|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тест тапсырмалары. Пән Әлеуметтану (COS 2108) (2 кредит )
СИЛЛАБУС Пән Әлеуметтану (COS 2108) (2 кредит) Мамандық АО,АФ,ПД,АО(СПО). Курс 1 Оқытушы Симұқанова Г. С. 2015 -2016 оқу жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Syllabus Пән Әлеуметтану (2 кредит)
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғары білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатқаны белгілі. Бұл өзгерістердің басты бағытының біріне студенттердің дәрістері мен семинар сабақтарына, өзіндік жұмыстарына арналған жұмыс оқу бағдарламасын несие технологиясының негізінде даярлау жатады. Бұл процесті жоғары оқу орындарының түлектерінің әлеуметтік-ғылыми санасының қалыптасуына үлкен ықпал етуші рольді қоғамдық және гуманитарлық пәндердің бірі әлеуметтану ғылымы да атқаруда. Жеке адамдардың әр саладағы іс-әрекеттерінің әлеуметтік аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, өмірді адамның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда әлеуметтік білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Әлеуметтанудың негізгі ұғымдарымен категорияларын түсіндіру арқылы стуленттерге социология ғылымының негізгі мәселелерін үйрету. Студенттерге социологиялық білімді беру арқылы логикалық ойлау жүйесін арттыру және ғылыми білімін жетілдіру, және де қоғамдық көзқарасының деңгейлерін дамыту. Қоғамдық ортаға бейімделудің әлеуметтік түйткілдерін ұғындыру, сонымен қатар студенттердің ғылыми дүниетанымын кеңейту. Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады. Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс. Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндеттеледі. Семинар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады. Егер студентте өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.. ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді: Ø Білуге тиіс: § әлеуметтанудың пәнін, мақсаты мен міндеттерін; § әлеуметтанудың негізгі терминдері мен мәселелерін; § қоғамның әлеуметтік жүйе ретіндегі сипаттамаларын; § әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың қалыптасуын; § әлеуметтік процестердің түрлерін; § әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін. Ø Істей білу: § жеке тұлғаның дүниеге көзқарасының, рухани дүниесінің, бостандығының және жауапкершілігінің, борышының және қоғам алдындағы міндеттерінің қалыптасуының себептерін, § әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдауға, Ø Дағдысының болуы: Ø қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдау; Ø әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен олардың жіктелуі, әлеуметтік дамудың факторлары, әлеуметтік өзара әрекет формалары жайлы білу және оларды талдау; Ø тұлға, индивид ұғымдары, әлеуметтенудің бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формалары жөніндегі әлеуметтанулық түсініктер туралы.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Философия,саясаттану,мәдениеттану, педагогика мен психология, құқық және экономика пәндерінен алған білімдерін практикалық сабақтарда ой елегінен өткізіп, ұштастыра білу. КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Қоғамның даму заңдылықтарына, даму кезеңдеріне және түрлеріне шолу жасай отырып, қоғамның нақты түсінігін меңгеру. Студенттерге қоғамды социологиялық саралай білуге және де өздері өмір сүріп отырған ортасын нақтылы түсіндіруге үйрету. Отандық және батыстық әлеуметтану саласын қалыптастырған ойлардың негізін салушылардың маңызды тұжырымдарын меңгеру. Қоғамдық жүйені әлеуметтік теңсіздік арқылы түсіндіру және қоғамдағы топтардың арасындағы қайшылықтардың туындауына әсер етуші факторларды таба білу. Адамдардың әр түрлі әлеуметтік жіктерге, қабаттарға бөлінуінің мәнін, маңызын және бай пен кедейдің пайда болу себептерін нақтылы өлшемдер (критериилер) арқылы мөлшерлеуге дағдыландыру. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с. Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды. Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі. Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі. Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі. Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды. Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі. Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді. Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары
СӨЖ тапсырмалары Бақылау жұмысы 1-ші бақылау жұмысы 1.Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауымдастықтардың әсерлесу механизмдері, әрекет ету заңдылықтары мен дамуы туралы ғылым ретінде ролі қандай? 2. Әлеуметтік білімнің құрылымын анықтаңыз. 3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары атаңыз. 4. Әлеуметтік факт және әлеуметтік процесс ұғымдары, олардың ерекшеліктері мен жіктелуі. 5. Әлеуметтанудың қызметтерін атаңыз. 6. «Парадигма»ұғымын қалай түсіндіресіз? 7. Әлеуметтанудың негізін салушы кім? 8. Х1Х академиялық әлеуметтануының өкілдерін атаңыз. 9. ХХ ғасырдың әлеуметтік теорияларын атаңыз. 10. Қазіргі заманғы ресейлік және қазақстандық әлеуметтанушы-ғалымдарды атаңыз. 11. Қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілеріндегі әлеуметтік-саяси ойларды көрсетіңіз. 12. Ақын-жыраулар шығармашылықтарында қандай ой-пікірлер көрініс табады? 13. Қазақ зиялылыраның әлеуметтік ойларына шолу жасаңыз. 14. Қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтану ғылымының дамуы туралы не білесіз? 15. Құрылымдық-функционалдық анализ теориясының негізін салған кім? 16. Бұл теорияның мәнісі неде? 17. Қоғамға құрылымдық-функционалдық тұрғыдан сараптама беріңіз. 18.«Қоғам» ұғымына анықтама беріңіз. 19.«Әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік құрылым» ұғымдарының айырмасы неде? 20.«Әлеуметтік мәртебе» ұғымы қандай мағына береді?
2-ші бақылау жұмысы 1. Қоғамның басты әлеуметтік институттарын атаңыз. 2. Қоғам дамуындағы институттардың ролдері мен ықпалдары қандай? 3. «Әлеуметтік процесс» ұғымына анықтама беріңіз. 4. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері неде? 5. Әлеуметтік институт және әлеуметтік процесс ұғымдарының анықтамасы. 6. Негізгі әлеуметтік институттар мен процестердің түрлерін атаңыз. 7. Әлеуметтік институттардың басты қызметтері қандай? 8. Әлеуметтік институттардың қазіргі заманғы ролдерін анықтаңыз. 9. Қазіргі қоғам дамуындағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктерін талданыз. 10. Қоғамның құрылымы қандай элементтерден тұрады? 11. Әлеуметтік стратификацияның қандай теорияларын білесіз? 12. Әлеуметтік стратификация қандай критерийлермен анықталады? 13. Қазіргі қоғамдағы таптардың рөліне сипаттама беріңіз. 14. Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі орта таптың рөлі қандай? 15. Қазақстанда орта тап қандай деңгейде қалыптасты? 16. Сіздің орта тапқа деген көзқарасыңыз қандай? 17. Адам, индивид, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз. 18. Тұлғаның құрылымына талдама беріңіз. 19. Тұлғаның қандай қызметтері ең басты болып табылады? 20. Әлеуметтік мәртебе ұғымы нені білдіреді? Тест тапсырмалары Нұсқа 1 1. «Societas» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? А) адам B) дүние C) қоғам D) жүйе E) жеке адам 2. Әлеуметтанудың объектісі ретінде қоғам біртұтас... шындық: А) әлеуметтік B) саяси C) тарихи D) субъективтік E) виртуальдық 3. Әлеуметтану қандай ғылымнан бөлінді: А) саясаттану B) философия C) мәдениеттану D) тарих E) химия 4. Кім әлеуметтануды ғылым ретінде негіздеді? А) Конт B) Спенсер C) Вебер D) Маркс E) Дюркгейм 5. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы әлеуметтік институттарға қатысты емес? А) мемлекет B) құқық C) ғылым D) отбасы E) интернет 6. Әлеуметтанудың қай түрі әлеуметтік мәселелерді практикалық іс жүзінде шешуге бағытталады? А) теориялық B) абстрактылық C) қолданбалы D) діндік E) иллюзиялық бейне 7. Әлеуметтану қандай ғылым саласына жатады А) әлеуметтік ғылымдарға B) гуманитарлыққа C) табиғи D) техникалық)E қолданбалыларға 8. Әлеуметтануда Позитивистік бағыттың негізін қалаушы? А) О.Конт В) Р.Мертон С) Дж.Мид D) М.Вебер Е) Э.Дюркгейм 9. «Түсіну» әдісін құрастырған қай ойшыл? А) М.Вебер В) А.Шюц С) Э.Дюркгейм D) Л.Козер Е) О.Конт 10. Кім бойынша әлеуметтанудың объектісі болып әлеуметтік фактілер табылады? А) Э.Дюркгейм В) М.Вебер С) О.Конт D) А.Шюц Е) Мэйо 11. Адам қоғамының дамуы қандай сатылардан өтеді? А) мифологиялық, діни, философиялық В) индустриалдыққа дейін, индустриалды, постиндустриалды С) күнделікті, ғылыми D) дінсіз, дінді, атеистік Е) дәстүрлік, модернистік 12. Индивид, топ, әлеуметтік объектінің бір әлеуметтік позициядан басқасына көшуі қалай аталады? А) мәртебе В) стратификация С) мобилділік D) институционализация Е) динамика 13. Эволюцияны әлеуметтік құрылымның күрделену процесі деп түсінген кім? А) З.Фрейд В) Э.Дюркгейм С)О. Конт D) Г.Спенсер Е) Р.Мертон 14. Пәні ұлттық сана мен этникалық тәрбие болатын әлеуметтанудың бөлімі... деп аталады. А) жастар әлеуметтануы В) этноәлеуметтану С) дін әлеуметтануы D) жеке адам әлеуметтануы Е) ғылым әлеуметтануы 15. Аты аталған ғалымдардың қайсысы капитализмнің дамуына протестантизмнің позитивтік ықпалын көрсетті? А) К.Маркс В) Э.Дюркгейм С)М. Вебер D) О.Конт Е) Н.Смелзер 16. Отбасының негізгі функциясы? А) экономикалық В) репродуктивтік С) шаруашылық D) ізгіниеттілік Е) заңдық 17. Девианттық мінез-құлық деп нені атайды? А) ізгіниетті В) құқықтық С) діни D) ғылыми Е) ауытқушылық 18. О.Конттың пікірінше әлеуметтану үлкен екі тараудан тұрады? А) Қоғам және жүйе В) Қоғам және құрылым С) Әлеуметтік статика және динамика D) функция және дисфункция Е) индивид 19. О.Конт үшін қоғамның бірлігі неде? А) қоғам В) топ С) тап D) отбасы Е) индивид 20. Қоғамды зерттеуде әлеуметтік эволюционизмнің негізін қалаушы? А) Э.Дюркгейм В) Г.Спенсер С) Д.Белл D) К.Маркс Е) А.Шюц 21. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірген? А) К.Маркс В) О.Конт С) Дж.Мид D) Н.Смелзер Е) С.Хантингтон 22. Әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндірген ойшыл? А) Э.Дюркгейм В) О.Конт С) Ю.Хабермас D) А.Шюц Е) Дж.Мид 23. «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегінің авторы кім? А) Э.Дюркгейм В) О.Конт С) Дж.Мид D) Н.Смелзер Е) М.Вебер 24. Ірі әлеуметтік процестерді зерттейтін әлеуметтану а) макроәлеуметтану в) қолданбалы с) эмпирикалық D) микроәлеуметтану е) салалық 25. Қоғам әлеуметтік жүйе ретіндегі ненің пәні а) қолданбалы әлеуметтану в) макроәлеуметтану с) микроәлеуметтану D) эмпирикалық әлеуметтану е) метаәлеуметтану 26. Қандай әлеуметтанушы қоғамға жабық және ашық деп мінездеме берді? А) Д.Белл В) А.Турен С) К.Маркс D) М.Вебер Е) К.Поппер 27. Қандай жағдай қоғамның дәстүрлі түрінен индустриалды жағдайына өтуге әсер етті? А) жазудың пайда болуы В) өнеркәсіптік революция С) натуральды шаруашылықтың пайда болуы D) отбасының дамуы Е) экономикалық байланыстардың босаңсуы 28. Информациялық қоғам басқаша қалай деп аталады? А) индустриальды В) аграрлы С) дәстүрлі D) индустриалдыға дейін Е) постиндустриалды 29. Білім қай стратификацияның негізгі белгісі? А) кәсіптік В) экономикалық С) саяси D) таптық Е) нормативті – мәдени 30. «Модернизация» сөзі дегеніміз? А) жетілдірілген, қазіргі талаптарға сай В) жетілдірудің жоқтығы С) жетілдіруге тыйым салынған D) бұл философиялық бағыттың аты Е) бұл әлеуметтанудың тәсілі Нұсқа 2 1.Әлеуметтенудің агенттері – бұл: А) мектеп және білімдерді меңгеруге жауапты мұғалімдер В) жоғарғы оқу орны С) ұжымдар D) ата-аналар Е) полицейлер 2.Әлеуметтік стратификацияның бір сатысында көшу А) интергенерациялық В) төмен түсу мобилділігі С) өрлеу мобилділік D) вертикалды Е) горизонталды мобилділік 3.Біліктілігін көтеру мобилділіктің қай түрі? А) өрлеу В) төмен түсу С) горизонталды D) генерация аралық Е) топтық 4.Табыс стратификацияның қандай белгісі А) кәсіптік В) саяси С) экономикалық D) мәдени-символдық Е) касталық 5.Әлеуметтік құрылым – бұл... А) Қоғам элементтері арасындағы тұрақты, реттелген қатынастар В) өзара байланысты элементтер кешені С) әлеуметтік топтардың бірлігі D) индивидтердің бірлігі Е) әлеуметтік ұйымдардың бірлігі 6.Туысқандық топтан тыс неке қалай аталады? А) эндогамия В) экзогамия С) гомогенді D) гетерогенді Е) нуклеарлы 7.Көрсетілген әлеуметтанушылардың қайсысы қоғамды тірі (биологиялық) организммен теңестірді? А) Спенсер в) Конт с) Зиммель D) Мертон Е) Козер 8.Кім қоғам таптық күрестің арқасында дамиды деп есептеді? А) Маркс В) Тоффлер С) Вебер D) Дюркгейм Е) Конт 9.Құрылымданған әлеуметтік теңсіздікті белгілеуге қандай термин қолданылады? А) әлеуметтік мобильділік В) әлеуметтік стратификация С) әлеуметтік информация D) әлеуметтік жарылыс Е) әлеуметтік бөлінгендік 10.Әлеуметтік стратификация – бұл... А) Қоғамның әлеуметтік теңсіздік құрылымының иерархиялық ұйымдасуы В) қоғамның ұйымдаспаған үлкен бөлігі С) бай адамдар D) кедейлер Е) маргиналдар 11.Этноәлеуметтанудың пәні А) ұлттық азшылдардың іс әрекеті В) ұлттық мейрамдар С) ұлттық сана сезім мен этникалық іс әрекет D) этникалық ерекшелік пен ұлттық дәстүрлер Е) ұлттық топ, басшылардың қоғамдық қайраткерлігі 12.Адамның мәні қоғамдық қатынастардың жиынтығы деген кім? А) Фромм В) Фрейд С) Конт D) Сорокин Е) Маркс 13.Көп әйел алушылық басқаша қалай аталады... А) полиандрия В) полигиния С) моногамия D) матриархат Е) патриархат 14.Бала саны көп отбасы басқаша қалай аталады? А) нуклеарлық В) күрделі С) ерлі-зайыпты D) толық Е) көпбалалы 15.Әлеуметтік іс-әрекет теориясының авторы? А) Т.Парсонс В) Г.Зиммель С) Т.Адорно D) Г.Маркузе Е) Н.Смелзер 16.Дәстүрлі қазақ қоғамына сәйкес отбасының типі: А) эгалитарлы-демократиялық В) матриархалдық С) либеральдық D) патриархалдық Е) шведтік 17. Феноменологиялық бағыттың негізін қалаушы? А) А.Шюц В) Ю.Хабермас С) Р.Мертон D) О.Конт Е) Дж.Мид 18. Төмендегілердің қайсысы девиантық қылыққа жатпайды? А) есіркелік В) жезөкшелік С) емдеу D) ішушілік Е) ұрлық 19. Отбасының қандай функциясы оның мүшелерінің жалпы шаруашылықты жүргізудің қажеттігін көрсетеді? А) статустық В) репродуктивтік С) қорғаулық D) әлеуметтендіруші Е) экономикалық 20. Отбасының басқа әлеуметтік институттардан айырмашылығы неде? А) қайта өндірумен В) статуспен С) құрылымымен D) рөлімен Е) жүйелілігімен 21. Әлеуметтанудың объектісі ретінде қоғам біртұтас... шындық: А) әлеуметтік В) саяси С) тарихи D) субъективтік Е) виртуальдық 22. Әлеуметтану қандай ғылымнан бөлінді: А) саясаттану В) философия С) мәдениеттану D) тарих Е) химия 23. Кім әлеуметтануды ғылым ретінде негіздеді? А) Конт В) Спенсер С) Вебер D) Маркс Е) Дюркгейм 24. Этнометодолгия бағытын енгізуші? А) А.Шюц В) Т.Лукман С) Дж.Мид D) Г.Гарфинкель Е) Г.Спенсер 25. Символдық интеракционизм бағытының негізін салушы А) Дж.Мид В) Р.Мертон С) О.Конт D) Т.Лукман Е) Т.Адорно 26. Бір ер адамның бір әйелмен некеге тұруы қалай аталады? А) Моногамия В) Полигиния С) Полигамия D) Полиандрия Е) мартиархат 27. Ерлі-зайыптылардың тең құқылығына негізделінге отбасы А) Матриархалды В) Эгалитарлы С) патриархалды D) нуклералы Е) кеңейтілген 28. Социологизм әдісін кім енгізді? А) О.Конт В) Г.Спенсер С) Дж.Мид D) Н.Смелзер Е) Э.Дюркгейм 29. «Страта» деген түсінік қай ғылымнан енген? А) Физика В) химия С) геология D) психология Е) география 30. Әлеуметтік шындықтың негізгі көрсеткіші А) Өзара пікір талас В) Қоғамдағы саясат С) Қоғамдағы мәдениет D) Жеке адам Е) Индивид
Нұсқа 3 1.Әлеуметтану ғылым бойынша иерархия термині қандай мағына береді? А) Әлеуметтік бақылау В) Аз топ С) Алғашқы топ D) Екінші топ Е) Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтау үшін қолданылады. 2. Антикалық дәуірдің алғашқы әлеуметтанушылары деген атқа ие болған әлеуметтік философтарды атаңыз? А) Дж.Мид В) О.Конт С) Г.Спенсер D) Платон, Аристотель Е) Т.Парсонс 3.Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формацияларды жіктеген кім? А) Г.Спенсер В) О.Конт С) К.Маркс D) В.Паерето Е) Г.Зиммель 4. Орташа деңгейлер теориясы ұғымын енгізуші А) Э.Фромм В) В.Парето С) О.Конт D) Р.Мертон Е) Т.Парсонс 5.Қауым мен қоғамды бөліп көрсеткен кім? А) Дж.Морено В) А.Шюц С) Ф.Теннис D) Э.Мэйо Е) Дж.Мид 6.Әлеуметтануда Позитивистік бағыттың негізін қалаушы? А) О.Конт В) Р.Мертон С) Дж.Мид D) М.Вебер Е) Э.Дюркгейм 7.«Түсіну» әдісін құрастырған қай ойшыл? А) М.Вебер В) А.Шюц С) Э.Дюркгейм D) Л.Козер Е) О.Конт 8.Кім бойынша әлеуметтанудың объектісі болып әлеуметтік фактілер табылады? А) Э.Дюркгейм В) М.Вебер С) О.Конт D) А.Шюц Е) Мэйо 9.У.Томас пен Ф.Знанецкий қай бағыттың өкілдері?А) өндірістік әлеуметтану В) органикалық мектеп С) позитивизм D) Эмпирикалық әлеуметтану Е) Әлеуметтік айырбас 10. Адамның интелектуалды дамуының үш кезеңін көрсеткен ғалым? А) М.Вебер В) Н.Смелзер С) Г.Гарфинкель D) О.Конт Е) З.Фрейд 11. Өзін-өзі өлтірушілік» еңбегінің авторы? А) Э.Мэйо В) Г.Тард С) Э.Дюркгейм D) Р.Мертон Е) А.Шюц 12. Р.Дарендорф пен Л.Козер қандай бағыттың өкілдері? А) Құрылымдық функционализм В) Символдық интеракционизм С)Әлеуметтік дау жанжал D) Биологиялық бағыт Е) Этнометодолгия 13. Аномия дегеніміз? А) Қоғамның ынтымақтасуы В) Ортақ мәндегі тәртіптің болмауы С) Әлеуметтік бейімделу D) жанжал Е) Өзара әрекет 14. Әлеуметтік норманы бұзу А) Мінез-құлық В) Қалыпты жағдай С) Ауытқушылық D) Тәртіп Жүйе 15. Жоғарыдан төмен қарай сатылай дамымаушылық А) Стратификация В) Прогресс С) Бейімделу D) Регресс Е) даму 16. Полигамия әлеуметтанудың қай саласының түсінігі А) Құқық В) Еңбек С) Білім беру D) Этноәлеуметтану Е) Отбасы 17. Э.Дюркгеймнің айтуынша діннің негізгі әлеуметтік қызметі А) Қоғамды кері кетіреді В) Ынтымақтықты азайтады С) Жастарға кері әсер етеді D) Ешкімге әсері жоқ Е) Қоғам мүшелері арасында ғы ынтымақтастықты күшейтумен анықталынады 18. Постиндустриалды қоғам концепциясын жасаған ғалым А) П.Сорокин В) Д.Белл С) Дж.Мид D) П.Бергер Е) Г.Спенсер 19. «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегінің авторы кім? А) Э.Дюркгейм В) О.Конт С) Дж.Мид D) Н.Смелзер Е) М.Вебер 20. Ірі әлеуметтік процестерді зерттейтін әлеуметтану А) макроәлеуметтану В) қолданбалы С) эмпирикалық D) микроәлеуметтану Е) салалық 21. Қоғам әлеуметтік жүйе ретіндегі ненің пәніА) қолданбалы әлеуметтану В) макроәлеуметтану С) микроәлеуметтану D) эмпирикалық әлеуметтану Е) метаәлеуметтану 22. Қандай әлеуметтанушы қоғамға жабық және ашық деп мінездеме берді? А) Д.Белл В) А.Турен С) К.Маркс D) М.Вебер Е) К.Поппер 23. Кім қоғам таптық күрестің арқасында дамиды деп есептеді? А) Маркс В) Тоффлер С) Вебер D) Дюркгейм Е) Конт 24. Құрылымданған әлеуметтік теңсіздікті белгілеуге қандай термин қолданылады?А) әлеуметтік мобильділік В) әлеуметтік стратификация С) әлеуметтік информация D) әлеуметтік жарылыс Е) әлеуметтік бөлінгендік 25. Әлеуметтік стратификация – бұл... А) Қоғамның әлеуметтік теңсіздік құрылымының иерархиялық ұйымдасуы В) қоғамның ұйымдаспаған үлкен бөлігі С) бай адамдар D) кедейлер Е) маргиналдар 26. Этноәлеуметтанудың пәні А) ұлттық азшылдардың іс әрекеті В) ұлттық мейрамдар С) ұлттық сана сезім мен этникалық іс әрекет D) этникалық ерекшелік пен ұлттық дәстүрлер Е) ұлттық топ, басшылардың қоғамдық қайраткерлігі 27. Адамның мәні қоғамдық қатынастардың жиынтығы деген кім? А) Фромм В) Фрейд С) Конт D) Сорокин Е) Маркс 28. Эволюцияны әлеуметтік құрылымның күрделену процесі деп түсінген кім? А) З.Фрейд В) Э.Дюркгейм С)О. Конт D) Г.Спенсер Е) Р.Мертон 29. Пәні ұлттық сана мен этникалық тәрбие болатын әлеуметтанудың бөлімі... деп аталады. А) жастар әлеуметтануы В) этноәлеуметтану С) дін әлеуметтануы D) жеке адам әлеуметтануы Е) ғылым әлеуметтануы 30. Аты аталған ғалымдардың қайсысы капитализмнің дамуына протестантизмнің позитивтік ықпалын көрсетті? А) К.Маркс В) Э.Дюркгейм С)М. Вебер D) О.Конт Е) Н.Смелзер. Ситуациялық тапсырмалар Сабақ №1 Әлеуметтанулық перспектива Қазіргі әлеуметтанудың даму бағыттары 1.Неліктен қоғам тек қана әлеуметтану ғылымының объектісі болып табылмайды? 2.Г.Зиммельдің «Әлеуметтану жеке әлеуметтік ғылымдардың таным теориясы», - деген ойын қалай түсіндіресіз? 3.Бір индивидтің дүкеннен белгілі бір затты сатып алуын әлеуметтанушының, экономистің, психологтың көзқарасымен қарастырып талқылап көріңіз? 4.