АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Ауру сипатталады

Читайте также:
  1. a)Диваленттiкке ие болады
  2. C) ынталандыру (мотивация)
  3. e) Сауда экспорты
  4. ААААААААААААААААААААА
  5. Адам экологиясы
  6. Аномаль дисперсия
  7. Байланыс каналдары
  8. Балалар аурулары блогы
  9. Бап. Беттестіру
  10. Бап. Тергеу экспериментi
  11. Белсенділік принципін бірнеше аспектілері

БЛОК

Тақырыбы: «Кіріспе»

1. Патофизиология – бұл:

- ауру организмгің тіршілігі туралы ілім

2. Патофизиология зерттейді:

- аурудың пайда болуы, дамуы, ағымы, аяқталуының жалпы заңдылықтарын

3. Патофизиология курсына келесі бөлім кіреду:

- біртектес дерттік үрдістер

4. Патофизиологияның негізгі әдісі:

- тәжірибелік.

5. Патофизиологияның негізгі зерттеу әдісі:

– жануарларда жасалатын тәжірибе.

6. Патофизиологиялық тәжірибеде міндетті түрде болуға тиісті:

– адам ауруларын жануарларда үлгілеу.

7. Патологиялық физиология зерттейді:

- Аурудың пайда болуының, дамуының, ағымының және аяқталуының жалпы заңдылықтарын.

8. Патофизиологиядағы тәжірибеде:

- Жануарларда адам ауруларының үлгісін алу.

9. Жануарларға тәжірибе жасағанда зерттеу мүмкін емес:

- Психикалық ауруларды

10. Жануарларға тәжірибе жасағанда зерттеу мүмкін емес:

- Аурудың субъективті белгілерін.

Тақырыбы: «Жалпы этиология»

1. Аурудың себептері мен даму жағдайлары туралы ілім осылай аталады:

- этиология.

2. Этиология – осыларды зерттейтін ілім:

- ауру пайда болуының себептері мен жағдайларын.

3. Ауру себебі – бұл:

- аурудың сапалық ерекшелігін анықтайтын ықпал, яғни осы ықпалдың әсерінсіз ауру пайда болмайды.

4. Ятрогенді аурудың себебі:

– дәрігердің дұрыс емес әрекеттері.

5. Ауру пайда болу үшін:

– себеп және ауру дамуына қолайлы жағдайлар қажет

6. Аурудың механикалық себептеріне жатады:

– қысылу.

7. Биіктік ауру дамиды:

- төмен барометрлік қысым әсер еткенде.

8. Организмге жоғары атмосфералық қысым әсер еткенде:

- қанда газдардың ерігіштігі жоғарылайды.

9. Аурудың физикалық себептеріне жатады:

- гамма-сәулелену.

10. Сәуле ауруының себебі:

- организмге әсер ететін иондаушы радиация.

11. Кинетоздардың себептері:

- үдемелі жылдамдықтың организмге әсері.

12. Аурудың биологиялық себептеріне жатады:

- вирустар.

13. Аурудың ішкі себептеріне жатады:

- дерттік тұқым қуалаушылық.

14.Жағдай- бұл:

- ауру дамуын қолдайтын не оған кедергі жасайтын ықпал.

15. Ауру дамуына қолайлы сыртқы жағдайларға жатады:

- еңбек ету мен дем алудың тәртібін бұзу.

16. Этиотропты емге жатады:

- бактерияларға қарсы.

17. Аурудың пайда болуының себептері және жағдайлары туралы ілім аталады:

- Этиология

18. Дұрыс тұжырым болып табылады:

- Себеп организммен әрекеттескенде аурудың арнайы белгілері байқалады.

20. Дұрыс тұжырым болып табылады:

- Ауру себептері бұл – ауруды тудыратын және оған ерекше қасиет беретін ықпал.

21. Полиэтиологиялық түсінік қолданылады:

- Қабынуда.

22. Аурудың сыртқы этологиялық ықпалдарына жатады:

- Вирустар.

23.Аурудың пайда болуына әкелетін сыртқы жағдайларға жатады:

- Дұрыс тамақтанбау.

24.Жыныстың этиологиядағы маңызы:

- Тек қана ауру жағдайлары.

25.Тұқымқуалаушылықтың этиологиядағы маңызы:

-Аурудың себептері мен жағдайлары.

26.Организм конституциясының этиологиядағы маңызы:

- Тек қана ауру жағдайлары.

Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігі және төзімділігі»

1. Патогенез - бұл:

- аурудың даму жолдарын (тегершіктерін) зерттейтін патофизиологияның бөлімі.

2. Патогенез – бұл осыны зерттейтін ілім:

- аурудың даму жолдарын.

3. Жедел қансырау патогенезінің бастапқы, маңызды тізбегі:

– айналымдағы қан көлемінің азаюы.

4. Патогенездің маңызды тізбегін анықтау қажет:

- себеп-салдарлық қатынастардың патогенездік тізбектерін үзу үшін.

5. Ауру патогенезінде тұйықтық тірелу (қатерлі шеңбердің) пайда болуы осыны анықтайды:

- оң кері байланыс арқылы патогенездік белгілі тізбектердің күшеюін.

6. Организмнің шұғыл (жедел) қорғаушы-орын толтырушы реакцияларына жатады:

- жөтелу.

7. Патогенездік емнің негізінде осыған әсер ету маңызды:

– ауру патогенезінің негізгі тізбегіне.

8. К патогенездік емге жатады:

- қабынуға қарсы ем.

9. Реактивтілік- бұл

– қоршаған орта әсерлеріне организмнің жауап беру қасиеті

10. Реактивтіліктің жалпы түрі:

- түрлік.

11. Егеуқұйрықтар мен теңіз шошқаларына қарағанда, бақалар гипоксияға ең төзімді. Бұл мысал

– түрлік реактивтіліктің

12. Қарт адамдар инфекцияларға өте сезімтал. Бұл мысал:

- топтық реактивтіліктің

13.Организмнің физиологиялық реактивтілігінің мысалы:

- физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, нәрестелердің эритроцитозы.

14. Организмнің спецификалық дерттік реактивтілігінің мысалы:

- сезімталдығы жоғарылаған организмге қайтадан парентеральді жол арқылы анафилактогенді ендіргенде анафилаксиялық шоктың дамуы

15. Организм реактивтілігінің 2 дәрежесінің –енжарлы төзімділіктің (Зайко бойынша) мысалдары:

- электр тоғына, бетта –сәулеленуге терінің тосқауылдық қызметтері.

