АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 5 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Ордада хандықты өз қолына алады. Бұл кезде, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қалалар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістің нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Барақ хан жауларының қолынан қаза тапты. Ол Ақ Орданың ең еоңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші ұлы Шайбан тұқымынан шыққан Әбілхайыр сұлтанның қолына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ақ Орда жерінің елеулі бөлігін басып алды. Сөйтіп 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде жарыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Тарихи деректерде Ақ Орда елінде ақсүйектер жер иеленушілігінің инджу (хан тұқымына берілетін жерлер), милк (әскери қызметі үшін сыйға берілетін жерлер), соқтұрған (қазақ хандарының туыстарына немесе көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілетін жерлер) сияқты түрлері жөне тархандық сый-тарту белгілі болғаны да айтылады. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп түрған.

Түркі тілдес тайпалар мекендеген Ақ Орданың ресми тілі — қыпшақ тілі, немесе кене қазақ тілі болып саналады. Батыс түрік (VI-VIII ғасырлар), түркеш-қарлық (VIII-X ғасырлар) жөне қимақ-қыпшақ (ХІ-ХІІ ғасырлар) дәуірлерінен бастап қазақ тайпаларының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда кезеңінде үздіксіз жүрді.

Қорытып айтқанда, Ақ Орданың хандары бұқара халықтың қолдауымен Алтын Ордадан тәуелсіздік алып, оны дербес мемлекетке айналдырды. Сырдария бойындағы шаруашылық, мәдениет орталығы болған маңызды қалалар үшін күресте Мәуеренахрдағы Шағатай хандарын жеңді. Әмір Темірдің Ақ Ордаға қарсы жасаған шапқыншылығына тойтарыс беру үшін аянбай күрес жүргізді. Ақ Орданың негізгі халкы монғол шапқьшшылығынан әлдеқайда бұрын қалыптасқан біртұтас этникалық территориясы, бірыңғай шаруашылығы және ортақ мәдениеті бар түркі тілдес ру-тайпалар болды. Кейін олар казақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке - шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай үлысы қоныс еткен Мәуеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. «Моғолстан» тарихи-жағрафиялық термині «монғол» атауынан шыққан. «Моңғол» есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік жөне парсы тілдеріндегі тарихи туындыларда «моғол» деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмірлерінің бірі - Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына көнетін әлі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.

Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекеттің шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті құрылды (орталығы — Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін калаған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашык далалы, орман тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты.

ХІҮ-ХҮ ғасырларда Моғолстан құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жөне Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дұғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалардың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардыңда осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мұнда да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтарда жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірак мал ірі ақсүйек байлардың қолында шоғырлануымен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл тұрғындарынан, егінші мен көшпелі халықтан күпшір, зекет, тағар, баж, карадж және тағы басқа да салықтар жиналды. Бұқара халық әр түрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. міндеттерді атқарды. Мемлекетті баскару ісінде ханға ұлысбек көмектесті. Дәстүр бойынша ол елдегі саны көп, беделді дулат тайпасы өмірлерінен тағайындалған. Сондай-ақ хандар қасында ақсүйектер кеңесі қызмет еткен.

Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам дінін қабылдаған. Сонымен бірге ол өзіне қарасты ел арасында ислам дінін таратуға батыл шаралар қолданған. Мұның өзі Тоғылық Темірдің беделін арттырып, елдегі үстемдігін нығайта түсті. Осыдан кейін ол бұл кезде феодалдық ыдырау жолына түскен Мәуеренахарда Шағатай әулетінің билігін калпына келтірмекші болды. Сөйтіп, бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билікті жүргізуді көксеген Тоғылық Темір Мәуеренахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. 1358 жылы ол астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуеренахр бірнеше тәуелсіз иеліктерге бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Өзінің алғашқы жорығына Тоғылық Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан-наурыз айларында аттанды. Әскерлерімен Ташкентке жақын жерде тоқтап, Тоғылық Темір хан ілгері қарай барлаушы тобын жіберді. Ол Сырдариядан өтіп, Шахри-сябз қаласына қарай жүріп кетті. Тоғылық-Темірдің өзара жауласып жатқан жергілікті әмірлер өзіне қарсылық көрсетпейді деген есебі ақталды. Солардың бірі - Орта Азияның болашақ билеушісі Әмір Темір Тоғылық Темірге бағынатынын білдіріп, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен өзіне басқаруға алды.

