АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 8 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Тақырыбы:Қазақстанның XVII ғасырдағы экономикасы

Дәрістің мазмұны: Жоңғар хандығы (1635-1758) – Жоңғарияда XVII ғасырдың 30 жылдары қалыптасып, 1758 жылға дейiн өмiр сүрген феодалдық мемлекет. Шыңғысханның феодал империясы тұсында ойраттар империя әскерiнiң сол қанатына жатты (Зюнғар) – осыдан Жоңғария, жоңғарлар атауы шыққан). XV ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдай ойрат феодалдарының күшiн бiрiктiрдi, бытырыңқылығын жоюды, олардың iшкi және сыртқы мүдделерiн қорғай алатын бiртұтас феодалдық күштi мемлекет құруды қажет еттi. Осындай жағдайда Шорас князьдығының билеушiсi Хара-Хула ойраттардың иелiктерiн бiрiктiруге күш салды. Оның бұл әрекетi баласы Батыр қонтайшы билiк құрған кездiң (1635-1660) бiртұтас Жоңғар мемлекетiн құрумен аяқталады. Ол билiк жүргiзген тұста феодалдық тәртiп нығайды. Жоңғар хандығы Ресеймен бейбiт сауда жүргiзгенiмен, оның нығайып күшеюi Жоңғар хандығының кейбiр мемлекеттермен бәсекелесуiне әкеп соқтырды. Патшалық Ресейдiң, Циньдiк Қытайдың эскпансионизмi Жоңғар хандығын Қазақ хандықтарымен күрес жүргiзуiне итермеледi, сонымен бiрге Қазақстанның оңтүстiгiндегi сауда-қолөнер орталықтары жоңғар қонтайшыларының назарын аудармай қойған жоқ. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсiресе XVIII ғасырдың басында күшейе түстi. Сөйтiп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлерi Қазақ хандығының жерiне басып кiрдi. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күштi тойтарыс бердi. Жоңғар әскерлерi 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бiрақ олар қазақ жерiнен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бiтiмi шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бұрын-соңды болмаған қайғы-қасiрет әкелдi.

Қазақ хандығына ең күшті қауіп төндірген жоңғардың феодалдық хандығы еді. Қазақ және Жоңғар билеушілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізі жайылымдар үшін талас болатын. Ондай шайқастардың бірі Орбұлақ ұрысында қазақтар жеңіске жетеді. Бірақ жоңғарлар қазақ жерін басып алу жоспарынан бас тартқан жоқ еді. Қазақ хандығының саяси бытыраңқылығын пайдаланған және алдағы соғысқа мұқият әзірленген жоңғар билеушілері 1723 жылы әскерлерін қазақ жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызекі аңыздарында «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деп аталатын сұрапыл алапаттың басталған кезі деп есте қалған Жоңғар басқыншылығының тегеурінінен Ұлы және Орта жүздің кейбір рулары Сырдариядан өтіп, Ходжентке қарай ауа көшеді. Орта жүздің көпшілігі Самарқандқа қарай кетті, ал Кіші жүздің рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұқарға беттеді. Тәуке хан 1687-1688 жж. Бұхара ханы Сұбхан-Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген, тіпті қаланы алуға әрекеттенген. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. XVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның тұсында жоңғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсыды. Өйткені бұл кезде қазақ, қырғыз, оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Дегенмен, жоңғарлардың тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай, жалғасып тұрды. Олардың 1680 жылы Онтүстік Қазақстанға шабуылы кезінде тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Өйткені мұнда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігін күйзелтті, маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бұқара халықтың шаруашылығына үлкен зардаптарын тигізді.

Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тыйып, үш жүздің үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мыңдай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.

Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен қазақ коғамындағы әдеттегі құқық. өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетінің саяси-құқық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа шақырды. Тәуке хан өз төңірегіне Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Бұл оның халыкка кең тараған «Жеті жарғысымен» байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен катар көшпелі қазақ халкының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл заңдарда сондай-ақ феодалдық меншікті қорғауға жөне меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілген.