16. Дерттік реактивтілікпен сипатталатын дерттік үрдіс:

- қызба

17. Наркоз кезіндегі дерттік реактивтілік келесі көріністермен сипатталады:

- фагоцитоздың және антиденелер түзілуінің тежелуі.

18. Жоғарылаған реактивтілік аталады:

- гиперергия

19. Конституциялық типтерді (түрлерді) жіктеудің морфо-функционалды принципі (негізі) осы ғалымның жіктеуінде маңызды:

- Черноруцкийдің

20. Жеке организмнің ерекшелігі осымен анықталады:

- жеке даралық реактивтілікпен.

21. Түрлік реактивтіліктің мысалы:

- жануарлардың тіршілігіндегі мезгілге сай өзгерістер (анабиоз, қысқы ұйқы).

22. Жануарлардың қысқы ұйқысы- бұл мысал:

– түрлік реактивтіліктің.

23. Невроздар жиі жүйкенің жоғарғы қызметінің (ЖЖҚ) шеткі типтерінде байқалады (Павлов бойынша). Бұл мысал:

- топтық реактивтіліктің

24. Қанның 1 тобы тіркелген адамдарда асқазанның жара ауруы жиі кездесуі осының ерекшеліктерімен байланысты:

- топтық реактивтіліктің.

25. Ересектерге қарағанда, нәрестелер гипоксияны жеңілдірек өткереді. Бұл мысал:

- жастық реактивтіліктің.

26. Дерттік спецификалық реактивтіліктің мысалы:

- аллергия, аутоиммунды аурулар.

27. Ер адамдарға қарағанда, әйелдердің төзімділігі осылардың әсеріне төмен:

- наркотиктердің

28. Астениктерге тән:

- асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы.

29. Организм төзімділігі-бұл

- дерт туындататын әсерелрге организмнің тұрақтылығы.

30. Белсенді төзімділікті қамтамасыз етеді:

- иммунитет.

31. Белсенді төзімділіктің мысалдары:

- бактериялардың фагоцитозы мен киллингі.

32. Патогенез-бұл

- Аурудың дамуы туралы ілім.

33. Аурудың патогенезін зерттеу мынадай сұраққа жауап береді:

- Ауру қалай дамиды?

34. Патогенездің негізгі тізбегі болып табылады:

- Біріншілікті зақымдалу.

35. Аурудың бастапқы және маңызды тізбегі болып табылады:

- Аурудың басқа кезеңдерінің дамуын анықтайтын өзгерістер.

36. Жедел қансыраудың патогенезінің бастапқы тізбегі болып табылады:

- Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі.

37. Биіктік ауруы кезіндегі көкшіл түстің (цианоз) патогенезі қан құрамындағы артық жиналуымен байланысты:

- Дезоксигемоглобиннің

38. Патогенездік емнің негізінде жатыр:

- Ауру патогенезінің бастапқы тізбегіне әсер ету.

39. Арнайы емес (бейспецификалық) патологиялық реактивтіліктің мысалы болып табылады:

- Шоктық жағдайлар кезіндегі.

40. Арнайы (спецификалық) физиологиялық реактивтіліктің мысалы болып табылады:

- Иммунитет.

41. Дизергия деп аталады:

- Тітіркендіргішке бұрмаланған жауабы.

42. М.В. Черноруцкийдің конституциональді түрлердің жіктелуіне сәйкес болады:

- Нормостеник

43. Гиперстениктерге тән:

- Қандағы холестерин мөлшерінің жоғарылауы.

44. Белсенді төзімділіктің мысалы болып табылады:

- Фагоцитоз.

Тақырыбы: «Жалпы нозология»

1. Нозология - осыларды зерттейтін ілім:

- аурулардың түрлерін, даму жолдарын, ағымдарын.

2.Тітіркендіргіштердің әсеріне сәйкес келмейтін жауап аталады:

-дерттік серпіліс (патологиялық реакция).

3. Теріс мәні бар эмоциялардың әсерінен артериялық қысымның қысқа мерзім ішінде жоғарылауы аталады:

-дерттік серпіліс (патологиялық реакция).

4. Дерттік жағдай (патологиялық күй) – бұл

– баяу дамитын дерттік үрдіс (патологиялық процесс).

5. Ампутациядан кейінгі аяқ-қолдардың қалдығы, жарақат нәтижесінде буынның қозғалмауы осының мысалдары:

–дерттік жағдайдың (патологиялық күйдің).

6. Күйгеннен кейін соқыр болу, ампутациядан кейінгі аяқ-қолдардың қалдығы- осының мысалдары:

–дерттік жағдайдың (патологиялық күйдің).

7. Ауру алды – бұл

- денсаулық пен ауру арасындағы жағдай.

8. Тіршілік етуді шектейтін, тіндер құрылысының тұрақты ақауы- бұл:

- ауру

Ауру сипатталады

– еңбек етуге қабілеттіліктің төмендеуімен

10. Ауруға жатады:

- өкпе қабынуы.

11. Инфекциялық аурулардың жасырын кезеңі аталады:

- инкубациялық кезең

12. Аурудың барлық айқын көріністері тән:

- нағыз ауру сатысына.

13. Аурудың жедел (қауырт) ағымы:

- 5-14 күн

14. аурудың жедел (қауырт) ағымы:

- 1-2 апта

15. Аурудың жеделше ағымы:

- 15-40 тәулік

16. Ауру нәтижесі:

- толық сауығу.

17. Ауру нәтижесі:

- толық емес сауығу

18. Аурудың клиникалық көріністерінің уақытша әлсіреуі немесе жойылуы аталады:

- ремиссия

19. Рецидив (қайталану) – бұл:

- аурудың клиникалық көріністерінің уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы.

20. Рецидив – бұл:

- аурудың клиникалық көріністерінің толық жойылуынан кейін аурудың қайта басталуы.

21. Организмнің өлу сатылары:

- преагоналды кезең, агония

22. Қалыпты жағдайда клиникалық өлімнің ұзақтығы:

– 5-6 минут

23. Өлудің қайтымсыз сатысы:

– биологиялық өлім.

24. Биологиялық өлімнің нақты (абсолютты) белгілері:

- өліктің сіресіп қалуы, өліктік дақтардың пайда болуы, жүрек және тыныс алу қызметтерінің жойылуы.

25.Нозология- бұл

- Ауру туралы жалпы ілім.

26.Дерттік үрдіс аталады:

- Зақымдалған ағзаларда, тіндердегі және организмнің қорғаныш-бейімделу серпілістері мен зақымдалу үрдістерінің заңдыі үйлесімдері

27. Жарақат салдарынан немесе көздің күйіктен кейінгі соқырлығы мысалы болып табылады:

- Дерттік жағдайдың.

28.Теріс көңіл-күйдің әсерінен қысқа уақыттық артериялық қысымның төмендеуі:

- Дерттік серпіліс.

29. Өлімнің негізгі кезеңдерінің дұрыс орналасуы:

- Преагония, терминалді үзіліс, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім.

30. Аурудың (нозологиялық бірліктің) мысалы болып табылады:

- Миелолейкоз.

31. Қабыну- бұл:

- Біртектес дерттік үрдіс

32. Дерттік серпілістің мысалы болып табылады:

- Жарыққа көз қарашығының кеңеюі.

33. Синдромның түсінгі:

- Патогенезі бір аурулар әйгілімінің жиынтығы.

34. Аурудың арнайы емес белгілерінің көрінісі тән:

- Продромальді кезеңге.

35. Ұзақ уақыттық, тұрақты сауығу механизмдеріне жатады:

- қан түзетін тіннің гиперплазиясы.

36. Клиникалық өлімнің басталғаны туралы куәлендіреді:

- Жүрек соғуының және тыныстың тоқтауы, рефлекстердің болмауы.

Тақырыбы: «Тұқым қуалаушылықтың патологиясы»

1. Тұқым қуалайтын ауру – бұл ауру:

- ата-аналардан балаларға берілетін және гендік аппараттың зақымдалуына байланысты.

2. Гаметалық мутациялар-бұл осыларда пайда болатын мутациялар:

- ұрықтық және жыныстық жасушаларда.

3. Транслокация – бұл:

- хромосоманың бір бөлігінің басқа хромосомаға тасымалдануы.

4. Доминантты түрі бойынша тұқым қуалайтын аурулар:

- брахидактилия, Гетингтон хореясы.

5. Моногенді ауруға жатады

- г емофилия.

6. Моногенді аурудың мысалы:

- гликогеноз

7. Моногенді ауруға жатады:

- В гемофилиясы

8. Фенилкетонурия осының нәтижесінде дамиды:

– генді мутациялардың.

9. Хромосомалық ауру:

-Клайнфельтер синдромы.

10. Хромосомалық ауру:

- Даун ауруы.

11. Аутосомалардың 21 жұбы бойынша трисомиясы осы синдромды дамытады:

– Даун.

12. Даун ауруында байқалады:

- ақылдың кеміс болуы (ақылсыздық).

13. Туа біткен, тұқым қуаламайтын ауруға жатады:

– нәрестелердің сифилисі (мерезі)

14. Полигенді ауруға жатады:

- атеросклероз.

15. Жүректің ишемиялық ауруы осы топ ауруларына жатады:

- мультифакториалды (полигенді).

16. Тұқым қуалауға бейім ауруларға жатады:

- аллергия, қантты диабет, жара ауруы.

17. Тұқым қуалайтын аурулар жиі кездесетін жанұялардың шежіресін зерттеу әдісі аталады:

- клиникалық-генеалогиялық.

17. Тұқым қуалайтын фактор (ықпал) осы ауру пайда болуында маңызды:

- А гемофилиясының.

18.Жыныстық хромосомалар құрамы ауытқуымен байланысты ауруға жатады:

- Клайнфельтер синдромы.

19. Гендік мутациялар осылардың өзгеруімен байланысты:

- ДНҚ бөлігінің химиялық құрылысының.

20. Кариотип 22А және ХХХ осы синдромға тән:

- Х-трисомия.

21. Соматикалық жасушалардың ядросындағы Барр денешіктері осы науқастарда анықталмайды:

- Шерешевский-Тернер синдромы бар науқастарда.

22. Тұқымқуалаушылық аурулары – бұл:

- Ауру пайда болуының негізінде генетикалық аппараттың зақымдалуы жататын ауру.

23. Тұқымқуалаушылық ауруларының дамуына әкелетін мутациялар болады:

-Гаметаларда.

Тақырыбы: "Жасушаның жалпы патологиясы"

1. Зақымдануға жасушалардың бейспецификалық реакциясы (серпілісі) осылай көрінеді:

- цитоплазманың бірқатар бояғыштарға ұқсастығының (жақындығының) жоғарылауы.

2. Жасушалар зақымдалуының бейспецификалық көріністеріне жатады:

- паранекроздың дамуы, тіндердің сорбциялық (сіңіру) қасиеттерінің күшеюі.

3. Фосфолипазалар мен басқа гидролазар әсерінен жасуша цитоқаңқасының ыдырауы осы ионның жиналуына байланысты:

- кальцийдің.

4. Дұрыс пікір (тұжырым):

-жасушаның әрбір зақымдалуы жасушалар мембранасы өткізгіштігі артуымен қабаттасады.

5. Жасуша зақымдалуының белгісі:

- жасуша ішінде кальций мөлшерінің жоғарылауы.

6. Липидтердің асқын тотығуының белсенуіне ықпал етеді:

- супероксиддисмутаза белсенділігінің тежелуі.

7. Мембраналарда липидтердің асқын тотығуының нәтижесі- ол осының жоғарылауы:

– мембраналар өткізгіштігінің.

8. Митохондриялар мембараналарының зақымдалуы әкеледі:

- тотығулық фосфорланудың (фосфорилденудің) бұзылуына.

9. Жасушалар мембараналарының өткізгіштігінің артуы әкеледі:

- жасушалардан ферментетрдің шығуына және гиперферментемияға.

10. Жасуша зақымдалуының жетіспейтін тізбегін қойыңыз: мембраналар зақымдалуы → иондық дисбаланс →? → осмостық қысымның өсуі → жасушалар гипергидратациясы:

- жасушаларда натрий мен кальцийдің жоғарылауы.

11. Иондаушы сәулелену ең айқын әсер етеді:

-митоз кезінде жасуша ядросына.

12.Жасушалардың генетикалық (тұқым қуалайтын) аппаратының спецификалық зақымдалуын шақырады:

- иондаушы сәулелену.

13. Жасушалар зақымдалуының спецификалық көрінісі:

- цитохромоксидазаның цианистік калиймен тежелуі.

14. Цианидтермен улану кезінде жасушалар зақымдалуының спецификалық көрінісі:

- цитохромоксидазаның тежелуі.

15. Цитохромоксидаза белсенділігіінң тежелуі осының спецификалық көрінісі:

–цианидтермен уланудың

16. Некроз – бұл:

– жасушадағы қайтымсыз зақымданулар.

17. Жасуша ядросының бүрісуі аталады:

- пикноз

18. Компенсацияның (теңгерілудің) ұзақ тұрақты тегершіктеріне жатады:

- құрылымдардың гипертрофиясы мен гиперплазиясы

19. Апоптоз – бұл:

- Жасушалардың тұқым қуалауға негізделген бағдарламаланған өлімі.

20. Белоктардың (ақуздардың) және белоктық-полисахаридтік кешендердің денатурациясы жасушалардың осы ықпалмен зақымдалуының спецификалық көрінісі:

- Термиялық.

21.Жасуша зақымдалуының липидтік тегершіктеріне жатады:

- мембраналық фосфолипазалардың белсенуі.

22.Жасуша зақымдалуына қорғаушы тегершіктерге жатады:

- антиоксидантты жүйелер.

Тақырыбы: «Зақымдалуға организмнің жалпы әсерленістері»

1. «Стресс» аталуын енгізген:

- Г.Селье

2. Стресс-серпілісіне тән:

- тимустың және лимфа түйіндерінің атрофиясы.

3. Жалпы бейімделу синдромының іске асыру тегершіктері осының өндірілуі жоғарылауымен байланысты:

- глюкокортикоидтардың.

4. Жалпы бейімделу синдромының бірінші сатысына – үрейлену (дүрліктіру) реакциясына тән:

- бүйрек үсті безінің милы қабатының белсенуі.

5. Жалпы бейімделу синдромының 3 сатысы аталады:

- қалжырау

6. Шоктың эректильді сатысына тән:

-симпатоадреналды жүйенің қозуы.

7. Шок кезіндегі қанайналым орталықтануының негізгі механизмі (тегершігі) осымен байланысты:

- симпатоадреналды реакциямен.

8. Кома шоктан осылай ажыратылады:

- жүйкенің жоғарғы қызметінің терең тежелуімен барлық анализаторлар қызметтерінің бұзылыстарымен.

9. Жедел фаза жауабының негізгі медиаторы:

- интерлейкин-1.

БЛОК

Тақырыбы: «Шеткі қанайналым мен микроқанайналым бұзылыстары»

1. Артериялық гиперемияның себептері:

- жылудың және күн сәулелерінің әсерлері.

2. Артериялық гиперемия осының әсерінен дамиды:

- ацетилхолиннің.

3. Артериялық гиперемияның механизмдері:

- тамырларды тарылтатын жүйкелердің тонусының төмендеуі, ал тамырларды кеңейтетін жүйкелердің қозуы

4. Артериялық гиперемия патогенезінің маңызды тізбегі:

– артериолалар кеңеюі.

5. Артериялық гиперемия кезінде байқалады:

– тін бөлігінің қызаруы.

6. Артериялық гиперемияның белгісі:

- тін температурасының жоғарылауы.

7. Артериялық гиперемияның нәтижесі:

- қансыраулар, тамырлар кемерлерінің зақымданулары.

8. Патологиялық артериялық гиперемияның нәтижесі:

- тамыр жарылуы, қанкетулер.

9. Веналық гиперемияның себебі болуы мүмкін:

– веналардың ісікпен қысылуы.

10. Веналық гиперемияның себебі:

- веналардың бітелуі, қысылуы.

11. Веналық гиперемияның себебі:

- веналар клапандарының жеткіліксіздігі.

12. Веналық гиперемияның белгісі:

– қанағыс жылдамдығының баяулауы.

13. Тіндер ісінуі әдетте дамиды:

- веналық гиперемияда.

14. Веналық гиперемия патогенезінің негізгі түйінін көрсетіңіз:

- қан ағып кетуінің қиындауы.

15. Веналық гиперемияның негізінде жатады:

- қанның ағып кетуінің қиындауы.

16. Тіндердің ісінуі әдетте дамиды:

- веналық іркілуде.

17.Веналық гиперемияның салдары:

- тіндердің арнайы (спецификалық) элементтерінің атрофиясы, дәнекер тіннің өсіп кетуі.

18. Ишемия себебі:

- ангиоспазм.

19. Ишемия себептері:

- артериялар қысылуы, артериялар тарылуы.

20. Компрессиялық ишемия дамиды:

- артериялардың бөгде затпен қысылуында.

21. Ишемияның белгісі:

– тіндер көлемінің кішіреюі.

22. Ишемияның белгісі:

- тіндер бозаруы.

23. Қызмет атқару жағынан толық жетілмеген коллатеральдар:

- жүрек бұлшық етінде.

24. Ишемияның жағымсыз нәтижесі:

- инфаркт.

25. Стаз – бұл:

- қан ағысыынң жергілікті тоқтауы.

26. Қан ағыстың стаз алдындағы өзгерістері:

- қанның тербелмелі (маятник тәрізді) жылжуы, итермелі қимылдар.

27. Іркілулік стаздың себебі:

- веналар арқылы қанның ағып кетуінің тоқтауы.

28.Стаздың мүмкін болатын нәтижесі:

- некроз, инфаркт.

29. Тромб түзілуіне қолайлы ықпалдар:

- қан ағысының баяулауы, тамырлар кемерлерінің зақымдалуы.

30. Тромбтар түзілуіне қолайлы:

- қан ағысының баяулауы, тамырлар интимасыынң зақымдалуы.

31. Газды эмболияның себебі:

– барометрлік қысымның тез арада төмендеуі.

32. Сладж дамуының бір механизмі (тегершігі):

- қанның суспензиялық тұрақтылығының азаюы.

33. Артериялық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады:

- Артериолалардың кеңеюі және қан ағысының ұлғаюы.

34. Артериялық гиперемия кезінде байқалады:

- Тіндер аймағының қызаруы.

35. Артериялық гиперемияға тән:

- Веналық қанның артериалық қанға ауысуы.

36. Веналық гиперемияның себебі болуы мүмкін:

- Вена қақпашаларының жеткіліксіздігі.

37. Веналық гиперемия патогенезінің бастапқы тізбегі болып саналады:

- Қанның ағып кетуінің қиындауы.

38. Веналық гиперемияға тән:

- Цианоз және ісінулер.

39. Артериалардағы тромб әкелуі мүмкін:

- Ишемияның дамуына.

40. Ишемияның белгісі болып табылады:

- Тіндердің бозаруы:

ҚАБЫНУ

1. Қабыну:

- біртектес дерттік үрдіс.

2. Қабынудың жиі себебі:

- биологиялық ықпалдар.

3. Қабынудың сыртқы белгілері:

– ағза қызметтерінің бұзылыстары, қызару, ісіну.

4. Қабынудың жергілікті белгілері:

- ауырсыну, қызару, қызметтердің бұзылыстары.

11. Қабынудың жергілікті белгілері:

- ауырсыну, қызару, қызып кету, қызметтердің бұзылыстары.

12. Қабыну кезіндегі организмнің жалпы әсерленістеріне (реакциясы) жатады:

- дене температурасының жоғарылауы.

13. Қабынудың жалпы белгілері осылардың әсерімен байланысты:

- цитокиндердің.

14. Қабынудың бөліктеріне жатады:

– альтерация, экссудациямен өтетін қанайналымның бұзылыстары, пролиферация

15. Қабынудың бірінші сатысы:

- Альтерация.

16. Біріншілікті альтерация - тіндерге осылардың әсер етуінің нәтижесі:

- физикалық, химиялық, биологиялық ықпалдардың.

17. Екіншілікті альтерация -тіндерге осылардың әсер етуінің нәтижесі:

- жасушалардан босайтын лизосомальді ферменттердің, тіндерде сүт және үшкарбон қышқылының жиналуы.

18. Қабыну кезінде артериялық қантолуға әкеледі:

- қабыну ошағында пайда болатын медиаторлардың әсерінен тамырлардың рефлекторлы кеңеюі, бұлшық еттік қабаттың салы (параличі).

19. Қабыну кезіндегі ратериялық гиперемияға тән:

- қанағысының жылдамдауы, қабынған бөліктің қызаруы.

20. Қабыну кезіндегі қанайналым және микроқанайналым бұзылыстары ішінде ең ұзақ және негізгі сатысы:

- веналық гиперемия

22.Қабыну медиаторларының негізгі әсер ету механизмі- осының жоғарылауы:

- тамырлар өткізгіштігінің.

22. Қабыну алдындағы жасушалық медиаторлар:

- вазоактивті аминдер (гистамин, серотонин).

23. Қабынудың ерте сатысының медиаторы (біріншілікті медиатор):

- гистамин.

24. Қабынудың гуморальді медиаторы:

– брадикинин.

25. Қабынудың гуморальді медиаторларына жатады:

- комплементтің туындылары, кининдер.

26. Қабыну кезінде тамырлар кемерлері арқылы қанның сұйық бөлігінің және белоктардың шығуы аталады:

- экссудация.

27. Қабыну ошағындағы экссудацияның негізгі себептері:

- қылтамырларда гидростатикалық қысымның өсуі, тіндер ыдырауының күшеюі, оларда осмостық белсенді заттардың жиналуы.

28. Қабыну кезінде экссудаттың пайда болуына қолайлы:

- интерстициальді сұйықтың онкотикалық қысымының жоғарылауы.

29. Экссудацияны қолдайды:

– қылтамырларда гидродинамикалық қысымның өсуі.

30. Қабыну ошағында онкотикалық және осмостық қысымның өсуі себептері:

- жасушалар өлгенде олардан калийдің босауы, тамырлар өткізгіштігі артуынан олардан альбуминдердің шығуы, белоктардың белсенді гидролизі.

31. Қабыну кезінде тамырлар өткізгіштігі артуының себептері:

- лизосомалар ыдырағанда олардан босайтын ферменттер, ошақта қабыну медиаторларының пайда болуы.

32. Экссудат құрамында өлген лейкоциттердің және ферментативті гидролиз өнімдерінің көп болуымен сипатталатын қабыну:

- іріңді.

33. Іріңді тудыратын микроорганизмдермен шақырылатын қабыну кезіндегі экссудаттың құрамында басым болады:

- нейтрофилдер.

34. Стафилококктар мен стрептококтармен шақырылған қабыну кезіндегі экссудаттың түрі:

– іріңді.

35. Қабыну ошағындағы ірің жасушалары:

- зақымдалу мен ыдыраудың әр түрлі сатыларындағы лейкоциттер.

36. Аллергия кезіндегі экссудат құрамында басым:

- эозинофилдер.

37. Лейкоциттер эмиграциясын қолдайды:

- хемоаттрактанттар.

38. Қаурт қабыну кезіндегі лейкоциттердің эмиграциясының реті:

– нейтрофилдер – моноциттер – лимфоциттер.

39. Макрофагтарға жатады:

- моноциттер.

40. Қабыну кезінде эритроциттердің тамырлардан шығуы аталады:

- диапедез.

41. Қабынудың пролиферация сатысында байқалады:

- жасушалардың бөлініп көбеюі.

42. Қабыну кезінде пролиферация үрдісі тежеледі:

- кейлондармен.

43. Қабыну ошағындағы пролиферацияны қамтиды:

- мононуклеарлы фагоциттер, гистиоциттер.

44. Қабыну ошағындағы қызару байланысты:

– артериялық гиперемияға.

45. Қабыну кезінде жергілікті ацидоздың патогенездік факторы:

- Кребс оралымының бұзылыстары.

46. Қабыну кезінде жергілікті температура жоғарылауының патогенездік факторы:

– артериялық гиперемия.

47. Қабыну кезіндегі ауырсыну байланысты:

- сезімтал жүйкелердің ісінген сұйықтықпен және сутегі иондарымен тітіркендіру, қабыну ошағында гистаминнің, брадикининнің пайда болуы.

48. Жедел (қауырт) қабыну ошағында келесі физикалық-химиялық өзгерістер тән:

- гиперонкия, гиперосмия, ацидоз

49. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер сипатталады:

- ацидоз дамуымен.

50. Организм үшін қабынудың теріс маңызы:

- жасушалардың зақымдалуы мен өлуінде.

51. Қабынуға қарсы әсері бар:

- глюкокортикоидтарда.

52.Қабынудың жиі себебі болып табылады:

- Биологиялық ықпалдар.

53.Қабынудың компоненттеріне жатады:

- Альтерация, экссудация мен қанайналымның бұзылыстары және лейкоциттердің эмиграциясы, пролиферация.

54.Қабыну ошағындағы заттар ыдырауының күшеюі байланысты:

- Лизосомальді ферменттердің белсендірілуімен.

55.Шығу тегі гуморальді қабыну медиаторларына жатады:

- Брадикинин.

56.Қабыну ошағындағы гистамин түзілуінің көзі болып табылады:

- Лаброциттер (бұлтты жасушалар).

57.Қабыну ошағындағы қанайналым өзгерістерінің дұрыс орналасуы:

- Ишемия, артериальді гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз.

58. Қабыну кезіндегі қысқа уақыттық қанайналым бұзылыстарының сатысы болып табылады:

- Артериолалардың қысылуы (ишемия).

59.Қабыну кезіндегі негізгі және ұзағырақ қанайналым бұзылыстарының сатысы болып табылады:

- Веналық гиперемия.

60.Қабыну кезіндегі веналық гиперемияның патогенезінде маңызды:

- Қанның тұтқырлығының жоғарылауы.

61.Конгейм жасаған тәжірибесінде бақаның аш ішегінің шажырқайында (брыжейка) артериолалардың айқын кеңеюі, қызметтік қылтамырлар санының ұлғаюы, қан ағысының жылдамдауы байқалған. Бұл өзгерістер тән:

- Артериялық гиперемияға.

62.Экссудация дегеніміз:

- Қанның құрамында белогы бар сұйық бөлігінің қабынған тінге өтуі.

63.Экссудация патогенезінде маңызды:

- Тіндердегі осмостық және онкотикалық қысымның жоғарылауы.

64.Жедел қабыну кезіндегі лейкоциттер эмиграциясының дұрыс орналасуы:

- Нейтрофилдер, моноциттер, лимфоциттер.

65.Қабыну ошағындағы эндотелий мен лецкоциттердің тығыз байланысы қамтамасыз етіледі:

- Интегриндермен.

66.Лейкоциттер эмиграциясына әкеледі:

- Оң (оң бағытты) хемотаксис.

67.Іріңді экссудат:

- Жоғары протеолиздік белсенділігімен ерекшеленеді.

68.Жылу берілудің төмендеуі:

- Симпатикалық нерв жүйесінің тонусының жоғарылауына.

Тақырыбы: «Қызба»

1. Қызба-ол:

– біртектес дерттік үрдіс.

2. Қызба сипатталады:

- термореттеудің механизмдері қайта құрылуымен (өзгеруімен).

3. Қызба дамиды осылардың әсерінен:

- пирогендердің.

4. Экзогенді пирогендерге жатады:

- бактериялардың тіршілігі барысында бөлінетін пирогенді өнімдер.

5. Экзопироген гипоталамусқа әсер етеді:

- лейкоцитарлы пирогенді түзу арқылы.

6. Қызба кезінде температураның жоғарылауы пирогендердің термореттеу орталығына тигізетін әсеріне байланысты. Осы орталық орналасқан:

- гипоталамуста

7. Эндогенді пирогендер түзіледі:

– лейкоциттерде.

8. Лейкоцитарлық пирогендерді өндіреді:

- нейтрофилдер, моноциттер.

9. Лейкоцитарлық пироген әсер етеді:

- гипоталамусқа.

10. Лейкоцитарлық пироген әсер етеді:

- гипоталамустың преоптикалық аумақтары нейрондарға.

11. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауының патогенезінде жетіспейтін тізбекті көрсетіңіз: экзогенді пирогендер – фагоциттер-? –термореттеу орталығы

– эндогенді пирогендер

12. Қызбаның 1 сатысында температура жоғарылауында маңызды:

- жылуды өндірудің күшеюі, жылуды сыртқа шығарудың азаюы.

13. Қызбаның 1 сатысында:

- жылу өндірілуі жоғарылаған, жылуды сыртқа бөлу азайған

14. Қызбаның 1 сатысында физикалық термореттеу механизмдерінің қосылуы көрінеді:

- терді шығарудың азаюымен.

15. Қызбаның 2 сатысында жылулық баланс осындай:

- жылуды сыртқа бөлу жылуды өндірумен теңескен, негізгі алмасудың салыстырмалы түрде азаюы.

16. Қызбаның 2 сатысына тән:

- жиі беткей тыныс алу.

17. Терді бөлі айқын:

- қызбаның 3 сатысында.

18. Дене температурасы 1 градусқа жоғарылағанда жүрек қызметі өседі (жоғарылайды):

- минутына 8-10 соққыға.

19. Дене температурасының өзгерістері тәулік бойы бір градустан аспайтын қызбалық температуралық қисық осылай аталады:

- тұрақты.

20.Қызба кезінде субфебрильді деп дене температурасының осындай градусқа жоғарылауын айтады:

– 37-38 градусқа.

21. 41 градустан асатын қызба аталады:

- гиперпиретикалық, тым жоғары.

22. Тұрақты қызбаға тән:

- 1 градус шамасында дене температурасының өзгеруі.

23. Қызбаның оң әсерлері:

– зат алмасудың күшеюі, фагоцитоздың күшеюі.

24. Қызбаның оң әсерлері:

- антиденелер түзілуінің күшеюі, интерферон түзілуінің жоғарылауы.

25. Қызбалық реакцияның (серпілістің) айқын көрінісі азаяды:

- микседемада.

26. Қызбаға қарағанда, қызып кету осы әсер еткенде дамиды:

- қоршаған ортаның жоғары температурасы.

27.Қызбаның бірінші сатысындағы температураның жылдам жоғарылауы әкеледі:

- Бұлшық еттің діріліне және тоңу сезіміне.

28.Дұрыс тұжырым болып табылады:

-Қызбаның бірінші сатысында тері температурасы қанның температурасынан төмен.

29.Қызбаның бірінші сатысында байқалады:

- Жылу өндірілуінің төмендеуі және жылу шығарылуының жоғарылауы.

30.Қызбаның екінші сатысына тән:

- Терінің қызаруы.

31.Қызба кезіндегі температураның «критикалық» түсуі қауіпті:

- Коллапс дамуымен.

32.Дұрыс тұжырым болып табылады:

- Бозару және тері жамылғысының салқындауы қызбаның бірінші сатысына тән.

33. Қызбаның пайдалы жағы болып саналады:

- Антидене түзілуі және фагоцитоздың күшеюі.

Тақырыбы «Ісіктер (өспелер)»

1. Ісіктердің себебі:

- канцерогендер.

2. Биологиялық канцерогендерге жатады:

- онкогенді вирустар.

3. Ісіктер этиологиясында химиялық заттардың маңызын тәжірибеде бірінші рет дәләлдеген:

- Ямагива, Ишикава

4. Тіндердің экспансивті өсуі байқалады:

- қатерсіз (зарарсыз) ісіктік өсуде.

5. Қатерсіз ісік өсуінің ерекшелігі:

- баяу өсу, жасушалық және тіндік атипизм айқын көрінбейді.

6. Инфильтративті өсу байқалады:

– қатерлі (зарарлы) ісіктік өсуде.

7. Қатерлі (зарарлы) ісіктің қасиеттері:

- тез өсу, метастазалану.

8. Ісіктік өсу сипатталады:

- жасушалардың реттеуге келмейтін өсіп-көбеюімен.

9. Ісіктік өсудің шексіз болуын негіздейтін механизмдер:

- гистондардың реттеуші маңызының жойылуы, онкобелоктар түзілуінің жоғарылауы, жасушаларда цАМФ (оАМФ) азаюы.

10. Рактық кахексияның патогенезінде маңызды:

- ісік-глюкоза мен азотты қармап алушы, ісіктер ыдырауы өнімдерімен уыттану.

11.Ісіктік тіннің құрылымдық-химиялық қарапайымдылануы, нақтылану (дифференцировка) деңгейінің төмендеуі аталады:

– анаплазия.

12. Канцерогенез сатыларының дұрыс ретін көрсетіңіз:

- инициация, промоция, прогрессия

13. Онкоген концепциясына сәйкес, протоонкогендер- бұл:

- жасушалар өсуі мен нақтылануы гендері.

14. Қалыпты жасушаның ісіктікке айналуы негізінде жатады:

- трансформациялайтын (өзгеретін) геннің (онкогеннің) пайда болуы.

15.Онкоген белсенуі негізінде жатыр:

- мутация

16. Коканцерогенді факторлардың қосымша әсерінен ісіктік жасушалардың белсенуі осы сатыда байқалады:

- промоция.

17. Ісіктік өсудің промоция сатысының нәтижесі:

- біріншілікті ісіктік түйіннің пайда болуы.

18. Ісіктік жасушалардың қасиеттерінің малигнизацияға (қатерленуге) қарай сапалы өзгеруі аталады:

- ісіктік прогрессия

19. Ісіктік жасушалардың метастазалануы осы сатыда байқалады:

- прогрессия.

20. Ісіктер метастазалануының 1 сатысын айқындайтын факторларды атаңыз:

- ісіктік жасушалардың гидрофильдігінің жоғары болуы, плазмалық мембраналардың адгезивті қасиеттерінің төмендеуі.

21. Ісіктер метастазалануының 2 сатысын айқындайтын факторларды атаңыз:

- биологиялық сұйықтықтардың карцинолиздік қасиеттерінің төмендеуі.

22. Эпителиальді ісіктердің метастазлануының ерте жолы:

- лимфогенді, имплантациялық.

23.Ісіктік жасушалардың ісіктік түйінге тірелген серозды (ұйыма) қабаттар арқылы таралуымен сипатталатын ісіктің метастазалануы әдісі аталады:

- имплантациялық.

24. Ісіктер кезіндегі «субстратты қақпа» феноменінің мәні:

- ісіктік жасушалармен қаннан глюкозаны қармап алуы.

25. Операциялық жолмен алып тастағаннан кейін ісіктің қайталануына әкелетін этиологиялық факторлар:

- операция барысында сау тіндердің ісіктік жасушалармен тұқымдандыруы (обсеменение)

26. Рактық кахексия сипатталады:

- организмнің айқын жүдеуі, әлсіреуі

27.Организмнің антибластомды төзімділігінің антитрансформациялық механизмдерінің мәні:

- қалыпты жасушаның ісіктікке айналуын тежеу.

28. Тіндік өсудің гипобиоздық бұзылыстарға жатады:

- атрофия, гипотрофия.

29.Эндогенді химиялық канцерогендерге жатады:

- Азот тотығы және оттегінің бос радикалдары.

30.Қатерлі ісіктердің алғашқы, түпкілікті белгісі болып саналады:

- Инвазивті өсу.

31.Ісіктердің антигендік атипизтіне жатады:

- арнайы эмбрионды ақуыздардың синтезі.

32.Ісіктердің метастаздануының екінші сатысын көрсетіңіз:

- Лимфа және қан тамырлары арқылы жасушалардың тасымалдануы.

33.Канцерогенез сатысының дұрыс орналасуын көрсетіңіз:

- Инициация, промоция, прогрессия.

34.Жасушалардың ісіктік тасымалдануы әкеледі:

- Протоонкогеннің онкогенге айналуына.

35.Антионкогендер- бұл:

- жасуша көбеюінің ген-супрессорлары.

36.Канцерогенездің екінші сатысы аталады:

- Промоция.

37.Онкогендер – бұл:

- Бақылаудан шыққан, өзгерген протоонкогендер.

38.Канцерогендер әсерін күшейтетін, бірақ өздігінен ісіктердің дамуын шақырмайтын агент:

- Коканцероген.

39.Циклді (оралымды) ароматты көмірсулар тобына жататын канцероген:

- 3, 4- бензпирен.

40.Қатерлі ісіктер дәрежесінің жоғарылауы аталады:

- Ісіктік прогрессия

 

Тақырыбы: "Аллергия"

1. Патологиялық иммунологиялық реактивтіліктің көрінісі:

- сезімталдықтың жоғарылауы (аллергия)

2. Аллергия мен аутосенсибилизацияны қолдайтын ықпалдар:

- терілік және кілегейлі тосқауылдар өткізгіштігінің жоғарылауы, миокард және бүйрек қабынуы.

3. Организм сенсибилизациясы дамиды:

- аллерген бірінші рет түскенде.

4. Сенсибилизации жағдайына тән:

-спецификалық (арнайы) иммуноглобулиндер титрінің жоғарылауы

5. Енжарлы сенсибилизация дамиды:

- сезімталдығы жоғарылаған жануардың сары суын реципиентке ендіргенде.

6. Дереу дамитын аллергиялық серпілістер осылардың болуымен байланысты:

-айналымдағы бос антиденелердің.

7. Аллергияның патохимиялық сатысының мәні:

- биологиялық белсенді заттардың түзілуі мен белсенуі.

8. Дереу дамитын аллергиялық серпілістің (реакцияның) медиаторларына жатады:

- лейкотриендер, гистамин

9. дереу дамитын аллергиялық серпілістерге (реакцияларға) жатады:

- Квинке ісінуі, сарысулық ауру.

10. Поллиноздар себебі:

- дәнді шөптердің тозаңдары.

11. Антиденелер жасушаның бөлігіне кіреді:

- аллергиялық серпілістердің реагинді түрінде.

12. Джелл мен Кумбстың жіктеуі бойынша 1 реагиндік түрдің аллергиялық серпілістеріне жатады:

- атопиялық реакциялар, анафилаксиялық реакциялар.

13. Реагиндік түрдің аллергиялық серпілістеріне жатады:

- атопиялық бронхиалды демікпе.

14. Реагиндік түрдің аллергиялық серпілістері дамуында осы класқа жататын иммуноглобулиндер қатысады:

- Е

15. Реагиндік түрдің аллергиялық серпілістерінде активті сенсибилизацияның жетіспейтін тізбегін көрсетіңіз: аллерген – макрофаг – Т-лимфоцит -? – плазмалық жасуша - Е иммуноглобулині:

- В-лимфоцит

16. Реагиндік түрдің аллергиялық серпілістерінде активті сенсибилизацияның жетіспейтін тізбегін көрсетіңіз: аллерген – макрофаг – Т-лимфоцит - В-лимфоцит – плазмалық жасуша -?:

–Е иммуноглобулині.

17. Бөгде белоктың қайталап, парентеральді жолмен енуіне сезімталдықтың жоғары болуы жағдайы – бұл:

- анафилаксиялық шок.

18. Аллергенді қайталап, парентеральді жолмен енгізілуі осының дамуына әкеледі:

- анафилаксиялық шоктың, сарысулық аурудың.

19. Адамдағы анафилаксиялық шоктың патофизиологиялық сатысына тән:

- бронхиолалар тарылуы, гиповолемия дамуымен қабаттасатын бауырлық веналардың сфинктерлерінің тарылуы.

20. Анафилаксиялық шок кезінде жүйелік артериялық қысым:

- төмендейді, кейде өте тез төмендейді.

21. Спецификалық десенсибилизация нәтижелі:

- атопиялық ауруларда.

22. Аллергияның цитотоксикалық түрі осылардың қатысуымен байланысты:

- G1 және М иммуноглобулиндердің, комплементтің.

23. Цитотоксикалық түрлі аллергиялық серпілістердің иммунологиялық сатысына тән:

– антиденелердің жасушалық мембрананың өзгерген бөліктерімен өзара әрекеттесуі.

24. Иммундық зақымдалудың 111 түрі бойынша дамитын ауру:

- сарысулық ауру.

25. Иммундық кешендермен зақымдалу осының дамуы негізінде жатады:

- гломерулонефриттің.

26.Баяу дамитын аллергиялық серпілістердің медиаторлары:

– лимфокиндер.

27. Баяу дамитын аллергиялық серпілістерге осылардың пайда болуы тән:

- сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің.

28.Жүре пайда болған (екіншілікті) аутоаллергендерге жатады:

- тін + микроб.

29.Иммунды түрінен айырмашылығы, аллергиялық серпіліс кезінде байқалады:

- Организмнің меншікті тіндерінің зақымдалуы.

30.Гаптендер антигенді қасиетке ие болады:

- Организм ақуыздармен байланысқаннан кейін ғана:

31.П. Джелл және Р. Кумбс бойынша аллергиялық серпілістердің жіктелуінің негізінде жатыр:

- Аллергиялық серпілістердің патогенезі.

32.Аллергиялық серпілістердің иммундық сатысының негізінде жатыр:

- антиденелердің түзілуі, сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің түзілуі.

33.Аллергиялық серпілістердің патохимиялық сатысы сипатталады:

- Аллергия медиаторларының бөлінуімен.

34.Аллергиялық серпілістердің патофизиологиялық сатысы сипатталады:

- Ағзалар мен тіндердегі қызметтік және құрылымдық бұзылыстармен.

35.Енжарлы сенсибилизация дамиды:

- Сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттерді немесе арнайы антиденелерді еккенде.

36.Аллергиялық серпілістердің реагинді түрінің иммундық сатысы сипатталады:

- Иммуноглобулин Е түзілуімен және олардың мес жасушалардың беткейіне жабысуы.

37.Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрінің патогенезінде маңызды:

- Бронхиалді демікпенің атопиялық түрі.

38.Аллергиялық серпілістердің цитотоксикалық түрінің патогенезінде негізгі рөлді атқарады:

- Иммунды гемолиздік анемия

39.Аллергиялық серпілістердің цитотоксикалық түрінің негізгі медиаторлары болып табылады:

- Комплементтің белсенді бөліктері.

40.Аллергиялық реакциялардың жасуша қатысуымен өтетін түрінің негізгі медиаторлары болып саналады:

- Лимфокиндер.

41.IV түрі (жасуша қатысуымен өтетін) бойынша дамитын аллергиялық аурулар кезіндегі қабынулық шоғырланудың негізін құрайды:

- Моноциттер.

42.Жасуша қатысуымен өтетін аллергиялық серпілістердің түріне жатады:

- Жанамалы дерматит.

43.Арнайы гипосибилизация қамтамасыз етіледі:

- Арнайы аллергенді бөлшектеп енгізгенде

44.Емдеу кезінде арнайы гипосенсибилизация нәтижесі:

- Поллиноздар.

Тақырыбы: «Гипоксия»

1. Гипоксия – бұл

– біртектес дерттік үрдіс.

2. Дем алатын ауада оттегінің парциалды қысымы төмендегенде дамитын гипоксия аталады:

- гипоксиялық (экзогенді).

3. Экзогенді нормобариялық гипоксия байқалады:

– желдетілмейтін бөлмеде болғанда.

4. Артериялық қандағы оттегінің парциалды қысымы – 72 мм с.б., артериялық қандағы көмірқышқыл газының парциалды қысымы 55 мм с.б. тән:

- гипоксияның тыныстық түріне.

5. Оттегі бойынша артериялар мен веналар арасындағы айқын айырмашылық тән:

- циркуляторлық гипоксияға.

6. Гипоксияның циркуляторлы-гемиялық (аралас) түрі тән

– қанкетуіне (қансырауға).

7. Қан жүйесіндегі бұзылыстар кезіндегі гипоксия аталады:

– гемиялық.

8. Гемиялық гипоксия патогенезінің басты тізбегі:

– қанның оттегілік сиымдылығының азаюы.

9. Нитриттермен уланғанда дамиды:

- гемиялық гипоксия

10. Метгемоглобин түзіледі, егер гемоглобин байланысса:

- нитраттармен, нитриттермен.


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.195 сек.)