Алайда, Моғол әскерлерінің одан әрі ілгерлеуіне Тоғылық-Темір әскербасыларының арасындағы алауыздық кедергі келтірді. Олар әуелі хан ордасына келіп, содан соң бүлік шығарып, Моғолстанға қайтып кетті. Моғол ханы Мәуеренахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін тоқтатуға мәжбүр болды. Моғолстан әміршілерінің бүлігін басқан соң, Тоғылық Темір 1361 жылы көктемде тағы да Мәуеренахрға аттанды. Тоғылық әскерлеріне Мәуеренахрдың әміршілерінің бірі Хожа-Барлас жөнді карсылық көрсете алмай кашқанда Темір оған ілеспеді. Ол Тоғылық Темірге тағы да өзінің бағынышты екенін мойындады, сөйтіп Шахрисяб түменінің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұның өзі оған Барлас тайпасына кесем құқығын берді. Бұл тұста ол 25 жаста еді. Мәуеренахрға екінші рет шабуыл жасап, оны бағындырған Тоғылық өмір оған билеуші етіп баласы Ілияс-қожаны қалдырды. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Осындай тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша - ақсақ) Ақсақ Темір атанды. Ақсақ Темір мен Хұсайын Моғолстан әскерлерін талкандап, Мәуеренахрдағы жергілікті әмірлерді тізе бүктірді.

Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. Темір өз әскерлерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында Батпақты деген жерде қарыс алды. Бүл жерде өткен белгілі «Батпак шайқасында» Өмір Темір жеңіліп қашып құтылды. Шайқас кезінде екі жактан 10 мыңға жуьқ адам қаза тапты.

Осы жеңістен кейін Ілияс Қожа Мәуеренахрдың басты қаласы Самарқандты қоршауға алды. Бірак Самарқанд халқы кескілескен қарсылық көрсетті. Қаланы ұзаққа созылған қоршау Моғол әскерлерін өлсіретті. Әскерлердің мініс аттарының арасында «жамандат» ауруы пайда болып, қырылып калды. Сондыктан Самаркандты алуға мүмкін еместігіне кезі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбур болды. Ілияс Қожа кайтып келген кезде оны Камар-ад-дин бастаған Дулат тайпасының әмірлері өлтіріп, билікті өз қолдарына алды. Сөйтіп, Моғолстанның алғашқы хандары - Тоғылық Темір мен Ілияс Қожаның Шағатай ұрпағы мемлекетін калпына келтіру жолында жасаған әрекеттері феодалдық алауыздық салдарынан сәтсіздікке ұшырады.

Моғолстанда осындай феодалдык бытыраңқалык жайлап жатқанда Мәуеренахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулап алуға кіріседі. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған алғаш жорығы 1371 жылы басталды. Онын жіберген әскерлері Алмалық маңына дейін жетіп, осы өңірдегі Керей тайпасын талан-таражға салып, кері қайтады. 1372 жылы Әмір Темірдің өзі Моғолстанға кайта жорық жасап, Ыстыккөл маңындағы Сегізағашқа дейін барып сансыз тұтқын, сан жетпейтін олжа түсіріп оралады. Осыдан кейін Әмір Темірдің сол кездегі Моғолстанның ең ірі билеушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қарсы 1375-1377жж. аралығында бірнеше жорықтары жүрді.

