|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жеке тапсырмалар 7 страница
Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды.Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есен-Бұғаның билігіне мойынсұнбады. Сондықтан, ХV ғасырдың 40-50-жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. ХV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының территориясы: батыс Жетісу, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аймағы. Сырдария, Солтүстік Аралдың төменгі ағыстары, Орталық Қазақстанның көп бөлігі. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Оның шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік батыста Сырдарияның оң жағалауына дейін жетіп, Сыр бойындағы қалаларды қосып алды. Солтүстіктее Қасым ханға бағынышты қазақтар жайлаулары Ұлытау мен Балқаштан әрі асып кетті. Қасым ханнан кейін ыдырай бастаған Қазақ мемлекетін қалпына келтірген Ақназар хан.Сыртқы қауіпке тойтарыс беру, ел ішіндегі алауыздықты бәсеңдету мал және егін шаруашылығының, сауданың дамуына жағдай жасады. Орыс мемлекетімен, Орта Азия халықтарымен байланыс, әсіресе сауда қатынасы жақсара түсті. Сауран, Түркістан қалаларын өзіне қаратты. Әз Тәуке шығысында жоңғарлардан төнген қауіптің алдын алу ұшін батысындағы Ресей патшалығымен сауда-саттық қатынасын, елшілік байланыстарды жолға қойды. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтік-экономикалық жөне этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалык қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бұқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Сөйтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісудың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам кешіп келді. Бүл кезде Жетісуды билеп отырған Моғолстан ханы Есенбұғы (1434-1462) қазақтардың мұнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбұғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сырткы саясатында, атап айтканда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан күшейіп келе жаткан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі феодалдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату үшін пайдалануды көздеді. Ал қазақтардын Жетісу жеріне қоныс аударуының басты бір себебі, Әбілхайырдың кол астында қанаушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандардың жаңа қалыптасып келе жаткан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның төуелсіз саяси жөне экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен кызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардың халық қолданған дербес мемлекет құру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бұл арада тұңғыш қазақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сұлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кесіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандардың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының тұңгыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы, әрине, табиғи құбылыс. Бұл кезде жаңадан құрылған Қазақ хандығының алдында тарихи уш үлкен міндет тұрды. Біріншіден, жаңа қоныстанған аймақта бұрыннан Дешті-Қыпшак даласында қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпына келтіру. Екіншіден, «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан ірі қолөнер-сауда орталықтары - Сығанақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т. б. қалаларды қазақ хандығына қарату. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталықка біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./- одан кейін казақ ханы болып Жәнібек сайланды /1473-1480 жж./. Бұлардың тұсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бұғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтыкты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-куатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін кайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бұдан 12 жыл бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бұл күрестің барысында Әбілкайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды өзіне косып алды. Қазақ хандығының жері едөуір кеңейді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж. Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
№6 Дәріс Тақырыбы: Қазақ хандығының ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы экономикалық дамуы. Дәрістің мазмұны: Қазақ хандығы ең жоғарғы қуаттылығына XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан тұсында жетті. Территориясы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі. Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосу. Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы «қасым ханның қасқа жолын» шығарды. Қасым билігінің соңғы кезендері тыныштық заман болды. Ол халыққа хан билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтай білді. Сауда дамып, Сауран қаласы сауда орталығына айналды. Қазақ халқы негізінен мал өсірумен айналысты. Төрт түлік малдың ішінен әсіресе, қой, жылқы, түйе көбірек өсірілді. Күнделікті тұмыста қойдың маңызы зор болды. Оның еті тамақтың негізгі түрі ретінде саналды. Жылқы да өте пайдалы мал болды. Оның әрі көлік әрі тамақтық маңызы бар еді. Жылқы етінен неше түрлі тамақ дайындалынды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан түйе күш-көлік ретінде кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар оның сүтінен аса бағалы сусын – шұбат ашытылды. Ол кездегі халық егін егумен де айналысты. Әсіресе ол оңтүстікте өрістеді. Көбіне тары, сонымен қатар бидай, арпа, жүгері де егілді. Егін егу әсіресе Сырдария, Талас, Шу, Іле, ЕРТІС ӨЗЕНДЕРІНІҢ АЛҚАПТАРЫНДА КЕҢІРЕК ЕТЕК АЛДЫ. Оңтүстік Қазақстанда бау-бақша өсірілді. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір үлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым (туған жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Қасым ханның тұсында /1511-1523 жж. билік құрған/ қазақ хандығының саяси жөне экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ карады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда жөне елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі - ұлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еурлпаға мәлім болды. Қасым хан алғашқы қазақ заңы - «Қасқа жолды» жарыққа шығарады. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым ханның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бұл заңға кірген ережелер: 1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері). 2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза). 3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат). 4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік). 5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бәкеуіл, тұтқауылдардың міндеті.) «Қасым ханның қасқа жолының» қазақ феодалдық қоғамын нығайтуда үлкен маңызы болды. XVI ғасырдың 60 – 70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап, қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда – саттық қарым – қатынасы, экономикалық байланысы өрістеді. XVI ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Тәуекел ханның тұсында (1582-1598ж.) қазақ хандығы саяси жағынан Хақназар кезіндегідей өрлеу үстінде болды. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына жол ашу ісіндегі Хақназар ханның саясатын жалғастырды. 1583жылы Сырдариядағы Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Ташкентті басып алды. 1598 жылы Самарқан мен Бұхараға жорық жасау кезнде жараланып қайтыс болды. Тәуекел хан туралы: «Тарихи – и – Кипчаки» (Қыпшақ тарихы) атты еңбектің авторы былай дейді: «Қазақ Тәуекел Әлді – Момын ханды өлтіріп, Пір – Мұхаммед ханның билік құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшін (жолға) шықты.» Ол (әуелі) Ташкентті қаратты, содан соң Самарқанды басып алды (және Бұхараға қарай) бет бұрды. Пір – Мұхаммед хан ашық шайқасқа шығу мүмкін еместеп тауып, қамалға бекінді. Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан (және оның әскері) Бұхара маңын тонады. Күн шығып, батқанға дейінгі уақыт аралығында екі жақтың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды. Ақыр – аяғында қазақтар жеңліс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегінді. Бауыры Есім ханмен одақтасып, Пір – Мұхаммед ханмен шайқасуға әзірленді. Кескілескен шайқас нәтежесінде Тәуекел ауыр жараланды. Сол жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге аттанды. Қазақ халқының тарихында жүздердің пайда болуы ерекше орын алады. Қазақ жүздерінің құрылуы – тарихи процесс. Ол қазақ халқының этникалық мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлар әрекетінің нәтижесінде Қазақстан жерінде үш этникалық-аймақтық бірлестіктер – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қалыптасты. Ұлы жүздің негізгі аумағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймағы. Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің тармақтары мен Орталық Қазақстанның даласындағы жазғы жайлау Орта жүз қалыптасқан екінші ірі этногенез орталығы болды. Ал Батыс Қазақстандағынегізгі маусымдық жайылымдар мен көші-қону жолдары, Сыр мен Жайықтың төменгі сағаларында, Ырғыз бен Торғайдың тоғысқан аудандары және Мұғаджар тауларында Кіші жүз қалыптасты. XVI ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж) үлкен үлес қосты. Ол таққа отырған соң, хандық билігін нығайтуға күш салды. 1523-1524 жылдары құрылған қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Әбд-ар Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізді. Сөйтіп, Шығыстағы жөне Жетісудың оңтүстігіндегі қазақ жерлерін басып алушылықтан сақтап калды. Ақназар батыста Ноғай Ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасындағы қырқысты пайдалануды тырысты. Бұл қырқыстар Ноғай Ордасын құлдыратып, 1569 жылы оның ыдырауына алып келді. Осының нәтижесінде оған қарасты бірқатар көшпелі тайпалар-қаңлылар, қыпшақтар, алшындар т. б. Қазақ хандығына келіп қосылды. Ақназар хан Ноғай Ордасының ыдырауын пайдаланып, Жайық жағалауындағы көшпелі ру-тайпаларды Қазақ хандығына косып алумен ғана тынбады. Шығай, Жалым сұлтандармен бірігіп, Ноғай Ордасы жеріне әскери шабуылдар ұйымдастырды. Ноғай мырзаларын Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон далаларына көшуге мәжбүр етті. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш куаты мен беделін арттырды. Хандықтың өз ішіндегі тартыстың бәсеңдеуі, ішкі саяси биліктің нығаюы, мал және егін шаруашылығының, сауда қатынастарының дамуына көмектесті. Солтүстіктегі шекаралас Ресеймен саяси жөне экономикалық байланыстар барған сайын ұлғайды. Ноғай Ордасы жерінің бір бөлігін басып алған Ресей мемлекетімен тікелей көрші болу, Сібір және Моғол билеушілерімен қарама-қарсылық Ақназардың Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертуге мәжбүр етті. Ол бұрын үнемі жауласып келген Мәуеренахрдағы Шайбани әулетімен одақ жасауға ұмтылды. Сөйтіп, Бұхара ханы Абдолламен дос болып, өзара көмектесу туралы шарт жасасты. Осының нәтижесінде екі хандықтың арасындағы бұрын болып келген соғыс кимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Бұл кезде Бұхара ханы Абдолла мен Ташкенттің ұлыстық билеушісі Наурыз Ахмет ханның баласы Баба сұлтанның арасында талас-тартыс күшейген болатын. Өйткені Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет жасады. Акназар Мәуеренахр билеушілерінің өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, кейде Баба сұлтанды қолдап отырды. 1579 жылы Қазақ хандығы Абдолланы қолдау арқылы Сырдария бойындағы бірсыпыра қалаларды өзіне қайтарып алды. Осыдан кейін Ақназар Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен келіссөз жүргізіп, Қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын бергені үшін оны қолдап шықты. Бірақ қазақтардың Баба сұлтанмен одағы баянды болмады. Олар қайтадан Абдолла жағына шығуды көздеп, Баба сұлтанды өлтіруге әрекет жасайды. Мұны біліп койған Баба сұлтан өзіне келіссөз жасауға келген қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Ақназар ханның екі баласын өлтіреді. Көп кешікпей оның астыртын жіберген адамы 1580 жылы Ақназар ханды да у беріп өлтірді. Ақназардың мұрагері - Жәдіктің баласы, Жәнібек ханның немересі қартайып қалған Шығай (1580-1582 жж.) хан болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 жылдары хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде, Бұхар ханы Абдолламен одақ құрды. Бұл үшін Абдолла Шығайға Ходжент қаласын сыйға тартты. 1581 жылдың жазында Абдолла хан Баба сұлтанды Ташкенттен қуып жіберді. Баба сұлтан жасақтарымен Түркістан қалаларын - Аркөкті, Ясыны (Түркістан), Сайрамды, Созақты басып алды. 1582 жылы Абдолла Шығай хан әскерлерімен бірігіп, Баба сұлтанга қарсыжорыққа аттанады. Соғыста Баба сұлтан жеңіліп Дешті-Қыпшақ даласына қашты. Абдолла мен Шығай ханның әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды да, қазақ хандығының билігі енді Тәуекелге көшті. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күрес жүргізді. 1598 жылы науырызда Абдолла ханның қайтыс болғанын пайдаланып, 100 мыңнан астам қазақ әскерімен Мәуеренахрға шабуыл ұйымдастырды. Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарканд қалаларын басып алды. Бірақ сол жылғы Бұхара түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, қайтыс болды. Осыдан кейін хандыққа Есім сұлтан Шығайұлы (1598-1628 жж.) билік етті. Ол 1598 жылы Бұхарамен бітім шартын жасасты. Шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкентті Қазақ хандығына бекітіп берді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар және Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсендеді. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға қан, кек алу, қүн телеу, барымта жасау, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу, калың мал төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдык ескі салтқа арқа тіреу және т. б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» - деп атады. Есімханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Атап айтқанда, Қазақ хандығына қараған Ташкент қаласын билеп отырған Жәнібек ханның немересі Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед өз алдына тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Мұның өзі Қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есімхан мен Ташкент қаласының билеушісі Тұрсын хан арасындағы қақтығыстарға алып келді. Күрестің шиеленісуі барысында Есім хан 1527 жылы Тұрсын ханды өлтіріп, Ташкентті өз қол астына біріктірді. Бірак, бір жылдан кейін Есім ханның өзі де қайтыс болды. Оның орнына баласы Жәңгір хан болып сайланды. XVI ғасырда Қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, салалармен коса Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, сондай-ақ, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі. Сібір хандығы Орта Азия, Қазақстанмен саяси жөне сауда байланыстарын жасап отырды. Сауда ерте заманнан бері қалыптасқан керуен жолдары арқылы жүрді. Орта Азиядан қазақ даласы арқылы жібек, мата және жүн мата, елтірі, кептірілген жемістер тиелген керуендер бағалы аң терісіне, «жұмсақ дүниеге» және тағы басқа заттарға айырбастау үшін ағылып келіп жатты. Көшім хан билік жүргізген кезде өзінің қарамағындағы өлкеге ислам дінін таратуға үлес қосты. 1552 жылы Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен тікелей көрші болып шықты. 1581 жылы Ермақтың Сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңіліске ұшырағанымен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 жылы тамызда қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп, 1598 жылы Ресей мемлекетінің құрамына енді. Осыдан кейін орыс патшасы Батыс Сібірді неғұрлым толык игеруге жөне Шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылып, орыс шаруаларының шығысқа қоныс аударуын, бекіністер салуды құптап отырды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж. Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 1. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы. Экономикасы 2.Қасым ханның жүргізген саясаты № 7 Дәріс Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |