АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 11 страница. Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.

Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: патриархалдык, ұсақ тауарлық, капиталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік жөне социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың экономикадағы көлемі әр түрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмары тіпті төмендеді.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылыктар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Солтүстік жөне Батыс Қазақстанның халықтары күшті куаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Актөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азык болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезеңдерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен куаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халык шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.

1921-22 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдарда кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандырудың алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.

Мемлекеттік коорпоративтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлер: жәрмеңкелер, саудагер керуендері пайда болды. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуде Кеңестердің рөлі күшейді. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл түста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Алайда Қазақстандағы кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша «әскери коммунизм» әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылыска қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінін тұнғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.

1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.

1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін, депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу
мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстын жаңа түрлері пайдаланылды.

ҚАКСР Орталык Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында, сондай-ак Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізді. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі ұлттық-мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазак АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді. Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрынғы Жетісу жөне Сырдария облыстарының жерлері Қазак АКСР-іне қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы - 1 млн 468 724 адамға өсіп 5 230 мыңға жетті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Акмешіт) кешті. Қазақ жері мен халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды. Атап айтқанда, өлкенің өндіргіш күштерінің дамуына қолайлы жағдай жасады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан.

2. 20-30 жылдардағы жағдай.

№ 12 Дәріс

Тақырыбы:Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.

Дәрістің мазмұны: Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жан қиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканың соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Снымен қатар неміс фашистері басып алған жерлерден кәсіпорындар көшіп келе бастады. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орындарының жабдықтары әкелінді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылады. 1941жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жену мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.

Соғыстың алғашкы күндерінде-ак Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 жөне 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14, 1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.

Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды. Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес косты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Сонымен катар неміс фашистері басып алған жерлерден кәсіпорындар көшіп келе бастады. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паровоз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркасіп орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.

Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2 300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамкорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.

Республикаға 1,1 млн. астам адам кешіріліп әкелінді. Қазақстан өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы кысылтаяң кездің қиындыктарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сиякты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан соғыс кезінде көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышкылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балкаш, Қарсакпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамак өнеркөсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1.Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеу.

2. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның экономикасы.

№22 Дәріс

Тақырыбы: 1946-1960 жылдардағы экономикалық дамуы

Дәрістің мазмұны: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің әсіресе, бұхара халық көп қолданатын тауар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблеммасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуға тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республика соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды. 1953 жылы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одарының басында 30 жылдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталыңтандыруды босаңсытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы кұқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда, 1951-1955 жж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жж. салыстырғанда 2,3 есе артты. Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бұрынғыдан да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі - 1953-1960 жылдарда 7 еседен аса ұлғайды: 434,9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті.

1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркөсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия мен химия өнеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс, қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері басқада одақтық министрліктер, одақтық-республикалық болып қайта құрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Республикадағы министрліктердің құқықтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсті. Оларды құру кезінде

Қазақстан үкіметі шаруашылықтың ерекшеліктерін, жұмыс көлемін жөне өркендеу келешегін ескеретін болды. Сонымен бірге одақтас республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді шешуге бұрынғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Одақтас республикалардың экономикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі әр республиканың өкілдігі болатын экономикалық комиссия құрды.

Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және мәдени құрылыс істерінде, оның ішінде халыққа білім беру, сауда, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқықтары кеңейтілді. Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісін жоспарлау жөне олардың өнімін бөлу, тұрғын үй салуды ұйымдастыру, каржы-бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді.

Одақтас республикалар құқықтарының кеңеюіне байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметінің белсенділігі артты, оның республикадағы шаруашылық және өлеуметтік-мәдени құрылыска іс жүзінде басшылық етудегі рөлі әжептәуір өсті. Сессияда қаралатын мәселелердің шеңбері кеңейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан экономикасы

2. Соғыстан кейінгі қайта экономиканы көтеру

№13 Дәріс

Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру.

Дәрістің мазмұны: 1954-56 жылдарда одақтық министрліктен республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1954 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі2 еседен артықұлғайды.Түсті металлургия, қара металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс, қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері, басқада одақтық министрліктер, одақтық – республикалық болып қайта құрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Республикадағы министрліктердің құқықтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсті. Оларды құру кезінде Қазақстан үкіметі шаруашылықтың ерекшеліктерін, жұмыс көлемін және өркендеу келешегін ескеретін болды. Сонымен бірге одақтас республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді шешуге бұрынғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Олар республикалардың экономикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі әр республиканың өкілдігі болатын Экономикалық комиссия құрды.

50-ші жылдардың басындабүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктерінің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді-дақылдардыңшығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небары 100-150 млн пұт ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты. 50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта калуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы колайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 млн тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.

Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы кыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі алеуметтік-экономикалық шаралар белгіленді. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы принципін калпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының білікті маман, механизатор кадрлармен нығайту, барлык ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржыны көбейту. ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлауда колхоздлр мси совхоздардың құқықтары мен ынта-ықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және оны сатып алу бағалары қайта қаралып, едәуір көтерілді. Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресе бұрынғы ауыл шаруашылық кызметкерлері, әр түрлі себептермен өнеркәсіпке, транспортқа, құрылысқа жұмыска ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді. 1953 жылдың аяғында өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа да салаларынан 2 536 механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4 905 маман-агрономдар, инженерлер, зоотехниктер, мал дәрігерлері жөне басқалар республиканың МТС-тері мен МЖС-теріне жұмысқа ауысты. Сонымен бірге РСФСР-ден Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер мен техниктер келді. Өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылық техникасын шығаруды ұлғайтты. 1953 жылдың аяғында республиканың 1 096 көсіпорыны мен мекемесі 928 колхозды, 185 МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)