АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 6 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Қазақстан жеріндегі басқа да көшпелі мелекеттер сияқты, Ноғай Ордасының шекарасы тұрақты болмай, сыртқы жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. XV ғасырдын екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан өтіп, «Көшпелі өзбектердің» өріс-қонысын басып ала бастайды. Бұл кезде Сырдария қалалары мен Орта Азияға шапқыншылық жасаудан қолы тимеген Әбілхайыр хан ноғайларға қарсылық көрсете алмады. Нәтижесінде ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Батыс Сібірге дейін жеткен, ал оңтүстік шығыста олар кейде Сырдария бойындағы Арал теңізі жағасында кешіп жүрген. Ноғай ру-тайпаларының билеушілері Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы мырза және басқалары Әбілқайыр ханға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға көмектескен. Кейбір кезде ноғайлдар казақ хандығымен соғысса, енді бірде татуласып, олармен одақ құрып отырған.

ХІУ-ХҮ ғасырларда Ноғай Ордасында ерте феодалдық қатынастар калыптасқан. Әлеуметтік бай-феодал топтардың қатарында хандар мең мырзалар, сұлтандар мен билер, бектер болды. Олар Орда құрамындағы ұлыстарды, ру-тайпаларды басқарды. Барлық байлық, экономикалық маңызды мәселелер далалық ноғай аксүйектерінің қолдарына жинақталды. Мұндағы жер-су, жайылым жерлер сөз жүзінде рулық қауымдастықтың меншігі болып есептелгенімен, шын мәнінде қоныстар, мал өрістері, аң аулайтын жерлер бай топтардың иелігінде болды.

Ноғай Ордасында өкімет пен елді баскару ісі саяси ұйымдастырудың ұлыстық жүйесі негізінде қалыптасты. Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар мен сұлтандарға Ордадағы екімет билігі, соның ішінде әскери, елшілік, әкімшілік т. б. билік түрлері мұра ретінде көшіп отырған. Орда бірнеше ұлыстарға бөлінген. Ұлыстың қарапайым қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен, бай-ақсүйектермен бірге көшіп-конып отырған. Олар алым салық төлеп отыруға, соғыстар мен жорықтар кезінде мінетін атымен, қару-жарағын асынып келуге міндетті болды.

XVI ғасырда Ноғай Ордасы өздерінің солтүстіктегі көршісі Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық қатынастар және саяси байланыстар орнатады. Мұның өзі Ноғай Ордасы тарихын Еділ бойы мен Сібірдегі, сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі басқа да керші мемлекеттер тарихымен тығыз байланыстырып қарауда үлкен маңызы бар. Ноғайлар тарихы, әсіресе, көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына ерекше жақын келеді. Өйткені Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүрген ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы Ш. Ш. Уәлиханов өзінің шығармаларында әдейі атап көрсеткен. Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атаған.

Ноғай Ордасында да сұлтандар мен ақсүйек-феодалдардың арасында хандық билік үшін талас-тартыс тоқтамай үнемі жүріп жатты. Осы алауыздық оның да түбіне жетті. ХҮ-ші ғасырдың бірінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, оның орнына Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары құрылды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақтардың Кіші жүзінің құрамына кірді.

Әбілхайыр хандығы

(«Көшпелі өзбектер мемлекеті»)

XIIIғасырдың ортасынан бастап Жошы ұлы Орда Ежен негізін қалаған Ақ Орданың батыс жағында Шыңғысханның тағы бір немересінің атымен Шайбан ханының үлесті жері даралана бастайды. Ол Боз орда деп те аталған. Тарихи деректердің көрсетуі бойынша, Шайбан бұл жерлерді Бату ханның батыстағы соғыстарына қатысқаны үшін алса керек. Шайбан ханның Батудан сыйлық ретінде алған үлесіне алғашқы кезде қосшы, найман, бұйрақ, қарлұқ. тайпалары кірген. Шайбани хан Орал бөктеріндегі Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кен байтақ жерлерді жазғы жайлау қылса, Арал жағалауында, Шу, Сарысу, Сырдария бойларының төменгі ағыстарында қыстаған.

Шайбани тұқымдары Алтын Орда тағында ешуақытта билік етпеген жөне олар Батый хан ұрпақтарына үнемі бағынып отырған. Сөйтіп олар Ақ Орда хандары сиякты Алтын Орда тағы үшін жан аямай күреспеді, өздерінің материалдық және адам ресурстарын ысырап етпеді. Шайбанилер Әмір Темір мен оның мұрагерлерінің басқыншылық соғыстарына тойтарыс беруге де аз тартылды. Өйткені Әмір Темірді Шайбан ұрпақтары көшіп жүрген далалық аймақтардан гөрі бірінші кезекте Сырдария бойындағы бекініс-қалалар көбірек қызықтырды.

XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Дегенмен, осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20-жылдарының аяғына карай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпактарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі - Жайықтан және оның батысына карай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке карай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани әулетінің екінші бір тұкымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд-Қожа Тобылда, маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи деректерде бұл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмёнь) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпаладардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.

Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін қамтыды. Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түрік-тенген түрік-Монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шыңбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «Көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығыньщ Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста –Жайыққа шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уакыт ішінде (1428-1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибақ-хан, Береке-сұлтан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді: Бұғай Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғыстары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң басқа хандық сияқты, елдегі үстемтап өкілдерін талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жасау, жаңа елдерді басып- алу, соғыс барысында қолға байлық түсіру, оны аксүйекті феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.

Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқы-Темірдің тұқымдары Махмұд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін екі рет үпте болған шайқаста жеңіске жеттіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілхайыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Турадан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі – Мұстафаханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайырдың бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңызы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хандығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді.
Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сұлтандарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сұлтаннан кейін оның баласы Әлеке сұлтанның иелігіне көшті, Үзгент - маңғыт Уақас би қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қарамағында калды.

Әбілқайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабак қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бұл қалалар мен оның төңірегіндегі алқаптарды қарату Барақ ханның тұқымдары Керей мен Жәнібек сұлтандардың және оларға тәуелді, Сырдария мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ руларының мүдделеріне қайшы келді. Бұл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сұлтаңдары мен оларға қарасты рулар мен тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп кетуіне әкеліп соктырды.

XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпактарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табысты болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен келісімге келуі ықпалын тигізді. 1451 жылы ол Темір ұрпақтарының бірі Әбу-Саидке Самарқандта өкімет билігін алуына көмектесті.

Соғыстар барысында Әбілхайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Бұған Әбілхайырдың өз тұқымдарын, ақсүйектерді колдап, ерекше еркіндік беруі, ал жергілікті ру-тайпалардан шыққан би, бек, сұлтандарды қарасүйек деп оларға өктемдік көрсетуі де өзінің теріс әсерін тигізді. Сондықтан ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілхайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз кыркыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сүлтандарының өз алдына бөлінуге үмтылуы 1456-1457 жылдардағы Өбілхайырдың Үз-Темір-Тайшы баскарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқ-аста күйрей жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы та-лан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшак даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Өбілхайыр Сырдария бойындағы бүрын өзі жаулап алған қалаларына кайта оралды. Осы жерден Өбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыкка кетіп бара жатк-анда кенеттен кайтыс болды.

Сонымен ішкі жөне сырткы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпактары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. ІХ ғ. Қалалардың экономикалық маңызы.

2. ХІІІ ғ. Қалалардың саудадағы маңызы.

№ 5Дәріс

Тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы қалалар мен қалалық қоныстар және сауда қатынастары.

Дәрістің мазмұны:

