АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 3 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

10 Агаджанов С. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии. ІХ-ХІІІ вв. Ашхабад, 1969.

11 Ахынжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А, 1991Казахская ноциональная одежда. Алма-Ата, Жалын, 1976.

12 Аспендияров С.Қазақстан тарихының очерктері. А,Санат,1994.

13 Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история, политика, дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002.

14 Байпаков К. Древние города Казахстана. Алматы, Аруна LTD,2005.-316 стр.

15 Средневековые города Казахстана (Книга -альбом) –Алматы, Өнер, 2006. -200 с.

16 Батырша-ұлы Б. Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары. ХІІІ-ХҮ ғғ. Зерттеу. –Алматы: Экономика, 2005. -352 б.

17 Джанибеков У. Культура Казахского ремесла. Алма-Ата.(Өнер), 1982.

18 Төлентаева К.Ә. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. –Алматы: «Зият Пресс», 2006. -168 б.

19 Байпаков К. Средневековые города на Великом Шелковым пути. А,1991.

20 Байпаков К, Ерзакович Л.Б.,По следам древних городов Казахстана. А, Ғылым, 1990.

21 Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч. Т-І. М,1963.,Т-2,1964., Т-3, 1965.

22 Бартольд В.В. Очерки историй Семиречья. Соч. Т-2. М.,1963.

23 Бичурин И.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. 1-3. М,Л.1950-1953,1956.

24 Гумилев Л. Древние тюрки. М.,Л.,1991.

25 Кадырбаев А.Ш. Очерки истории средневековых уйгуров, ждалаиров, найманов и киреитов. Алматы, 1993.

26 Казахстан, Средняя и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІІ вв. А,1983.

27 Караев О. История Караханского каганата. Фрунзе, 1983.

28 Кляшторный С.Г. Кыпчаки в рунических памятниках. Л.,1986.

29 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. Алматы, Рауан, 1992. 346 стр.

30 Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. А,1972.

31 Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. Алматы, 1998.

32 Тарих –адамзат ақыл-ойының қазынасы. Он томдық. –Астана: Фолиант, 2005. -472 б., суретті.; Т-ІІІ, Ортағасырлық тарихи ой. -Астана, 2005

33 Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М. Л. 1966.

34 Акимов К.А. К проблеме происхождения номадизма в аридной зоне Древнего Казахстана Алма-Аты, 1966.

35 Толыбеков С. Кочевое общество казахов в 18- начале 20 веков Алма-Ата 1971 г.

36 Кадырбаев М.К. Хозяйство казахов на рубеже 19-начале 20 веков. Алма-Ата 1986 г.

 

 

4.2 ИНТЕРНЕТ САЙДТАРЫ:

1. www.testent.ru/load/testy/istorija_...

2. kaz-ekzams.ru/index.php?newsid=236

3. kaz-ekzams.ru/237-voprosy-i-otvety-...

4. ru.wikipedia.org/wiki/История_Казах...

5. ibrain.kz/mod/book/view.php?id=207&...

6. veep.kz/rus/referat/hiskaz/50-drevn...

7. www.twirpx.com/files/historic/kazah...

8. www.kazakhistory.ru/post23.html

9. panasia.ru/main/kazakhstan/sight/1....

10. kazhistory.ru

11. referaty.kz/referat/istoriya-drevne...

12. www.kazakhstan.orexca.com/rus/kazak...

13. www.tarih.ru

14. www.centrasia.ru/newsA.php?st=12876...

15. d-klevyj.narod.ru/ioydvgkat.html

16. www.kazhistory.ru;

17. catalog.kazakh.ru/sites/316/8715

 

 

5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі.

 

№1 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның экономикалық тарихы пәніне кіріспе.

Дәрістің мазмұны:

ҚЭТ пәні Қазақстан жетіндегі ежелгі дәуірден бастап күні бүгінгі тарихи экономикалық дамуы үрдістерін тарихи талдаудан өткізіп баяндалады. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңіндегі алғашқы адамдардың ең алғашқы еңбек құралдары, олардың қолданылуы мен ортағасырларға дейінгі адамдардың санасының жетіліп алғашқы техникалық құралдарды пайдалануы, қалалар мен қалалық қоныстардың пайда болуы, алғашқы кен өндірісі, сауда-ақшы қатынастары, қала мен дала мәдениетінің өзара қарым –қатынастары шеңберінде қызықты суреттеледі. Жаңа дәурдегі Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі алғашқы капиталистік өндірістер, өнеркәсіп орындарының ашылуы, темір жол құрылыстары тб көптеген Қазақстан экономикасын негізгі өзегеі болған нысандар сөз болады. Осылайша біртіндеп қазіргі кезеңдегі еліміздегі өнеркәсіп пен мемлекеттік экономикалық саясаттың өзіндік бағыттары мен даму үрдістері, қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары, экономикалық саясатты жүзеге асырудағы басты кедергілер туралы студенттерге жеткізу негізгі басшылыққа алынады. Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында: тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі колдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарың жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдыктары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.

Батыс Еуропаның тарихи материалдары негізінде құралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.

Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже кояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын ежелгі кезең бұл күнде олдувэй деуірі деп аталады. Ол б. з. б. 2,6 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарга жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыкка дейінгі уакытқа сәйкес келеді.

Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен есіп тұрған дөндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы андарды аулап, олардың етімен қоректенді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.

Ерте палеолит дәуірі – 600мың жылдан астам уақытқа созылады. Ерекшеліктері: алғашқы адамдардың еңбек құралдарын жасай білуі, аң аулау, терімшілікпен айналысу, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі. Климаттың жылы және құрғақ болуы. Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп аталды. Орта палелолит дәуірі (б.з.д. 140-40 мың.ж.) ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенің жоғарғы ағысына дейінгі арлықты мекендей бастады. Ерекшеліктері: от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандерталь адамның пайда болуы. Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіре түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі – нуклеустік. Кейінгі палеолит дәуірі бұл кезең уақыты бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10 мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас кроманьондықтың қалыптасуы, жеңіл найза, ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана салу, өнер мен діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы. Тас құралдарын жасау тәсілі – ретушьтік. Мезолит дәуірі бұл кезең шамамен 7 мың жылға созылды. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек. Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-құстар пайда болды, жебелі садақ, бумеранг, балық аулау құралдары, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ. Неолит дәуірі бұл кезеңде экономикалық қоғамдық өрлеу басталды. Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс жасау, тігін тігу, кен өндіру. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық – тас сыналар жасау. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен коса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалык жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және куатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен катар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

Б. з. б. 2 мың жылдыктың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты жөне балқу температурасы төмен, түсі алтын сиякты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен кару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өндеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б. з. б. 2 мың жылдықтың аяғында - 1 мың жылдыктың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады. Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі коғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру /патриархат/ пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдык еңбектің мамандануына, патриархаттык қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп окшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық кауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.

Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі жөне тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.

Андронов мәдениетінің негізгі орталыктарының бірі -Қазақстан жері. Археологиялық деректерге карағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар жөне сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап, күнделікті тұрмыста кеңінен колданды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Ежелгі адамның қалыптасуы.

2. Ежелгі адамдардың еңбек құралы.

№2 Дәріс

Тақырыбы:Түрік және түргеш қағанаттары (552-756жж.)

Дәрістің мазмұны: Түріктер мен олардың билігінде болған соғдылар Византиямен Тікелей сауда байланысын орнатуға ынтазар еді. Иран бұған кедергі жасайды. 568ж. соғды көпесі Маниах түрік қағанының елшілігін Константинопольге бастап барады, онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы келісім шарт жасалады. Парсылар империя мен қағанаттың өзара одақ құруына мейілінше қарсы болады. Иран түріктерге жыл сайын 46 мың алтын теңге салық төлеп түұруды және олардың сауда-саттығына кедергі жасамауды міндетіне алады. Осыдан кейін түрік әскері Амударияның арғы бетіне әкетіледі. Бұл жәйт визатия-түрік одағына әсер етеді. 571ж. Истеми Терістік Кавказды алып, Боспорға (Керчь шығанағына) шығады. Оның ұлы Түрксанф Керчіні алып, Қырым жеріне енеді(576ж.), бірақ көп ұзамай жартыаралдан кетіп қалады. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590ж. Боспорды қайтадан жаулап алады. ІІ-Ү ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына ҮІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдык мемлекеттер Көне және Батыс түрік кағанаттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталык Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.

Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі біршама тез іске асты.

Түрік қағанаты мал жөне егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды.

Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналасын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы колөнерімен де шұғылданып, өмірге кажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қару-жарақтарды жасап, пайдалана білді. Сауда мен қолөнердің дамуына Жетісу қалалары мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аудандарына Орта Азиядан соғдылардың қоныс аударуының үлкен әсері тиді. Олардың VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен жөне ондағы әлеуметтік қысымшылықтарымен байланысты еді. Соғды көпестері көшіп келгеннен кейін Батыс Түрік кағанаты жерінде саудамен, соның ішінде жібектерін өткізумен кеңінен айналысты. Олар Жетісудың егіншілік және кала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Сонымен қатар, түркі тілдес ортаға түскен соғдылыктар жергілікті халықтардың тіліне, мәдениетіне, әдет-ғүрып, салт-дәстүріне кәшті. Соғдылықтардың келуімен байланысты түріктер Жетісуда теңге жасауды игерді. Теңгелерді соғдылықтар түрік қағандары атынан соққанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Сондай ақ соғдылар өміріне түріктердің тигізген әсері де аз болған жок.

Дәрістің мазмұны: Жетісу территориясында қарлұқ тайпаларының саяси бірлестігі құрылады. Араб және парсы деректеріне жүгінсек, 9-10ғғ.қарлұқ бірлестігі толып жатқан рулық-тайпалық топтардан құралады. Мысалы, араб жағрафияшысы Әл-Марвази (12ғ.) қарлұқтар құрамында тоғыз тайпа болған дейді. Қарлұқ конференциясында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның: тухси, шігілдер, әзкішілер, түркештер, чаруктер, барысхандар сияқт көшпелі және жартылай көшпелі түрік тілді тайпалар енген. Қарлұқтардың қоластындағы халықтар, этникалық жағынан бір тектес болмаған, олардың ішінде ирантілді соғдылар, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бартұғын. Дегенмен қарлұқ қағанаты өз қолына баянды экономикалық байланыс жүйесін қондыра алмаған. Ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс өрісті иемдену жолындағы талас- тартыс оның береке құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп қатер Қарлұқ қағанатына Қашқар жағынан келді. 940ж. олар Баласағұнды басып алады да, қарлұқтар

Оғыздар қоғамында жеке меншік қалыптасып дами бастайды, ақсүйек байлар тобы жеделдете бөлініп шығып жатады. Малға жеке меншік – мүліктік теңсіздіктің негізі болып табылады. Бай ақсүектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері, кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік етті. Оғыздардың басты шаруашылығы интенсивті түде мал өсіру болды.

Көшпелілермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы жұрттың жинақты топтары да күн көрген. 10-11ғғ.ортағасырлық авторлар қалалар мен отырықшы қыстақтар қатарында Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақты атап өтеді. Малынан айырылған көшпелілер отырықшы тірлігіне ауысады. Олардың басты кәсібі енді егіншілік пенқолөнерболды. Оғыздардың көшпелі даласы Мауренахр, Хорезм мен Жетісу сияқты, егіншілігі дамыған көгалды аймақтармен тығыз байланыс жасап тұрған.

Кимектер тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, ол батыс түріктері арасында 7ғ.болған оқиғаға орай, қытай деректерінде аталып өтеді. Синологтер яньмо тайпасымен имек тайпасы екеуін бір тайпа деп есептейді. Кимектер мен қыпшақтарбір халық деп осы күнге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені орта ғасырдағы жазба деректер мәліметі оларды тек өз алдына екі бөлек халық, бірақ түрік тілді туыс этнос деп қарауға мүмкіндік береді. Телелер тайпасының бірі болып саналатын яньмо 7ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеген. 7ғ. орта тұсында имектер Алтай тауының теріскей аудандары мен Ертіс өңіріне көшіп келеді. 656ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпаның оқшаулануы басталды. Расында келсек тап сол кездері кимек тайпалары одағының өзегі пайда болды. Кимектер тайпаларының басшысы «Шад - түрік» деп аталған. ҮІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айкын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа жане Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жок. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (казіргі Сайрам) болды. Оның толык сипаттамасын әл-Макдиси берген. «Исфиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт какпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар. Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб жөне Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.

ҮІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жактарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп түрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уакытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ, оның кандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын колға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮІП ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен карай Жентке кеткен. Женттен Қызылкұм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т. б. қалалардың үстімен жүрген.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)