Сіздің ойыңызша сорциологиялық көзқарастың негізі неде? Сабақ №2;3 Әлеуметтанулық ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері мен қазіргі әлеуметтанудың даму бағыттары 1.Мына әлеуметтік теориялардың авторларын атаңыз: қоғамдық- экономикалық формация,социал-дарвинизм, позитивизм, девиация, статика және динамика, қоғамдық ынтымақ,әлеуметтік әрекет, идеалды түр. 2.Э. Дюркгейм тұжырымдаған ұжымдық сананың мәні неде және оған өз көзқарасыңызды дәлелді түрде жазыңыз. 3.Э. Мэйоның өндірістік әлеуметтануды дамытуға қосқан үлесін көрсетіңіз және оның негізгі тұжырымдарыныңқазіргі таңдағы маңызы қандай?(өндірісті дамыту мақсатында) 4.Ә. Бөкейханов қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қалай түсіндірді. 5. Дарендорф пен Козер жанжалдың туу себептері мен салдарын қалайша тұжырымдады? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 6. К. Маркс жанжалды қлайша түсіндірді және оған сіздің көзқарасыңыз қандай? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 7. К. Маркс пен О. Конт ілімдерінің арасындағы ерекшеліктерді және олардың мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 8. Э. Дюркгейм тұжырымдаған ұжымдық сананың мәні неде және оған өз көзқарасыңызды дәлелді түрде жазыңыз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 9. Э. Мэйоның өндірістік социологияны дамытудағы үлесін көрсетіңіз және оның қалдырған негізгі тұжырымдарының қазіргі таңдағы маңызы қандай? (өндірісті дамыту мақсатында) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ №4. Әлеуметтанулық зерттеу танымдық қызметтің түрі ретінде 1.Әлеуметтік зерттеу жүргізудің басты ерекшелігі неде? 2.Барлаушы және талдаушы зерттеулердің ерекшеліктері қандай? Сабақ №5. Зерттеудің әлеуметтанулық әдістері 1.Өз топтарыңда «Студенттердің сабақ үлгерімі» деген тақырыпта әлеуметтік зерттеулер жүргізіңдер. 2.Студенттер арасында «Ақтөбе университеті газетінің беделі қандай?» деген тақырыпта зерттеу жүргізіңіз.
Сабақ №6. Қоғамдық даму теориялары 1. Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюост Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдап, қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтамасына талдау жасаңыз. 2. Эмиль Дюркгейм «қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқы сипаты бар рухани нақтылық» деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі — коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымдарды айтады. Осы айтылған пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз. 3. Көрнекті неміс ғалымы М. Вебердің: «Қоғам — адамдар бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» деген пікірін сіз қалай түсінесіз? 4. «Қоғам дегеніміз бұл-еліктеу»деген Г.Тард пікірінің мазмұнын талдаңыз. 5. Американдық әлеуметтанушы Парсонстың «Қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізі — ережелер (нормалар) іс құндылықтар болып табылады» деген пікірін қалай бағалайсыз? 6.К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Осы анықтаманы мысалдар арқылы түсіндіріңіз. 7.Әлеуметтік әділеттілік ұғымы туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Сабақ №7. Қоғамның әлеуметтiк құрылымы: топтар, ұйымдар, институттар 1. Қоғамның басты әлеуметтік институттарын атаңыз. 2. Қоғам дамуындағы институттардың ролдері мен ықпалдары қандай? 3. «Әлеуметтік процесс» ұғымына анықтама беріңіз. 4. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері неде? Сабақ №8. Тұлғаны әлеуметтанулық зерттеу 1.З. Фрейдтің «Жоғары мен» түсінігін талдаңыз? 2.Гуманизм неліктен жалпы адамзаттық мәселе болып табылады? 3.Жеке адамды әлеуметтендірудің жолдары қандай? 