Жорықтың алғашқысы 1375 жылы Жетісу жеріндегі Шарың өзеңі бойында болып, Моғол әскерлері талқандалды, дулат әмірі Камар-ад-дин Үш турфанға қарай қашты, Оның артынан Темір баласы Жаһангерді әскерімен аттандырды, Ол бұл аймақта Қамар-ад-диннің елін, туғаң-туыстарын тонап, кері кайтты.

1376 жылдың көктемінде Хорезмді жаулап алумен айналысып жатқан Темір Моғолстан Қамар-ад-динге; қарсы 30 мың әскерімен әмір Сасы-Бұға қыпшақты, Әділ-шақты және басқа да әмірлерін аттандырды. Бірақ әмірлер Моғолстанға бармай, Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып бүлік шығарды. Алайда, бүлікшілер Самарқандқа жетпей сәтсіздікке ұшырады. Олардың бір қатары Ақ Орданың билеушісі Ұрысханнан колдау табамыз деген үмітпен Дешті Қыпшаққа қашты. Осыдан кейін әмірлер Моғолстанға Камар-ад-динге келіп оны Темірдін Мәуеренахрда жоқтығын пайдаланып шабуыл жасауға көндірді. Мұны естіген Темір әскерлерімен Мәуеренахрға қайтып оралды, кейін шегінген Камар-ад-дин әскерлерінің артынан түсіп, Нарын жазығында Атбасы жерінде оларды талқандады.

1377 жылы Камар-ад-дин екі рет: біріншісінде - Қаратау етегінде, екіншісінде - Шу бойымен Ыстықөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында Әмір Темірден жеңіл- іске ұшырап, өзі қашып құтылды. Шапқыншылық кезінде халықтың мал-мүлкі тонауға түсіп, адамдар топ-тобымен Мәуеренахрға құлдыққа айдалды.

Моғол жеріндегі мұндай тонаушылыққа Әмір Темір қанағаттанып қойған жоқ. Ол Моғолстанды біржолата басып алуды көздеді. Оған жету үшін 1380-1390 жж. арасында Темір балаларымен бірігіп, Моғолстан жеріне бірнеше рет жойқын жорықтар ұйымдастырды. Моғол билеушілері Камар-ад-дин, Енге-төре, 1379 жылы хан болып сайланған Тоғылық Темірдің баласы Қызыр Қожа қарсылық көрсеткенмен жеңілістен көзін ашпады. Темірді өз күштерімен жеңе алмайтындығына көзі жеткен олар Ак Орданың ханы Тоқтамыспен келісіп, Темірге қарсы саяси одақ құрды. Алайда, бұл одақтан да еш нәтиже шықпады. Темір әскерлері Моғолстан жасақтарын Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерінде, Алакөл маңында, Күнгес пен Текес өзендерінің аралығындағы Жұлдыз жазығында, Ыстықкөлде, Алмалыда, Қаратал өзенінің бойында ойсырата жеңді. Қызыр Қожа атағыңан және билеу құқығынан айырылды.

Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғалатып, тек Моғолстанды ғана емес, сонымен бірге тағы басқа да көптеген елдерді жаулап алды. Мәуеренахрдан өзінің; қанды жорығын бастаған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370-1405жж.) Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Арменияны, Ак Орданы, Ауғанстанды, Үндістанды, Египетті, Бағдатты, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды. Мыңдаған адамдарды қырып, талай мың адамды құл қылып, қалаларын ойрандады, бақ-дәулетін шашты. Әмір Темір түркі тектес халықтардың, оның ішінде қазақтардың тағдырына зор кеселін тигізді. Алтын Орданың құлауыда себепші, болды. Қазакетанның оңтүстігінде гүлденіп, тұрған Отырар, Сайрам, Ясы, Сауран, Еділ бойындағы Сарай-Берке, Астрахань сияқты қалаларын қиратты. Ақ Орданың быт-шытын шығарып, оның ханы Тоқтамыстың түбіне жетті.