«Жеті жарғы» көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны:

- қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға - 1000 кой, әйелге - 500);

- ұрлық, қарақшылык, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

- денеге зақым келтірсе, оған сәйкес күн төленеді (бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 кой);

- егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, күн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артык төленеді;

- егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;

- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

- өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;

- егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін - бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 100 түйе - 300 атқа немесе 1000 қойға тең);

- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;

- егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұстаса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс,
- әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

- біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып кашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне калың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

- қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

- құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

- кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;

- құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;

- ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі кара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып анасының билігіне беріледі;

- ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

 

- ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

- өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

- барымтадан қайтқан мал төлемімен кайтарылуы тиіс;

- дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

- куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

- билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;

- егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;

- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;

- егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал мүлкі әкесіне тиесілі.

Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген. Халық жиналысына бірде-бір қазақтың қару-жарақсыз келмеуі және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай-ақ қару ұстап жүре алатын кез-келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал-мүлкінің 20-дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болған.

Тәуке ханның «Жеті жарғысының» әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салыктар, діни көзқарастар, жер дауы, күн дауы туралы ережелер енгізіліп, ол қазак коғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ коғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.

 

Дәрістің мазмұны: ҮІ – ІХ ғғ. қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қол өнеркәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Оңтүстіктегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды. Византия, Иран, Кавказбен, Шығыс Түркістан елдерімен сауда және мәдени байланыс жасауда Сығанақ, Қойлық сияқты қалаларөте зор рөл атқарды.Түркілердің діни наным сенімдері. Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Оның ішінде Көк (Тәңір) негізі болды. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің бұйрығыменбилік етеді деп түсіндірілген. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады. Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ, Алтайда сақталған қасиетті тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызға ие болды. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды, ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың көңілін жұмсартқан. Бұл барлық сенім, нанымдар ежелгі түркі тайпалары үшін ортақ болды. Мұны орта ғасырдағы араб және парсы шығармаларында кездесетін түркілердің нанымдарына берілген үзік-үзік сипаттамалар дәлелдейді. XVII ғ. аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. Олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлекеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдык институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «Ұлы хан» болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан етуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.

Сыртынан қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердің басшысы және жоғарғы төре саналды. Ол сұлтандарға тәуелсіз, әрбір сұлтан оған тәуелдікте болды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Ханның жанында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешен-жыраулардың кеңесі құрылды. Олар маңызды саяси, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешті.

Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты әскер болған жоқ. Оған әрбір азамат-жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер және батырлар басқарды. Оның шығынын халық көтерді.

Хандар кезезіндегі қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан - ақсүйектер мен қара сүйектерден тұрды. Олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана аксүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің бөрі қарасүйек деп саналды. Қоғамның текті-топтык белгілері бойынша бөлінуі мен осы белгілерімен құқықтарын айыру арқылы біріктіру принціпі дәйекті түрде сақталды.

Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың мүліктік жағдайына қарай бай-кедей деп бөлу орын алды. Қоғамның материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін құраган қазақ шаруалары еді. Шаруалардың экономикалық жардайы бірдей болған жок, сондықтан бай-феодалға тәуелділік дәрежесі де әр түрлі болды. Олардың біраз бөлігі экономикалық жағынан азды-көпті қамтамасыз етілген жай шаруа еді. Халықтың көпшілік бөлігін кедей шаруалар құрады. Кедейлердің біразы көшпелі өмір құруға мүмкіндіктері болмағандықтан отырықшы тұрмысқа ауысты. Олар жатақтар деп аталды. Ішінара құлдар да кездесті. Олар жат жұртпен қиян-кескі соғыста қолға түскен тұтқындар есебінен ұсталды.

Феодалдық қанау көптеген салық салуды әдетке енгізді. Олардың негізгілері: малшылардан - зекет, соғым, сыбаға, сыйлық, егіншілер мен қолөнершілерден - ұшыр, тағар, баж және хараж алынды. Бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс істеуге және борышын еңбекпен өтеуге тиісті болды. Осындай әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан шаруалардың көбі, әсіресе, ең кедей бөліктері феодалдарға кіріптар болып, бай туыстарының «көмегіне» сүйенуге мәжбүрлікке түсті.

Қазақтың хандық мемлекетінің қажетіне керекті шығындар халықтан жиналатын феодалдық салықтардан ба сқа, соғыстан түсетін олжадан, сот алымынан және «ықтиярлы» қайырымдылық қорынан құралып отырды. Әрине, негізгі ауыртпалық еңбекші бұқараның мойнына түсті.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің көпшілігі оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Әсіресе, ол көшпелі жөне жартылай көшпелі мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал, экономикалық жағынан неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстік аудандарында феодалдық қарым-қатынастардың көбірек қанат жайғандығы атап көрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттігі екі әлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделді. Моңғол үстемдігі кезінде қала мәдениеті кері кетіп, егіншіліктің құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының артуы патриархалдық қоғамдық қатынастарға қарай ойысуына әсерін тигізді.