4.А.Құнанбайұлының адам проблемасына қатысты айтылған тұжырымдарының қазіргі кездегі алатын маңызы? Сабақ №9. Әлеуметтік құрылым жүйесі және стратификация 1.Қазақстандағы стратификация мәселесі туралы қандай талдау жасайсыз? 2. «Әділетсіздік эгойстік мүдделердің салдарынантуындаған қажеттілік» дегенді қалай түсіндіресіз? 3.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік стратификация туралы не білесіз? 4.Қазақстандағы стратификация мәселесі туралы қандай талдау жасар едіңіз? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 5.Адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздікті тізіп көрсетіңіз: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақ №10. Мәдениетті әлеуметтанулық зерттеу
Сабақ №11. Отбасы және гендерлік рөл 1.Елдегі отбасылардың түрлерін зерттеңіз. Әр – түрлі отбасының кейбір артықшылықтары мен кемшіліктері неде? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2.Полиандрияны қолдайтын және оған қарсы пікірлерді келтіріңіз: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 3.Полигинияның қолдайтын және оған қарсы пікірлерді келтіріңіз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 4.Дәстүрлі қазақ қоғамында ер адам мен әйелдің билігі туралы не айтар едіңіз? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам әйелдерге арнап қандай саясат жүргізді: жетістіктері мен кемшіліктері ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6.Әйелдердің саясатқа араласуы туралы сіздің көзқарасыңыз қандай? Дәлелдеңіз: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақ № 12. Жастар және жастар саясаты әлеуметтанулық зерттеу пәні ретінде 1. Жастар ұғымының анықтамасы айтыңыз. 2. Жастардың қазіргі әлеуметтанулық концепциялары. 3. Жастар мәдениеті. 4. Мемлекеттік жастар саясаты. 5. Қазіргі жастардың құндылық бағыттары.
Сабақ №13. Әлеуметтік девиация 1.Тұлғаның ауытқушылығы. 2. Ауытқушылықтың түрлерi. 3.Әлеуметтік бақылау әдістері. 4.Тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері. 5.Қазіргі қоғамдағы девианттық әрекеттің ерекшеліктері. Сабақ №14. Еңбек, жұмыс және экономикалық өмір 1.Қазіргі қоғамның экономикалық проблемаларын, еңбек нарығын анықтаңыз. 2.Қазіргі заманғы экономикалық процестерді және еңбек бөлінісін талдаңыз. 3.Қазіргі қоғамдағы жұмыс, мамандық ұғымдарының әлеуметтік ерекшелігі қандай? 4.Нарықтық экономика және әлеуметтік теңсіздіктің қазіргі арақатынасы қандай? 5. Қазақстан жүріп жатқан жекешелендірудің әр - түрлі формаларын сипаттаңыз және оның әлеуметтік өмірге тигізер әсерін көрсетіңіз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 6. Жекешелендіру процесінде конституцияның алатын орны қандай? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 7. Бірнеше елдегі экономикалық жағдайды зерттеңіз және сол елдегі саяси жағдаймен салыстырыңыз. Оның әлеуметтік жағдайға тигізер әсерін анықтаңыз._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ №15. Білім, бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация 1.Білім берудегі концепциялар. 2.Білім беру әлеуметтік құрылым ретінде. 3.Білім беру процесінің сатылары. 4.Бұқаралық және элитарлық білім беру. 5.Тұлғаның санасын қалыптастырудағы БАҚ ролі мен мәні туралы баяндаңыз. 6.БАҚ зерттеулеріндегі классикалық және жаңа әлеуметтік теорияларға талдау жасаңыз. 7.Қазіргі қоғамдағы жарнаманың рөлі туралы пікілеріңізді білдіріңіздер. 8.Қоғамдық пікірдің қызметтері мен қоғамдық сана ұғымы. 9.Қазіргі қоғамдағы жарнаманың ролі. 10.Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам дамуына әсері. 11.Г.Лассуэлдің зерттеулері.