XIV ғасырдың аяғына карай Азия мен Еуропа кұрлығының елеулі бөлігін жаулап алып, Әмір Темір кұрған орасан зор мемлекет, 1405 жылы ол өлгеннен кейін бытырап тарап кетті. Алайда, Моғолстанның жағдайы Әмір Темір өлгеннен кейін де жақсармады. Қызыр Қожа ханның мұрагері Мұхаммад хан (1408-1416) Темір әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып, Моғолстанның тәуелсіздігін алу үшін Ферғанадағы Темірдің немересі Алшрақ Ахмад мырзаның Ұлықбекке жасаған қарсылығына өз әскерімен көмек берді. Бұл көмек біраз болса да моғолдардың, өз тәуелсіздіктерін алуға жағдай туғызады. Алайда Мұхаммад хан қайтыс болған соң Моғолстан жеріндегі билік үшін талас-тартыс, феодалдық бытыранқылық қайта басталды. Осындай талас-тартыстың барысында Моғол билігі Қызыр Қожа ханның немересі Уәйіс оғлан қолына көшті. Уәйіс ханның тұсында да сұлтандар мен феодалдар арасында билік үшін талас ешбір толастамады. Бұл кезде хандық билік үшін Уәйіс ханның ағасы Шер-Мұхаммед күрес жүргізді. Оны Дулат әмірлерінің ішінде Құл-Мұхаммед пен Жаһан шах қолдады. Сонымен катар ол Мәуеренахр ханы Ұлықбектен көмек сұрады. Осыны пайдаланып Ұлықбек 1425 жылы Моғолстан жеріне жойқын шабуыл жасады. Шапқыншылықтың барысында бұқара халық қисапсыз қырғынға ұшырады.

Дегенмен Ұлықбектің 1425 жылғы жорығы Моғолстанның мемлекет ретінде тұтастығына айтарлықтай әсер ете алған жоқ. Ұлықбектің моғол тағына өз адамын отырғызуға да, Жетісу жерін басып алуға да қолы жетпеді. Моғолстан дербес мемлекеттігін сақтап қалды.

1428 жылы Уәйс хан кайтыс болғаннан кейін Моғолстандағы жағдай одан әрі шиеленісе түсті. Бұл кезде хандық үшін Уәйіс ханның екі баласы Жүніс пен Есенбұғы арасында талас басталды. Таластың барысында Қашқар жеріндегі дулат әмірлерінің колдауымен 1434 жылы Есен-бұғы хан тағына отырды. Бірақ, хандық өкімет үшін Жүніс екеуінің арасындағы талас 1462 жылы Есенбұғы өлгенге дейін тоқтамады. 1434 жылы Моғолстандағы хан тағы үшін інісі Есенбұғыдан жеңіліп, Мәуеренахрға барған Жүніс сұлтанды Ұлықбек Персияға жіберді. Жүніс Персияда 20 жылдай тұрып, мұсылманша толық білім алды. XV ғасырдың 50-ші жылдары Мәуеренахрдың билеушісі Әбусағит мырза Жүністі Персиядан шақыртып алды. Ол Моғолстанда жаңадан қырқыс тудырып, Есенбұғыны әлсірету мақсатымен 1455 жылы Жүністі оған қарсы аттандырды. Бұл ұрыста Есенбұғыдан жеңілген Жүніс сұлтан Мәуеренахрға қайтып оралды. 1462 ж. Жүніс Есенбұғы ханның қайтыс болғанын естіп, өзінің Моғолстанға хандық өкіметке заңды мирасқор екендігін жариялап, онда 1487 жылға дейін билігін жүргізді. Жүніс ханның тұсында да Моғолстанда талас-тартыс тоқтамады. Бұған қоса 1472 жылы ойраттар Моғолстан құрамындағы Жетісуға шабуыл жасады. Жүніс хан Іле бойындағы соғыста ойраттардан ойсырай жеңіліп, Сырдария бойына қашып кетті. Онда Жүніс хан Ташкент билеушісінің қолына тұтқынға түсті. Бір жылдан кейін босатылып, Моғолстандағы билік басына қайта оралды. Осы кезде Жүніс хан Мәуеренахр билеушісі Әбусағит мирасқорларының талас-тартысына араласып, 1482 жылы Сайрамды, 1485 жылы Ташкентті басып алды.