Қазақ хандығының пайда болу тарихы ХҮ ғ. ІІ ж. басталды. Ол Қазақстан жерінде ХІҮ-ХҮ ғғ. болып өткен әлуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің заңды қорытындысы. Өзбек ұлысында тұрған қазақ халқының ХҮ ғ. 50 ж.соңынан 60 ж. аяғына дейін Жетісуға ауа көшуі әдеттегі көшу емес еді. Мұның өзі еңбекшілердің фоедалдық езгіге, көбейе түскен салықтар мен міндеткерліктерге, феодалдық тартыстар мен соғыстың шексіз ауыртпалығына деген қарсылығы еді. Әбілқайырмен жауласқан Ақ Орда хандары әулетінің билігін қалыпына келтіру үшін шайбанилықтарға қарсы күресіп жүрген Жәнібек пен Керей сұлтандар халық бұқарасының наразылығын пайдаланды. Өздерінің таптық мақсатын кқздеп, билік үшін күресе отырып, олар сонымен қатар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне және Қазақ хандығының құрылуына себептесті. Сөйтіп 1465-1466 жж. Шу мен Талас аралығында Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығы жөнінде негізгі дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-ир-Рашиди» еңбегі. Алғашқы қазақ хандары хандықтың аумағын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті Қыпшақтың қырларындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясат жүргізді. Қазақ халқы мемлекетінің негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандар қазақ тайпаларын біріктіруге көп күш жұмсады. ХҮ ғасырдың соңғы ширегінде Жетісудың тайпалары мен руларын Қазақ хандығына біртіндеп қосу процесі одан әрі жалғасты. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың өмірінде бір хандықтар тарап, екінші хандықтар құрылып, шексіз өзгерістер болып жатқанына қарамастан, халық ертеден келе жаткан ата кәсібі - мал шаруашылығымен дәйекті шұғылданған. Оның отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі түрлері болды. Отырықшы мал шаруашылығы оңтүстікте, Сыр бойының күнгей беттерінде күшті дамыды. Маңғыстау, Арал аймақтарын мекендеген ел бүкіл жыл бойы жайылымнан жайылымға үздіксіз көшіп жүрген. Мал шаруашылығының кең тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан шаруалар ішінара егін егіп, малдың қысқы азығын дайындауды әдетке айналдырды. Олардың қыстауға арналған тұрақты орындары болды. Көп жерлерде кой мен жылкы өсіру басты орын алса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы отырықшылық жерлерде табындап мүйізді ірі қара өсірілді. Малдан түсетін өнімдер көшпелілердің киім мен тұрмыс заттарына сұранымын қанағаттандырып отырды. Кейбір жекелеген кол өнер шеберлері аса күрделі бұйымдарды аттың ер-тоқымының металл әшекейлерін, қару-жарақ: семсер, сүңгі, садақ, оқ, арба және т. б. келістіріп жасады.

Қазақстан саяси орталығының елдің оңтүстігіне ауысуы егіншіліктің дамуына жол ашқанын айту керек. Бүл жерлерде ел билеушілер егіншілік ошақтарын калпына келтіруге күш салды. Егіншілік, әсіресе қала маңдарында катты дамыды. XIV ғасырда Сырдарияның орта ағысындағы егіншіліктің күшті дамыған жері - Сығанақ каласы. Қала тұрғындары суармалы учаскелерде бау-бақша мен көкөніс өсірді, дәнді дақылдар егілетін суармалы және төлімі жерлер олардан алысырақ орналастырылды.

Егіншіліктің екінші бір орталығы — Ясы каласының маңы. Бұл араның тұрғындары астық және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерімен тек өз мұқтаждыктарын қамтамасыз етіп коймай, сонымен қатар астықты базарға шығарып отырды. Егіншіліктің ірі ошақтары Отырар, Сауран және Сайрам, сондай-ақ Тараз, Сауыр, Қорған, Аспара қалаларының маңында көптеген егін шаруашылығы дақылдары өсірілді. Іле алкабында дәнді дақылдар, атап айтканда, бидай мен арпа өсірілгені туралы деректер бар.

ХІҮ-ХҮ ғасырларда өндіргіш күштердің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде ескі қалалардың қалпына келтіріліп, жаңа қалалардың пайда болуына, мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Оңтүстіктегі ірі калалардың бірі - Тараз, елдің экономикалық мәдени тұрмыс тіршілігіне елеулі ықпал жасады. Онда күмістен теңге құйылып, әшекейлі бұйымдар өрнектелген ыдыс-аяқтар жасалды. Оңың төңірегінде бірнеше әдемі мазарлар бой көтерді. Сырдария мен Арыс алқабында жиырмадан астам қала болған. Сырдың, сол жағасында Асанас, Үзкент, Аққорған, Сүткент сияқты қалалар бой көтерді. Ақ Орданың астанасы Сығанақ ірі сауда-егіншілік орталығы және мықты бекінісі бар қамал ретінде көзге түсті. Түркістан, Батыс Моғолстан және Темір ұрпактары мемлекетінің тоғысқан жеріндегі Сайрам қаласы ірі сауда, қолөнер орталығына айналды.

XIV ғасырда қалпына келтірілген Отырарда көптеген жаңа үйлер салынып, алтын, күмістен ақша кұятын сарай жұмыс істей бастады. Батыс Қазақстандағы ірі қалалардың бірі — кейін Жайық казак-орыстары талқандап кеткен, Жайықтың Каспийге құяр жеріңдегі Сарайшық қаласы. Бұл өңірде қала типтес салынған мекендер аз болған жоқ.

Осы тұста жаңа архитектуралық стильдің қалыптасуы, құрылыста жаңа әшекей өрнектер түрлерінің, каптама материалдарының пайда болуы көптеген қалаларда көрнекті ғимараттардың бой көтеруіне мүмкіндік берді. Солардың бірі - Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің мазары. Отырар, Тараз, Сауран, Жент жөне басқа қалаларда салынған медіресе, мешіттер Сығанақ маңындағы Шайбани тегінен шыққан дала хандарының әшекейлі мазарлары өздерінің қайталанбас бітімімен көз тартатын құрылыстар.

Орталық Қазақстанда Сарысу, Кеңгір, Торғай өзендерінің алқаптары мен Бетпақ даладағы ХІҮ-ХҮ ғасырларда өзіндік ерекшеліктері бар Алашахан; Жошы хан, Болған-ана мазарлары да, өздерінің көркемдік стилімен ерекшеленеді. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстанда сауда-саттық кеңінен дамыды, Мұнда Орта Азиядан Жетісу арқылы Алтайға және Монғолияға баратын сауда жолы маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, Еуропа елдері мен Византия, Қырым арқылы өтіп, одан әрі Таңға (Донның төменгі ағысы), Еділ бойындағы Сарайға, Әмудариядағы Үргенішке, Қызылқұм арқылы Отырар мен Сайрамға баратын, сол жерде ежелгі «Жібек жолына» келіп; қосылатын сауда жолы да, экономикалық қарым-қатынас пен сауда-саттықтың өркендеуіне зор әсерін тигізді.

Бұл кезде Орта Азия мен Хорезмнің, Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Жетісудың негізгі мәдени ошақтарында рухани өмір жандана түсті. Моңғолдар жаулап алған өлкелерде моңғол тілі үстемдік ала алмай, Жошы мен Шағатайдың ұлыстарында, хан жарлықтары көбінесе түрік тілінде жазылды. Мұнда араб және парсы тілдерімен қатар түрік тілі әдеби және ғылыми шығармалар тілі болды. Қазақстан жерінде қоныстанған моңғолдардың тез арада түріктеніп кетуі, мұнда түркі тілдес халықтың басым болғандығын көрсетеді. Жалпы алғанда, XIV ғасырдың аяғына қарай Қазақстан мен Орта Азияны алып жатқан ұлы құрлықта татар, қырым татары, әзірбайжан, ескі өзбек (шағатай), қазақ, түрікмен тілі жөне түрік әдеби тілдерінің негізі қалыптасты. Моңғолдар Дешті Қыпшақтың негізгі халқымен сіңісіп кеткеннен кейін түрік тілі, дәлірек айтқанда, қыпшақ тілі Алтын Орданың әдеби тіліне айналды. Алтың Орданың ыдырау дәуірінде қыпшақтардың тіл ортақтығына байланысты Қыпшақ-ноғай кіші тобы қалыптасып, одаң соң ол ХІҮ-ХҮ ғарырларда қазақ және ноғай тілдеріне бөлінді. Бұл уакытта осы аймақта түрік тілдерінде араб алфавиті барған санын тез таралды.

ХІП-ХІҮ ғасырларда Алтын Орда да (Дешті Қыпшақта), Мамлюктік Египетте қыпшақ тілінде көптеген шығармалар туды. Дшщті Қыпшақ тілінде жазылып, ертеден бізге жеткен мұра 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Өзінің сипаты жағынан алғанда бұл глоссарий қыпшақ (күман) тілі ескерткіштерінің бірі - «Кодекс куманикуста»(ХІІІ ғасырдың аяғы - XIV ғасырдың басы) тіліне жақын. Біздің заманымызға дейін жеткен қыпшақ-орыс сөздігінің үзінділері де сол кезеңге қатысты. XIII-XIV ғасырларда түрік тілінде жазылған, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан белгілі жазба ескерткіштер де жоқ емес. Мәселен, XIII ғасырдың басында Мұхаммед ибн Қайс түрік тілі туралы грамматикалық шығарма жазды(«Үлкен кітаб»). Ғалым Хусам ад-дин Хамиди әл-Асими Бар-шанлығидың есімі әйгілі болды. Ол өз шығармаларын үш тілде (араб, түрік, парсы) жазды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)