Тақырыптар (мәнжазба, презентация,эссе, курстық жұмыстар,(жобалар), есептік-графикалық жұмыстар т.с.с) 1.Азаматтық қоғам. 2.Әлеуметтанудың қызметтері. 3.Әлеуметтанудың философиямен ара қатынасы. 4.Әлеуметтану, қоғам туралы ғылым. 5.Әлеуметтік білімнің құрылымы. 6.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары. 7.Орта деңгейлер теориясы. 8.Микроәлеметтанулық теориялар. 9.Макроәлеуметтанулық теориялар. 10.ХІХ ғасырдағы әлеуметтанудың дамуы. 11.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік ойлар. 12.Қазақстандағы әлеуметтанудың дамуы. 13.О.Конттың позитивтік әлеуметтануы. 14.Г.Спенсердің әлеуметтік көзқарасы. 15.ХХ ғасырдағы әлеуметтік бағыттар. 16.Қоғам жүйе ретінде. 17.Қоғамдық дамудың формациялық, өркениеттік және мәдениеттік концепциялары. 18.Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана диалектикасы. 19.Қоғам және табиғат: өзара байланыс мәселесі. 20.Қоғам дамушы жүйе ретінде: эволюция және революция. 21.Қазақ ағартушылары: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихановтың әлеуметтік-философиялық көзқарастары. 22.Ұлттық даму және ұлттық өзіндік сана. 23.Қазіргі глобальді мәселелер және оларды шешу жолдары. 24.Қазіргі қоғамдығы діннің орны мен ролі. 25.Қазіргі Қазақстан транзиттік қоғам ретінде: қиындықтар, мәселелер және қайшылықтар. 26.Әлеуметтік институт ұғымы. 27.Қоғамның негізгі әлеуметтік институттары. 28.Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік бақылау жүйесі. 29.Әлеуметтік институттардың қызметтері мен ролі. 30.Әлеуметтік процестер. 31.Жеке тұлғаның әлеуметтендірілуіндегі қоғамдық институтардың ролі. 32.П.Сорокиннің әлеуметтік көзқарастары. 33.Л.Уорнердің таптық жүйе туралы ілімдері. 34.Әлеуметтік теңсіздік туралы марксистік ілімдер. 35.Стратификацияның тарихи түрлері. 36.Қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік. 37.Мобильділік теориясы. 38.Орта тап. 39.Қазақстандағы таптық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері. 40.Тұлға туралы теориялар. 41.Ролдік тұжырымдамалар. 42.З.Фрейдтің ілімдері. 43.Әлеуметтендірілу процесі. 44.Жеке тұлғаның құрылымы. 45.Айнадағы мен тұжырымы. 46.Қазақ ағартушыларының адам, тұлға, индивид туралы көзқарастары. 47.Т.Парсонстің әлеуметтік тұжырымдамалары. 48. Р. Мертонның қоғамдағы ауытқушылықтар туралы көзқарастары. 49.Девиантты қазіргі қоғамдағы жиі кездесетін ауытқушылық түрлері. 50.Дюркгеймнің дивиация туралы түсіндірмерлері. 51.Девиантты іс-әрекет. 52.Девиантты іс-әрекетті зерттеген ғылыми бағыттар. 53.Әлеуметтік нормалардың қызметтері. 54.Деликвентті индивидтің іс-әрекеті. 55.Қазіргі қоғамдағы маскүнемдіктің адамға тигізер зияны. 56.Өз-өзіне қол жұмсау мен нашақорлықтың қоғам үшін қауіптілігі. 57.Білім әлеуметтануының зерттеу бағыттары. 58.Жеке тұлғаны қалыптастырудағы білімнің ролі. 59.Гуманизм жалпы адамзаттық мәселе. 60.Үздіксіз білімнің қоғам дамуына ықпалы. 61.Гуманитарлық білімнің ерекшеліктері. 62.Техникалық білімнің ерекшеліктері. 63.Білім берудің ғылыми тұжырымдамалары. 64.Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің ерекшеліктері. 65.Саяси жүйені әлеуметтік тұрғыдан зерттеу. 66.Қоғамдағы биліктің ролі және түрлері. 67.Саяси іс-әрекеттердің қоғам дамуына әсері. 68.Саясат ұғымы. 69.Демократиялық қоғамның ерекшеліктері. 70.Саяси процесс және саяси мәдениет 71.Экономикалық әлеуметтанудың тарихи дамуы. 72.Қоғамдағы орта таптың ролі. 73.Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы. 74.Орта таптың тұжырымдамалары. 75.Экономикалық ұйымның тарихи түрлері. 76.Ұйымды басқарудың түрлері. 77.Қазақстандағы жекешелендіру процесі. 78.Кәсіпкердің әлеуметтік портреті 79.Экономиканы дамытудағы кәсіпкер әйелдердің ролі. 80.Шетел инвесторларының экономиканы дамытудағы үлесі. 81.Шетелдік компаниялардығы жұмысшылардың жағдайы. 82.Отбасының тарихи түрлері. 83.Отбасындағы жалғыз бала проблемасы. 84.Отбасының ажырасу себептері 85.Отбасы әлеуметтік институт ретінде. 86.Отбасы және маскүнемдік. 87.Л.Морганның отбасы туралы зерттеулері. 88.Тұлғаны қалыптастырудығы әлеуметтендірудегі отбасының ролі. 89.Отбасының типологиясы. 90.Отбасының негізгі қызметтері. 91.Нарықтық экономиканы ерекшеліктері. 92.Құндылық түрлері және олардың иерархиялық баиланысы. 93.Ақиқат және құндылық. 94.Тұлғалық қатынастардың, топтық және жалпы адамзаттық құндылықтары. 95.Адам іс-әрекетін реттеу: нормалар, идеалдар,құндылықтар. 96.Рухани құндылық адам өмірінің басты мағынасы ретінде. 97.Ұлттық болмыс және дәстүр құндылықтарының байланысы. 98.Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. 99.Қоғамдық пікірдің құрылымы. 100.Г.Тардтың бұқаралық коммуникация туралы көзқарастары. Емтихан бағдарлмасы: Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.159 сек.) |