1480 жылы дулат тайпасы жетекшілерінің бірі Әбубәкір мырза Дулати Қашқарияны Моғолстаннан бөліп алып, өз алдына тәуелсіз иелік етті. Сондай-ақ 1481 жылы Жүніс ханның баласы Сұлтан Ахмет әкесінен бөлініп, моғолдар мен қырғыздар ақсүйектерінің қолдауымен Қырғызстанда іс жүзінде тәуелсіз иеліктің негізін қалады. Ал Ташкентте Жүніс ханның иелігін Сұлтан Махмұд (1487-1508 жылдар билік еткен) мұраға алды. 1514 жылы Моғолстанның Шағатай әулетінен шыққан хандардың ұрпағы Сұлтан Саид хан Әмір Темір әулеті Заһриден Бабұрға арқа сүйеп, Әбубәкір мырза Дулатиден Қашқарияны тартып алды да, жаңа хандық құрды.

XVI ғасырдың басында Жүніс хан ұрпақтары арасындағы алауыздық пен ішкі феодалдық қырқыс Моғолстан хандығының біржолата ыдырауына әкеліп соқты. Нәтижесінде ежелден Жетісу мен Іле өңірін мекендеген үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр және тағы басқа қазақ ру-тайпалары Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына бірікті.

Ноғай Ордасы

Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесіңде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі - Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай өмір Едіге тұсында 1396-1411 жылдары жалғасып, оның баласы Нұр ад-дының (1426-1440) кезінде аяқталды.

Ноғай Ордасындағы басты тайпа маңғыттар болды. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша басшысы түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы пайда болған.

Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпаң дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы солтүстік батыста - Қазанға, оңтүстік щығыста - Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, тіпті, Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көшін-конып жүріп мекендеді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың да бірқатары осы Ноғай Ордасына қарады. Оның орталығы - Жайықтың төменгі сағасыңдағы Сарайшық қаласы.

Ноғай Ордасының негізін қалаушы Едіге болып саналады. Ол XIV ғасырдың соңы - XV ғасырдың басында 15 жыл Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. «Беклер бегі» немесе «Ұлы өмір» атанған Едіге қөрші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп отырған.

Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із қалдырды. «Ел камын жеген Едіге» — деп ардақтаған халық оның тұлғасын «Артыңан келіп қарасам, қаһардан пайда болғандай, алдынан келіп карасам, лапылдан пайда болғандай», - деп сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва-Польша әскері мен ТевТон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 жылы Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежіре-жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталады. Едіге Тоқтамыспен де егесіп соғысқан. Алтын Ордадағы феодалдық өзара қырқыс кезінде Ноғай ұлысын нығайтуға тырыскан жаулары Едігені 1419 жылы өлтіреді. Едіге өлгеннен кейін де Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық жағдай шын мәнінде оның ұрпағы - маңғыт әмірлерінің қолында болды. Мұнда Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктерде Шынғыс әулетінен хан көтеру Едіге ұрпағының келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты.

Ноғай Ордасы құрамына маңғыттармен катар Қоңырат, Найман, Арғын, Қаңлы, Алшын, Қыпшақ, Кенгерес, Қарлұқ, Алаша, Тама және баска ру тайпалары кірді. Олардың басшылары арасында билік пен жер үшін толассыз тартыстар үнемі орын алды. Өйткені Ноғай Ордасы да Алтын Ордадан кейін құрылған баска бірлестіктер сияқты біртұтас этникалық құрылым емес, көбінесе саяси құрылым негізінде ұйымдасқан хандық еді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)