Қазақтың далалық аудандарында жерді пайдаланудың қоғамдық түрі үстемдік етті. Жайылымдарды пайдалану құқына көшпелі рулар мен қауымдардың барлық мүшелері ие деп саналды. Бірақ соның өзінде ру-тайпа ақсүйектері мен қатардары көшпенділердің арасында жерді, жайылымды пайдалануға іс жүзінде тепе-тең құқығы болмады. Ақсүйек феодалдардың қоныстарға иелік ету, өзінің отарлары мен жылқы үйірлері жөне өз жақын-жұрағаттары үшін жақсы жайылымдарды, аңшылық құратын жақсы өңірлерді пайдаланатын артыкшылығы болды. Жалпы алғанда, мал жеке адамның және отбасының меншігіне тиді. Өз малдарын өсірумен жоғарғы аксүйектер тобы да, тайпалар мен рулардың көсемдері де және рудың қатардағы мүшелері де шұғылданды. Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болып саналды. Малдың басым көпшілігі байлардың қолында жинақталды, олар мыңғыраған малды бағатын жайылымдарға іс жүзінде өздерінің билеп-төстеу құқығын жүргізді.

Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушысы хандар болатын. Олар тек Шыңғыс хан ұрпақтарынан шыққан, өздерінің сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді. Демек, көшпелі халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берілетін жерлер билеуші әулеттің меншігі болып саналды, олардың бұған құқы заңмен бекітілді және салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен қуатталды. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал (хандардың туыстарына немесе көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілген жерлер), ықта (хандардың туысқандары мен жақындарына тарту етілген жерлерден өз пайдасына салық жинау құқығының берілуі), милық (әскери қызметі үшін сыйға алған жерлердің уакыт ете келе ірі феодалдық таза жер иелігіне айналуы), бақып (ислам діни иеліктеріне қарасты жерлер) сияқты және басқа түрлері кеңінен орын алды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден, саудагерлерден өз пайдасына салықтар жинады.

Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ-ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, ожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар коғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа-қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына - шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары, т. б. кірді. Соғыс кездерінде өзінің жауынгерлік ерліктерімен даңққа беленген қатардағы сарбаздар әлеуметтік баспалдағымен жоғары жылжып, батырлар тобынан орын алды. Батырлар қазақ қоғамының әлеуметтік тәртібінде маңызды рөл атқарды. Олардың едәуір бөлігі өзінің шыққан тегі және мүлік жағдайымен ауқатты әскери-көшпелі ақсүйектер қатарына жатты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Соңғы ортағасырлардағы оңтүстік қалалары.
  2. Соңғы ортағасырлардағы сауда орталығы болған қалаларды ата.

№ 8 Дәріс

Тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан аумағы, халық тұрмысы мен шаруашылығы

Дәрістің мазмұны:

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас тымерте ақ мұнан бес жүз жылдай бұрын басталған. Ресей қазақ халқынан мал, малдың терісін, жүнін т.б. өнімдерін алса, керісінше қазақ елі Ресейден өнеркәсіп өнімдерін: қазан, самаурын, ыдыс-аяқ сияқты заттар алады. Орыс саудагерлері қазақ даласы арқылы Қажы Тарханға, Сарытауға, Самараға, Қазанға келіп, сауда-саттық жасайды. Ресей Орта Азиямен, Шығыс елдерімен сауда жасады. Оның сауда керуендері құрлықпен қазақ даласы арқылы өтетін.

Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланысьардың болмауы, қазақ федолдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты: Солтүстік-батыстан- башқұрттар; Солтүстіктен – Сібір қазақтары; Оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтар; Шығыстан – Жоғария; Оңтүстік-Шығыстан – Қытай. XVIII ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең. 1740 жыл – Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті. 1741-1742 жылдар – қоңтайшы Галдан Цэрен Орта жүз ьен Кіші жүзге екінші «ақтабан шұбырынды» жорықтарын жасады. 1742 жыл – Абылай сұлтан жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы қиыншылықпен босады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.)