  1. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанда өнеркәсіп орындарының салынуы.
  2. Тау-кен кәсіпорындарының және ауыл шаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеуден өткізетін өнеркәсіп орындарының ашылуы. Жұмысшыларды қалыптастырудың көзі.
  3. Экономикалық дағдарыстардың қазақ даласына әсері және Қазақстандағы жұмысшылар қозғалысы

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

ОЖСӨЖ мазмұны: ХХ ғ. Қазақстанда өнеркәсіп орындарының салынуы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

СОЖ мазмұны: ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

Апта

Кредит сағат 15

Дәріс №8

Тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ ширегіндегі Қазақстанда Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі

Дәріс мазмұны:

  1. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» және Орта жүзде хан билігінің жойылуы. Әскери отарлаудың күшеюі.
  2. Әкімшілік аумақтық құрылыстың жаңа жүйесінің енгізілуі
  3. Орта жүздегі патшалық реформалар бойынша енгізілген экономикалық аспектілер.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

ОЖСӨЖ мазмұны: ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақтардың шаруашылығы, кәсібі және қолөнері.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.

СОЖ мазмұны: Қазақстандағы ХІХ ғ. 60-90-шы реформалар. Дала ережесі.

Әдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2 том. –Алматы, Атамұра, 1996. -544 б.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.028 сек.)